Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

2. Мәтінді оқыңыз, тіл туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Тіл және қоғам.

Тіл – ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл – ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы.

Тілдің маңызы мен қоғамдық қызметі зор. Адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды, түсініседі, пікір алысады, ойын жеткізеді. Тіл болмаса адам өз ойын екінші біреуге жеткізе алмас еді, айта алмас еді, біреудің ойын түсініп, біле алмас та еді. Тіл арқылы оқып, білім аламыз, мамандықты игереміз. Өйткені тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері т.б. тіл арқылы жетеді, тіл арқылы кейінгі ұрпаққа жалғасады. Мысалы, ұлы Абайдың әсем де әсерлі, мәнді де мағыналы шығармаларын тек тіл арқылы оқып білеміз, үйренеміз. Сондықтан да халқымыз «Өнер алды – қызыл тіл тіл» деп тегін айтпаған.

Тіл – қоғамдық құбылыс. «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы». Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ал тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Қоғамнан тыс жерде тіл болмайды. Тіл өзі қызмет етіп отырған халықпен, қоғаммен бірге туады, бірге дамиды, өседі, өркендейді.

3. Оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде.

Н. Назарбаев.

Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Ғ. Мүсірепов.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, өзін сауатты, мәдениетті деп санауға болмайды.

М. Әуезов.

4. Тілге қатысты мақал-мәтелдер жазыңыз. Мағынасын ашып әңгімелеңіз.

5.Төменде берілген сөздердегі қатаң дауыссыздардың астын бір сызықпен, ұяң дауыссыздардың астын екі сызықпен, үнділердің астын үш сызықпен сызып көрсетіңіз.

Байлық, ұрпақ, аманат, келешек, мәдениет, болашақ, ұлт, қоғам, пікір, ой, мамандық, халық, әдет-ғұрып, дәстүр.

6. Жұмыс картасын толтырыңыз.

Адамдар

қоғамда

бір-бірімен не арқылы

қарым -қатынас

жасайды?

Тіл – қандай құбылыс?

Тіл арқылы

не істеуге болады?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

қандай?

Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тілге қатыс -

ты қандай

нақыл сөзі бар?

1.3. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ұлт тілі, әдеби тіл.

Үндестік заңы.

1. Жаңа сөздермен танысыңыз, есте сақтаңыз!

единый

біртұтас

эпоха

дәуір

древний

көне

древнетюркские письменности

көне түркі жазбалары

сведение

мәлімет

род

ру

племя

тайпа

тюркские языки

түркі тілдері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]