- •Мазмұны
- •Км 4306 қаржы менеджменті
- •3 Кредит
- •Түсініктеме жазбахат
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Іі бөлім. Жобаның құның басқару
- •Ііі бөлім. Компанияның құнын басқару.
- •V бөлім. Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер.
- •Пәннің мазмұны
- •V бөлім. Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер.
- •Практикалық сабақтардың тақырыптары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •1 Жалпы құзыреттіліктер:
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •2.Глоссарий
- •2. Бөлiм. Жобаның құнын басқару.
- •Тақырып 6. Инвестициялық жобаларды талдау әдiстерi. Жоба тәуекелiн талдау.
- •Тақырып -9. Компанияның құны және құндылыққа-бағдарланған менеджмент.
- •1.Корпорацияны бағалау моделі.
- •1977 Жылғы Росс үлгісі
- •1984Ж. Майерс-Майлуфтың сигналды үлгісі.
- •2.Операцияның құнын бағалау.
- •3. Акцияларды бағалау. Дивидентдердің өсуі және корпорациялық бағалау моделдерін салыстыру.
- •4.Құндылыққа-бағдарланған менеджмент. Құндылыққа –бағдарланған менеджменттің тәжірибесі.
- •5.Арнайы секторлық мультипликаторлар.
- •4.Бөлiм. Капитал құрылымы және дивидендтiк саясат. Тақырып 11. Операциялық тұтқаның нәтижесі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару.
- •1 .Фирма шығындарының жіктелуі
- •2.3Алалсыздықты талдау.
- •3. Операциялық тұтқа және оның ықпал ету күші
- •Тақырып 12. Қаржылық тұтқасының нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты.
- •Тақырып 13. Капитал құрылымының теориясы: Модильяни-Миллер модлельдері, ымыралы модельдер
- •Тақырып 14. Дивидендтік саясатты басқару
- •Тақырып 15. Айналым активтері мен қысқа мерзімді
- •Тақырып 16. Ақша қаражаттарын басқару
- •Тақырып 17. Босалқы қорларды басқару.
- •Тақырып 18. Дебиторлық борышты басқару
- •4. Негізгі және қосымша әдебиетТер тізімі
- •7.Семинар сабағын өткізу жоспары
- •Сөж мазмұны және өткізу графигі:
- •79 Қаржылық жоспар
- •Бағалау баламасы
5.Арнайы секторлық мультипликаторлар.
Пайда, баланстық құн, түсім мультипликаторларын кез келген сектор үшін есептеуге болады. Мысалы, Интернет-фирмалар алғашқы рет 1990-жылдар соңында пайда болған. Мұндай фирмаларды бағалайтын аналитиктер, бағалау үшін мультипликатор ретінде фирманың нарықтық бағасын бұл фирманың веб сайтын қараулардың санына бөлген. Клиенттің сайтты қарау құны төмен болса, бұл фирма төмен бағаланған болады. Сектор мультипликаторларын келесі себептерден зиян әкеледі: біріншіден, сектордың арнайы мультипликаторы тұрақты түрде не тым жоғары, не тым төмен есептелуі мүмкін. Сол себептен инвесторлар түсімнен артық салым жасамайды.
Екіншіден, мультипликатор фундаменталды айнымалы көрсеткіштермен салыстыруға келмейді. Мысалы, компанияның веб-сайтын қарау түсімнің өсіміне әкелмеуі де мүмкін. Сондықтан компанияның болашағын есептеу мүмкін болмайды.
Тұжырымдар
Коэффициент баға/пайда акционерлік компаниялардың инвестициялық тартымдылығын бағалайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Мультипликатор «баға/пайда/ өсім» (price-earnings-growth — PEG), РЕ көрсеткіші мен фирманың күтілетін өсім қарқынына бөлініс арқылы табылады.
Мультипликатор фундаменталды айнымалы көрсеткіштермен салыстыруға келмейді.
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Мультипликаторлар және құнының мағынасын түсіндіріңіз.
Мультипликаторларды пайдаланудың базалық кезеңдері қандай?
