Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭУМКД ҚМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.2 Mб
Скачать

7.Семинар сабағын өткізу жоспары

Тақырыбы: 1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері.

Мақсаты: Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттерін қарастыру.

Сабақты өткізу формасы: Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері туралы пікір талас жүргізу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

    1. Қаржы менеджментiнiң анықтамасы. Қаржы менеджерiнiң мақсаты, мiндеттерi және рөлi.

    2. Каржы менеджментiнiң қазiргi теориясының даму кезеңдерi. Экономикалық ғылымдар жүйесiндегi қаржы менеджментiнiң орны.

    3. Ұзақ мерзiмдi сипаттағы қаржылық шешiмдер (стратегия). Қысқа мерзiмдi сипаттағы қаржылық шешiмдер (тактика).

    4. Қаржылық жоспарлау және бақылау каржы менеджментiнiң негiзгi функциялары ретiнде.

    5. Қазақстан Республикасының қаржы секторында болып жатқан қайта құруға байланысты қаржы менеджерiне қойылатын талаптар. Фирмалардың ұйымдық құрылымындағы қаржы службасы.

Тақырып: 2. Қаржылық менеджменттің базалық тұжырымдамалары және базалық категориялары.

.

Мақсаты: : қаржы менеджментінің базалық көрсеткіштерін есептей және ажырата білу.

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Категорияларды анықтау: активтер, мiндеттемелер, капитал, табыстар, шығыстар, қаржы құралдары және тәуекелдер, бағалау әдiстерi, капитал тұжырымдамасы (халықаралық стандарттарға сәйкес).

2.Ақшаның уақытша құны, тәуекелдiк активтердiң құны.

3.Қаржы менеджментiнiң теориясы мен практикасында қолданылатын көрсеткiштер: келтiрiлген құн- PV, нарықтық қосылған құн - MVA, экономикалық қосылған құн - EVA, актвитердi басқарудың тиiмдiлiк көрсеткiштерi- ROE, ROA, ROI, шаруашылық қызметтiң қаржылық нәтижелерiнiң қорытындылау көрсеткiштерi-EBIT, EBT, NI (NOPAT), EPS, DPS, PPS.

ТақырыП: 3.Тәуекел және табыстылық. Корпорациялық тәуекелдердi басқару.

Мақсаты: : тәуекелді басқару ерекшеліктерін, әдістерін игеру

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Тәуекелдiктi анықтау көрсеткіштері.

2. Ықтималдықтарды бөлу және күтiлген табыстылық.

3.Автономдық (жалпы) тәуекелдi нарықтық тәуекелмен салыстыру. Автономдық тәуекелдi талдау: оқшаулау қаралатын активтер. Нарықтық тәуекелдi талдау: портфельге қатысты активтер.

4.Тиiмдi портфельдер. Инвесторлардың қалауының ауытқымасы. Оңтайлы портфельдi таңдау.

5. Сақтандыру негiздерi.

6.Мүлiк шығындарының тәуекелдiкке ұшырағыштығы. Жауапкершiлiкке байланысты шығындардың тәуекелдiкке ұшырағыштығы. Әртараптандыру тәуекелдiктi басқару құралы ретiнде.

7.Қаржылық шығындардың тәуекелдiкке ұшырағыштығы.

ТақырыП: 4.Активтерді бағалау әдістері және модельдері.

Мақсаты: активтер портфелін басқару ерекшеліктерін игеру.

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Каржылық активтердiң табыстылығын бағалау үлгiсi (моделi).

2.Капитал рыногының сызығы. Бағалы қағаздар рыногының сызығы.

3. ß- коэффициенттiң тұжырымдамасы.

4.Баламалы теориялар.

5.Баға белгiлеу төрелiгi теориясы. Опциондарға баға белгiлеу теориясы.

6.Тәуекелдiк құн.

Тақырыбы: 5. Капиталдың құны.

Мақсаты: : Капиталдың құны ұғымын түсіну, капиталдың орташа өлшенген құнын анықтауды үйрену.

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Капиталдың құны.

2.Капиталдың құрамдас бөлiктерi және олардың құны.

3.«Қарыз капиталы» деректемесiнiң құны.

4.«Артықшылықты акциялар» деректемесiнiң құны. «Бөлiнбеген пайда» деректемесiнiң құнын бағалау әдiстерi. «Жаңа акциялар шығару» деректемесiнiң құны.

5.Капиталдың орташа өлшенген құны. Капиталдың шектi құны.

Тақырып 6. Инвестициялық жобаларды талдау әдiстерi. Жоба тәуекелiн талдау.

Мақсаты: жобаларды талдауды игеру

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қаржы салымдар бюджетiн қалыптастыру.

  2. Күрделi жұмсалым бюджетiн қалыптастыру кезiнде шешiмдер қабылдау критерийлерi: өтелiмдiлiк мерзiмi, табыстылық есебi, таза келтiрiлген тиiмдiлiк, iшкi табыстылық, рентабельдiлiк индексi, түрлендiрiлген iшкi табыстылық. Критерийлердi салыстыру. Болашақ шығындардың келтiрiлген құны.

3.Жобаның автономдық (жекелеген) тәуекелi. Iшкi фирмалық немесе корпоарциялық тәуекел. Нарықтық тәуекел.

4.Сезiмталдықты талдау. Сценарийлердi талдау. Монте-Карло әдiсi.

Тақырып 7. Инвестициялық жобаның ақша ағындарын болжамдау. Күрделi қаржы бюджетiн оңтайландыру.

Мақсаты: инвестициялық жоба ағымдарына болжам жасау ерекшеліктерін білу.

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Ақша ағындарын бағалау. Релевантты ақша ағындарын анықтау.

2.Ақша ағындарының сапырылыстығын бағалау.

3.Теңсiздiк мерзiмiнде әрекет жасаушы жобалауды бағалау.

4.Жобаларды тоқтатудың қаржылық нәтижесi. Инвестициялық мүмкiншiлiктердiң графигi. МСС және IOS графиктерiнiң бiрлескен талдауы.

5.Күрделi жұмсалымның оңтайлы бюджетiн қалыптастыру.

Тақырыбы: 8. Ұзақ мерзiмдi қаржылық жоспарлау.

