Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

6. Етістіктерден есімше жасап, сөйлем құраңыздар.

Ашу, тұру, жабу, келу, кету, қуану, үйлену, жету, сату, жату.

7. Мына сөйлемдерді есімшенің болымсыз түріне айналдырыңыздар.

1. Серік балмұздаққа қуанар. 2. Әлия мен Берік осы айда үйленер. 3. Мен жазда Ыстықкөлге барармын. 4. Біз мейрамханада тамақтанармыз. 5. Сіз үйден екіде шығарсыз. 6. Сіз кітапты ертең оқып бітірерсіз. 7. Жұмысыңызды жексенбіде істерсіз. 8. Сендер оқуды жақсы оқырсыңдар. 9. Сен алтыда дайын боларсың. 10. Студенттер осы жаттығуды оңай орындар. 11. Менің алдыма ертең келер.

8. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Ты, скорее, завтра в семь не встанешь, не оденешься, не умоешься, не почистишь зубы, не позавтракаешь. Затем в институт, наверное, не придешь, не встретишься с друзьями, не пойдешь на лекцию. После занятий мы, возможно, не пойдем в кино, не встретимся с Сауле и не расскажем о фильме. 2. Они, наверное, сделают упражнение письменно. 3. Самат, наверное, ляжет на диван. 4. Марал, скорее всего, купит билет в театр. 5. Ты, наверное, выступишь на собрании.

IV сабақ

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, мазмұндаңыз.

Тәуелсіздігіміздің берік негізін қаладық. Саяси және экономикалық жүйемізді түбегейлі өзгерттік. Өзіміз де өзгердік, жанымыз да жаңарды, санамыз да саралады. Басқаға жалтақтаған күннен кеттік. Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік.

...Тәуелсіздігімізді жариялап, көгімізге көк туымызды көтергенде бізге күдіктене, тіпті күле қарағандар да табылғанын, олардың өзіміздің ішімізден шыққанын, «Осылар да өз алдына ел болып кетер ме екен?» дегендердің кездескенін жасырып жабу жөнсіз. Құдайға шүкір, бізді табалауға тырысқандардың, мұқатуға ұмтылғандардың мысық тілеуі келген жоқ. Қазір ғой біз өзіміз құрған осы жаңа мемлекеттің қандай болғанын көп айтамыз. Қолымызбен тұрғызылған жаңа отаудың бір жеріне көңіліміз толса, бір жеріне көңіліміз толмай жатады. Мұның өзі орынды да шығар. ...Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Тарих көші ұзақ, асықсақ та аптықпайық.

  1. Жіктік, тәуелдік жалғаулар туралы айтыңыз, мысал келтіріңіз.

  1. «Ел рәміздері» туралы ауызша айтып беріңіз.

4. «Отаныма мен не беремін?» тақырыбында шығарма жазыңыз.

5. “Қазақстанның ресми мерекелері” тақырыбында хабарлама дайындаңыз.

6. Төмендегі нақыл сөздерден жіктік және тәуелдік жалғауларды табыңыз.

а) Мен істедім дегенше – мың істеді десеңші.

Ер істеді дегенше – ел істеді десеңші,

Мен мыңдікі болмасам,ер елдікі болмаса

Кім істеді дер едің?

ә) Айқаймен ала алмайсың,

Ақылмен, айламен алғын.

б) Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

V сабақ

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, мазмұнын айтыңыз.

«Болашаққа» апарар 7 қадам

«Болашаққа» апарар 7 қадам ... Біреулер үшін – бұл оңай жол. Басқалары үшін өте қиын. «Болашақтан» қалай өту керектігін білгіңіз келсе, төмендегі кеңестерді толықтай оқып шыққаныңыз жөн.

1 қадам Біріншіден, түрлі ақпарат көздерінен «Болашақ» халықаралық стипендиясы жайлы көбірек ақпарат жинастырыңыз. Яғни өзіңізді тек «Болашақпен» оқып келген достарыңыздың әңгімесімен, радио, ТВ және газет беттеріндегі хабарландырулармен шектеудің қажеті жоқ.

Басымдықтарды бөліп қойыңыз. Қазіргі сәтте сіз үшін не аса маңызды; білім алу/Қазақстанда қызмет ету немесе шетелдерде білім алу.

2 қадам Кім боламын деген сұрақ «Болашақ» бағдарламасына қатысты емес, ол – жалпы адам өміріндегі ең маңызды сұрақтардың бірі.

Таңдаған мамандығыңыз жөнінде ақпараттарды көптеп жинаңыз. Өз - өзіңізге «мамандығымның басты қажеттілігі неде, оның ертеңгі күнгі сұранысы қаншалықты» деген сұрақтар қойып, оларға жауап беріп көріңіз.

3 қадам Білім алу елін таңдау ең маңызды мәселенің бірі. Бұл тек айлық қана емес, бір жылдық, бәлкім екі немесе төрт жылдық оқу бағдарламасы болуы мүмкін. Сондықтан елді таңдар кезде, мамандықты таңдау секілді жақсылап ойланған жөн.

4 қадам Сіздің «Болашақ» бағдарламасы конкурсына қатысу мәселеңіз құжаттарыңызды қалай жинағаныңыз бен оларды толтырып, жібергеніңізге байланысты. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы үміткерлеріне арналған іріктеу ережелерімен мұқият танысыңыз. Тек есіңізде болсын, ережелер жыл сайын бекітіліп отырылады. Сол себепті осы ережелерді оқу барысында ең алдымен оның қай жылы берілгендігіне назар аударыңыз.

5 қадам Шетелдік жоғары оқу орындарына түсудің ең маңызды шарты – шет тілін білу.

6 қадам Психологиялық тестен өту қажет. Психологиялық тестілеу нәтижелерінде үміткерлердің мынадай қасиеттері анықталады: интеллектуалдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттілік және т.б.

7 қадам Сонымен сіз аталған этаптардың барлығынан өттіңіз. Алда соңғы әрі ең шешуші этап – сараптама комиссиясымен әңгімелесу. Онда сіз комисия мүшелерінің тарапынан қойылатын әртүрлі сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Ал, осы этаптан табысты өту үшін ...

Аса көп қобалжымаңыз және сұрақтардың бәріне шын жауап беріңіз.

Қазақстан тарихы курстарының негізгі даталарын еске түсіріңіз.

Қазақстан Республикасының әнұранын жаттап, еске түсіріңіз.

Білім алатын еліңіздің мемлекеттік құрылымы жайлы көбірек ақпарат жинаңыз. Таңдаған мамандығыңыз туралы және Қазақстанға қайтып оралғаннан кейін қай салада қызмет етуді жоспарлайтындығыңыз жайлы сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыз.

Егерде сараптама комиссиясы сізге стипендия тағайындау туралы шешім қабылдаса, онда сіз «болашақтасыз»!

2. «Білім алуға жұмсалған ақша–сақталған ақша» тақырыбында өз ойларыңызды айтыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]