- •1 Жасында оперативті көмек//
- •2 Айлық сәбиге гипертрофияланған кардиомиопатия. Анамнезінен: бала қауіп топтан, анасы-наркоман. Төменде қай диагностиканы таңдайсыз?//
- •8 Жастағы балада толық атриовентрикулярлы блокадада көрінеді://
- •Жастағы бала бақшаға барады. Энтеробиоз анықталған. Энтеробиозға тән симптомдарды атаңыз://
- •VIII фактор жетіспеушілігі//
- •2 Те Манту сынамасының кері көрсеткіші//
- •2 Типті қант диабеті кезінде гипоосмолярлы комасы бар науқаста кетон денелерінің жоқ болуын немен түсіндіруге болады?//
- •5% Глюкоза ерітіндісін к/ттамшылап енгізу//
2 Те Манту сынамасының кері көрсеткіші//
+ 2 ТЕ Манту сынамасының оң көрсеткіші//
Анамнезінде қант диабетінң болуы//
Қанда туберкулезге қарсы антиденелердің болмауы
***
Жасөспірім, 16 жаста. Туберкулезбен қатынас болған жоқ. 2 апта бойы қақырықты жөтелге, дене қызуы периодты түрде 37,60С жоғарылауына, әлсіздікке шағымданады. Кеуде клеткасы ағзаларының шолу рентгенограммасында оң жақ бұғана асты аймағында сыртқы контуры айқын емес дұрыс емес формалы гомогенді емес қараю анықталған. Қақырық микроскопиясында ТМБ табылған жоқ. Сіздің әрекетіңіз://
Фтизиатрға жолдау//
+ Арнайы емес емнен нәтиже болмаса фтизиатрға жолдау//
Арнайы емес ем нәтижелі болса фтизиатрға жолдау//
Фтизиатрға жолдауды қажет етпейді//
Туберкулезге қарсы ем қолдану
***
Бала, 5 жаста. Туберкулинді сынама динамикасы: 1 жаста-9 мм, 2 жаста-3 мм, 3 жаста-теріс, 5 жаста-11 мм. Тексеру тағайындаңыз://
+ ЖҚА; ЖЗА; кеуде клеткасының шолу рентгенографиясы//
БХҚА; бронхоскопия; спирометрия//
БХҚА; кеуде клеткасы ағзаларының компьютерлі томографиясы//
Қақырық микроскопиясы; кеуде клеткасы ағзаларын ультрадыбысты зерттеу//
ПТР әдісі арқылы қақырықты зерттеу; бронхография
***
Бала, 9 жаста. 2 ТБ Манту сынамасы- 3 және 6 мм жасқа дейінгі нәтижелері теріс,7 жаста – 6 мм, 8 жаста- 5 мм. Рентгенологиялық: кеуде қуысы ағзалары патологиясыз. Диагноз қойыңыз://
Арнайы емес аллергия//
Инфекциялық аллергия//
Біріншілік туберкулездік қосынды//
Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі//
+ Поствакциналық аллергия
***
Науқастың қақырығын микроскопиялық зерттеу кезінде 1-10 КУБ 1 к.а. табылды. Екі бөлмелі пәтерде 2 баласымен 5 және 2 жаста, әйелімен тұрады. Фтизиатрдың ошаққа келу мерзімін және эпидемиологиялық тобын анықтаңыз.//
+ I; айына 1 рет//
I; 3 айда 1 рет//
I ; 6 айда 1 рет//
II; айына 1 рет//
II; 6 йда 1 рет
***
Бала, 8 жаста. Әкесімен туб.қатынаста болғандықтан тексеруден өтті. Туберкулинді сынама динамикасы: 1 жастан 6 жасқа дейін – теріс; 7 жаста – 6 мм; 8 жаста - 16 мм. Сол жақ иығында БЦЖ тыртықтары 5 мм; 6 мм. Рентгенологиялық: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде аз интенсивті, гомогенді құрамды, ұлғайған түбірмен жол арқылы жалғасқан, көлемі 1,5–2 см қарайған фокус анықталды. Қақырық микроскопиясында ТМБ анықталған жоқ. Клиникалық жіктемеге сай диагноз қойыңыз://
Сол жақты БТҚ, ыдырау фазасы. Рецидив. 2 категория. IБ диспансерлік бақылау тобы//
+ Сол жақты БТҚ, инфильтрация фазасы. Жаңа жағдай. 1 категория. IA диспансерлік бақылау тобы//
Сол жақты КІЛТ, инфильтрация фазасы. Жаңа жағдай. 1 категория. IA диспансерлік бақылау тобы//
Сол жақты КІЛТ, ыдырау фазасы. Рецидив. 2 категория. IБ диспансерлік бақылау тобы//
Сол жақты БТҚ, тығыздалу фазасы. Жаңа жағдай. 4 категория. IА диспансерлік бақылау тобы
***
Жасөспірім дәрігерге қан түкіруге, түнгі тершеңдікке, салмағының азаюына шағымданды. Тері жабындылары таза, бозғылт. Кеуде клеткасының оң жақ бөлігі тыныс алу актісінде қалып отырады, оң жақ иық өрімін бұлшықетінің тартылу және ауырсынуы байқалады. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде d=3×2см ағаруы бар массивті қараю алаңдары анықталады, сыртқы контуры айқын емес, шеті аз интенсивті ошақтармен. Микроскопиялық: қақырықта ТМБ анықталды. Дәріге сезімталдық тесті: HRES-ға төзімділік. Диагноз қойыңыз://
Ыдырау және инфильтрация фазасындағы оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің ошақты туберкулезі. Полирезистенттілік. Жаңа жағдай. II санат. IВ диспансерлік бақылау тобы//
Себілу және инфильтрация фазасындағы оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Мультирезистенттілік. Жаңа жағдайы.I санат. IА диспансерлік бақылау тобы//
Себілу және инфильтрация фазасындағы оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің кавернозды туберкулезі. Мультирезистенттілік.Жаңа жағдайы. IV санат. IВ диспансерлік бақылау тобы//
+ Себілу және ыдырау фазасындағы оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің инфильтративті туберкулезі. Мультирезистенттілік. Жаңа жағдайы. IV санат. IВ диспансерлік бақылау тобы//
Себілу және ифильтрация фазасындағы оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің ошақты туберкулезі. Мультирезистенттілік. Жаңа жағдайы. I санат. IА диспансерлік бақылау тобы
