Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диaлoгты оыту технологиясы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64 Кб
Скачать

Кесте 1. Диалогтің оқытудың 5 үлгісі (Александер)

1.Механикалық (мұғалім-сынып):

Қайталау арқылы фактілер мен идеяларды зерттеу;

2.Ауызша жауап (мұғалім – сынып немесе мұғалім - топ):

Мұғалім сыныпқа қайталауға арналған сұрақ қойып, оқушылардың жауаптарын бағыттап отырады;

3.Нұсқаулық/Түсінік беру (мұғалім – сынып, мұғалім – топ немесе мұғалім - оқушы):

Оқушыларға ақпарат ұсыну немесе түсініктеме беру;

4.Талқылау (мұғалім – сынып, мұғалім – топ немесе оқушы-оқушы):

Ақпарат алмасу және проблемалық мәселелерді шешу мақсатында идеялармен танысу;

5.Диалог(мұғалім – сынып, мұғалім – топ, мұғалім – оқушы немесе оқушы - оқушы):

Құрылымдалған сұрақтар және нысаналы талқылау арқылы ортақ түсінік қалыптастыру.

Жаңа бағытта оқытуда диалогтік қатынас орнату бірізді жүйеде аталған 5 үлгі бойынша жүргізіледі.

Ал, М.Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін қарастырған.Олар:

  • әңгіме-дебат,

  • топтық әңгіме,

  • зерттеушілік әңгіме.

Келесі кестеде М.Мерсердің әңгімелесу түрлерін сипаттаймыз.

Кесте 2. М.Мерсердің зерттеуіне сәйкес субьектіге тартылатын әңгімелесудің түрлері

Әңгіме - дебат

Топтық - әңгіме

Зерттеушілік - әңгіме

Әңгіме – дебат:

ой пікірлерде үлкен алшақтық болады, әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады; қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады; ортақ бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.

Топтық – әңгіме:

айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі; әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенмен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандайда болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы; идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.

Зерттеушілік – әңгіме:

Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі; қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды; қатысушылар сұрақ қояды, айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді; топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады.

Көптеген педагогикалық зерттеулерде, диaлoгтік оқыту әдісі бұл - мұғалімнің тәрбиелік, «әмірлі» әңгімесі мен oқушылармен ашық диaлoгы арасында тепе-теңдікке жету, яғни:

  • oқушылардың ойын білу және олардың дәлелдемелерін күшейту үшін бүкіл сыныптың талқылауын пайдалану;

  • оларды құру және даулау арқылы oқушылардың идеяларын пайдалану;

  • сыныпта ашық талқылау жүргізуге oқушыларды ынталандыру;

  • топтық жұмысты оңтайлы пайдалану – болып табылады.

Диaлoгтік тәсіл қандай мақсаттарға жетуге бағытталған ? - деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, онда мынадай талаптарды қарастыруымызға болады:

  • сабақ кезінде oқушыларды ғылыми ойлауға белсенді тарту;

  • оқушыларға тереңірек түсінуге көмектесу;

  • сабаққа қатысуын, пәндерге қызығушылығын арттыру арқылы пәндерге қатысуын ынталандыру;

  • барлық сыныптың және шағын топтардың талқылау сапасын арттыру.

Диaлoгтік оқытудың сабақ барысында мынадай ерекшеліктерін байқауымызға болады:

Диaлoгтік оқыту барысында oқушылар сол сабақты талдайды,шешіле сөйлейді,ізденіс үстінде болады, сұрақтар қою арқылы жаңа бiлiм алады. Диaлoг сабақта oқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың бiлiм деңгейінінің өсуіне үлесін қосады. Oқушылардың жас ерекшелігі мен пәнге деген қызығушылықтарын ескере ескере келе, олардың сабақ барысында жан-жақты ойлануына, сөйлеу мен тіл мәдениетін қалыптастыруға, өз ойларын еркін жеткізуге тіл байлықтарын, сөздік қорларын арттыру үшін сол нәтижеге жеткізуге көмегін тигізеді. Бiлiм беру мен оқытудың тері мұғалімннің күнделікті тәжірибесімен байланысып отырады.Осы жағдайларды ескере отырып, әр сабақта диaлoгтік оқытудың маңыздылығы oқушылардың сабаққа деген қызығушылығын одан әрі оятып,олардың сабақты оңай меңгерулеріне жол ашады.Өйткені, осы тәсіл арқылы oқушылар өздерінің ойларын қысылмай мұғалімге жеткізе алады. Енді диалогтік оқытудың маңыздылығына, оқыту барысындағы біліктіліктеріне, оның құрылымына және оқыту арқылы қандай нәтижеге жететініміз туралы алгоритмге тоқталып өтелік. Келесі кестеде көрсетілген.