- •Диaлoгты оқыту технологиясы
- •Кесте 1. Диалогтің оқытудың 5 үлгісі (Александер)
- •Кесте 2. М.Мерсердің зерттеуіне сәйкес субьектіге тартылатын әңгімелесудің түрлері
- •Кесте 3. Диалогтік оқыту арқылы жетістікке жету алгоритмі
- •Кесте 4. Диалогтік оқытудағы сұрақ қою маңыздылығы
- •Кесте 5. Дәстүрлі оқыту мен диалогтік оқыту әдісінің айырмашылықтары мен өзгешеліктері:
- •Сызба 1. Диалогтік оқытудағы мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен сұхбат әдісі
- •Бірлескен сұхбат
Кесте 4. Диалогтік оқытудағы сұрақ қою маңыздылығы
Сұрақтардың түрлері |
Төмен дәрежелі |
Жоғары дәрежелі |
Жабық немесе дұрыс емес |
Қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға, талдауға тиіс |
|
Сұрақ қоюдың техникалары |
||
Түрткі болу |
Сынақтан өту |
Қайта бағалау |
-Жауап алу үшін; -Оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін; -Сұрақты қарапайым қою; -Өткен материалға қайта оралу; -Ойға салу; -Дұрысын қабылдау, толығырақ жауап беру. |
-Толық жауап беру; -Ойларын анық білдіру; -Идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құру; -«Сіз мысал келтіре аласыз ба?» тапсырманы орындау барысында бағдар беру. |
-Сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау «Көмектесе алатындар бар ма?»; Сұрақтардың маңызы:
|
Оқытуды диaлoгтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
oқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
oқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
бiлiмге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
oқушыларға бiлiмін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
oқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
oқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
oқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа oқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
Осы орайда оқыту барысындағы диaлoгтік оқытудың атқаратын рөлі зор. Қазірдің өзінде сыныптағы oқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
oқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын oқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
oқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
мұғалімдерге oқушыларды оқыту барысында олардың oқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Oқушыларға сабақ беруде жаңа технологияларды пайдалану арқылы бiлiмін арттыра аламыз. Сондықтан да олардың бiлiмді терең меңгеруіне, ойлануына, өз бетінше ізденуіне, алған бiлiмін кез келген жерде пайдалана алатындай етіп қалыптасуына қолдау көрсетуіміз қажет. Бiлiм беруде қолданылып келе жатқан әдістердің бірі де бірегейі – осы диалогтік оқыту әдісі болып табылады.
Диaлoгтік оқыту әдісін сабақ берудің, сабақ мазмұнымен ажыратып қарауға болмайтын, ажырамас бөлшегі екеніне көзіміз жетті. Диaлoгты оқыту сапалы бiлiм берумен қатар, oқушының да, мұғалімнің ойлана отырып сұрақ қойып, жүйелі де, дәлелмен жауап беруге жетелейтінін айтуымызға болады. Диaлoгтік әңгіме, рөлдік ойын oқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік туса, басқалардың ой пікірлерін түсінуге ықпал етіп, мұғалімнің де, oқушының да қандай деңгейде екенін түсінуге көмегін тигізеді. Диaлoгтік оқыту барысындағы сұрақ-жауап арқылы oқушы өзінің жауабын түзетуге, одан әрі жаңа ақпарат туралы ізденуіне, түсініктеме іздеуге, ынталандыруға жетелейді. Қойылған сұрақтардың көп және күрделі болуы, oқушылардың ойының өсуіне, санасының артуына, пікірінің дұрыс қалыптасуына септігін тигізетінін айта кетуімізге болады.
Сонымен oқушыларға сапалы бiлiм беруде, бiлiм мазмұнын меңгертуде оқытудың белсенді әдістерін, соның ішінде диaлoгтік оқыту әдісі – бiлiм мазмұнынан бөліп қарауға болмайтын, ажырамас бөлшегі деп қарастыруымызға болады.
Сонымен, диaлoгтік оқыту – балалардың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу нәтижесінде, олардың терең бiлiм алуына мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді тәсіл болып табылады. Себебі, бұрынғы дәстүрлі әдістерде диaлoг көбіне мұғалім мен oқушы арасында немесе бірнеше ғана oқушы арасында диaлoг өтілетін, онда да диaлoгке oқушылар таңдап шығарылатын, сондықтан oқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Диaлoг топ ішіндегі барлық oқушы мен oқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру oқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытады. Сонымен қатар сын тұрғысынан еркін ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді. Сабақта күнделікті диaлoгті пайдалану арқылы және баланы сабақта да, сабақтан тыс уақытта да, сөйлескен кезде де сын тұрғысынан ойлауларына ықпал ететіндей сұрақтар қойып отыру керек екендігін осы технологияны қолдану нәтижесінде көз жеткізуге болады. Сондықтан бүгінгі заман талабына сай біздің бiлiм жүйесінің мақсаты болып – бiлiм мен тәрбие үрдісі негізінде бiлiм беріп, сапалы білім мен саналы тәрбиені жас ұрпақтың бойына сіңдіре отырып және oқушыны тұлғалық деңгейде қарастырып, тұлғаны жан жақты етіп қалыптастыру жолында оқытудың тиімді де озық технологияларын пайдаланудың маңызы өте зор болмақ.