DCF –моделі негізінде және мультипликаторларды пайдалану арқылы алынғанқұнды келісу, «Баға/пайда» және PEG мультипликаторларын сипаттаңыз
Баланстық құн мультипликаторларын қалай түсінесіз?
Q ТОбин мультипликаторлары дегеніміз не?
Түсім мультипликаторларын қалай еспетейді?
Арнайы секторлық мультипликаторларын қалай есептейді?
4.Бөлiм. Капитал құрылымы және дивидендтiк саясат. Тақырып 11. Операциялық тұтқаның нәтижесі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару.
Мақсаты: залалсыздықты талдап, операциялык тұтқа тиімділігін анықтай білу
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: шығындардың жіктелу ерекшелігі, операциялық тұтқаның тиімділігінің анықталу жолдары.
Дәріс жоспары:
1 .Фирма шығындарының жіктелуі
2.3Алалсыздықты талдау.
3. Операциялық тұтқа және оның ықпал ету күші
Өнім өндіру және өткізу шығындары ақшалай нысанда өнімнің өзіндік құнын құрайды. Шығындарды жоспарлау, есепке алу, талдау мен басқару суретте берілген топтау бойынша жүргізледі. Демек, шығындарды төмендегі белгілер бойынша жіктейді:
күнтізбелік кезең;
өндіріс көлеміне байланысты;
өндіріс процесіне тәуелділігіне қарай;
жұмсалу бағытына қарай;
өнімнің өзіндік құнына қосылу тәсіліне қарай;
шығындар элементтері бойынша.
Шығындарды басқару жүйесі директ-костинг деп аталады. Онда барлық шығындар тқрақты және ауыспалы (айнымалы) болып бөлінеді.
Өнім өндіру көлеміне карай шығындарды екі топқа бөлетінін суреттен байқауға болады. Мұнда:
1)
тұрақты шығындарға (пропорционалды
емес шығындар) өнім өндіру көлемі өзгерсе
де көлемі өзгермейтін шығындар жатады,
олар: жылуға және Қаржык ғимараттарды
жарыктандыруға, басқарушы персоналдар
жалақысын төлеуге жүмсалатын шығындар,
негізгі қүралдардың амортизациясы,
материалдық емес активтердің тозуы,
жарнамалык шығындар, жалгерлік төлемдер,
жүмысшылардың біліктілігін көтеру
шығындары, т.б.;
2) ауыспалы (айнымалы) шығындарға шығарылған өнім көлеміне қарай мөлшері тікелей өзгеріске ұшырайтын (ұлғайып немесе азайып отыратын) шығындар жатады. Олар: шикізат және негізгі материалдар, технологиялык энергия және отын шыығындары, Қаржык жұмысшылардың жалақысы, т.б.
Кәсіпорынның операциялық шығындарының жиынтығын тұрақты және ауыспалы (айнымалы) шығындарға болу, олардың түрлері операциялык пайданы баскару механизмін, «операциялык левериджді» пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл механизмнің қызметі операциялық шығындар құрамында олардың кез-келген тұрақты түрінің болуы өнім сату көлемін өзгертетіндігіне негізделеді.ал операциялық пайда сомасы одан да жоғары қарқынмен өзгеріп отырады.
Бірақ операциялык шығындардың жалпы сомасында тұрақты және айнымалы шығындар қатынасы әртүрлі болатын кәсіпорындарда операциялык өнім өткізу көлемінің өзгерісіне пайда сезімталдығы әртүрлі болып келеді. Кәсіпорынның операциялык шығындарының жалпы сомасындағы тұракты шығындардың үлес салмағы неғүрлым жоғары болса, өнім өткізу көлемінің өзгеру карқынына катынасы бойынша операциялық пайда сомасы соғүрлым жоғары дәрежеде өзгеріп отырады.