Мақсаты: : кәсіпорында : қаржылық жоспарлау әдістері мен процесін білу, бюджетті құру мақсаттары мен қабылдау процедурасын білу.

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Стратегиялық және жедел жоспарлар.

2.Қаржы жоспары. Өткiзу көлемiнiң көрсеткiштерiне байланысты үйлесiмдiк әдiстi қолдана отырып қаржыны жоспарлау.

3.Сырттан қаржыландыру қажеттiгi деңгейiн анықтаушы факторлар. Қолайлы өсу қарқыны. Үйлесiмдi әдiс негiзiнде сату көлемi көрсеткiшетрiне байланысты жоспарлау тәсiлiнiң проблемалары.

4.Болжамдаудың басқа әдiстерi. Қаржылық жоспарлаудың компьютерлендiрiлген модельдерi.

Тақырыбы: 9. Компанияның құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент.

Мақсаты: Корпорацияның құнын бағалау моделін, операциялық құнын бағалауды, акцияларды бағалауды игеру.

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Корпорацияны бағалау моделі.

2.Операциялық құнын бағалау.

3.Акцияларды бағалау.

4. Дивидендтердің өсуі және корпорациялық бағалау модельдерін салыстыру.

5.Құндылыққа бағдарланған менеджмент.

Тақырыбы: 10. Мультипликаторды пайдалану арқылы компанияның құнын басқару.

Мақсаты: : Мультипликаторды пайдалану арқылы компанияның құнын басқару негіздерін білу

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Мультипликатор және құн.

  2. Тобин мультипликаторы.

  3. Түсім мультипликаторы.

  4. «Баға/ пайда» және PEG мультипликаторлары.

Тақырыбы: 11. Операциялық тұтқаның нәтижесі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару.

Мақсаты: : залалсыздықты талдап, операциялык тұтқа тиімділігін анықтай білу

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Шығындардың жiктелуi.

2.Залалсыздықты талдау, залалсыздық нүктесiн сату бiрлiгiндегi және ақша түрiнде есептеу, жоспарлық операциялық пайда есебi.

3.Операциялық тұтқа. Операциялық тұтқаның (DOL) күшi. DOL және залалсыздық нүктесi.

4.DOLжәне iскерлiк (операциялық) тәуекел.

Тақырып 12. Қаржылық тұтқасының нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты

Мақсаты: қаржылық тұтқа, қаржылық левериджді есептей білу және олардың кәсіпорынның қаржылық қызметіне тигізетін ықпалын игеру

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Қаржы тұтқасы. Қаржы тұтқасының күшi (DFL).

2.DFL және қаржылық тәуекел.

3.Фирманың жиынтық тәуекелi. Фирмалардың салыстырмалы iскерлiк тәуекелiнiң өлшемi.

4.Фирманың салыстырмалы қаржылық тәуекелiнiң өлшемi.

5.Жиынтық (құрамдастырылған) тұтқа, жиынтық тұтқаның (DTL) күшi.

Тақырып 13. Капитал құрылымының теориясы: Модильяни – Миллер үлгiсi; ымыралы үлгiлер.

Мақсаты: капитал құрылымы теорияларының мәнін меңгеру

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Капитал құрылымың теориясы: Модильяни-Миллер үлгiлерi. Нарықтық тәуекел контекстiндегi өндiрiстiк және қаржылық тәуекелдер. Миллер моделi. Модильяни- Миллер үлгiсi мен Миллер үлгiсiн сынау.

2. Қаржылық қиындықтармен байланысты шығындар және агенттiк шығындар. Ымыралы үлгiлер.

3. Капиталдың мақсатты құрылымы. Фирмалар арасындағы капитал құрылымының түрлендiрмесi (вариациясы). Баланстық бағалаудың нарықтық бағалаумен салыстырмалығы.

4.Капиталдың құрылымы және бiрiгуi.

Тақырып 14. Дивидендтік саясатты басқару.

Мақсаты: капитал құрылымы теорияларының мәнін меңгеру

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Инвестордың қалауы бойынша – дивидендтердi қалаудың үш теориясы.

  2. Дивидендтердiң тұрақтылығы.

  3. Тәжiрибеде дивидендтiк саясатты қалыптастыру.

  4. Дивидендтердi қайта инвестициялау жоспары.

  5. Акцияларды сатып алу. Дивидендтердi акциялармен төлеу және акцияларды бөлшектеу.

Тақырып 15. Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару.

Мақсаты: айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару ерекшеліктерін білу.

Сабақты өткізу формасы: проблемалық сабақ түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1 Айналым капиталын қаржыландырудың сыртқы деректемелерiне қажеттiлiк.

2 Айналым каражаттарының көлемi мен қаржыландыру саласындағы стратегиялар.

3.Қысқа мерзiмдi қаржыландырудың артықшылықтары мен кемшiлiктерi. Қысқа мерзiмдi қаржыландырудың көздерi.

4. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн (сауда кредитi) кредиторлық борыш. Қысқа мерзiмдi банктiк кредиттер. Банктiк кредиттiң бағасы.

5.Банктi таңдау.

6.Қысқа мерзiмдi кредиттердi қамтамасыз ету.

Тақырып 16. Ақша қаражаттарын басқару

Мақсаты: ақшалай қаражаттарды басқару мақсаттары мен әдістерін

меңгеру

Сабақты өткізу формасы: пікір-талас түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Семинар сабағында белсенділік көрсетуі үшін студент төмендегі мәселелерді білуі тиіс:

Ақша қаражаттарын басқарудың мақсаттарын. Ақша қаражаттарының бюджетiн. Ақша қаражаттарының мақсатты қалдығын анықтауды. Ақша қаражаттарын басқарудың әдiстерiн. Ақша қаражаттарын басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды білуі керек.

Студент:

берілген әдебиеттермен жұмыс істей және қолдана алуға;

тақырып мәселелеріне қатысты тұжырымдамалардың көзқарастарын салыстыра білуі қажет.

Семинар сабағы бойынша әдістемелік нұсқаулар

Берілген сұрақтарды жақсы түсініп, сабақта белсенділік көсрету үшін дәрісте қарастырылған мәселелерді қайта оқып шығып, жоғарыда келтірілген әдебиеттерге сүйене отырып, қысқаша конспект жазған дұрыс.