***
Бала, 6 жаста. Шағымдары: дене қызуы 37,60С, тершеңдік, тәбетінің төмендеуі, шаршағыштық. Туберкулинді сынама динамикасы: 1жастан 4 жасқа дейін – теріс, 5ж – 9 мм, 6ж - 15 мм. Тері жабындылары бозғылт, 4 топтың шеткі лимфа түйіндері 2-3 өлшемге дейін ұлғайған, тығыз эластикалық консистенциялы; балтырдың алдыңғы бетінде көкшіл түсті тығыздалу анықталады. Екі көздің шырышты қабаттары гиперемияланған. Рентгентомографиялық: өкпеде өзгеріс жоқ, түбірі құрылымды, синустары бос. ЖҚА: гемоглобин 110г\л, лейкоцит 9,8х109/л, лимфоцит 16%, ЭТЖ 21 мм\с. Диагноз қой://
БТҚ//
КІЛТ//
+ Туберкулездік интоксикация//
Ошақты туберкулез//
Инфильтративті туберкулез
***
Бала 9 жаста. Анамнезінен: диспансерлік есепте тұрмаған. Әкесі өкпе туберкулезімен ауырған. Дене температурасы 37,7оС жоғарлауына, тез шаршағыштыққа, әлсіздікке, жүдеуіне шағымданады. Манту 2 ТБ мынамасы 16 мм. Рентгенотомографиялық: сол жақ ІІІ қабырға артында мөлшері 1,5х2 см, орташа қарқындылықты, гомогенді құрылымды, түбірімен «жол» арқылы байланысқан қараю аймағы анықталған. Сол жақ түбір мөлшері ұлғайған, кіші құрлымды. Диагноз қойыңыз://
Кеуде ішілік лифа түйіндерінің туберкулезі, инфильтративты формасы. Жаңа жағдай. І категория. ІА диспансерлік бақылау тобы//
+ Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің біріншілік туберкулездік комплексі. Тығыздалу фазасы. Жаңа жағдай. І категория. ІА диспансерлік бақылау тобы//
Кеуде ішілік лифа түйіндерінің туберкулезі, туморозды формасы. Басқалар. І категория. ІБ диспансерлік бақылау тобы//
Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінінің біріншілік туберкулездік комплексі. Тығыздалу фазасы. Жаңа жағдай. ІІ категория. І Б катедиспансерлік бақылау тобы//
Кеуде ішілік лифа түйіндерінің туберкулезі, кіші формасы. Басақлар. ІІ категория. ІА диспансерлік бақылау тобы
***
Бала 7 жаста. Бас ауруына, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір реттік құсу болған. Әкесімен тубқатынста болған. Перзентханада БЦЖ вакцинасын алған, тыртық 4 мм Манту сынамасы, 1 жасында папула 7 мм, 2 жаста-5мм, 3 жаста-3мм, 5 жаста-1мм, 6жаста-1мм, 7 жаста папула-15мм. Шүйде бұлшықетінің регидтілігі, сол жақ қабағы түскен, сыртқа кететін қылилық. Рентгенограммада: сол жақтан III-ші қабырғаға артынан орташа интенсивті, гомогенді қараю, контуры айқын емес, өкпе түбірімен жол арқылы байланысқан. Сол жақ өкпе түбірі ұлғайған, контуры жайылған. Ликвограммада: түссіз, белок—0,9 г/л, цитоз 265 клетка (нейтрофилдер 35%, лимфоциттер 65%), қант 1,5 ммоль/, хлоридтер 90 ммоль/л, тор түзілген, ТМБ анықталған жоқ. Диагнозын қойып, емдеу санатын анықтаңыз://
+Туберкулезді менингоэнцефалит. Инфильтрация фазасындағы сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің біріншілік туберкулезді қосындысы. Жаңа жағдай. ІІ санат. ІА диспансерлік бақылау тобы//
Туберкулезді менингит. Ыдырау фазасындағы сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің біріншілік туберкулезді қосындысы. Жаңа жағдай. ІІІ санат. ІА диспансерлік бақылау тобы//
Туберкулезді менингоэнцефалит. Себілу фазасындағы сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің біріншілік туберкулезді қосындысы.Жаңа жағдай. І санат. І диспансерлік бақылау тобы//
Туберкулезді менингит. Ыдырау фазасындағы сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезді қосындысы. Басқалар. ІІ санат. ІБ диспансерлік бақылау тобы//
Туберкулезді менингит. Ыдырау фазасындағы сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезді қосындысы. Жаңа жағдай. І санат. І А диспансерлік бақылау тобы
***
Жасөспірім 14 жаста. Тершеңдік, кешкі уақытта дене қызуының 390С жоғарылауы, жөтел, қан түкіруге шағымданады. Сол жақ иығында БЦЖ тыртығы 4 мм. 6 жасында туберкулез жұқтырған, изониазидпен химиопрофилактика алған. Тыныс алу жылдамдығы (ТАЖ) -24рет/мин. Аускультативті оң жақта 3-ші қабырғааралыққа дейін ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде ортасында ағарған аймағы бар, гомогенді емес қараю анықталды. Өкпе түбірі ұлғаймаған, құрылымды. Диагноз қойыңыз://
Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі, ыдырау фазасы, Рецидив. ІІ категория. І А диспансерлік бақылау тобы//
Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі, тығыздалу фазасы. Рецидив. ІІ категория. І Б диспансерлік бақылау тобы//
Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігініңтуберкулемасы, ыдырау фазасы, басқа жағдай, І категория. І А диспансерлік бақылау тобы//
+ Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігініңинфильративті туберкулезі, ыдырау фазасы, жаңа жағдай,І категория. І А диспансерлік бақылау тобы//
Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігініңинфильративті туберкулезі, ыдырау және себілу фазасы, жаңа жағдай, І категория. І Б диспансерлік бақылау тобы