Кәсіпорынның операциялық пайдасына ықпал ету интенсивтілігі әртүрлі операциялық леверидж механанизмін «қамтуға» мүмкіндік беретін, кәсіпорынның тұрақты және ауысапалы (айнымалы) шығындарының қатынасы «операциялық леверидж коэффициентімен» сипатталады, ол төмендегі формуламен есептеледі:
/
Zж
мұндағы Z - тұрақты операциялық шығындар сомасы;
Zж - операциялық шығындардың жалпы сомасы.
Кәсіпорында Кол мәні неғұрлым жоғары дәрежеде болса, ол өнім сату көлемінің өсу қарқынына қатысты операциялык пайданың өсу қарқынын соншалықты тез арттырады.
Кәсіпорын мүмкіндігіне қарай тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы катынасты өзгерте отырып, пайда шамасын оптимизациялау мәселесін шешуге болады. Ондай тәуелділік операциялық (Қаржык ) тұтқа тиімділігі деп аталады, ол оның ықпал ету күшінен байқалады. Операциялык (Қаржык) тұтқаның ықпал ету күші төмендегі формуламен есептеледі:
Операциялық тұтқаның
ықпал ету күші = Жалпы маржа / Операциялық пайда
мұндағы: Жалпы маржа - өнімді өткізуден түскен табыс пен айнымалы шығындардың айырмасына тең.
Қаржык тұтқаның ықпал ету күші көрсеткіші өнім сатудан түсетін түсім 1% өскнде операциялық пайда қанша есе өсетінін көрсетеді. Әрине, жалпы шығындар кұрылымында тұрақты шығындар үлесі қаншалықты көп болса, Қаржык тұтқа соғұрлым күшті ықпал етеді.
Кәсіпорын өз қызметінде залалсыздык нүктесінен өткеннен кейін ғана операциялык леверидждің оң әсері байқалады. Залалсыздык нүктесінен өткеннен кейін операциялық леверидж коэффициенті неғүрлым жоғары болса, кәсіпорын өнім сату көлемін арттыра отырып, пайда өсіміне соғүрлым көп күшпен ықпал етеді. Залалсыздык нүктесіне шексіз жақындағанда өрісте ғана операциялық леверидждің айтарлықгай оң ықпалы байқалады.
Операциялык леверидж механизмінің кері бағыты да болады, яғни өнім өткізу көлемі кез-келген мөлшерге азайғанда, жалпы операциялық пайда мөлшері одан да жоғары дәрежеде азаяды. Операциялық леверидж эффектісі қысқа мерзімде ғана тұрақты болады.
Залалсыздықты талдау (операциялық талдау- «Өндіріс-Шығындар-Пайда» талдауы) каржылык нәтиженің өндіріс, сату жэне өндіріс шығындарының көлеміне тәуелділігін зерттейді. Қаржылык есептерде оны пайдалану мақсаттары: а) заласыз жұмыс үшін Қаржың критикалық көлемін аныктау; б) кәсіпорынның қаржылық беріктік қорын есептеу; в) меншікті өндіріс немесе сатып алудың экономикалык маңыздылығын бағалау; г) пайданы жоспарлау және т.б.
Залалсыздық нүктесі - түсім өнім өндіру және өткізумен байланысты барлық шығындарды жабатындай өнім өткізу көлемі. Ол натурал түрде де, құндық түрде де аныкталады.
Қаржылық беріктік қоры (қауіпсіздік шегі) залал тигізбей, өнім өндіруді қаншалықты қысқартуға болатынын көрсетеді. Ол абсолютті түрде де, салыстырмалы түрде де өрнектеледі.
Залалсыздық нүктесінің ақшалай бейнесін рентабльділік шегі деп атаймыз. Рентабельділік шегінің мөлшеріне 3 негізгі фактор әсер етеді: өткізу кұны, өнім бірлігіне кететін өзгермелі шығындар және тұрақты шығындардың жиынтық мөлшері. Тұрақты шығындар деңгейі кәсіпкерлік
тәуекел дәрежесі сондай-ақ каржылық тәуекелді-тұрақты шығындардағы несие бойынша пайыздар мөшерінде куәландырады. Қаншалықты тұрақты шығындар тұрақты болса, соншалықты рентабельділік шегі жоғары, және соншалықты кәсіпкерлік тәуекел маңызды.
