- •Мазмұны
- •Км 4306 қаржы менеджменті
- •3 Кредит
- •Түсініктеме жазбахат
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Іі бөлім. Жобаның құның басқару
- •Ііі бөлім. Компанияның құнын басқару.
- •V бөлім. Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер.
- •Пәннің мазмұны
- •V бөлім. Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер.
- •Практикалық сабақтардың тақырыптары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •1 Жалпы құзыреттіліктер:
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •2.Глоссарий
- •2. Бөлiм. Жобаның құнын басқару.
- •Тақырып 6. Инвестициялық жобаларды талдау әдiстерi. Жоба тәуекелiн талдау.
- •Тақырып -9. Компанияның құны және құндылыққа-бағдарланған менеджмент.
- •1.Корпорацияны бағалау моделі.
- •1977 Жылғы Росс үлгісі
- •1984Ж. Майерс-Майлуфтың сигналды үлгісі.
- •2.Операцияның құнын бағалау.
- •3. Акцияларды бағалау. Дивидентдердің өсуі және корпорациялық бағалау моделдерін салыстыру.
- •4.Құндылыққа-бағдарланған менеджмент. Құндылыққа –бағдарланған менеджменттің тәжірибесі.
- •5.Арнайы секторлық мультипликаторлар.
- •4.Бөлiм. Капитал құрылымы және дивидендтiк саясат. Тақырып 11. Операциялық тұтқаның нәтижесі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару.
- •1 .Фирма шығындарының жіктелуі
- •2.3Алалсыздықты талдау.
- •3. Операциялық тұтқа және оның ықпал ету күші
- •Тақырып 12. Қаржылық тұтқасының нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты.
- •Тақырып 13. Капитал құрылымының теориясы: Модильяни-Миллер модлельдері, ымыралы модельдер
- •Тақырып 14. Дивидендтік саясатты басқару
- •Тақырып 15. Айналым активтері мен қысқа мерзімді
- •Тақырып 16. Ақша қаражаттарын басқару
- •Тақырып 17. Босалқы қорларды басқару.
- •Тақырып 18. Дебиторлық борышты басқару
- •4. Негізгі және қосымша әдебиетТер тізімі
- •7.Семинар сабағын өткізу жоспары
- •Сөж мазмұны және өткізу графигі:
- •79 Қаржылық жоспар
- •Бағалау баламасы
Тақырып 17. Босалқы қорларды басқару.
Мақсаты: Босалқы қорларды басқару ерекшеліктерін меңгеру.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Босалқы қорларды басқару мақсаттары, оларды басқару саясаты, босалқы қорлар тапсырысының оңтайлы партиясының үлгісі.
Дәріс жоспары:
1. Босалқы қорларды басқару мақсаттары
2. Босалқы қорларды басқару саясатын қалыптастыру сатылары
Қаржык босалқы қорларға құны аз және тез тозатын заттарды, аяқталмаған өндіріс пен дайын өнімдерді, сондай-ақ, қайта сатылатын тауарларды қоса алғанда, шикізат пен материалдар кіреді.
Босалқы қорларды басқару қаржылық менеджмент міндеттері Қаржык менеджмент және маркетинг міндеттерімен тығыз байланысатын шаралар жиынтығы. Бұл міндеттердің барлығы да бір мақсатқа бірігеді, ол -босалқы қорларға қызмет көрсету бойынша ағымдағы шығындарды азайтқан кезде өнімдерді өндіру және өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ету.
Босалқы қорларды тиімді басқару Қаржык және барлық операциялық цикл ұзақтығын қысқартуға, оларды сақтаудың ағымдағы шығындарын азайтуға, қаржылық қаражаттардың бір бөлігін басқа активтерге инвестицияға аудара отырып, ағымдағы шаруашылық айналымнан шығаруға мүмкіндік береді. Мүндай тиімділікке босалқы қорларды басқарудың арнайы қаржылық саясатын жасау және жүзеге асыру арқылы қол жеткізіледі.
