Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

14.2. Бәсеке керек пе?

Сұраулық шылаулар

1. Төмендегі сөздермен танысыңыз, есте сақтаңыз!

бәсеке-конкуренция

өнім-продукция

тауар-товар

Жауапкершілік-ответственность

Меншік-собственность

өндіріс-производство

нарық-рынок

ынталандыру-поощрение

жақ, жағы-сторона

бірлестік-обьединение

шикізат-сырье

аяушылық-жалость

бағдарлама-программа

мақсат-цель

қабілет-способность

пара-взятка

ұят-стыд

2. . Мәтінді оқыңыз.

Бәсеке керек пе?

Бәсеке деген не? Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Неге солай?

Біріншіден, әр өндіріске ынталандыру көзі, прогресс көзі – бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Бәсекенің екінші жағы – бірлестік. Кейбір әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып, жақсырақ, сапалы әдемі, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, рынокта өз өнімдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы – бірлесу.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бәсеке деген не?

2. Бәсекенің қандай жақтары бар?

3. Әріптестер не мақсатпен бірлеседі?

4. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, түрін анықтаңыз.

Нарықтық экономиканы ілгері жүргізетін күш – бәсекелестік …… жауапкершілік. Жауапкершілік – меншіктен келеді.

Нарық бәсекелестігі – заңдылық, ……… ол меншік иелері ….. мемлекеттер арасында бірдей. Оған пара өтіп, ұят жүрмейді, аяушылықты білмейді, қабілет …. іскерлікке ….. жүгінетін қатынас.

Бәсеке - өзара жарыс, бір-бірінен озу сайысы, жақсы өнім сайысы.

Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету …… толымды стратегия әзірлеу, іске асыру …….. оның орындалуына қатаң бақылау орнату қажет.

5. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Бәсекелестік

Өмірдің өзі бәсеке. Кішкентай бала өмірінен де бәсекенің нышандары байқалады. Бала бақшада екі балаға бірдей тапсырма беріңіз, олар бірінен бірі артық, тез, жақсы орындауға тырысады. Анасының көңілін өзіне көбірек аударуға ұмтылады. Бұл да бәсеке. Яғни адам бойында бар қасиет. Кейде адамдар өмірі, тірлігі үнемі бір қалыпты бола бермейді, дағдарыс болады, қиындық болады, банкротқа ұшырайды. Мұндай жағдайда адамдар бір-біріне көмекке келеді, бірлеседі. Яғни бірлесу де адам бойында бар қасиет.

6. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе, «иә», сәйкес келмесе, «жоқ» деп жауап беріңіз.

Сұрақтар

ИӘ

ЖОҚ

1. Бәсеке адамзатқа тән қасиет пе?

2. Адамдар өмірі, тірлігі үнемі бір қалыпты болады ма?

3. Адамдар өмірінде қиындық болады, банкротқа ұшырайды. Мұндай жағдайда адамдар бір-біріне көмекке келеді ме?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]