Тереңдетілген операциялык талдау жиынтық тұрақты шығындардың бір бөлігін тікелей берілген тауарға (өнімге, қызметке) келтіретін операциялық талдау деп түсінуге болады.
Тереңдетілген операциялық талдаудың негізгі принцип тауардың тікелей өзгермелі шығындарының тікелей түракты шығындарын бірігуі және аралық маржаны есептеу - тікелей өзгермелі мен тікелей тұрақты шығындар өтелгеннен кейін өткізудің нәтижесі болып табылады.
Тереңдетілген операциялық талдау бағаға және ассортименттік саясаттың негізгі сүрақтарын шешуге бағытталған: тауарларды ассортиментке енгізу пайдалы, ал қандайлары пайдасыз, және кандай баға қою.
Аралык маржа жалпы маржа мен пайданың аралығы болып табылады.Аралық маржа кәсіпорынның тұрақты шығындарының көп бөлігін жапқаны дұрыс. Пайданың қалыптасуына өз үлесін коса отырып, жалпы маржаны есептеуден горі аралық маржаны есептеудің өз артыкшылықтары бар: талдау нақтырақ және нәзік болып табылады, пайдалырак өнімдерді таңдау негізі жоғарылайды, цехтік Қаржык қуатты пайдалану мәселесін шешу мүмкіндігі пайда болады.
Тереңдетілген талдауда шығынсыздык шегі мен рентабельділік шегі көрсетіледі.
Тауардың шығынсыздық шегі - өзгермелі шығындар мен тікелей тұрақты шығындарды өтейтін өткізуден түскен түсім. Мұнда аралық маржа нөлге тең.
Тікелей тұрақты шығындар
Шығынсыздық =
шегі, дана тауар .бірлігіне жалпы маржа
Тікелей тұрақты шығындар
Шығынсыздық=
шегі,тг. Жалпы маржаның түсімдегі үлесі
Рентабельділік шегі - тек өзгермелі мен тікелей түрақты шығындарды ғана емес, сондай-ақ жанама тұрақты шығындарды өтейтін өткізуден түскен түсім. Бұнда пайда нөлге тең.
Тікелей және жанама тұрақты шығындар
Рентабельділік =
шегі, дана тауардың бірлігіне кететін жалпы маржа
Тікелей және жанама тұрақты шығындар
Рентабельділік =
шегі, тенге Жалпы маржаның түсімдегі үлесі
Шығынсыздық пен рентабельділік шегін есептеу тауардың өмірлік циклін бағалауда қолданылады. Өзіндік өмірлік циклда тауар екі шығынсыздык шегі мен екі рентабельділік шегінен өтеді.
Сурет. Тауардың өмірлік циклы
Аралық маржа теріс болатын жағдайда яғни, тауар өзінің түсімімен тікелей өзгермелі мен тікелей тұрақты шығындарын өтей алмаса, тауарды ассортименттен алып тастау қажет.
Операциялық экспресс-талдаудың технологиясы бойынша талданатын фактор бойынша операциялық тетік күші ұғымының енгізілуі негізгі жаңалық болып табылады. Бұл ұғым Е.С.Стоянова мен М.Г.Штерн авторларына операциялык талдау жүргізу алгоритімін жеңілдететін және тәжірибелік мақсаттарды оны кеңінен пайдаланатын экспресс-талдау әдістемесін жасауға мүмкіндік берді.
Әдістеме келесі тәуелділіктерге негізделеді:
1. Операциялык тұтқа . күші тұрақты шығындар мен пайда ара катынасына, құрылымына тәуелді, яғни жалпы маржа құрылымының жаңа коэффициенті енгізіледі:
Тұрақты шығын
α=______________
Жалпы маржа
2. Операциялық тұтқаның (ОТ) күшінің жалпы маржа кұрылымынын коэффициентінен α аналитикалық тэуелділігі болады:
от = і/і- α
Қаншалықты α коэффициенті үлкен болса, соншалықты операциялық тұтқа күші кобірек немесе қаншалықты тұрақты шығындардың жалпы маржадағы үлесі үлкен болса, соншалықты операциялық тұтқа күші көп болады.
