- •Мазмұны
- •Км 4306 қаржы менеджменті
- •3 Кредит
- •Түсініктеме жазбахат
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Іі бөлім. Жобаның құның басқару
- •Ііі бөлім. Компанияның құнын басқару.
- •V бөлім. Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер.
- •Пәннің мазмұны
- •V бөлім. Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер.
- •Практикалық сабақтардың тақырыптары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •1 Жалпы құзыреттіліктер:
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •2.Глоссарий
- •2. Бөлiм. Жобаның құнын басқару.
- •Тақырып 6. Инвестициялық жобаларды талдау әдiстерi. Жоба тәуекелiн талдау.
- •Тақырып -9. Компанияның құны және құндылыққа-бағдарланған менеджмент.
- •1.Корпорацияны бағалау моделі.
- •1977 Жылғы Росс үлгісі
- •1984Ж. Майерс-Майлуфтың сигналды үлгісі.
- •2.Операцияның құнын бағалау.
- •3. Акцияларды бағалау. Дивидентдердің өсуі және корпорациялық бағалау моделдерін салыстыру.
- •4.Құндылыққа-бағдарланған менеджмент. Құндылыққа –бағдарланған менеджменттің тәжірибесі.
- •5.Арнайы секторлық мультипликаторлар.
- •4.Бөлiм. Капитал құрылымы және дивидендтiк саясат. Тақырып 11. Операциялық тұтқаның нәтижесі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару.
- •1 .Фирма шығындарының жіктелуі
- •2.3Алалсыздықты талдау.
- •3. Операциялық тұтқа және оның ықпал ету күші
- •Тақырып 12. Қаржылық тұтқасының нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты.
- •Тақырып 13. Капитал құрылымының теориясы: Модильяни-Миллер модлельдері, ымыралы модельдер
- •Тақырып 14. Дивидендтік саясатты басқару
- •Тақырып 15. Айналым активтері мен қысқа мерзімді
- •Тақырып 16. Ақша қаражаттарын басқару
- •Тақырып 17. Босалқы қорларды басқару.
- •Тақырып 18. Дебиторлық борышты басқару
- •4. Негізгі және қосымша әдебиетТер тізімі
- •7.Семинар сабағын өткізу жоспары
- •Сөж мазмұны және өткізу графигі:
- •79 Қаржылық жоспар
- •Бағалау баламасы
Тақырып 15. Айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерді басқару.
Мақсаты: айналымдық активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару ерекшеліктерен білу.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: айналым активтерін, қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару ерекшеліктері, операциялық цикл, қаржылық цикл.
Дәріс жоспары:
1. Айналым активтерін басқару мәні.
2. Айналым активтерін басқару қағидалары
3. Айналымым активтері мен қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді басқару саясаты.
Айналым активтерін мақсатты түрде басқару алдын ала топтастыру қажеттілігін анықтайды. Қаржылық менеджмент тұрғысынан бұл топтастыру төмендегі белгілер бойынша анықталады.
қаржыны қалыптастыру көздерінің сипаты бойынша:
жалпы айналымдық активтер ( немесе айналымдық қаражаттар) -меншікті және қарыздық капитал есебінен қалыптасатын олардың жалпы көлемі.
таза айналымдық капитал (таза жұмысшы капитал) – меншікті және ұзақ мерзімді бір бөлігі, формуласы:
ТАА=AA- ҚҚМ
ТАА - кәсіпорынның жалпы айналымдық капиталының қосындысы.
ҚҚМ – қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
меншікті айналымдық активтер (меншікті айналым қаражаттары) меншікті капитал есебінен қалыптасатын бөлігі
(МАҚ): МАҚ = AA+ҰҚҚ-ҚҚМ
ҰҚҚ-кәсіпорынның айналымдық активтеріне салынған ұзақ мерзімді қаржылық капитал.