***
Сібір жарасының терілік формасына ұқсас ауру://
+Стафилококктыкарбункул//
Стрептококкты фурункул//
Тілме//
Құтырма//
Бруцеллез
***
Тырысқақтың эпидемиологиялық ерекшеліктерін көрсетіңіз://
Қан сорғыш жәндіктер аурудың таратушысы//
Үйде жасалған консервілерді қолданғанда ауру туады//
+ Асқазанының қышқылдығы төмен адамдарда дамиды//
Ыстық климатты мемлекеттерде ауру жиі дамиды//
Суды хлорлау аурудан қорғамайды
***
Науқас Н, 15 жаста, мойнындағы фурункулға шағымданып келді. Физикальды мәліметтері: мойнының бүйір бетінде – карбункул, диаметрі шамамен 1,5 см, қабыну валигімен қоршалған, ортасында – қара струп бар. Мойын мен бұғана асты аймақ ісіңген. Дене температурасы– 38,80С. Эпиданамнез: ауру алдында 1 апта бұрын туыстарына ауылға барған, кенеттен ауырып қалған сиырдың терісін шешкен (қолғаппен жұмыс істеген). Клиникалық диагноз қойыңыз://
Сібір жарасы, терілік форма, эдематозды вариант, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған//
Сібір жарасы, терілік форма, эризипелиоидты вариант, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған//
Сібір жарасы, терілік форма, буллезді вариант, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған//
+ Сібір жарасы, терілік форма, карбункулезді вариант, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған//
Сібір жарасы, терілік форма, буллезді вариант, ауыр дәрежелі ауырлықта, асқынбаған
***
Науқас 14 жаста,әкесімен бірге малдың терісін өңдеуге қатысқан. 5 күннен кейін ауырып қалған. Қышумен жүретін жараға шағымданады. Физикальды мәліметте: йығында массивті ісіңу фонында аздап ауырсынатын, түбі қоңыр түсті жара бар.Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Өзін-өзі сезінуі бұзылған, субфебрилитет. Емдік тактикасын көрсетіңіз://
Иммуноглобулинмен бисептол қосылысы//
+ Иммуноглобулинмен ципрофлоксацин//
Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу, ципрофлоксацин//
Вакцинотерапия, бисептол//
Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу, вакцинотерапия
***
Науқас 7 жаста, кенеттен ауырған: жиі сұйық нәжіс пайда болған, ауруының 2-ші күні жүрек айнусыз көп ретті құсу. Эпид.анамнез – 4 күн бұрын Үндістаннан туристік сапардан оралған. Объективті: дене температурасы 35,80С, терісі құрғақ, тері қатпары баяу жазылады. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Іші ішке кіріккен, ауырсынусыз, нәжісі сулы, лайлы ақ түсті үлпек аралас. Болжам диагноз қойыңыз://
Сальмонеллез//
Эшерихиоз//
+ Тырысқақ//
Шигеллез//
Ротавирусты гастроэнтерит
***
Бала, 7 жаста, стационарға ауруының 2-ші күні келді. Дене температурасы 38,5о, бүкіл денесінде гиперемияланған фонда ұсақ нүктелі бөртпелер. Ауыз-мұрын үшбұрышының бозғылттығы. Араңында айқын гиперемия, лакуналарда ақ-сары жабындылар. Тілі ақ жабынмен жабылған. Жүрек тондары тұйықталған. Ақ дермографизм. Диагноз қойыңыз://
Қызылша//
+ Жәншау//
Аллергиялық бөртпе//
Псевдотуберкулез//
Стафилодермия
***
Науқас Л., 10 жаста, 3 күн бұрын Вьетнамнан оралған. Шағымдары: басының қатты ауруы, жүрген кезде күшейетін,сол жақ шапта ауырсыну, қалтырау, қақырықсыз сирек жөтел, ентігу. Ауырғанына 2 күн: дене температурасының жоғарлауы, қалтырау. Қарау кезінде: тежелген, денесінде кезеңді тырысулар. Сол жақ шап лимфа түйіні 2 см ұлғайған, жұмсақ, үстіндегі терісі қызарған, ыстық. Өкпесінде - шашыранды құрғақ сырылдар. ЖСЖ 120/мин.Диагноз қойыңыз://
Туляремия//
Сібір жарасы//
Тілме//
+ Содоку ауруы//
Оба
***
Cарғаюы бар баланыңқаныныңбиохимиялықанализінде: Алт – 0,35 мкат/л, жалпы билирубин – 120 мкмоль/л, турабилирубин– 40 мкмоль/л, тура емес билирубин – 80 мкмоль/л. Осы өзгерістер қай ауруға тән?//
Вирусты гепатит А//
Каротинді сарғаю//
+Гемолитикалық анемия//
Өт шығару жолдарының атрезиясы//
Ұйқыбезі басының ісігі
***
Қыз бала, 10 жаста, ауырғанына 2-аптадай болған. Біртендеп тәбеті төмендеді, әлсіздік, бас ауруы, оң жақ қабырға асты мен буындары ауырсынды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 370С, тәбеті төмендеген, селқос. Дене терісі мен склерасы сарғайған. Өкпе мен жүрек жағынан патологиясыз. Іші эпигастрий мен қабырға астында ауырсынады. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, көкбауыры пальпацияланады.Қан анализінде: жалпы билирубин-130 мкмоль/л, турабилирубин –100мкмоль/л, тура емесбилирубин -30,0 мкмоль/л, АлТ-1,16 мккат/л. Қай ауруда бауырлық сарғаю байқалады://
Вирусты гепатиттар, псевдотуберкулез, инфекционды мононуклеоз;//
Вирусты гепатиттар, псевдотуберкулез, инфекционды мононуклеоз, лептоспироз;//
+ Вирусты гепатиттар, псевдотуберкулез, инфекционды мононуклеоз, лептоспироз, гемолитикалық анемия//;
Вирусты гепатиттар, псевдотуберкулез, инфекционды мононуклеоз, лептоспироз, гемолитикалық анемия, Жильберсиндромы;//
Вирусты гепатиттар, псевдотуберкулез, инфекционды мононуклеоз, лептоспироз, гемолитикалық анемиялар, Жильберсиндромы, малярия;
