Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

VIII сабақ. Ән және қазақ даласының бұлбұлдары. Ақан сері.

1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.

Әуес - склонный, увлекающийся

Шілдехан – праздник, вечеринка в честь новорожденного

Алтыбақан – алтыбакан (название национальной игры на качелях)

Келбет – внешность

Қыранқұс – қыран (собирательное еазвание хищных птиц)

Алғыр – хваткий, цепкий

Жүйрік – скакун

Қаршыға – ястреб

Аңшы – охотник

Қыз-бозбала – девушки и джигиты.

2. Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар:

Ақан сері.

Ақан сері он алты-он жеті жасынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады. Шілдехана, алтыбақан, ойын-той болса Ақан сонда жүрген. Ақанның әдемі бойы, келбеті, жақсы дауысы оны өте ерте халыққа танытады. Оның үстіне көп адамдардың күйттейтін, дала өмірінің қызығы: жүйрік, қыранқұс, алғыр тазы Ақанның да арманы болды. Ол еліндегі Шөкетай деген кісіден Құлагерді бір ат, бір сиыр, жиырма бес сом ақшаға сатып алады. Ақанның жас та болса талабына риза болған, оның жәй, көптің бірі емес екенін сезген Әлібек деген жанына балаған бүркіті Қараторғайды сыйлайды. Сайрат төреден күшік күнінде Базарала атты тазының күшігін сатып алады. Тағы біреуден Көкжендет деген қаршығаны қалап алады. Енді Ақан тек әнші, ақын емес, даланың жігіт басына керекті барлық қызығын жинайды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі аңшы, сұлу жігіт, халық арасында атағы тез жайылады. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» дегендей, Ақанның айналасына қыз-бозбала топтала береді. Көкшенің көркем табиғатында туған не бір әсем әндерді бабына келтіріп орындауға өнері жеткен Ақан енді қайда барса да қадірі арта түседі.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

4. Пысықтауыштарды қай сөз табынан екенін айтыңыз.

Ертеңіне түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс тысқа шықты. Бүгінде таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасына шығып, Майбасардың пәтеріне келе жатты. Абай бұл уақытта бала сияқты емес. Жас бозбалаша киінген.

5. Төмендегі сөздерді пысықтауыш ретінде қолданып, “Қалада” тақырыбына сұхбат құрыңыз.

Спорт кешені, автобус, төмен қарай, аялдама, биік ғимараттардың жанынан, ұлттық мұражайға дейін, түске дейін, қыдыру үшін, саяхат жасау үшін.

IX сабақ. Ән және қазақ даласының бұлбұлдары. Әміре Қашаубаев.

1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.

Атақ-даңқ слава, известность

Бетбұрыс – поворот

Бүкіл дүние жүзі – весь мир

Сирек – редкий, редко

Бірнеше – несколько

Шет елдер – зарубеные страны

Көрме - выставка

2.Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар:

Әміре Қашаубаев.

Әміре қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында туған. Әміре 12 жасқа толғанда әкесі Семей қаласына көшіп келген. Әміре той-жиында ән салып, атақ-даңқа бүкіл Семей өңіріне жайылады. Әсіресе, Әміренің атақты Қоянды жәрмеңкесіне баруы, М.Бәпиұлы, Ғ.Айтбаев және Қ.Байжановты көруі жас әншінің шығармашылық өнерінде бетбұрыс жасады. Ол 1925 жылы Париж қаласында өткен Бүкіл дүние жүзі сән - өнер көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан» тағы басқа әндерді орындап, 2-нші бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Приж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазды. Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміре Қашаубаевтың орындауында бірнеше ән жазып алған.Сөйтіп, Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі болды. Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі болды. Әміре 1927 жылы Герминияның Майнадағы Фрнакфурт қаласында өткен халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, тағы да қазақтың әндерін әлемге танытты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]