Егер кәсіпорын айналымдық қаражатты қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді қаржылық капитал қолданбаса, онда ТАА=МАК
2) айналымдық активтер түрлері бойынша:
- шикізат, материалдар мен жартылай фабрикаттар;
- таза өнім қорлары;
- дебиторлық қарыз;
- ақшалай активтер (қысқа мерзімді қаржылық салымдар да осыған жатады)
- айналымдық активтердің басқа түрлері (мысалы, болашақ кезең шығындары)
3) операциялық процеске қатысу сипаты бойынша:
- кәсіпорынның Қаржык цикліне қызмет көрсететіндер (шикізат, материал, жартылай фабрикат қорлары, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім қорлары);
- кәсіпорынның қаржылық цикліне қызмнт көрсететін айналымдық активтер ( дебиторлық қарыз)
4) айналымдық активтерге қызмет көрсету кезеңі бойынша:
- айналымдық активтердің тұрақты бөлігі кәсіпорынның операциялық қызметінің маусымдық және басқадай ауытқуларына тәуелсіз және маусымдық сақтаудың тауарлық материалдық қорларын қалыптастыру мен байланысты емес, өзгермейтін бөлігі:
-айналымдық активтердің айнымалы бөлігі өндіріс пен өнім сату көлемінің маусымдық өсуі мен байланысты бөлігі.
Кәсіпорынның айналымдық активтерін басқару оның операциялық циклін қалыптастырудың нақты ерекшеліктерімен байланысты. Операциялық цикл айналымдық активтердің ауысуы жүрілуі процесі олардың толық айналымы кезеңін білдіреді.
Операциялық цикл процесіндегі кәсіпорынның айналымдық активтерінің қозғалысы 4 сатыдан өтеді.
Ақшалай активтер Шикізат және материалдар қорлары Дайын өнім қорлары Дебиторлық қарыз Ақша қаражаттары
АК – ақша активтері, шикізат және материалдық қорлар, дайын өнім қоры, дебиторлық қарыздың орташа қалңдығының айналым мерзімі, күні.
Операциялық цикл шеңберінде айналымдық активті басқару процесін екі негізгі құраушыдан тұрады:
кәсіпорынның Қаржык циклі – кәсіпорынға шикізат, материалдармен жартылай фабрикаттар түскеннен бастап, олардан дайындалған өнімді сатып алушыларға жөнелткенге дейінгі Қаржык процеске қызмет көрсетуге қолданылатын айналымдық активтердің материалдық элементтерінің толық айналым кезеңі. Оның ұзақтығы төмендегі формуламен анықталады:
ӨЦҰ=АКШМ+АКАО+АКДО
Мұндағы АК шикізатпен материалдың жартылай фабрикаттың, аяқталмаған Қаржың дайын өнімнің орташа қорының айналым ұзақтығы, күні.
кәсіпорынның қаржылық циклі (ақша айналымының циклі) – алынғын шикізат, материалдар мен жартылай фабрикатқа кредиторлық қарызды өтеген кезден бастап, жеткізілген дайын өнім үшін дебиторлық қарызды инкассалағанға дейін айналымдық активтерге алынған инвестициялық ақша қаражаттарының толық айналым кезеңі. Оның ұзақтығы төмендегі формуламен анықталады:
ҚЦӨ=ӨЦҰ+АКДҚ-АҚҚҚ
АКДҚ,КҚ= дебиторлық және кредиторлық қарыз айналымының орташа кезеңі, күндер саны
Айналымдық активтерге салынған қаржылық ресурстарының айтарлықтай көлемі, олардың түрлері ,сондай ақ басқадай жағдайлар айналымдық активтерді басқарумен байланысты қаржылық менеджмент міндеттерінің күрделілігін анықтайды. Ол міндеттер кешені мен оларды жүзеге асыру механизмдері кәсіпорынның айналымдық активтерді басқару саясатында көрініс табады.
Айналымдық активтерді басқару саясаты дегеніміз –айналымдық активтердің қажет көлемі мен құрамын қалыптастыратын кәсіпорынның жалпы қаржылық стратегиясының бір бөлігі.
Кәсіпорынның айналымдық активтерін басқару саясатының негізгі сатылары:
1.Алдағы кезеңдегі кәсіпорынның айналымдық активтерін талдау (олардың көлемі мен құрылысының динамикасы, айналымдылығы, айналымдық активтерді қаржыландыру көздерінің тиімділігі талданады.)
