Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ұлт тілі, әдеби тіл.

Қазақ тілі – түркі халықтарына жататын қазақтардың ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Түркі тілдері – Қиыр Шығыстан Жер Орта теңізі мен Үнді мұхитына дейінгі кең байтақ өлкеде тұрып жатқан 40 шақты туыс халықтардың тілі. Түркі тілінде 160 миллионға жуық адам сөйлейді. Олардың көпшілігі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Түркия мемлекеттерінде тұрады.

Қазақ тілінде бүгінгі таңда 11 миллионнан астам адам сөйлейді.

Қазақ тілінің тарихы біздің заманымызға дейінгі көне дәуірлерден басталады. Қазіргі қазақ тілі – көне ру-тайпалар тілдерінің тарихи дамуы негізінде қалыптасқан біртұтас тіл. Саяси, ғылыми, көркем әдебиеттерде, баспасөзде кеңінен қолданылады.

Қазақ жазуы көне түркі жазбаларынан басталады. Қазақ елінде VIII ғасырдан бастап 1929 жылға дейін араб графикасы, 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылды. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қазақ әліпбиі жасалды.

3. Үндестік заңы бойынша жіңішке дыбыстыларды бір бағанға, жуан дыбыстыларды екінші бағанға, үндестік заңына бағынбайтын сөздерді үшінші бағанға бөліп жазыңыздар.

Жуан дыбыстылар

Жіңішке дыбыстылар

Үндестік заңына бағынбайтын сөздер

Домбырашы, саясаткер, ғылым, жаңашылдық, өнер, ұлттық өнер, зергерлік өнер, саяси жағдай, әлеуметтік топ, көркем әдебиет, әдеби мұра, тарихи кезең.

4. Көп нүктенің орнына тиісті әріп нұсқасын қойып, жазыңыз.

Қазақстанда т..ратын әрбір аз...мат қазақ тіл...мен бірге қазақ халқ...ның дәст...рі..., әдет-ғұрп...н, мәдениеті..., әдеб...етін, тар...хын білу... және с...йлау... кер...к.

5. Диаграмманың көмегімен қазақ тілі туралы мәлімет беріңіз.

  1. Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Түркі халықтары, ұлттық тілі, қыпшақ тобына жатады, кең байтақ өлкеде, көне дәуірлерден, біртұтас тіл, қазақ әліпбиі.

ІІ сабақ

2.1. Адам бәрін жасайды

Сөз тіркесі

1. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысыңыз, есте сақтаңыз!

перғауын – фараон

сенгіш, ырымшыл – суиверный

мазар – саркофак

мүсінші – скульптор

адамзат – человечество

мәрмәр – мрамор

2. Мәтінді оқып, аударып, түсінгеніңізді айтып беріңіз.

Адам бәрінде жасайды

Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрлыстар мен мүсіндерді «Әлемнің жеті кереметі» деп атаған. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке орай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол – пирамидалар, ежелгі Египет / Мысыр/ патшалары – перғауындардың /фараондардың / тастан қалаған сағаналары /табытханалары/.

Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарлас шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғыл таулар көрінеді. Ең үлкен Хеопс перғауынның пирамидасы. Оның биіктігі 147м. Біздің заманымыздан бұрынғы 28‑ғасырда бұдан 5000 жылдай бұрын салынған.

Хефрен пирамидасы бұдан 2метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінген де, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасаған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде де, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш, ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.

Париждегі атақты музей Луврдағы Венера мүсіні – адамзаттың ұлы таланты мен шебер қолынан шыққан тамаша таңғажайып туындылардың бірі. Мәрмәр тастан қашалған осынау мүсінді ғалымдар гректің тамаша мүсіншісі Агесандр осыдан 2300 жыл бұрын жасаған деп шамалайды. Алайда өнердің осы ғажайып туындысы талай ғасыр бойы адамның көзінен таса жерде жатты. Бұл мүсін тек 1870 жылы Эгей теңізіндегі жүргізілген жұмыстар кезінде ғана жердің астынан табылды. Содан оны Милос Венерасы деп атады.

Венера /гректер оны Афродистік деп атаған/ көктем мен жеміс бағының құдайы және махаббат пен сұлулықтың құдайы болып саналған.

Суретшілер мен мүсіншілер осынау тамаша сұлу, жас әйелді мінсіз бейнелеген. Бұл құдайдың басқа да толып жатқан мәрмәр мүсіндері бар. Олар : Капитолий Венерасы, Медечи Венерасы, Таврия Венерасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]