***
Бала есірткімен әуестенетінанадан туылған. Туғаннан кейін тексерілген,қанда анықталған: HCV-IgG , РНК HCV, АлаТ -1,0 мккат/л, жалпы билирубин- 17,5 мкмоль/л. Диагноз қойыңыз://
Вирусты гепатит С, субклиникалық түрі//
+ Вирусты гепатит С, сарғаюсыз түрі//
Вирусты гепатит С, сарғаю түрі//
Вирусты гепатит С, жасырын түрі//
Вирусты гепатит С, инаппарантты түрі
***
ВГВ репликация кезеңіне тән маркерлар үйлесімін көрсетіңіз://
HBsAg, анти-HbeIgG//
HBsAg, анти-HBсorIgG, анти-HbeIgG//
+HBsAg, HBeAg, анти-HbсorIgM//
Анти-HBs, анти-HBe, анти-Hbсortot//
Анти-HBe, анти-HBсorIgM
***
Бала 9-айлық. АИТ-позитивті анадан туған. Өмір анамнезі: жатырішілік пневмония, сепсиспен ауырған. Соңғы айда диарея, сыртқы есту жолдарынан іріңді бөлініс.Өмірінің алғашқы жылының АИТ-инфекциясын жұқтыруы жайлы қандай диагностикалық әдіс қай мерзімде ақпарат береді://
Иммуноблотинг – туғаннан кейін//
ИФА өмірінің 6 айында//
ИФА және иммуноблот 12 айдан кейін//
+ ПТР 18 айға дейін//
ПТРжәнеиммуноблотинг 18 айға дейін
***
Бала 4 айда энтеритті диарея 1 ай бойы болған, 15% салмақ жоғалтқан. Соңғы 2 аптада субфебрильды қызба, жөтел, тыныс алу жиілеуі. Өмір анамнезінен: тума гипотрофиямен туған; анасы инъекционды наркотиктер қолданған, жүктілік кезінде учетте тұрмаған, тексерілмеген. Өкпе R-граммасында – екі жақты интерстициальды инфильтрация. Диагноз қоюға қай әдіс информативті?//
Иммуноблотинг//
+ Полимеразды тізбекті реакция//
Иммуноферментті анализ//
Вирусологиялық//
Иммунофлюресцентті
***
Науқас С., 10 жаста. Әлсіздікке, құсуға, сұйық нәжіске, іштегі жайылмалы құсуға шағымданып келді. Жедел ауырған, күніне 10 ретке дейінгі сұйық нәжістен басталған, динамикада жүрек айнусыз көп реттік құсу. Балтырында ауырсыну. Эпид.анамнез: екі күн бұрын балық аулауға барған, өзеннен су ішкен. Объективті: беті үшкірленген,ерні, тырнақтары көгерген. ТАЖ 36 рет1 минутта. АҚ- 90/65 мм сын.б.б. Диагноз қойыңыз://
+Тырысқақ, типті форма, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған//
Тырысқақ, типті форма, ауыр дәрежелі ауырлықта, асқынбаған//
Тырысқақ, типті форма, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынған//
Тырысқақ, найзағай тәрізді форма, ауыр дәрежелі ауырлықта, асқынған//
Тырысқақ, «құрғақ» форма, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған
***
Бала 5 жаста, желшешекпен ауырып қалған. Ауруының 9-шы күні жүрісі өзгерді. Ауруханаға түскен кезде дене температурасы 36,50С, менингеальды белгілері теріс, Ромбергқалпында тұрақсыз, басын дұрыс ұстай алмайды. Ликвор мәліметтері: белок - 0,66 г/л, цитоз-8 клетка. Диагноз қойыңыз://
Желшешектік менингоэнцефалит//
+ Желшешек, энцефалитпен асқынған//
Желшешек//
Бас миының ісігі//
Желшешек, гипертоксикалықтүрі
***
Стационарға 6 жастағы қыз бала дене температурасының 390С жоғарлауына, бас ауруына, әлсіздікке, жұтынғанда тамағындағы ауырсынуға шағымданып, түсті. Объективті: аузымен дем алады, дем алуының қиындауы. Араңы қызарған, таңдай доғалары, бадамша бездері, тілшесі ісіңген, тығыз, сұр түсті жабынмен жабылған. Регионарлы лимфа түйіндер ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Мойын асты шел қабатыбұғанаға дейін ісінген. Болжам диагноз қойыңыз://
Араң күл ауруына күмәнді жағдай, жайылған түрі, орташа дәрежелі//
Араң күл ауруына күмәнді жағдай,токсикалық түрі, ауыр дәрежелі//
Араң күл ауруына ықтимал жағдай, жергілікті түрі, ауыр дәрежелі//
+ Араң күл ауруына ықтимал жағдай,токсикалық түрі, ауыр дәрежелі//
Араң күл ауруына ықтимал жағдай, жайылған түрі, ауыр дәрежелі
***
Стационарға 5 жастағы бала дене температурасының 380С жоғарлауы, жалпы әлсіздік, селқостық, мұрнының бітелуі, жұтынғанда тамағында ауырсыну. Объективті: дене температурасы 38,50С. Беті ісіңген. Жақ асты, мойын алды, арты лимфа түйіндері 2-3 өлшемге дейін ұлғайған. Араңы қызарған, бадамша бездерінің ұлғаюы мен сары жабынның болуы. Бауыры+4,0 см, көкбауыры + 5,0 см қабырға доғасынан төмен. Болжам диагноз://
Жұқпалы мононуклеоз, типті, орташа дәрежелі, гепатитпен асқынған//
Жұқпалы мононуклеоз, типті, орташа дәрежелі, гепатитпен, баспамен асқынған//
Жұқпалы мононуклеоз, комбинирленген түрі: гепатит, баспа, ауыр дәрежелі//
Жұқпалы мононуклеоз, типті, ауыр дәрежелі, жедел, асқынбаған//
+ Жұқпалы мононуклеоз, типті, орташа дәрежелі, асқынбаған
***
Бала 2-жаста, жеделауырған, дене температурасы39,20С жоғарлаған, бала мазасыз, бір рет құсу болған, ЖРВИ бойыншаамбулаторлы емделген. 3 күннен кейін дене температурасы қалыпты болды, бірақ бала аяғына тұра алмай қалды. Ауруының 3 күні ауруханаға түсті. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза, жоғары ылғалдылықты. Араңында гиперемия.Өкпесінде везикулярлытыныс, жүрек тондары тұйықталған. Есі анық. Аяқтарында белсенді қозғалыс жоқ, пассивті қозғалыстаршектелген. Бұлшықет тонусы мен күші төмендеген. Сіңір рефлекстері аяқтарынан шақырылмайды. Құрсақ рефлекстері жоқ. Біреудің қолдауымен отырады. Лассег симптомы оң. Госпитализацияның 50 күні оң динамикамен ауруханадан шығарылды. Диагнозды көрсетіңіз://
