Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

2. Мәтінді оқыңыз және орыс тіліне аударыңыз.

«Қыз Жібек» - қазақтың тұңғыш операсы. Оның премьерасы 1934 жылдың 7 қарашасында қойылды. Операны сахнаға шығарған режиссерлер Жұмат Шанин мен Құрманбек Жандарбеков, либреттосын жазған Ғабит Мүсірепов, музыкасы Евгений Брусиловскийдікі. «Қыз Жібек» операсы Сырлыбай бидің көші бейнеленген көрніспен ашылды. Мұнда сұлу Жібек, Бекежан батыр, ер Төлеген кездескен. Жібек өзін іздеп келген Төлегенге ғашық болады, «Гәкку» әнін айтады. Бекежан Төлегеннен кек алуға ант етеді. Операның екінші көрінісінде Төлеген ауылына оралып, әкесінен үйленуге рұқсат сұрайды. Бірақ әкесі ырыққа көнбейді. Енді бата беруін ақын Шеге келіп сұрайды. Қатал әке баласын жалғыз жібереді, шешесі Қамқа мен қарындасы Қарлығаш алыс жолға шығарып салады. Келесі көріністе Қосаба көлінің елсіз жағалауында қамыс арасында Бекежан Төлегенді күтіп отыр. Бекежан Төлегенді айламен жеңгісі келеді. Сол мақсатпен достасу рәсімін жасап, қанжарларын айырбастайды. Осы кезде Бекежан кенеттен қанжарын Төлегенге сұғып алады. Жарақаттанған Төлегенді елсіз далаға тастап кетеді. Төлеген аспандағы алты қазға қоштасу өлеңін айтады. Бұл ән «Ақсақ Құлан» күйінің әуеніне құрылған. 4-і көріністе Жібек түсінен шошып оянады. Осы кезде Бекежан келіп, Төлегенді жекпе-жекте өлтіргенін хабарлайды. Жібек жоқтау айтып жылайды. «Дүние-ай» әнінің әуені кейіпкердің жаралы жанын бейнелейді.

«Қыз Жібек» операсы лирикалық драма және психологиялық шығарма болып саналады. Композитор Е.Брусиловский бас кейіпкерлердің мінез-құлқын, жан-дүниесін жұртшылыққа жеткізу мақсатымен әр кейіпкерге лайықты ән мен күй әуендерін таба білген. «Қыз Жібек» операсы қазақтың тұңғыш операсы болғандықтан және көркемдік құндылығынан да сахнадан түспей келеді.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз және жауап беріңіз.

Өздік жұмыс тапсырмалары.

  1. «Қыз Жібек» лиро – эпостық жырынан үзінді жатта.

  2. «Біржан сал» операсы туралы хабарлама дайындау.

  3. «Ән – музыкалық категория» атты хабарлама дайындау.

Ыңғайлас салалас

Түрлері

Мысалдар

Жалғаулықтары

жалғаулықты

Бұл уақыттың ішінде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.

Қоңырау соғылды да, балалар орындарына отырды.

Бүгін әрі жұмысымыз көп болды, әрі жиналысқа қатыстық

да, де

әрі, және

жалғаулықсыз

Қоңырау соғылды,сабақ бітті.

4. Мына жай сөйлемдерден ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Гүлсара мен Оля жазғы демалысты жақсы өткізді. Нұраш ағасына қаламмен хат жазды. Өсімдіктер бос топырақта жақсы өседі. Залдың оң жағында киім шешетін бөлме бар.

5 . Жалғаулық шылаулардың қайсысы ыңғайлас салаласта, қайсысы бірыңғай мүшелі жай сөйлемдерде жұмсалғанын ажыратып, себебін түсіндіріңіз.

1. Тың көтеруде де, егін жинауда да олар совхоз бойынша алда болды. 2. Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды (М.И.). 3. Жазғы таң ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды. 4. Молынан алуға елдің бұрын күші де жетпеген, мүмкіндігі де болмаған (Ғ.С.) 5. Жердің ойлы-қырлы бедеріне қарай және кеңнің жатыс ыңғайына, формасына қарай тау қазбаларының түрі де әр түрлі келеді. 6. Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек (А.Маш.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]