Тақырып 17. Босалқы қорларды басқару.

Мақсаты: Босалқы қорларды басқару ерекшеліктерін меңгеру.

Сабақты өткізу формасы: диспут (пікір-талас, талқылау) түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Босалқы қорларды басқарудың мақсаттары. Босалқы қорларды басқару процесiнде қабылданатын негiзгi шешiмдер.

  2. Босалқы қорлармен байланысты шығындарды жiктеу.

  3. Босалқы қорларды бағалау және есебiн жүргiзу. Босалқы қорлар тапсырысының оңтайлы партиясының үлгiсi.

  4. Босалқы қорларды бақылау жүйесi.

Тақырып 18. Дебиторлық берешекті басқару

Мақсаты: дебиторлық борышты басқару мақcаттарын, дебиторлық

борышты басқару саясатын меңгеру.

Сабақты өткізу формасы: диспут (пікір-талас) түрінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Дебиторлық борышты басқару.

2.Кредиттiк саясат. Кредит кезеңi мен кредит қабiлеттiгi стандарттарын анықтау. 3.Дебиторлармен жұмыс жүргiзу саясаты.

4.Келiсiлген мерзiмдегi төлемнен шегерiм.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

«ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІ»

ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Астана – 2016

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

«ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІ»

Өзіндік жұмұстарды жүргізу үшін арналған материалдар

Астана – 2016

БОӨЖ

ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ НЕМЕСЕ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Студенттер үшін ситуациялық есептер мен тапсырмалар

Тақырып 1. Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері.

Тапсырма 1:

1. Кәсіпорынды дамытудағы стратегиялық басқару сызбасын сызыңыз.

Тапсырма 2

1. Қаржылық жоспарлау және бақылау каржы менеджментінің негізгі функциялары ретінде түсіндіріп эссе жазу.

Тапсырма 3.

3. Қаржы менеджеріне қойылатын талаптар туралы эссе

Тақырып 2. Қаржылық менеджменттің тұжырымдамалары және базалық категориялары.

Есеп 1.

Ф1 компаниясының келтірілген көрсеткіштері арқылы активтерді басқарудың тиімділік көрсеткіштері- RОЕ, RОА, RОІ, шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелерінің қорытындылау көрсеткіштері-ЕВІТ, ЕВТ, NI (NOРАТ), ЕРS, DРS, РРS көрсеткіштерді есептеңіз және оларды талдаңыз. Акцияға бөлінген пайда N1 жылы 842 000 мың теңге, N2 ж. 842 000 мың теңге, N3ж 337 692 мың теңге.

Кесте 1- Активтер құрамы

Көрсеткіштер

N1 жыл

N2 жыл

N3 жыл

Мың теңге

Үлесі

%

Мың теңге

Үлесі %

Мың теңге

Үлесі %

1

Ұзақ мерзімді активтер

85 236

54,64

158 301

65,11

171 687,98

61,72

2

Материалдық емес активтер

-

-

219

0,09

160,44

0,06

3

Негізгі құралдар

85 236

54,64

158 082

65,02

171 527,54

61,67

4

Ағымдық активтер

70 751

45,36

84 822

34,89

106 455,02

38,28

5

Тауарлы-материалдық қорлар

38 826

24,89

36 792

15,13

70 816,70

25,46

6

Дебиторлық қарыз

18 479

11,85

29 811

12,26

33 646,23

12,1

7

Қысқамерзімді қаржылық инвестициялар

9 455

6,06

9 792

4,03

-

-

8

Ақша-қаражаттар

3 991

2,56

8 427

3,47

1 992,09

0,72

Баланс

155 987

100

243 123

100

278 143,00

100

Кесте 2- Пассив құрамы

Көрсеткіштер

N1 жыл

N2 жыл

N3 жыл

Мың теңге

Үлесі

%

Мың теңге

Үлесі%

Мың теңге

Үлесі

%

1

Меншікті капитал

81180

52,04

83 115

34,19

82 669,70

29,72

2

Жарғылық капитал

17714

11,36

17 714

7,29

17 713,56

6,37

3

Төленбеген капитал

58590

37,56

52 594

21,63

54 250,11

19,5

4

Қорлану қоры

8597

5,51

8 597

3,54

9 017,57

3,24

5

Бөлінбеген табыс

-3721

-2,39

4 210

1,73

1 688,46

0,61

6

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

32038

20,54

135 536

55,75

143 760,09

51,69

7

Қысқа мерзімді міндеттемелер

42769

27,42

24 472

10,07

51 713,21

18,59

8

Қысқа мерзімді несиелер

1928

1,24

 

 

 

 

9

Кредиторлық қарыз

31036

19,9

24 412

10,04

40 756,05

14,65

10

Салық бойынша қарыз

9805

6,29

60

0,02

10 957,16

3,94

11

Баланс

155 987

100

243 123

100

278 143,00

100

Кесте 3- АҚ-ның табысын сипаттайтын көрсеткіштер

Көрсеткіштер

N2ж.

N3ж.

Мың теңге

Мың теңге

1

Өнімді өткізуден түскен табыс

136621,00

129948,87

2

өнімнің өзіндік құны

79855,00

50331,89

3

жалпы табыс

56766,00

79616,98

4

кезең шығындары

47831,00

55057,80

5

жалпы және кезең шығындары

9184,00

23554,81

6

сату шығындары

2007,00

64584,87

7

пайыздарды төлеу шығындары

36643,00

-33081,87

8

негізгі қызметтен түскен табыс

8935,00

24559,18

9

негізгі емес қызметтен түскен табыс

800,00

-22481,48

10

салық салуға дейінгі кәдімгі қызметтен табыс

9735,00

2077,70

11

табыс салығы

1804,00

4599,24

12

салық салудын кейінгі кәдімгі қызметтен табыс

7931,00

-2521,54

13

таза табыс

7931,00

-2521,54

Есеп 2.

Кәсіпорынның ағымдағы актив мөлшері (баланс активінің II жэне III баптарының қосындысы) есепті мерзім соңында - 2350 мың.тг., кәсіпорынның жедел міндеттемелері - 1680 мың. тг. Ағымдағы міндеттемелер сомасы өспейді деген шартпен жабу коэффициентінің нормативті мәні екіге тең болуы үшін келесі алты ай мерзімінде кәсіпорын пайдасы қандай болу керек?

