Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

1. Жаңа сөздермен танысыңыз, есте сақтаңыз!

қатынас-отношения

мән-мағынасын-значение

тиімді-эффективно

ұғым-понятие

негізгі-основной

тәсіл-прием

болып табылады-является

өндіруші-производитель

ұсыным-спрос

кәсіпорын-предприятие

баға-цена

өзара-между собой

төмендету-понизить

жақсарту-улучшить

анықтау-определить

тепе-теңдік-равный

жарыс-соревнование

қаржы-финансы

қару-орудие, инструмент

пайдалы-полезный

қалаушы-основатель

жұмсау-расходовать

кері-противоположный

2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі

Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі – бәсеке (латын сөзі конкурро-түйістіру) болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен рыноктағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы озара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке.

Бәсеке нарық субьектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау болып табылады. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын рынокта өктем жүргізеді. Рынок субьектілері көп болса, бәсеке тиімді жүргізіледі. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар.

Бәсеке тәсіліне қарай былай бөлінеді: бағалық және бағалық емес.

Классикалық, бағалық бәсекенің теориясының негізін қалаған А.Смит (ХҮІІІ ғасыр). Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі –тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Монополиялық немесе баға еместік бәсекелестік теориясының негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967). Баға еместік бәсекелестік ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы – жарнама, маркетинг құралдары.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Рыноктық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі қалай аталады?

2. Бәсеке сөзі қай тілден келген және қандай мағынаны білдіреді?

3. Бәсеке дегенді қалай түсінесіз?

4. Бәсекенің болмауы неге алып барады?

5. Бәсеке қандай жағдайда тиімді жүргізіледі?

6. Бәсеке тәсіліне қарай қалай бөлінеді?

7. Тауарлар бағасын төмендету бәсекенің қай түрінің тәсілі болып табылады?

8. Баға еместік бәсекелестік теориясының негізін қалаушы кім?

11. Баға еместік бәсекенің басты қаруы қандай?

12. Классикалық, бағалық бәсекенің теориясының негізін қалаған кім?

3. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, жаттығуды көшіріңіз.

Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика ... қоғамдастыққа табысты ықпалдасуының кілті … өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз.

Мұның өзі біздің әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті елу елінің қауымдастығына қарай жедел қарқынмен жылжуымызды … оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайтуды көздейді.

(ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты жолдауынан, 2007жыл)

4. Төменде берілген терминдерді сөздік арқылы орыс тіліне аударыңыз (жаттап алыңыз).

Рыноктық механизм, сұраным мен ұсыным заңы, пайдалылық, жалпы пайдалылық, шексіз пайдалылық, табыс, алмастыру, төмендеу заңы, шексіз тұтыныс, бюджеттік сызу, монополиялық бәсеке.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]