3. Кәсіпорынның салыстырмалы бірлігі каржылық беріктік қорының (ҚБҚ) жалпы маржа кұрылымы коэффициент пен аналитикалык тәуелділігі болады:
ҚБҚ=і- α
Қаржылық беріктік қорынын жалпы маржа құрылылымы коэффициентпен кері тәуелділігі бар немесе қаншалықты тұрақты шығындардың жалпы маржадағы үлесі үлкен болса, соншалықты қаржалық беріктік қоры аз болады және керісінше.
4. Операциялық тетік күші мен қаржылық беріктік коры арасында аналитикалық өзара катынас болады:
ҚБҚ х ОТ / 1 немесе ҚБҚ х ОТ = 100
5. Жоғарыда келтірілген тәуелділіктер негізінде жаңа, дәстүрлі әдеттегі операциялық талдауда кездеспейтін теңдіктер шығарылады.
5.1. Қаржылық беріктік қор салыстырмалы бірлікте. ҚБҚ д пайда / жалпы маржа 1/ ОР
Қаржылық беріктік қоры - операциялық тұтқа күшіне қарама-қарсы мөлшер. Рентабельділік шегін (РШ) Операциялық тұтқа күші арқылы көрсетуге болады:
РШ = 1 - 1 / ОТ және жалпы маржа құрылымы кэффициент арқылы көрсетуге болады: РШ = α
Қаржылык беріктік қоры пайызбен: ҚБҚ % = пайда / жалпы маржа = 100 / ОТ РШ% = (1-1/ОТ)х100 4
Қаржылық беріктік қоры абсолюттік бірлікте:
ҚБҚ = пайда/жалпы маржа коэффициенті = пайда/жалпы маржа% х 100 Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады:
Егер кәсіпорын түсімі рентабельділік шегінен аз болса, онда α > 1
Егер кәсіпорынның түсімі рентабельділік шегіне тең болса, α = 1;
Егер кәсіпорынның түсімі рентабельділік шегінен көп болса, α <1;
6. Барлык фактор бойынша шығынсыздықты талдау мақсатымен талданатын факторлардың критикалык мәні ұғымы мен талданатын фактор бойынша «Қаржылық берік қоры» үғымы енгізілген.
6.1. Талданатын фактордың критикалық мәнін есептеу үшін теңдеудің жалпы түрі:
Талдау факторының = фактор х (1± 1 / Т фактор ), критикалык мәні
мұнда, фактор - талдау факторы мөлшерінің абсолютті мәні, Т фактор -талдау факторы бойынша операциялық тетік күші, «+» тңбасы талдау факторының үлғаюынан пайда төмендесе және керісінше жағдайларында сол талдау факторының критикалық мәнін анықтауда қолданылады. Таңба екі фактор үшін колданылады - өзгермелі және тұрақты шығындар.
6.2. Талданған фактор бойынша қаржылық беріктік қорын есептеу, пайызбен (ҚБҚ %) :
ҚБҚ%=100/Т фактор;
6.3. Талданған фактор бойынша каржылық берік қорын есептеу үшін теңдіктің жалпы түрі, қатыстык бірлікпен:
ҚБҚ=1 / Тфактор;
6.4. талданған фактор бойынша қаржылык берік қорын есептеу үшін теңдіктің жалпы түрі, абсолютті бірлікпен:
ҚБҚ = фактор / Тфактор;
7. Факторлардың біреуінің өзгеруіне пайданың сезімталдығын талдау мақсатымен талданған фактор бойынша операциялық тетік күші үғымы енгізілген. Операциялык тетік түсімінің өзгерісіне, дәлірек, өткізу көлемінің нақты мөлшерге өзгерісіне пайданын сезімтілдығына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Сезімталдык талдауы жай болып келеді және келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
ΔП% = ОТ х Д өткізу %;.