Тақырып 3. Тәуекел және табыстылық. Корпорациялық тәуекелдіктерді басқару.

ЕСЕП 1.

Номиналы 1000 доллар төлем мерзімі 3 жыл 9 жылдық пайыз купондық мөлшерлемесімен облигацияның ағымдық құнын анықтаңдар. Пайданың нарық нормасы 7 пайыз.

ЕСЕП 2.

А және Б акциялардың күтілетін табыстылығы 10 жэне 20 пайыз. Олардың стандартты ауытқуы 5 және 60 пайыз. Табыстылықтар арасындағы корреляция коэффициенті 0,5- ке тең. А акциясының 40 пайызынан және Б акциясының 60 пайызынан тұратын портфельдің стандартты ауытқулары мен күтілетін табыстылығын есептеңіз.

ЕСЕП 3.

Табыстылықтың орташа күтімін тауып және жобаны таңдауды түсіндіріп, дәлелдеңдер.Екі жоба жайлы келесі мәліметтер бар:

А жобасы В жобасы

Табыстылық, %

Ықтималдылық

Табыстылық, %

ықтималдылық

12

0,2

12

0,4

15

0,3

15

0,3

18

0,4

16

0,2

19

0,1

35

0,1

ЕСЕП 4

Инвестор портфелі A,B,C,D,E бағалы қағаздардан құралады. Көрсеткіштері:

Актив

Жалпы нарықтық құны, теңге

β

A

50000

0

B

10000

0,9

C

25000

1,1

D

8000

1,2

E

7000

1,7

Тәуекелсіз бағалы қағаздардың табыстылығы 7 пайыз, нарықтағы орта табыстылық 14 пайыз. Портфельдің β коэффициентін және табыстылығын есептеңіз.

Тақырып 4 Активтерді бағалау әдістері және модельдері.

ЕСЕП 1

50 долларға акция сатып алынды. Келесі жылғы болжанған дивиденд 2 долларды құрайды. Келесі жылдары бұл дивиденд 10 пайыз қарқынымен өсетіндігі күтілуде. Инвестор акцияны сатып алу бойынша шешім қабылдағанда, пайданың тиімді нормасы қандай болады.

ЕСЕП 2

А компаниясы 4 жыл бұрын бір акцияға шаққанда 0,80 доллар көлемінде дивиденд төледі. Соңғы толенген дивиденд 1,66 долларды қүрады. Дивидендтердің мүндай ортажылдық өсу қарқыны келесі 5 жылда қалатындығы күтілуде. Кейін өсу қарқыны 8 пайыз деңгейде түрақтандырылады. Акцияның нарықтық ағымдық қүны 30 доллар. Егер талап етілетін пайда нормасы 18 пайызды құраса, бұл акцияны сатып алу керек пе?

ЕСЕП З

А компаниясының соңғы төленген дивиденд 7 доллар, дивидендтің өсім қарқыны жылына 3 пайызды қүрайды. Компания акциясының ағымдық құны қандай болады, егер дисконттау коэффициенті 12 пайызға тең болса.

ЕСЕП 4

А компаниясы есеп беру мерзімінде дивиденд төлемеген, бірақ келесі жылы 5 доллар көлемінде дивиденд төлеуге жоспарлайды. Келесі жылдары дивидендтердің тұрақты өсімі 10 пайыз қарқынымен күтіледі. Егер дисконттау коэффициенті 13 пайызға тең болса, компанияның акциясының ағымдық құны қандай болады.

ЕСЕП 5

Номиналы 500 доллар пайыздардың жылдық 10 пайыздық мөлшерлемесімен облигация 6 жылдан кейін отеледі. Егер пайданың нарықтық нормасы 8, 10, 12 пайыз болса, ағымдық құны қандай болады.

Тақырып 5 Капиталдың құны.

Есеп 1.

Төмендегі берілген көрсеткіштер арқылы капиталдың орташа өлшенген құнын, шектi құнын есептеу керек.

Қаржыландыру

көздері

Есептік сомасы, мың тг

Үлесі,пайыз

қысқа мерзімді қарыз

6000

35,3

ұзақ мерзімді қарыз

2000

11,8

Жай акциялар

7000

41,2

Артықшылықты акция

1500

8,8

бөлінбеген пайда

500

2,9

Тақырып 6 Инвестициялық жобаларды талдау әдiстерi. Жоба тәуекелiн талдау

Есеп 1

$160000 мөлшеріндегі инвестицияны талап ететін жоба 15 жыл ішінде $30000 мөлшеріндегі жылдық табыс алуды қарастырады. Дисконттау коэффициенті — 15%. Инвестицияның тиімділігін бағалаңыз.

Есеп 2

15 жылға есептелінген жоба $150000 мөлшеріндегі инвестицияны талап етеді. Алгашкы 5 жылда түсім күтілмейді, келесі 10 жылда жылдық табыс $50000 болады. Жобаны қабылдау керек пе, егер дисконттау коэффициенті 15%-ға тең болса?

Есеп 3

Жобаларға талдау жүргізіледі ($):

Жобалар

ІС

С1

С2

А

-4000

2500

3000

Б

-2000

1200

1500

Жобаны ІRR, РР,NPV шарттары бойынша талдаңыз. г = 10%.

Есеп 4

Екі баламалы жоба қарастырылады:

Жобалар

ІС

С1

С2

С3

С4

С5

А

-50000

15625

15625

15625

15625

15625

Б

-80000

140000

1) Фишер нүктесін табыңыз;

2) г = 5% және г = 10% жағдайларында талдау жасаңыз.

Есеп 5

Төменде көрсетілген жобалар үшін NPV мен ІRR есептеңіз. Дисконттау

коэффициенті 20% тең.

Жобалар

ІС

С1

С2

С3

С4

С5

А

-370

1000

Б

-240

60

60

60

60

В

-263,5

100

100

100

100

100

Есеп 6

Екі баламалы жобаны талдаңыз. Капитал құны 10%.

Жобалар

ІС

С1

С2

С3

А

-100

120

-

174

Б

-100

-

-

-

Есеп 7

Жобаның ІRR есептеңіз.