Босалқы қорларды басқару саясаты - тауарлық-материалдық қүндылықтар қорының жалпы мөлшері мен құрылымын оптимизациялауды, оларға қызмет көрсету және олардың қозғалысын эффективті бақылауды қамтамасыз ету шығындарын азайтуды білдіретін жалпы шаруашылық саясаттың бір бөлігі.
Босалқы қорлардың деңгейінің оптималды басқару саясатын жасағанда мыналар ескеріледі:
• қор деңгейі, онымен тапсырыс жасалынады;
• қордың минималды деңгейі (сақтандырушы қор);
• қордың максималды деңгейі;
• тапсырыстың оптималды партиясы ЕОQ (есоnоmіс оrder quаlіtу). Қорларды оптималды басқару үшін мыналар қажет:
• жоспарланған мерзімге қажет шикізатты бағалау;
• ЕОQ мен шикізат тапсырысының мерзімін нақтылы нақтылау;
• шикізат тапсырысы бойынша және сақтау бойынша шығындарды уақытылы және сәйкестендіру;
• қорларды сақтау жағдайларын тұрақты бақылау;
• жақсы есеп жүйесі.
Қорларды талдау үшін айналым көрсеткіштері мен детерминирленген факторлы модельдер қолданылады.
Аяқталмаған Қаржы оптималды басқару дегеніміз келесі факторлардың есебі болып табылады:
• аяқталмаған Қаржың мөлшері Қаржың спецификасына және көлеміне тәуелді;
• тұрақты қайталынатын Қаржык процесс жағдайында аяқталмаған Қаржы бағалау үшін айналымның стандартты көрсеткіштерін қолдануға болады;
• аяқталмаған Қаржың өзіндік құны үш компоненттерден түрады: (а) шикізат пен материалдың тікелей шығындары; (б) тірі еңбек шығындары; (в) үстеме шығындардың бөлігі.
Дайын өнімді оптималды басқару дегеніміз келесі факторлардың есебі:
• дайын өнім Қаржык циклдың аяқталуына байланысты өседі;
• ажиотажды сұраныстың мүмкіндігі;
• мегілдік құбылмалар;
• тұрып қалған және өтпейтін тауарлар.
Құрал-жабдыққа қаражат салу әр уақытта тәуекелдің екі түрімен байланысты: а) бағаның өзгеруі; б) моральды және физикалық тозуы.
«Дәл мерзімде» (just-in-time) жабдықтау жүйесі тиімді болуы мүмкін, егер:
• ақпаратпен қамтамасыз етудің жүйесі жақсы;
• жабдықтаудың сапасы мен бақылау жүйесі жақсы;
• қорлармен басқару жүйесі жетілдірілген.
Сатып алушылармен тиімді өзара қатынас жүйесі:
• несие ұсынуға клиенттерді сапалы таңдау;
• қолайлы несиелік жағдайларды анықтау;
• наразылық қоюдың нақты процедурасы;
• клиенттердің келісім-шарттарды орындауын бақылау.
Тиімді әкімшілік жүйесі:
• өнім түрлері, қарыз көлемі, өтеу мерзімі және т.б. бойынша тұрақты дебиторлық мониторинг;
• жұмыстың аяқталуы, өнімнің жөнелтуі, төлем құжаттарын көрсету кездердің арасындағы интервалдарды минимизациялау;
• берілген адрес бойынша төлем құжаттарының бағыты;
• клиенттердің төлем шарттары туралы сұраныстарын қарастыру;
• шоттарды төлеу мен төлемдер алудың нақты процедурасы. Кредиторлық борыштарын басқарудың алтын ережесі борышты зиянсыз өтеу мерзімін мүмкіндігінше максималды ұзартумен тұжырымдалады.
Босалқы қорларды басқару саясатын дайындау сатылары төмендегі бағыттарды қамтиды:
• Өткен кезеңдегі запастар мен тауарлық-материалдық қүндылықтарды (ТМҚ) талдау. Бұл талдаудың негізгі міндеті - өнім өндіру және өткізудің өткен кезеңде тауарлық-материалдық құндылықтар қорымен қамтамасыз етілу деңгейін көрсету және оларды пайдалану эффектілігін бағалау.
