Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

І сабақ

1.1. Мемлекеттік тіл мәртебесі.

Қазақ әліпбиі. Қазақ тілінің төл дыбыстары.

1. Жаңа сөздермен танысыңыз, есте сақтаңыз!

статус

мәртебе

государственный язык

мемлекеттік тіл

долг, обязанность

парыз

гражданин

азамат

закон

заң

развивать

дамыту

международный авторитет

халықаралық бедел

бесплатно

тегін

освоить

меңгеру

обязан

міндетті

свободно

еркін

изучать

үйрену

статья

бап

осуществлять

жүзеге асыру

2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы алды. Сол жылы «Тілдер туралы» Заң қабылданып, онда «ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылды. Әрі мемлекеттік тілді білу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы делінді. ҚР барлық азаматтары қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруге жағдай жасауға міндетті. ҚР тілдер туралы Заңына 1997 жылы 11 шілдеде өзгертулер енгізілді. Қазір ҚР-да қазақ тілін дамытуға барлық жағдай жасалуда. Әрбір мекеме, ұйымдарда қазақ тілі курстары ашылып, қызметкерлері міндетті түрде қазақ тілін үйренуде. ҚР Конституциясының 7-бабында ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды делінген. Конституцияның 93-бабында «Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет заңға сәйкес ҚР барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық, техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті» деп жазылған.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл?

  2. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?

  3. ҚР 7-бабында не делінген?

  4. ҚР тілдер туралы Заңына өзгерістер қашан енгізілді?

4. Төменде берілген сөздер, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Мемлекеттік тіл, тіл мәртебесі, халықаралық беделі, қазақ тілін дамыту, тілді меңгеру, тіл туралы Заң, әр азаматтың парызы.

5. Қазақ әліпбиі бойынша төмендегі берілген сөздерді нөмірлеңіз, қазақ тіліндегі төл дыбыстарды көрсетіңіз.

Заңгер, уақыт, заң, бедел, міндет, мекеме, ұйым, қызметкер, өзгертулер, парыз, бап, қамқорлық, үкімет, мақсат, азамат.

6. Мәтіндегі етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.

Үлгі: жазылды – жазылу;

1.2. Тіл және қоғам.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау.

1. Жаңа сөздермен танысыңыз, есте сақтаңыз!

национальность

Ұлт

богатство

Байлық

подрастающее поколение, поколение

Ұрпақ

будущее поколение

келешек ұрпақ

явление

Құбылыс

национальный язык

ұлттық тіл

общество

Қоғам

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]