Жобалар

ІС

С1

С2

С3

С4

С5

А

-200

20

40

60

60

80

Есеп8

Төрт жобаға талдау жасалынады; А мен В, Б мен Г өзара жойылатын жобалар. Жобалардың мүмкін комбинацияларын құрыңыз және қолайлысын таңдаңыз.

Жобалар

ІС

NPV

ІRR

А

-600

65

25%

Б

-800

29

14%

В

400

68

20%

Г

-280

30

9%

Есеп 9

Екі жобаны NPV, ІRR. және РР шарттары бойынша салыстырыңыз. Капитал құны 13%.

Жобалар

ІС

С1

С2

С3

С4

А

-20000

7000

7000

7000

7000

Б

-25000

2500

5000

10000

20000

Есеп 10

Жоба бойынша қажет етілетін инвестиция мөлшері $18000; қарастырылатын табыстар: бірінші жылы - $1500, келесі 8 жылда - жыл сайын $3600. Капитал құны 10%. Жобаны қабылдаудың тиімділігін бағалаңыз.

Тақырып 7 Инвестициялық жобаның ақша ағындарын болжамдау. Күрделi қаржы бюджетiн оңтайландыру

Тапсырма №1

Инвестиция сыныптамасын атап өтіңіз, жіктелуінің сызбасын сызыңыз.

Тапсырма №2

Инвестициялық мүмкіншіліктердің графигі. МСС және IOS графиктерін салыңыз.

Есеп 1

Екі жоба туралы корсеткіштер келтірілген (млн.теңге):

Жобалар

ІС

С1

С2

С3

С4

А

-10

5

3

2

4

Б

-10

2

3

5

4

Қай шарт бойынша жобалар арасында айырмашылық жоқ?

Арнайы есептеулер жасамай, сұрақтарға жауап беріңіз:

а) жобалардың ІRR бірдей ме әлде жоқ па;

б) ІRR әр түрлі болса, қай жобаның ІRR ең үлкен мәнге тең және неге? Жауаптарды дәлелдеңіз.

Тақырып 8 Ұзақ мерзiмдi қаржылық жоспарлау.

Есеп 1.

Табыс пен шығынның бюджетін құрыңыз.

Аты/кезеңдері жыл (мың теңге)

1.Қарапайым қызметтің түрі бойынша табыс пен шығын

1)Өнімді сатудан түскен пайда

2)Өткізілген тауардың өзіндік құны

3)Жалпы пайда

4)Коммерциялық шығындар

5)Басқару шығындары

6)Сатудан түскен табыс пен шығын

2.Операциялық табыстар мен шағындар

7)Алынатын пайыздар

8)Төленетін пайыздар

9)Басқа ұйымдардың қатысуынан түскен пайда

10)Басқа да операциялық пайдалар

11)Басқа да операциялық шығындар

ЕСЕП 2

Бір кәсіпорын мысалында бизнес жоспар құрыңыз.

Тақырып 9 Компанияның құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент.

Корпорацияны бағалау моделі. Операциялық құнын бағалау. Акцияларды бағалау.

ЕСЕП 1

Жаңа бизнесті ұйымдастыру үшін 200000 доллар қажет. Екі вариант бар:

1. 10 пайыздық мөлшерлемесімен 100000 доллар сомасына шығарылған

қамтамасыз етілмеген ұзақ мерзімді міндеттемелер + 10000 доллар сомасындағы номиналы 1 доллар жай акциялар

2. 10 пайыздық мөлшерлемесімен 20000 доллар сомасына шығарылған қамтамасыз етілмеген ұзақ мерзімді міндеттемелер + 180000 доллар сомасындағы номиналы 1 доллар жай акциялар

Пайыздарды, салықтарды, дивидендтерді төлеуге дейінгі пайда келесі көлемде(доллар, мың ) жыл бойынша болжанады:

1997 ж.- 40, 1998 -60, 1999 -80. Табыс салығының мөлшерлемесі 33 пайызды қүрайды. Акционерлер болжайтын акциядан түскен табысты анықтаңдар.

ЕСЕП 2

Келесі мәліметтер бойынша қаржы көздерінің қатысты коэффициенттерін есептеңдер:

Көрсеткіштер А компаниясы Б компаниясы

Жай акциялар 300000 100000

Номиналы 1 доллар

Ұзақ мерзімді қарыздық 100000/400000 300000/400000

Міндеттемелер 1О пайыз

ЕСЕП 3

Капитал көлемі бірдей, бірақ әр түрлі қаржы кездері бар компаниялар туралы ақпараттар берілген:

Көрсеткіштер А компаниясы Б компаниясы

Жай акциялар 500000 200000

Номиналы 1 доллар

Ұзақ мерзімді қарыздық 200000/700000 500000/700000

міндеттемелер, 10 пайыз

Пайыздарды, салықтарды, дивидендтерді төлеуге дейінгі пайда келесі көлемде(доллар, мың ) жыл бойынша болжанады:

1-жыл: 100, 2- жыл: 60, 3- жыл: 30

Табу керек: 1. Пайыздарды төлегеннен кейінгі пайданы. 2. Егер қарыз міндеттемелері бойынша пайыз 15- ке тең болса, пайыздарды төлегеннен кейінгі пайданы.

ЕСЕП 4

А Компаниясының акцияларының нарықтық бағасы 2,50 доллар. Жалпы жылдық күтілетін дивиденд 8 пайыз. Компанияның меншікті капиталының бағасын анықтау керек.

ЕСЕП 5

Б Компаниясы 10 пайыздық ұзақ мерзімді міндеттемелерді эмитерледі. Егер пайдаға салынған салық 33 пайыз болса, бұл қаржы кезінің бағасы неге тең.

Тақырып 10- Мультипликаторларды пайдалану арқылы компанияның құнын басқару.

Есеп 1.

Кондитерлік фабриканың құнын мультипликатор Р/Е = 4,63 болғанда капитал нарығы әдісін пайдаланып Есептеу керек. Таза табыстың базалық мәні 2 495 млн.теңге. Кондитерлік фабрика-акционерлік қоғам. Компанияның ұзақ мерзімді міндеттемелері 1 500 млн.теңге. Компанияның операциялық емес активтері – 850 млн. усл.теңге.