Жедел респираторлы вирусты ауру//
Полиомиелит тәрізді ауру//
+Полиомиелит, спинальдытүрі//
Полиомиелит, понтинді түрі//
Полиомиелит менингеальдытүрі
***
Бала 3жаста, жедел ауырған, дене температурасы 38˚С жоғарлаған, бас ауруы, құсу. Физикальды мәліметтер: температурасы 38,3˚С, беті қызарған, склераларыинъецирленген. Араңында қызару, таңдай доғалары мен бадамша бездерінде қызыл сақинамен қоршалған везикулалар. Керниг симптомы оң, желке бұлшықеттер ригидтілігі. Ликвор: түссіз, қысымы жоғары, цитоз - 1000 клетка, лимфоцит - 850, белок - 0,45г/л. Болжам диагноз://
Энтеровирусты инфекция, типтітүрі: герпангина, орташа дәрежелі. Асқынуы: менингит//
Энтеровирусты инфекция, типті түрі, комбинирленген форма: герпангина, іріңді менингит, ауыр дәрежелі//
+ Энтеровирусты инфекция, типті түрі, комбинирленген форма: герпангина, серозды менингит, орташа дәрежелі//
Энтеровирусты инфекция, типті түрі, комбинирленген форма: герпангина, серозды менингит, ауыр дәрежелі//
Энтеровирусты инфекция, типті түрі, комбинирленген форма: герпангина, менингоэнцефалитит, орташа дәрежелі
***
Стационарға 7 жастағы бала дене температурасының жоғарлауына, аузын ашқанда және шайнағанда ауырсыну. Объективті: температурасы 38,30 С. Қарау кезінде – құлақ алдында, құлақ қалқанының артында қамырлы консистенциялы ісіңу, пальпацияда шамалы ауырсыну. Құлақ ершігі мен сырғалығына басқанда ауырсыну. Диагноз қойып, тексеру тағайындаңыз://
Эпидемиялықпаротит, бездік түрі, типті, орташа дәрежелі; араң мен мұрынннан бактериологиялық тексеруге жағынды алу//
+Эпидемиялық паротит, бездік түрі, типті, орташа дәрежелі; қанды жұп сарысу әдісімен серологиялық реакциялар//
Эпидемиялық паротит, комбинирленген бездік түрі, типті, орташа дәрежеліқанды гемокультура мен стерильділікке тексеру//
Эпидемиялық паротит, бездік түрі, типті, жеңіл дәрежелі; қанды жұп сарысу әдісімен серологиялық реакциялар//
Эпидемиялық паротит, бездік түрі, типті, орташа дәрежелі;сиалография контрастты затпен
***
Науқас 9 жаста, стационарға ауруының 4-шікүніинтоксикация симптомдарымен және жалпы әлсіздікпен, бұлшықеттегі ауырсынумен түсті. Эпидимиологиялық анамнез: бала 2 апта бұрын туристік серуенге барды, онда оны кене шақты. Бала селқос, адинамиялы. Тері жабындылары мен склералары субиктериялы, денесінде петехиальдыбөртпе. Тілі ақ-сұр жабынмен жабылған, шынтақтың бүгу беткейінде инъекциядан кейінгі гематома бар.Жүрек тондары тұйықталған,ЖСЖ -130 рет минутына, АҚ- 80/65 мм.с.б.б. Пастернацкий белгісіоң. ЖЗА: белок-0,066 г/л, Эр-5-6-8 көру алаңында. Диагноз қойып, тексеру тағайындаңыз://
Мүмкін болатын геморрагиялық қызбабүйректік синдроммен//
Мүмкін болатын крымдық геморрагиялық қызба//
+ Ықтимал болатын крымдық геморрагиялық қызба//
Дәлелденген крымдық геморрагиялық қызба//
Ықтимал жағдайдағы геморрагиялық қызбабүйректік синдроммен
***
Бала М. соңғы 3 айда ішінің үрленуінешағымданады. Өмір анамнезі: соңғы 6 айда жиі ЖРВИ. Физикальды мәліметтері: баланың тамақтануы төмен, ауыз бұрыштарында ауыздықтарбар. Іші шамалы үрленген, эпигастрий аймағында ауырсыну. Ішқатуға бейімділік. Нәжісте ШПФ: Proteus vulgaris 106. Нәжісті дисбактериозға тексеру: бифидобактериялар- 106, лактозонегативті бифидобактериялар - 10%, жалпы ішек таяқшасының саны - 106, энтерококктар - 108, протей тұқымдасты бактериялар- 106. Диагноз қойыңыз://
Протеоз, гастроэнтерит, орташа дәрежелі//
+ Ішек дисбактериозы, жергілікті түрі, субкомпенсация кезеңі, протейлі этиологиялы//
Ішек дисбактериозы, жергіліктітүрі, компенсация кезеңі, протейліэтиологиялы//
Ішек дисбактериозы, жергілікті түрі, декомпенсация кезеңі, протейлі этиологиялы//
Протеоз, энтерит, ауыр дәрежелі
***
Стационарға 1,5 жастағы бала катаральды белгілері бар екендігіне шағым айтып келді. Дене температурасы 37оС және денесінде бөртпелер. Эпид.анамнез: бала 10 күн бұрын қызылшаға қарсы егу алған. Ауруының 3 күні ауруханаға түсті. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 37,5оС. Бала мазасыз. Денесінің, бетінің терісінде кей жерлерде қосылуға бейім дақты-папуллезді бөртпелері бар.Ауыз қуысының шырышты қабаты қызғылтым түсті, энантема. Мұрнынан – серозды бөліністер. Ішкі ағзалары бойынша өзгеріссіз. Сіздің диагнозыңыз://
Қызамық//
Энтеровирусты инфекция//
Қызылша//
Аллергиялық дерматит//
+ Егуден кейінгі қызылша
***
Балада аллергиялық есекжем. Ем тағайындалды. Қай дәрі семіз жасушаның стабилизаторы болып табылады?//
Cупрастин//
Гисталонг//
+ Кетотифен//
Тавегил//
Фенистил
***
Дәрілік заттардың фармакодинамикасына анықтама беріңіз?//