мұнда, ΔП% - пайданың пайыздық өзгерісі,
Δ өткізу % - өткізу көлемінің пайыздық өзгерісі.
Талдау процесінде операциондық сияқты тетіктерді анықтау қажеттілігі туралы сұрақ қойылды, олардың көмегімен баға, өзгермелі және тұрақты шығындар сияқты басқа да факторлардың өзгерісіне пайданың сезімталдығын талдауға болады.
Нәтижесінде келесі тетіктер ұсынылды:
Т баға = түсім / пайда; (.)
Т өзгермелі шығын = өзгермелі шығындар / пайда; (.)
Т тұракты шығын түрақты шығындар / пайда. (.)
8. Пайданың сезімталдық талдауын әмбебап формуланы қолдана жүргізуге болады:
ΔПр% = ± (Т фактор) х Δ фактор% (.)
Мұнда, Δ фактор% - талданған фактордың пайыздық өзгерісі.
9. Факторлардың біреуінің өзгерісінен болатын өткізу көлемінің өтейтін өзгерісін анықтау үшін келесі формулалар қолданылады:
а) Бағаның немесе өзгермелі шығындардың өзгеруінен Δөткізу % = - Δпайда қат. х 100 немесе
ОТ + Δпайда қат. Д өткізу % = - Δпайда қат.
01 + Δпаида қат.
Ь) Тұрақты шығындардың өзгеруінде
Δ өткізу % = - А пайда қат. х 100 немесе
ОТ
Δ өткізу % = - Δ пайда қат.
ОТ
Операциялык экспресс-талдаудың технологиясы мен кезеңдері мыналар:
Әрбір талданған факторлар бойынша тетіктердің күшін анықтау.
Талданған факторларға пайданың сезімталдығын талдау.
Шығынсыздыкты талдау.
4. Факторлардың біреуінің болжам өзгерісінде өткізудің өтейтін көлемі анықтау.
«Интергаз Орталык Азия» АҚ үшін 3 жыл аралығындағы шығынсыздық шегі мен рентабельділік шегін есептейік.
Кесте - «Интергаз Орталық Азия»АҚ үшін рентабельділік шегінің динамикасы
Операциялык талдаудын элементтері |
1-ші жыл |
2-ші жыл |
3-ші жыл |
1. Өткізуден түскен табыс, мың тенге |
48919440 |
55580993 |
83429143 |
2. Өзгермелі шығындар, мың теңге |
22208295 |
25956945 |
39166982 |
3. Жалпы маржа, мың теңге |
26711145 |
29624048 |
44262161 |
4. Жалпы маржаның түсімдегі үлесі, (3): (1) |
0,5460 |
0,5329 |
0,5305 |
5. Тікелей тұрақты шығындар,тг |
7893993 |
11522639 |
15732855 |
6. Өзгермелі және тұракты шығындардың сомасы, (2) + (5) |
30102288 |
37479584 |
54899837 |
7. Аралық маржа, (3) - (5) |
18817152 |
18101409 |
28529306 |
8. Аралык маржаның түсімдегі үлесі (7): (1) |
0,3847 |
0,3257 |
0,3419 |
9.Рентабельділік шегі,мын теңге |
20519867 |
35378075 |
46015955 |
10. Қаржылық беріктік коры, мың теңге |
28399573 |
20202918 |
37413188 |
Кестеден көріп отырғандай, «Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін 1- жылы рентабельділік шегі 20519867 мың теңге, 2- жылы 35378075 мың теңге, 3- жылы 46015955 мың теңге құраған. Шынында түсім шығынсыздыкты камтамасыз етті және рентабельділік шегінен өтті, кәсіпорынға пайда алуға мүмкіндік берді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін қаржылық беріктік немесе тұрактылык қоры да 1-3- жылдар аралығында жоғарылаған: 1- жылы 28399573 мың теңге құраған, 2- жылы 20202918мың теңге қүраған, 3- жылы 37413188 мың теңге құраған.
