Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

3. Мәтінге жоспар құрыңыз.

4. Көп нүктенің орнына үстеулердің бірін қойыңыз.

... мен театрға барамын. ... керемет концерт көремін. Концертке досыммен ... барамын. Эстрада әншісі ... ән айтады. Джаз ... жақсы ойнайды. Театрда кісі ... болады. Біздің орындарымыз ... болады. ... көру үшін біз ... жылжимыз. Концерт бізге ұнайды. ... тағы да театрға барғым келеді.

Керекті сөздер: бірге, артта, өте, жақсы, енді, көп, онда, кешке, ілгері, ағылшынша.

Жастарға өсиет

Уақыт алтыннан да қымбат. Жас өміріңнің бағасын біл. Күніне бір мәрте өз-өзіңнен есеп ал. Қиындықта көмектесетін,ауырыңды жеңілдететін дос таңдай біл. Араласатын ортаң үлгілі,ойлы болсын. Досыңа қарап сені бағалайды.

Білімге,өнерге, жақсылыққа ұмытыл! Мәдениеттіліктің басты белгісі – өз ана тіліңде сөйлеу.Ана тілінде сөйлегенің ата-бабаңды сыйлағаның.

Білім –болашаққа апарар жол. Қайырым жаса! Біреу туралы жаман ойлама. Ешкімді басынба, өзіңді басындырма! Бәрімізді бір Алла жаратты. Қайда да өзіңді салмақты ұста. Ашу бірінші, ақыл кейін келетінін ұмытпа.Рахат іздесең – кедергілер мен қиындықтардан қорықпа. Адамшылық - ол ақылдылық, сыйластық, мейрімділік, білімділік, кішіпейілдік, шынайы достық, кешіре білу, адалдық.

Ата-бабаңа, әке-шешеңе,ұстазыңа, жерің мен еліңе сөз келтірме! Ақылдың негізі жастықта қаланады. Ұмытпа!

Қажетті шылаулар ол үшін, себебі, және, өйткені, сондықтан

Сөздік жұмысы

Баға - цена

Ауыр - тяжелый

Жеңіл - легкий

Таңда - выбирай

Орта - среда

Үлгілі - примерный

Рахат - наслаждние

Кедергі - припятствие

Қиындық - трудность

Ұмытыл - стремись

Бағала - цени

Салмақты - спокойный

Кешіре білу - уметь прощать

Адамгершілік – человечность

Жастықта - в молодости

Адалдық - честность

Сыйластық - уважение

Негізі - основа

Қаланады - закладывается

Тапсырма. Етістіктерді тауып тұйық етістікке айналдыр.

Жағдаяттық тапсырма.

Досыңды ренжітіп алдың не істеуіңіз керек?

1) Керекті етістіктерді атап жазыңыз.

2) Аталған етістіктерді I, II жақ шартты райға айналдырыңыз.

3) Аталған етістіктерді I,II, III жақ қалау райға айналдырыңыз.

4)Аталған етістіктерді келер шаққа айналдырыңыз.

5)Аталған етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырыңыз.

Мен ең жақын досымды ренжітсем,оған телефон соғып, кездесуге шақырамын немесе үйіне барамын. Жағдайды түсіндіремін, кешірім сұраймын. Ол мені жақсы біледі, түсінеді, сыйлайды, сондықтан кешіреді. Біз бір - бірімізді кешіре білеміз, сөйтіп татуласамыз.

Кешіре білу өте жақсы қасиет. Ашу бірінші ақыл кейін келетінін және қателеспейтін адам болмайтынын жақсы білемін.Ол мені ренжітпейді, егер ренжітсе де кешіремін, себебі ол менің ең жақын досым.

Оқып, түсіндіріңіз.

- Бақыт қайда барасың?

- Мейірімсіз ,ашыуы мен ызасы көп елден қашып барамын.

- Бақыт қайда барасың,

- Мейірімді, адамшылығы мен тойы көп елге асығып барамын

Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары.

І сабақ

1. «Мемлекеттік тіл мәртебесі» тақырыбына шығарма жазыңыз.

2. Венн диаграммасы бойынша жуан және жіңішке дыбыстардың ортақ қасиетін табыңыз.

3. Үндестік заңы туралы айтып беріңіз. Мысал келтіріңіз.

4. Тілге байланысты қандай мақал-мәтел білесіз? Тіл тақырыбына 10 мақал-мәтел дайындаңыз.

5. Төмендегі жаттығудан жуан буынды сөздерді бір бөлек, жіңішке буынды сөздерді екінші бөлек, аралас буынды сөздерді үшінші бөлек бағанға жазыңыз.Олардың неге жуан, неге жіңішке екендігін түсіндіріңіз. Кейбір сөздердің сингармонизм заңына неге бағынбайтынын айтып беріңіз.

Қазақстаннан, факультетінің, астаналықтар, американдықтар, филология, мүшелеріне, мемлекеттік, университетінің, қоғамның, үйленгенбіз, тұрмыстамын, фирмасының, мемлекеттерден, қаласынан, әйелінің, ағылшындар, институтта, студентімін, қарашаны

ІІ сабақ

Республиканың білім беру жүйесі

Есімшенің түрлері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]