+ Дәрілік заттардың әсер ету механизмі және фармакологиялық әсерінің механизімі//
Дені сау және ауру адамның ағзасындағы әртүрлі ортадағы дәрілік заттардың концентрациясының өзгеру үрдістерінің жиынтығы//
Дәрілік заттардың қосымша патологияға әсер етуі//
Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі//
Дәрілік заттардың клиникалық сынау әдістері
***
АИТВ(ВИЧ)-пен науқастанған 14 жасар науқаста пневмоцистті пневмония
табылған. Ем үшін қай препаратты тағайындау керек://
Цефепим к\т 2 г\т 14 күн бойы//
Имепенем к\т по 0,5 г 4 р\т 14 күн бойы//
Ванкомицин к\т по 1 г 2 р\т 14 күн бойы//
+Ко-тримоксазол к\т 20 мг\кг\т 4 р\т 21 күн бойы//
Левофлоксацин к\т 1 г\т 21 күн бойы
***
4-12 жастағы балаларда дәрілік заттарды мөлшерін есептеуге келесілердің
қайсысының ешқандай қатысы жоқ://
+ Бойының//
Салмағының//
Бауыр және бүйрек қызметінің//
Жасының//
Дене беткейінің ауданының
***
Ингаляционды кортикостероидтарға жатады://
Изадрин//
Преднизолон//
Будесонид//
+ Флутиказон//
Беклометазон
***
Н1-гистаминоблокаторлардың қайсысының седативті әсері айқынырақ://
Супрастин//
+Димедрол//
Пипольфен//
Тавегил//
Курантил
***
Төмендегі ісерлердің қайсысы таралу көлеміне әсер етеді://
+ Дәрінің физико-химиялық қасиеті//
Дәрінің енгізу түрі//
Дәрінің сіңу жылдамдығы//
Дәрілік заттың жартылай шығу кезеңі;//
Дәрінің жартылай ыдырау кезеңі
***
Антибиотиктердің қай тобы микроорганизмдерге бактерицидті әсер етеді://
Сульфаниламиддер, нитрофурандар//
Тетрациклиндер, аминогликозидтер//
Оксазолидиндер, макролидтер//
+ b-лактамдар, аминогликозидтер//
Макролидтер, b-лактамдар
***
Қай дәрі кең спектрлі белсенділігі бар пенициллиндерге жатады://
Феноксиметилпенициллин//
Бензатинбензилпенициллин//
+Амоксициллин//
Оксациллин//
Бензилпенициллин
***
Цефалоспориндердің II тобы цефалоспориндердің I тобына карағанда://
Пневмококктар мен грамтеріс бактерияларға қарсы белсенді//
Пневмококктар мен грамтеріс бактерияларға қарсы белсенділігі аз//
Көкіріңді таяқшаларға қарсы көбірек белсенді//
Парентеральді және пероральді қолдануға болады//
+Грамм-теріс флораға көбірек ықпал етеді
***
Карбапенемдерді балаларда келесі клиникалық жағдайларда қолданады://
Орташа дәрежелі ауырлықтағы ауруханадан тыс пневмонияда//
+Көбінесе нозокомиальді болып келетін ауыр инфекцияларда//
Жедел пиелонефритте//
Іріңді баспада//
Ауыр дәрежелі бронх демікпесінде
***
Балалардағы жедел пиелонефрит кезінде эмпирикалық антибактериальді
терапияда тағайындалатын дәрі болып табылады://
+ Амоксициллин/клавулан қышқылы//
Бензилпенициллин//
Оксациллин//
Гентамицин//
Эритромицин
***
Балалардағы ауыр емес ауруханадан тыс пневмонияны емдеу кезінде эмпирикалық антибактериальді терапияның ретінде қолданатын дәрі://
Гентамицин//
Цефуроксим//
+ Амоксициллин//
Бензилпенициллин//
Левофлоксацин
***
Аллергиясы бар балалардағы тыныс алу жолдарының инфекциясын емдеуде қолданылатын таңдау препараты://
Ципрофлоксацин//
Цефазолин//
+ Кларитромицин//
Амоксициллин//
Гентамицин
***
Ұл бала К., туғаннан 5 күн болғанда үйден стационарға келіп түсті. Анасы
созылмалы пиелонефритпен ауырады. Осы жүктілік кезінде 26-28 аптасында
аурудың өршуі болды. Босану жедел, тез болды.Сусыз уақыт 2 сағат. Туғандағы
салмағы – 3000 грамм. Апгар межесі бойынша бағалау 7/9 балл. 2-ші күні
мазасыздану, лоқсу, дене қызуының 37,8ºС көтерілуі болды. Қарау кезінде
қозғыш, омырау емуден бас тартады. Акроцианоз. Алдыңғы құрсақ терісінде, сан
және шап қатпарларында болбыр, гиперемия көмкермесі бар дөңгелек, сопақша
размері 5-15 мм болатын көпіршіктер бар. Дене температурасы 38ºС. Бұл
аурудың емінде тағайындау қажет://
Преднизолон//
+Цефазолин//
Дифенин//
Нистатин//
Зовиракс
***
Балаға бронх демікпесінің өршуіне байланысты ішке преднизалон тағайындалған. Өзін-өзі сезінуі жақсара бастады. Бір апта өткен соң тұншығу ұстамалары басылып, эпигастри аймағында ауырсыну, қышқылмен кекіру,қыжылдау пайда болды. Ары қарай науқасты жүргізудегі сіздің тактикаңыз қандай?//
Шұғыл түрде преднизолонды алып тастау//
Преднизолонның бір күндік мөлшерін азайту және қосымша маалокс дәрісін
тағайындау, дәрінің сол дозасын қалдырып бірнеше күндік интервалмен енгізу//
+ Омепразол тағайындау//
Біртіндеп преднизалонды алып тастау және ингаляционды кортикостероидтарға көшу//
Преднизолонды парентеральнді енгізу
***
Дәрігерге А. атты 11жастағы бала қаралды, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, тыныс алғанда күшейетін кеуденің оң жақ бөлігіндегі ауырсынуға, 38,50С дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданды. Аускультацияда оң жақ жауырын астында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, перкуссияда сол жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады. Бес күн бұрын суық тигізіп алуына байланысты науқастанып қалғанын айтты. Дәрігерге қаралды.
