Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

1.Мәтінді аударыңыз, мәнерлеп оқыңыз.

Концерт.

Концерт сөзі итальян тілінде «консерто» жарысамын дегенді білдіредіБұл сөздердің мынандай мағыналары бар.

1) Жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма.

2) Алдын ала арнайы жасалған бағдарлама бойынша музыкалық әдеби‑хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау.

3) Екі немесе бірнеше партиялық, әншілер даусы, аспаптық ансамбльдер, орган т.б. өзара жарасына негізделген діни музыкадағы полифониялық, вокалдық немесе вокалды аспаптық форма. Алғашқы мұндай концерттер ХІҮ ғ. Итальяда пайда болды.

Орыстың діни музыкасында а"капелла хорына арналған көп дауысты шығармаларды да концерт деп атайды. Концерттің негізгі мақсаты жеке орындаушы мен оркестрдің өзара жарысын салыстыра көрсету. Концерт үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі өте жылдам.Екінші бөлімі лирикалық байсалды,. Үшінші бөлімі рондо формасында болады. Мұндай концертті ең алғаш жазған итальян сазгері А.Вивальди болды. Жеке аспаптар үшін жазылған концерттер де болады. И.С.Бах скрипка, клавир үшін жазды. Концерттің фортепьяно, скрипка т.б аспаптарға арналған классикалық түрлерін В.А. Моцарт, ал Л.Бетховен бұл жанрға симфониялық түр беріп одан әрі дамытты. ХІХ ғасыр Ф. Лист концерттің 1 бөлімді түрін жазды.

2.Мәтін бойынша мына сұрақгарға жауап беріп, пікірлесімге айналдырыңыз:

1) Концерт сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2) Алғашқы концерт қашан, қайда пайда болды?

3) Концерттің мақсаты қандай?

4) Концерт неше бөлімнен тұрады?

5) Концерттің фортепьяно, скрипка т.б аспаптарға арналған классикалық түрлерін кімдер жазды?

3. Мәтінен кәсіби сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Оркестр үшін, жеке аспап, көп дауысты, өзара жарыс, көркемдік жетекші, жеке орындаушы, бас дирижер, дебюттік концерт.

5. Мына сөздерді аударыңыз, сөйлем құраңыз:

Сольное пение, актерское мастерство, эксперимент, ансамбль, трио, дуэт, менуэт, жига, сарабанда, сонатина, сюита, оперетта, сюита, оркестровая яма, суфлер, симфония, компазитор, музыкавед, теоретик, влияние, жизнеспособный, зависимость, легко, игриво, страстно, печально, скорбно, симфонический, марш, подлинник, весело, траурно, торжественно, гормония, видиозапись, высота звука, детский голос, мелодический, мотив, дирижерская палочка.

ХХІ – сабақ. В.Спиваков.

1.Мәтінді аударыңыз, мәнерлеп оқыңыз.

Әлемге танымал скрипкашы, дирижер және қоғам қайраткері Владимир Спиваков өзінің көп қырлы талантын мәдениет пен өнерде жарқын түрде іске асырды. Мәскеу консерваториясын бітіргеннен кейін, дирижер ретінде Владимир Спиваков дебюттік концертін 1979 жылы Рвинииде өткен фестивальда Чикаго симфониялық оркестрмен бірге қойды. Сол жылы «Мәсеку майталмандары» камералық оркестрін құрап, ол дирижер және орындаушы ретінде камералық оркестрмен бірге бірнеше концерттерін сахнаға шығарды.

Владимир Спиваков 1999 жылдан бастап Ресей ұлттық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері. Ол шақырылған дирижер ретінде бірқатар шетелдік оркестрлермен қарым‑қатынас жасайды, олардың ішінде Нью‑Йорк, Лондон, Сан‑Франциско, Лос‑Анджелес, Рим; Париж симфониялық оркестрлері бар. Сондай‑ақ ол Генуя опера театры мен Миланның «Ла Скаласында» дирижерлік етеді. Владимир Спиваковтың 50 жасқа толуына орай оның құрметіне кіші планеталардың біріне «Спиваков» аты берілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]