• Босалқы қорларды қалыптастыру мақсаттарын анықтау. Мұндай мақсаттар әртүрлі болуы мүмкін, олардың негізгілері:
а) ағымдағы Қаржык қызметпен қамтамасыз ету;
б) ағымдағы сауда қызметімен қамтамасыз ету;
в) алдағы кезеңде шаруашылық процесті қамтамасыз ететін маусымдық қор жинақтау.
• Ағымдағы босалқы қорлардың негізгі топтарының мөлшерін оптимизациялау. Ондай оптимизациялау ТМҚ қорларының жиынтығын алдын-ала екі түрге (Қаржык және дайын өнім қоры) бөлумен байланысты. Бұл түрлердің әрқайсысында ағымдағы уақытта сақталатын запастар көрсетіледі.
• Айналымдық активтерді қамтитын ТМҚ жалпы сомасын оптимизациялау.
• Кәсіпорында босалқы қорлардың қозғалысын бақылаудың тиімді жүйесін қүру. Қаржылық контроллингтің құрамдас бөлігі болып табылатын ондай бақылау жүйесінің негізгі міндеті запастарды толтыру тапсырысын уақытында таратып, шаруашылық айналымға артық қалыптасқан түрлерін тарту.
• Қаржылық есепте инфляция жағдайындағы ТМҚ запастырының құнын көрсету. Инфляциялық экономика жағдайында ТМҚ-ның запастары дайындалған бағасының қалыпты деңгейінің өзгеруіне байланысты ол активтерді өндірісте тұтынған немесе өткізген кезде оларды түзету қажет болады. Егер баға олай түзетілмесе, ол активтердің нақты құны төмендейді, сәйкесінше қаржылық менеджмент процесінде активтердің ол түрінің жағдайы мен қозғалысын бағлаудың неқты мөлшері де төмендейді.
Тұжырымдар
Босалқы қорларды басқару қаржылық менеджмент міндеттері Қаржык менеджмент және маркетинг міндеттерімен тығыз байланысатын шаралар жиынтығы. Бұл міндеттердің барлығы да бір мақсатқа бірігеді, ол -босалқы қорларға қызмет көрсету бойынша ағымдағы шығындарды азайтқан кезде өнімдерді өндіру және өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ету.
Босалқы қорларды тиімді басқару Қаржык және барлық операциялық цикл ұзақтығын қысқартуға, оларды сақтаудың ағымдағы шығындарын азайтуға, қаржылық қаражаттардың бір бөлігін басқа активтерге инвестицияға аудара отырып, ағымдағы шаруашылық айналымнан шығаруға мүмкіндік береді.
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Босалқы қорларды басқарудың негізгі мақсаттарын атаңыздар.
2. Босалқы қорларды басқару процесінде қандай негізгі шешімдер қабылданады?
3. Босалқы қорлармен байланысты шығындар қалай жіктеледі?
4. Босалқы қорларды есептеу және бағалау қалай жүзеге асырылады?
5. Кез келгенд компания үшін ЕОQ моделі мен қор деңгейін білу қажет. Қор деңгейімен Қаржык қордың барлық компоненттері үшін тапсырыс жасалынады. Тек осы жағдайда ғана қорға салынған ақша қаражаттар сомасын оңтайлы етуге (оптимизациялауға) болады. Осы тұжырымды талқылаңыз.
6. Айналым капиталы мөлшеріне қарағанда негізгі қаражатқа салынған соманы бақылау мен оптимизациялау жеңілірек, дегенмен айналым капиталдың мөлшеріне аз көңіл бөлінеді. Айналым қаражатты басқарудың тиімді тәсілдерін қарастырыңыз.
7. Тауарларды сатып алу - бұл компанияның таза айналым капиталының дефициті, сондықтан айналым қаражатының негізгі бөлігі шикізат, өнім және дебиторлар қорына иммобилизирленген жағдайы. Бұған себеп басқару персоналының тиімсіз жүмысы мен кейбір сыртқы факторлар болуы мүмкін. Осы жағдайды талқылаңыз.