Гентамицин және қақырық түсіретін препараттар тағайындалды. Тағайындалған емнен жақсару болмағандықтан сіздің ары қарайғы тактикаңыз қандай://
Гентамицинмен ары қарай сол мөлшермен емдеу//
Гентамицин мөлшерін ұлғайту//
Гентамацинді тетрациклинмен алмастыру//
Емдеу барысында тетрациклинді қосу//
+ Гентамицинді азитромицинге алмастыру
***
I типті қант диабеті бар балада жедел респираторлы вирусты инфекцияның фонында шөлдеу, жүрек айну, құсу пайда болды. Терісі мен шырышты қабаттарының құрғақтығы өскен, диабетикалық рубеоз күшейген, бет пішіні азған. Тыныс алғанда ацетон иісі шығады. Көздері кіртиген, тері тургоры мен бұлшықет тонусы төмендеген. Тілі құрғақ. Тыныс алуы шулы, аритмді, Куссмауль тынысы типтес. Тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы байқалады. Дамыған жағдайдың негізгі патогенетикалық механизімін атаңыз://
+Абсолютті инсулинді жетіспеушілік//
Инсулиннің артық өндірілуі//
Бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының жетіспеушілігі//
Симпато-адреналды жүйенің белсендірілуі//
Орталық нерв жүйесінің гиперактивтілігі
***
Емнің тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұматты береді тек://
Ретроспективті когортты зерттеулер//
+ Рандомизирленген клиникалық сынамалар//
Сарапшы, профессор, академик көзқарастары//
Жеке клиникалық тәжірибе//
Жағдай - бақылау типіндегі зерттеулер
***
Дәлелдеу межесінің бағасын сараптағанда «Е» межесіне сәйкес келеді://
Анық теріс дәлелдер//
Жеткілікті теріс дәлелдер//
Дәлелдер сенімді//
Дәлелдердің салыстырмалы сенімділігі//
+ Жеткілікті дәлелдер жоқ
***
Функциональнді диспепсияның дискинетикалық түрін емдегенде қолданатын дәрілерді қосудың тиімді түрі://
Мотилиум + бускопан//
Дротаверин + ранитидин//
+ Мотилиум + дротаверин//
Алмагель + фамотидин//
Рабепразол + мотилиум
***
Дәрілік заттардың эмбрионның дұрыс дамымауын бұзып, әртүрлі тума ақаулардың және аномалиялардың пайда болуын туғызатын қасиетін қалай атайды://
Эмбриотоксикалық әсер//
+ Тератогенді әсер//
Мутагенді әсер//
Фетотоксикалық әсер//
Генотоксикалық әсер
***
Балаға туғаннан 2 күн. IV жүктіліктен, алғашқы 3 жүктілік ерте уақыттағы түсікпен аяқталған. Босануға дейін 2 апта болғанда анасының дене қызуы 39 0С көтеріліп, цистит пайда болып, белінде ауырсыну болады. Қарау кезінде балада: дене қызуы 38,50С, тері қабаты бозғылт, денесінде папулезді-розеолезді бөртпе бар, өкпесінде тынысы әлсіреген, крепитациялы сырылдар бар. Мойын лимфа бездері ұлғайған, бауыры+2см. Ұлғайған. Анасы ауылдық жерде мекен етеді. Баланы толық тексерістен өткенше ем тағайындаңыз://
Эритромицин//
+Ампициллин+гентамицин//
Цефазолин + амикацин//
Азитромицин//
Линкомицин
***
Ұл бала, туғанына 15 күн болған. Әлсіз омырау емуге, кіндіктен бөліністер бөлінуіне, дене қызуының 380 С болуына шағымданады. Қарау кезінде: тері қабаты бозғылт, сарғыш, иньекция жерлерінен қан ағады, айқын гиперестезия бар, тырысуға бейімділік бар. Өкпесінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, крепитацияланған сырылдар бар. ТАЖ - 58 минутына. Көрсетілген дәрілердің қайсысын бірінші тағайындау керек://
+ Пентоглобин//
Дюфалак//
Ацикловир//
Интерферон//
Феррокаль
***
Бас сүйек негізінің сынуына тән белгі://
Экстракраниальды гематома//
"Жақсару кезеңінің" болуы//
+"Көзілдірік" белгісінің болуы//
Анизокория//
Гемипарез
***
Күйіктік шокты қандай шок түріне жатқызуға болады://
Ауырсыну//
Токсикалық//
Анафилактикалық//
Септикалық//
+ Гиповолемиялық
***
8 айлық бала үйінде диваннан құлаған. Бірден жылады, бір ретті құсу болған. Ұйқысы мазасыз болды. Қарау кезінде жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта, селқос, ұйқышыл, қарауға жылаумен жауап береді. Неврологиялық статуста ошақтық белгілер анықталған жоқ. Көз алмасын шетке қарай максимальды әкету кезінде горизонтальды нистагм анықталады. Сіңірлік және іш құрсақтық рефлекстер екі жақтан бірдей анықталады. Сыртқы краниогематома жоқ. Сіздің диагнозыңыз://
Перинатальды энцефалопатияның қалдық өзгерістері//
Бас ми шайқалуы//
+Бас ми соққысы//
Бассүйек ішілік гематома//
Бастың жұмсақ тінінің соққысы
***
Бала 2,5 жаста, жедел түрде жарақат алғаннан соң2 сағаттан кейін түсті. Түскен кездегі шағымдары: оң жақ санының ортанғы болігінде деформация, ісіну,оң аяқтың қызметі бұзылған. Анасының айтуы бойынша, бала далада мұзды сырғанақтан құлаған. Жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Баланың өзін сезінуі бұзылмаған. Жергілікті: оң жақ аяқтың төменгі үштен бір бөлігінде ісіну, деформация және патологиялық қозғалыс анықталады,пальпацияда – айқын ауырсыну. Сан сүйегінің осі бұзылған. Жанбассан және тізе буыныңда ауырсынуға байланысты қозғалыс шектелген. 2 проекциялы рентгенограммада сан сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінде сыну және сүйек сынықтарының ығысуы анықталады. Осы сынық емінде сіздің әрекетіңіз://
Бір кезекті жабық репозиция//
+ Шеде бойынша вертикальды тарту//
Функциональды Белер шинасында тарту//
Гипсті лонгетамен иммобилизация//
Циркулярлы гипсті байламмен иммобилизация
***
Нәрестенің бұғанасының ортанғы 1/3бөлігінде, төс-бұғана-емізік бұлшықет ортасында домалақ формалы, диаметрі 2,5 см, тығыз, ауырсынатын және бастың қозғалысын шектейтін ісік тәрізді түзіліс анықталады. Сіздің диагноз://
Сол жақтан кеуде бұғана емізікті бұлшық еттің миозиті//
Сол жақтан сүйектік қисық мойын//
Сол жақтан спастикалық қисық мойын//
+Сол жақтан бұлшықеттік қисық мойын//