Есеп 2.

Актив 425 000 мың. теңге. Бұл активті стау үшін 7 ай қажет. Сату шығындары ( комиссиялық шығындармен қоса алғанда) 28%. Тиімді пайыздық мөлшерлеме – 35% құрағанда активтің ликвидациялық құнын есептеңіз.

Есеп 3

Меншікті капиталдың ақшалай ағындарын дисконттау әдісін қолданып фирманың құнын есептеңіз. Болжамды мерзімде инфляция жылына 10%. Тәуекелсіз мөлшерлеме – 25%, коэффициент =1,2, тәуекелге нарықтық сыйақы – 13%, компанияның тәуекелі – 5%.

Есепті кезеңдегі мәліметтер:

  • Өнімді өткізуден түскен табыс – 20 000 млн. теңнге;

  • Тұрақты шығындар – 4 000 млн. теңге, оның ішінде тозу – 1 000 млн. теңге; несие бойынша пайыздар – 850 млн. теңге.

  • Ауыспалы шығындар – 10 200 млн. теңге;

  • Табыс салығы – 20%;

  • Айналым капиталы – 1 200 млн. теңге;

  • Қажетті айналым капиталы – өнімді өткізуден түскен табыстың 20%.

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4-жыл

5-жыл

1. Өткізуден түскен табыстың өсу қарқыны (%)

109

109

107

107

105

2. Жоспарлы күрделі салымдар, млн. теңге

4 000

4 000

3 000

3 000

1 000

3. Амортизация нормасы (%)

10

10

10

10

10

4. Негізгі қорлардың шығуы

3 000

3 000

2 500

2 500

1 000

5. Қарыздық міндеттемлердің қалдығы

4 000

4 500

5 000

4 500

3 500

Есеп 4.

Қаладағы ойын сауық паркінде өз шоттары бойынша төлемдер қиындықтар әкелуде. Бірнеше жылдар қатарынан парк табысты болса да, болашаққа болжамдар нашар, өйткені парк екі жыл бойына залал алған. Компания өздігінен жойылуды хабарлады.

Компанияның балансы есепті жылы:

Актив

Мың теңге

Пассив

Мың теңге

Ғимараттар

5 000 000

Меншікті капитал

5 910 000

Құрал жабдықтар

6 300 000

Ұзақ мерзімді қарыздар

1 450 000

Дебиторлық берешешек

320 000

Қысқа мерзімді несиелер

2 200 000

Материалдық емес активтер

280 000

Кредиторлық берешек

2 350 000

Ақшалай қаражаттар

10 000

Барлығы:

11 910 000

Барлығы:

11 910 000

Келесі мәліметтер негізінде компанияның жойылу құнын анықтаңыз.

Компанияны жойылуын бағалау бойынша агент Есеп берген:

  • Жылжымайтын мүлік объектілеріне сұраныстың жоғары болуына байланысты компанияның ғимарттары баланстық құнынан 10% жоғары сатылуы мүмкін. Заңнама бойынша қызметтің комиссиялық шығындары ғимартаттың баланстық құнының 8% құрайды. Активтер екі жылда сатылуы мүмкін, сауда нәтижелерінің белгісіздігінен тәуекелдің жоғары деңгейінде дисконттау мөлшерлемесі 20%;

  • Құрал жабдықтардың құны сату кезінде 20% төмендейді, құрал жабдықтың баланстық құнынан комиссия мен өзге алымдар 10% құрайды, сату мерзімі 1 жыл, тәуекел 18%;

  • Материалдық емес активтер компьютерлік бағдарламалар, лицензиялар мен патенттер. Бірақ компания оларды сата алмайды, өйткені үшінші тұлғаға беру құқығы жоқ;

  • Дебиторларды бөле келе бағалаушы барлық дебиторлық берешектің 8% көлемінде күмәнді екенін анықтаған. Тәуекел 8%. Дебитордан соманы қайтару комиссиясы қайтарылған соманың 3% құрайды;

  • Қысқа мерзімді қарыздар 2200000 теңге 4 ай бұрын қайтарылуы тиіс еді, бірақ компания өз қарыздары бойынша төлемдер жасай алмағандықтан банк төлемдер мерзімін ұзартқан. Қарыздың сомасынан 16% айыппұл есептелген,

  • Бағалаушының сыйақысы алынған табыс сомасынан 2% құрайды.

Тақырып 11 Операциялық тұтқаның нәтижесі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару.

Тапсырма № 1

Кестеде берілген мәліметтерді пайдаланыңыз. Операциялық тұтқаның әсер ету күшін анықтаңыз.

Көрсеткіштер

Мың теңге

Тауарларды өткізуден түскен табыс

104447605

1250000

Өткізілген тауарлардың өзіндік құны

94685641

1150000

Ауыспалы шығындар

86000000

900000

Тапсырма №2

«Шаруашылық етуші субъект шығындарының сыныптамасы» тақырыбында эссе жазыңыз.

Тапсырма №3

Өнімді өткізуден түскен табыс 25,5млн.теңге, ауыспалы шығындар 22,5 млн.теңге, тұрақты шығындар 2млн.теңге. Залалсыздық нүктесін аналитикалық, графиктік, маржиналдық табыс әдістерін қолданып анықтаңыз.

Тапсырма№4

Өнімді өткізуден түскен табыс 22,5млн.теңге, ауыспалы шығындар 16,2 млн.теңге, тұрақты шығындар 3,4млн.теңге. Фирманың рентабельділік шегін, қаржылық беріктік қорын есептеңіз.

Тақырып 12. Қаржылық тұтқасының нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты

Тапсырма № 1

Кәсіпорын активы 1200млн.теңге, пассивте қарыз капиталы 700млн.теңге, несиелік берешек 300млн.теңге, салық пен пайыз төлеуге дейінгі табыс 400млн.теңге. Қарыз қаражатын тарту бойынша шығындар 60млн.теңге. Қаржы тұтқасының әсер ету күшінің нәтижесін анықтау керек.

