Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать
  1. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Театр өнері алғаш қай елде өмірге келген?

  2. Театрдың құрылғанына неше жыл болды?

  3. Театрдың құрлыуына үлес қосқандардың қатарына кімдер кіреді?

  4. Олар кімдер?

  5. Театрдың дамып қалыптасуына еңбек сіңірген ұлы адам кім?

  6. 1958 жылы Мэскеуде қандай спектакльдер қойылды?

  7. Қай жылы жэне қандай орденмен марапатталды?

  1. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар, сөйлем құраңыздар: Дарынды актер, жезтаңдай энші, сұлу көрініс, театр күні, қазақ сахынасы, озық режиссура, өнер мерекесі, алғашқы қарлығаштар, үлес қосты, аясы кең.

  2. Мәтінді пайдалан отырып, көп нүктенің орнын толтырыңдар.

  1. Театр дегеніміз - ..... . 2. М.Әуезов – қазақ драма театрының .... қалаушы. І. 3. ... жылы Мәскеуде Қазақ өнерінің ... өтті. 4. Мэскеу ... «Еңілік - Кебек» тамашалады. Ғ. 1967 жылы Қазақ драма театры ... ... орденімен мараппаталды. ,. Театр жыл сайын ... ұйымдастырады. .. Ең үздік актерлік жұмысқа .... белгіленген.

5. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, аударыңыз, Анықтауштарды тауып, көшіріп жазыңыз: Малдың терісінен тон тігіп кию ежелгі қазақ салты болған. Тон әрі жылы, әрі жұмсақ, ыңғайлы. «Тоғыз қабат торқадан тоқтышағымның терісі артық» деген мэтел сонан қалса керек. Тон «қаптама», «қамзолша» деп екіге бөлінеді. Қаптама – қысқы боранда малшылар киетін тонның түрі. Ал қамзолша – етегі тізеден жоғары келетін қысқа тон. Тон орнына қасқырдың, түлкінің, қарсақтың т.б. аңның теріснен, сыртын матамен тыстап тігетін киімді «ішік» дейді. Ішіктерді құндыздың, бұлғынның., түлкінің терілерінен жасайды.

Сөздік: етек – пола,

Қарсақ – корсак

Бұлғын – соболь

Құндыз – бобр.

ХҮІ – сабақ. М.Ю. Лермонтов атындағы орыстың мемлекеттік драма театры.

Жаңа сөздермен танысыңыздар:

Қоныс аударды – переезд.

Жаңа дәуір – новая эпоха.

Өсуде – ростить

Есімі берілді - присвоена

  1. Мәтінді аударыңыз, мәнерлеп оқыңыз.

М.Ю. Лермонтов атындағы орыстың мемлекеттік драма театры - Алматы қаласындағы республиканың жетекші драма театрларының бірі. 1933 жылы театр Семей қаласында ұйымдасып, сол жылы 31 қазанда К.А.Треневтің «Любовь Яровая» спектаклімен шымылдығы ашылды. Театр ұжымы 1934 жылы, қаңтар айында Алматы қаласына қоныс аударды. Алғашында Алматы қалалық Кеңесінің орыс драма театры, ал 1938 жылдың сәуірінен бастап ҚазКСР-інің мемлекеттік орыс драма театры деп аталады. Театр труппасын режиссер Ю.Л.Рутковский басқарды. С.П.Ассуиров, М.А.Аркадьев, Б.Ф.Дэльфин, В.И.Дьяков, А.Я.Закк, П.О.Каиров, С.Н.Сериков және т.б. Театр сахнасында орыс жазушыларының драмалық шығармалары Л.И.Славин, Д.А.Фурманов, Б.А.Лавренев, В.В.Вишневский, В.Н. Билль-Белоцерковский т.б. қойылып, жаңа дәуірге лайықты үн қосқан спектакльдер қатарын молайтты. 1941 жылы театр ұжымы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрымен бірлесіп, бір ғимаратта бірге жұмыс істетеді. Сол жылдың аяғында уақытша Шымкент қаласына көшті, ал 1943 жылы қайра Алматы қаласына көшірілді. Театр репертуарына Ұлы Отан соғыс жылдары халықты жігерлендіретін, рухты көтеретін шығармалар енді. Театр труппасы 1942-45 ж. әскери бөлімшелер мен госпитальдарда, шақыру пункттерінде болып, 1441 концерт қойды.Театр репертуарына осы жылдары көбіне қаһармандық-романтикалық бағыттағы шығармалар (А.Н.Толстой, И.Ф. Попов пен А.Н. Степанов, П.Г.Маляровский т.б.) енді.1950-90 жылдары қазақ халқының өткен тарихи өмір жолы мен тұрмыс-салтын, рухани жан дүниесінің жаңғыруын, сонымен бірге орыс халқымен өзара байланысы мен достық қарым-қатынасын сөз еткен қазақстандық жазушыларының шығармалары театр сахнасынан орын алды. Мысалы, М.Әуезовтің «Түнгі сарыны», «Қара Қыпшақ Қобыландысы», Әуезов пен Л.С.Соболевтің «Абайы», Н.И.Анов пен Я.С.Штейннің «Жүректің әміріменені», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы» және т.б. шығармалар. Театр ұжымы осы күндері толығып, дамып, шығармашылық жағынан өсуде. Ал 1958 жылы театр ұжымы Москва қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнері онкүндігіне қатысты. 1964 жылы театрға орыстың ұлы ақыны М.Ю.Лермонтовтың есімі берілді. Театрға 1975 жылы академиялық деген атақ берілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]