2. Кәсіпорынның айналымдық активтерін қалыптастыру принциптік көзқарастарды анықтау.
Қаржылық менеджмент теориясында кәсіпорынның айналымдық активтерін қалыптаструдың 4 принциптік көзқарасы қарастырылады: идеалды, консервативті, компромисті, агрессивті модельдер.
~ Консервативтік көзқарас ағымдағы қажеттілігін ғана емес күтпеген жағдайда олардың резервтерінің жоғары көлемімен құрауды қанағаттандырады. Ондай көзқарас қаржылық және операциялық қатерді азайтуға кепілдік береді, бірақ айналымдық активтерді пайдалану тиімділігіне кері әрекет.
~ Әлсіз көзқарас айналымдық активтердің барлық түрін ағымдағы қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған. Нақты шаруашылық жағдайларына арналған қауіп-қатер деңгейі мен қаржы ресурстарын пайдалану эффектілігі деңгейі арасындағы қатынас қамтамасыз етіледі.
~ Айналымдық қаражаттар көлемін оптималдандыру. Кәсіпорнның операциялық циклінің ұзақтығын қысқартуға бағытталған резервтерді тарату шараларының жүйесі анықталады. Олар:
- Айналымдық активтердің тұрақты және айнымалы бөлігінің қатынасын оптималдандыру. Орташа '' маусымдық активтердің'' графигі салынады, айналымдық активтердің теңсіздік коэффициенті есептеледі, айналымдық активтердің тұрақты бөлігі , айналымдық активтің жоғары және орташа анықталады.
- Айналымдық активтердің қажетті өтімділігін қамтамасыз ету.
- Айналымдық активтер тиімділігін арттыру.
- Айналымдық активтер пайдалану процесінде шығынды азайту.
- Айналымдық активтердің жекелеген қаржыландыру қағидаларын қалыптастыру. Капитал құны мен құрылымын қалыптастыруды анықтайтын, активтерді қалыптастырудың, жалпы қағидаларынан айналымдық капиталдың жеке құраушы бөліктерін қаржыландырудың қағидалары анықталуға тиіс.
- Айналымдық активтерді қаржыландыру көздерінің оптималды құрылымын қалыптастыру.
Айналымдық активтерді және қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты кәсіпорындарда жасалған қаржылық нормативтер жүйесінен көрінеді. Негізгі нормативтері:
- Кәсіпорынның меншікті айналымдық активтерінің нормативі;
- Айналымдық активтердің негізгі активтерінің айналымдылығы мен операциялық цикл ұзақтығының нормативтер жүйесі;
- Айналымдық активтер өтімділігі коэффициенттерінің жүйесі;
- Айналымдық активтерді қаржыландыру көздерінің нормативтік қатынасы.
Айналымдық активтер көлемі үлкен болатын кәсіпорындарда жеке түрлерін басқару саясаты жасалады, ол кәсіпорынның айналымдық активтерін басқарудың жалпы саясатына кіреді.
Тұжырымдар
Операциялық цикл процесіндегі кәсіпорынның айналымдық активтерінің қозғалысы 4 сатыдан өтеді.
Ақшалай активтер - Шикізат және материалдар қорлары - Дайын өнім қорлары - Дебиторлық қарыз - Ақша қаражаттары
Қаржылық менеджмент теориясында кәсіпорынның айналымдық активтерін қалыптаструдың 4 принциптік көзқарасы қарастырылады: идеалды, консервативті, компромисті, агрессивті модельдер.
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Айналымдық активтерді басқару саясаты қалай топтастырылады?
Айналымдық активтерді басқару қағидаларын түсіндіріңіз.
Қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару ерекшеліктері туралы өз бетінше қысқаша баяндама жазамыз.
Компания үшін айнымалы қаражаттардың мәні неде?
Айналым қаражатын басқару байланысты қандай тәуекелдерді білесіз?
Айналым қаражаттарын басқару модельдерінің арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.
Операциондық және қаржылық циклдердің арасндағы өзара байланысты түсіндіріңіз.
Қаржылық циклдің ұзақтығы қандай факторлармен анықталады?
