Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

2. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Қ. Қуанышбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  2. Ол халақтық сөз өнерін қалай бағалаған?

  3. Қалибек қандай теңсіздікті халақ арасынан байқады?

  4. Қай жылы, қандай жұмысқа жіберілді?

  5. Қай жылы жэне қай қалада жұмыс істеді? Ол жерде кіммен танысты?

  6. Қай жылы кімдермен кездесіп, не ұйымдастырды?

  7. Қалибек қандай рольдерді сомдады?

  8. Қандай ролі үшін Қалибекке, қандай атақ берілді?

  9. Қай қалада Қалибекке арналған мәдениет орталығы бар?

  1. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар, сөйлем құраңыздар:

Көркемсөз оқушы, қоғамдық-саяси жұмыстар, жақсы істер, көңіл аудару, шағын скечтер, бір-біріне ұқсамау, мінездерді мүсіндеу, сөз өнері, көркем шешім.

4.Мәнерлеп оқыңыз, аударыңыз, бастауыштарды теріп, тауып, көшіріп жазыңыздар:

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсыз бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға келіп, түлкіні көреді;

  • Ей, түлкі батыр, неғылып тұрсың? – депті.

Түлкі айтты;

  • Ой неғыласың, батыр, жаным жай тауып тұрмын. Қырда эрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - деді.

Мұны естіп, ешкі мен де салқындап су ішейін деп, секіріп апанға түскенде., түлкі-екең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып жөніне кетті дейді.

5. Оқыңыз. Сөйлемдерден анықтауышты табыңыз.

1. Сөзді жылдам жазу тәсілін стенография дейді. 2. Арменияда Шане Церумян ойлап тапқан стенографияның жаңа жүйесі қолданыла бастады. 3. Мұзды мұхиттан соққан суық желді осы қалың орман бізге өткізбейді. 4. Тайганың қары қалың болады. 5. Біздің еліміз бай әрі күшті ел.

6. Оқып, орыс тіліне аударыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. Сөйлемдердегі анықтауыштың орнын, жасалуын түсіндіріңдер.

Түркістан

Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар. Біздің қазақ халқының сондай қасиетті жері – Түркістан қаласы. Түркістан - тек қазақ халқының емес, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы. Түркістан қазақ хандығының мемлекет болып қалыптасуына тікелей ықпал етті, халқымыздың рухани және саяси орталығы болды. 12 ғасырда көне Иасы шаһарында Қожа Ахмет Иассауи дүниеге келді. Ол әлемге белгілі философ, ақын, жазушы адам болды.

7. Кестемен танысып, өз мысалдарыңызды келтіріңіз.

Тура толықтауыш

Жанама толықтауыш

Табыс септігінің сұрағына жауап береді.

Кімді?(кого)

Нені? (что)

Сания дәптерді(нені?) алды.

Руслан Есенді(кімді?) шақырды.

Барыс(кімге? неге?), жатыс(кімде?, неде?),

шығыс (кімнен?неден?),

көмектес(кіммен?немен?)

септіктердің сұрақтарына жауап береді

Дүкенге, кемеге

Дәптерде, сөмкеде

Кинодан, көліктен

Досыммен, машинамен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]