Тапсырма № 2

Кәсіпорын активы 2000млн.теңге, пассивте қарыз капиталы 1200млн.теңге, несиелік берешек 800млн.теңге, салық пен пайыз төлеуге дейінгі табыс 600млн.теңге. Қарыз қаражатын тарту бойынша шығындар 90млн.теңге. Қаржы тұтқасының әсер ету күшінің нәтижесін анықтау керек.

Тапсырма №3

Өнімді өткізуден түскен табыс 95млн.теңге, ауыспалы шығындар 87 млн.теңге, тұрақты шығындар 5млн.теңге. Қаржы тұтқасының әсер ету күшінің мәні 1,5 бірлік құрағандағы фирманың жиынтық тәуекелiн есептеңіз.

Тапсырма №4

Фирманың жиынтық тәуекелiн есептеу бойынша өзіңіз мысал келтіріңіз.

Тақырып 13. Капитал құрылымының теориясы: Модильяни – Миллер модельдерi; ымыралы модельдер

ЕСЕП1.

Капиталдың орташа өлшенген бағасын (WАСС) есептеңдер. Келесі қаржы көздерінің кұрылымы берілген:

Қаржы көздері:

Қаржы көздерінің жалпы сома үлесі

Баға

Акционерлік капитал

80 %

12,0%

Ұзақ мерзімді карыздық міндеттемелер

20 %

6,5%

ЕСЕП 2.

Қарыз қаражаты жоқ Б компаниясының капитал бағасы 11 пайыз. Егер фирма 9 пайыздык ұзақ мерзімді міндеттемелерді шығарса, қаржы көздерінің құрылымының тәуекелділігі өсуі есебінен меншікті капитал бағасы өзгереді.

1. Модильяни- Миллер теориясына сәйкес компанияның меншікті капитал бағасын есептеңдер

2. Әр жағдай үшін (WАСС) есептеңдер

3. Егер табыс салығы 17,5 пайыз болса, есептеулер кұрыңдар.

Келесі қаржы көздерінің құрылымы бойынша үлестері берілген

Меншікті капитал

80%

60%

20%

Қарыз капиталы

20%

40%

80%

ЕСЕП 3.

Өнім өндірумен байланысты келесі мәліметтер берілген: тұрақты шығындар -60 млн. теңге, 1 өнім бірлігі үшін ауыспалы шығындар – 5500 теңге, өнім бірлігінің бағасы -6500теңге.

Талап етіледі: өткізу көлемінің шекті көлемін аныктау, 55 млрд.теңге көлемінде өнімді өткізуден түскен табыс әкелетін сату көлемін табу керек.

Тақырып 14 Дивидендтік саясатты

ЕСЕП 1

Мерзімсіз облигацияның ағымдық құнын есептеңіз: егер төленетін жылдық табыс 100 млн.теңге, ал нарықтық табыстылығы 12 пайыз.

ЕСЕП 2.

Сіз мемлекеттік купонсыз облигацияны сатып аласыз: номиналы 10000 теңге, 25 жылдан кейін жабылуы тиіс. Егер банктік пайыздық мөлшерлеме 15- ке тең болса, оның ағымдық бағасы қандай болады.

Есеп 3.

Нольдік купонымен жалпы құны 100 млн.теңге. өтеу мерзімі 12 жыл облигацияның ағымдағы құнын анықтаңыз, егер пайданың тиімді нормасы 14 пайыз болса.

ЕСЕП 4.

Облигацияның жалпы құны 100 млн. теңге. өтеу мерзімі 10 жыл, купондық мөлшерлеме 12 пайыз. Тәуекелі бар облигация қарастырылады, тәуекел үшін үстеме 2 пайыз. Егер нарықтық табыстылығы 9 пайыз болса, облигацияның ағымдық құнын есептеңіз.

ЕСЕП 5.

Номиналы 100 млн. теңге., дивиденд көлемі 9 пайыз, егер пайданың нарықтық нормасы 12 пайыз болса, артықшылықты акцияның ағымдық құнын есептеңіз.

ЕСЕП 6.

Акция бойынша соңғы төленетін дивиденд 1000 теңге тең. Келесі 3 жыл бойы 14 пайыз қарқынымен өсетіндігі күтілуде. Кейін өсім қарқыны 5 пайыз көлемінде тұрақтандырылады. Егер пайданың нарықтық нормасы 15 пайыз болса акция құны қандай болады.

Тақырып 15. Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару.

Тапсырма 1. Айналым қаржаттарын қаржыландырудың сыртқы деректемелерiне қажеттiлiкті анықтау бойынша мысал келтіру.

Тапсырма 2. Айналым каражаттарының көлемi мен қаржыландыру саласындағы стратегиялар туралы эссе жазу.

Тапсрыма 3. Қаржыландырудың нысандарының артықшылықтары мен кемшiлiктерiн түсіндіру.

Тапсырма 4. Банктiк кредиттiң бағасын анықтауға мысал келтіру.

Тақырып 16. Ақша қаражаттарын басқару.

Есеп 1.

«Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының көрсеткіштерінің динамикасы №1,м№2 кестелерде көрсетілген. Келесі көрсеткіштерді анықтаңыз: ТМҚ айналым ұзақтығы, тәулік; Дебиторлық қарыздың айналым ұзақтығы, тәулік; Несиелік қарыздың айналым ұзақтығы, тәулік; Операциялық цикл ұзақтығы, тәулік; Қаржылық цикл ұзақтығы, тәулік.

Кесте 1- «Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалының таза табысы мен ақша қаражатының динамикасы, мың теңге

жылдар

Өнімді өткізуден түскен табыс

Өзіндік құн

Есепті шоттағы ақшалай

қаражат сомасы

2007

190772

169227

5147

2008

200909

176876

73648

2009

210829

198628

10893

Кесте 2 – Айналым капиталының құрамы, мың теңге

Көрсеткіштер

2007ж.

2008ж.

2009ж.

1 .Тауарлы-материалдық қорлар

12842

52716

9966

2.Дебиторлық қарыздар

20892

15843

19082

З.Несиелік қарыздар

166363

144596

196406

Есеп 2

А компаниясы нарыққа жаңа тауармен шықты. Өзіндік құны - $4, өткізу құны -$5.Компания шикізатты жабдықтайтын күнінде төлейді, ал өз клиенттерінен ақшаны бір күнде алады. Компанияның өніміне сұраныс үлкен және шектеулерсіз өткізілуі мүмкін. Компания Қаржың бір күндік көлемді екі еселеуді қарастырады. Ақша ағымын алдыңғы аптаға болжаңыз.