Сол жақтан Клиппел-Фейл ауруы
***
Бала 1,6 жаста, сол жақтан сан сүйегінің әкетуінің шектелуі, сан сүйегінің салыстырмалы (функциональды) қысқаруы, сандағы тері қатпарларының ассиметриясы, Тренделенбург белгісі оң, бөксе бұлшықеттерінің атрофиясы. Сіздің емдік әрекетіңіз://
+Аддукторотомия, «шорты» гипстік таңуын салу//
Велинский шинасын салу//
Аяқтан тарту, аяққа баспау//
Әкетусіз гипстік таңу салу (шортысыз)//
Оперативті емдеу, себебі балада аяғының қысқаруы бар
***
Науқас М., 6 жаста. Стационардың қабылдау бөліміне оң жақ білегінің кесілген жарақатынан кейін 12 сағаттан соң келіп түсті. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Соматикалық дені сау. Жергілікті: білегінің алақынды беткейінде ұзындығы 8 см кесілген жарақат. Жара түбі, білек бұлшықеттері шамалы қанайды. Тырнақтық фалангада бүгілу жоқ. Сіздің диагнозыңыз://
Білектің фасциясының зақымдалуымен кесілген жара//
Шыңтақ артериясының зақымдалуымен кесілген жара//
Білек артериясының зақымдалуымен кесілген жара//
+ Терең бүккіш сіңірінің зақымдалуымен кесілген жара//
Терең және беткей бүккіштердің зақымдалуымен кесілген жара
***
Ұл бала 5 жаста. Рентген суретінде шыңтақ сүйегінің метафизінде сүйектің кортикалды кабаттың деформациясы анықталды. Сынық түрін көрсетіңіз://
+ Шыңтақ сүйегінің сүйекқап асты сынығы//
Жасыл бұтақ тәрізді сыну//
Шынтақ сүйегінің типті орында сынуы//
Шыңтақ сүйек басының сынуы//
Жасөспірімдер эпифизеолизі
***
Бала 12 жаста, жарақат алғаннан кейін 1 сағаттан соңкеліп түсті. Келгенде шағымдары: әлсіздік, селкостық, ұйқышылдық, жүрек айну, 2рет құсу. Бала түскенге дейін қарсыласының жамбас сүйегінің қанатына басымен соғылған. Есін жоғалтпаған. Неврологиялық статусы: есі анық, қарауға адекватты жауап қайтарады. Көз қарашықтары OD=OS,фотореакциясытірі,бұлшықет тонусы екі жақтан да бірдей.Сіңірлік рефлекстер екі жақтан бірдей сақталған. Жалпы милық және менингиальды белгілер жоқ. Ромберг қалпындатұра алады.Краниограммада 2- проекцияда сүйектік-жарақаттық өзгерістер анықталған жоқ,шамалы саусақ іздері анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз://
Желке аймағының жұмсақ тінінің жарақаты//
Жабық бас ми жарақаты, 1 дәрежелі//
Жабық бас ми жарақаты, 2 дәрежелі//
Бастың шашты аймағының жұмсақ тінінің жарақаты//
+ Жабық бас ми жарақаты, бас ми шайқалуы
***
Нәресте. Жалпы жағдайы ауыр, емуі нашар, лоқсиды, арасында өт қосылған құсу байқалады. Шамалы ентігу, тахикардия. Іші үрленген, ішінің барлық аймағында ауырсыну. Үлкен дәреткежиі және аз мөлшерде барады. Кұрсақ мүшелерінің рентгенограммасында асқазан-ішек жолының әртүрлі бөлігінде газ толуы, асқазан парезі анықталды. Парезге ұшыраған ішек ілмектері арасында спазмға ұшыраған қараюлар бар,ішек қабырғасының кистозды пневматозы. Сіздің диагнозыңыз://
Некротикалық энтероколит, қуысты ағза перфорациясы//
+ Некротикалық энтероколит, қуысты ағза перфорациясы жоқ//
Септикалық перитонит//
Жоғары тума ішек өтімсіздігі//
Төменгі тума ішек өтімсіздігі
***
Науқас 10 жаста. Іштің төменгі жағында шап үстінен ауырсыну анықталады. Жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Дене қызуы 37,50С. Ауырсыну зәр шығару каналына және тік ішекке беріледі. Дизуриялық бұзылыстар анықталады. Іші үрленбеген, шап үстіндеоң жақтан бұлшықеттің қатаюы және ауырсынуы анықталады. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз – 11х109/л, нейтрофилез – 78%. Ректальды зерттеу кезінде – тік ішектің алдынғы қабырғасының ауырсынуы және шығып тұруы анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз://
Жедел аппендицит, ретроцекальдыорналасуы//
Жедел цистит//
+ Жедел аппендицит, жанбаста орналасуы//
Жедел аппендицит, бауыр астында орналасуы//
Жедел аппендицит, мықындық орналасуы
***
Бала С., 4 жаста. Ауруханаға жатқанға дейін 1 сағат бұрын ыстық суы бар ыдысқа құлаған. Баланың жағдайы ауыр,тері жабындары бозғылт, бет-әлпеті үшкірленген. Бала қозғалмайды, қоршаған ортаға бейқам. Шөлдеу және құсу анықталады. Дене қызуы– 35,4оС. Пульсіжиі, аз толымды. ЖСЖ – 104 р/мин. ТАЖ – 40 р/мин. Сіздің диагнозыңыз://
+ Күйіктік ауру, күйіктік шоктың торпидті сатысы//
Күйіктік ауру, күйіктік шоктың эректильды сатысы//
Күйіктік ауру, күйіктік шоктың токсемиялық сатысы//
Күйіктік ауру, күйіктік шоктың септикопиемиялық сатысы//
Күйіктік ауру, күйіктік шоктың жазылу сатысы
***
Жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігінде ең алдымен енгізу керек:// + Натрий хлорид ерітіндісі және гидрокортизон// Калий хлорид ерітіндісі және гидрокортизон// Натрий хлорид ерітіндісі және норадреналин// Калий хлорид ерітіндісі және норадреналин// Глюкоза ерітіндісі және инсулин
***
Ұл бала, 9 жаста, ұзақ уақыт стероидты терапияны қабылдады. Гипертрихоз симптомдарының пайда болуына байланысты анасы преднизолон мөлшерін екі есеге азайтты. Таңертен балада құсу, ішінің ауырсынуы, басының ауырсынуы пайда болды. «Жедел жәрдем» бригадасы келгенде балада ақыл-есінің бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, цианоз, ентігу, жіп тәрізді пульс, тырысуға икемділік байқалады. Биохимиялық қан анализінде осы ауруға тән қандай өзгерістер болады?//
+ Гипонатриемия, гиперкалиемия, гипохлоремия, гипогликемия//
Гипернатриемия, гиперкалиемия, гипохлоремия, гипогликемия//
Гипонатриемия, гипокалиемия, гипохлоремия, гипогликемия//
Гипонатриемия, гиперкалиемия, гиперхлоремия, гипогликемия//
Гипонатриемия, гиперкалиемия, гипохлоремия, гипергликемия
***