Тақырып 17 Босалқы қорларды басқару

Есеп 1

Қорлардың тауар айналымдылығын талдаңыз. Егер тауар айналымының жоспары бірінші тоқсанда 4,8%-ға, яғни 9 млн.тг. асыра орындалды.

Кесте 1- Қорлар динамикасы, мың теңге

Мерзімі

ТМҚ

Тауар

1 қаңтар

60

61

1 ақпан

62

62,5

1 наурыз

63

64,4

1 сәуір

65

67

Есеп 2

Дүкеннің бакалея бөлімшесінің түсімі маусымда 52 млн.тг. құрады, гастрономдық бөлімше - 41 млн.тг., айналым уақыты сәйкесінше - 35 және 32 күн. Мыналарды анықтаңыз: а) бүкіл дүкен бойынша айналым жылдамдығы мен уақытын; б) егер тауар айналымы бір ай ішінде 10%-ға өссе, ал орта қорлар 5%-ға төмендесе, онда дүкен бойынша тауар айналымының жылдамдығы қалай өзгереді?

Есеп 3

Тапсырыстың оптималды мөлшері (ЕОQ) мен жыл ішінде талап етілетін тапсырыстар санын анықтаңыз. Тапсырыстың бір партиясының орындалу қүны $20 тең, шикізат бойынша жылдық қыжеттілік - 2000 бірл., сақтау бойынша шығындар - сатып алу құнының 10%-н құрайды.

Есеп 4

Компания туралы мәліметтір: ЕОQ=3000 бірл., шикізат бойынша апта сайынғы орташа, минималды және максималдықажеттілік сәйкесінше 60, 35 және 120 бірл. Қүрайды; тапсырыстың орындалу үзақтығы - 14-20 тэулік. Жүмыс күні бойынша мыналарды есептеңіз: а) тапсырысты орындау үшін қажеттіқор деңгейі; б) қордың максималды деңгейі; в) қордың минималды деңгейі.

Есеп 5

Қорға деген қажеттіліктерді тудыратын негізгі себептерді қарастырыңыз. Кәсіпорын жұмысы үшін неге қорларды тиімді басқару өте қажет екенін түсіндіріңіз. Компанияның қорын басқару мәселелерін қозғайтын қандай басқа баскару аспектілері бар?

Есеп 6

Компаниянң жылдық шикізат қажеттілігі - 2000 бірл. Шикізаттың бір бірлігін сақтау бойынша шығын - $5, тапсырысты орындау бойынша шығындар - $60. Мыналарды есептеңіз: а) тапсырыстың оптималды мөлшері; б) егер жабдықтаушы жылына 4 рет шикізатпен қамтамйсыз етпесе, онда компания бұл шектеуді жою үшін қандай соманы төлеуі керек?

Есеп 7

А компаниясы бір бірлігі $4 түратын шикізатты 200 бірл. Мөлшеріндегі партиямен тапсырыс жасайды. 250 жүмыс күн ішінде шикізатқа үдайы қажеттілік күніне 10 бірл. Тең болады.Бір тапсырысты орындау құны $25, ал сақтау бойынша шығындар шикізат қүнының 12,5%-н қүрайды.

Тапсырыстың оптималды мөлшері (ЕОQ) мен шикізат тапсырсы бойынша ағымдағы саясаттан (ЕОQ) негізділген саясатқа өтуден пайда болатын әсерді есептеңіз.

Тапсырыс үлкен партиялармен жасалынғаннан шикізат бағасы түскендегі ЕОQ табыңыз. Тапсырыс көлемі: 0-599 болса, жеңілдік - 0%; 600-999, жеңілдік - 10%; 1000 жоғары, жеңілдік- 15%.

Есеп 8

Несиеге сату кезінде ескеруге қажетті негізгі мәселелерді атап өтіңіз.

Кредиторлық борышты басқару кезінде ескеруге қажетті негізгі мәселелерді атап өтіңіз және түсіндіріңіз.

Тақырып 18. Дебиторлық берешектерді басқару.

Есеп 1

А компаниясы өзіндік құны $30, ал бөлшек бағасы $65 тең өнім өндіреді. Алынған шикізат үшін төлем жабдықталған күні ақшалай төленді. Аптасына өнімнің 1000 бірл. өндіріледі. Компанияның шотында $4000 бар. Б компаниясы бүл өнімді сегіз апта ішінде әр аптада 1000 бірліктен алуды қарастыруда. Ол бір бірлікке $100 төлеуге дайын, бірақ төлем тауардың соңғы партиясын алғанда жүзеге асырылуы мүмкін. Қандай жағдайларда бұл ұсынысты қабылдауға болады?

Есеп 2

Н мырза 2010ж 1 қаңтарда кэсіпорын ашуға шешім қабылдады. Оған $3000 инвестициялайды. Ол $4000 жүк машина алып, дүкендерді көкөніспен жабдықтауды жоспарлайды. Жүк машина үшін гараж тоқсанда $500 аванспен төлеу шартында жалға алынды. Жүк машина мен гаражды жабдықтау үшін қосымша $2500 шығындалуы қажет. Көкөністі өткізуден түскен түсім жақын жарты жылдықта $30000 құрап, осы периодта тең бөлінеді деп болжануда. Н көкөністі сатып алу бағасының үстіне 66,7% мөлшерінде саудалық үстеме қоюды жоспарлайды. Көкөністер күнделікті және қолм-қол ақшаға сатып алынады және өткізіледі. Қызметті бастау үшін $500 мөлшерінде айналым қаражаттар қажет. Ағымдағы айлық шығындар: ассистенттің еңбек ақысы -$200; жүк машинаның эксплуатациясы бойынша шығындар - $200; басқа да шығындар » $100; өз қажеттіліктеріне кеткен шығындар - $500. Бір жолғы жол салығы $100 тең. 30 маусым мерзіміне дейінгі ақша қаражаттың ағымын әр айға болжам жасаңыз және қажет етілетін қосымша борыш қаражаттың көлемін санаңыз.

білім алушының өздік жұмысының тапсырмалары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]