Қаржылық тұрактылық немесе беріктік корының жоғарылауы кәсіпорынның қаржылык жағдайына оң әсерін тигізеді және каржылық жағдайын жоғарылатады. Кәсіпорынның таңдалған өнімді өндіру стратегиясы рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін операциялык экспресс-талдау жүргізейік. Қарастырылып отырған мезгіл ішіндегі ұйымның каржылык мәліметтері келесідей.
Кесте.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ қаржылық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
1. Өткізуден түскен түсім, тг |
48919440 |
55580993 |
83429143 |
2. Өзгермелі шығындар, тг |
222082$) |
25956945 |
39166982 |
3. Жалпы маржа, тг (1) - (2) |
26711145 |
29624048 |
44262161 |
4. Тұракты шығындар, тг |
7893993 |
11522639 |
15732855 |
5. Пайда, тг(3)-(4) |
18817152 |
18101409 |
28529306 |
Әрбір фактор бойынша операциялық тұтқа күшін анықтайық.
Кесте «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметінің операциялык талдауы.
Көрсеткіштер |
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
Өткізу көлемі бойынша операциялық тетік |
1,419 |
1,6366 |
1,551 |
Баға бойынша операциялық тетік күші |
2,599 |
3,070 |
2,924 |
өзгермелі шығындар бойынша операциялық тетік күші |
1,180 |
1,434 |
1,373 |
Тұрақты шығындар бойынша операциялық тетік күші |
0,419 |
0,637 |
0,551 |
Алынған мәндерді талдау арқылы әр факторды пайда өзгерісіне әсер ету дәрежесі бойынша жіктеуге болады. Кез-келген алынған нәтижелерде сақталатын заңдылықтарды да есепке алу кажет.
Пайдаға ең үлкен әсерін баға бойынша операциялық тетік күші 1- жылы 2,599 бірліктен 3- жылы 2,924 бірлікке дейін әсері бар. Сонымен катар, пайдаға операциялық тетік күші бар өзгермелі шығындар да өз әсерін тигізген : 1- жылы 1,180 бірлік, 2- жылы 1,434 бірлік, 3- жылы 1,373 бірлік әсерін тигізеді. Өткізу көлемі бойынша операциялық тетік күшін анықтау негізі бойынша
ОР= Жалпы маржа/ Пайда
формулаласы бойынша:
Рбага=Рөзг+ ОР,
ОР= 1+ Ртүр
Демек:
ОР әрқашан Ртүр дан артық, яғни өткізу көлемінің өзгерісінің пайдаға әсер ету дәрежесі тұрақты шығындар өзгерісінің әсерінен артық.
Операциялық тетік күшін келесідей жазуға болады:
Рбага= Рөзг+ Ртұр+І, яғни баға өзгерісінің әсері басқа факторлармен салыстырғанда әрқашан артық болады: Рбага> Рөзг, Рбага >ОР, Рбага> Ртүр.
3. Өзгермелі шығындардың пайдаға әсері өткізу көлемінің немесе түрақты шығындар өзгерісінің әсерінен артық.
Тұжырымдар
Залалсыздықты талдау (операциялық талдау- «Өндіріс-Шығындар-Пайда» талдауы) каржылык нәтиженің өндіріс, сату жэне өндіріс шығындарының көлеміне тәуелділігін зерттейді. Қаржылык есептерде оны пайдалану мақсаттары: а) заласыз жұмыс үшін Қаржың критикалық көлемін аныктау; б) кәсіпорынның қаржылық беріктік қорын есептеу; в) меншікті өндіріс немесе сатып алудың экономикалык маңыздылығын бағалау; г) пайданы жоспарлау және т.б.
Залалсыздық нүктесі - түсім өнім өндіру және өткізумен байланысты барлық шығындарды жабатындай өнім өткізу көлемі. Ол натурал түрде де, құндық түрде де аныкталады.
Қаржылық беріктік қоры (қауіпсіздік шегі) залал тигізбей, өнім өндіруді қаншалықты қысқартуға болатынын көрсетеді. Ол абсолютті түрде де, салыстырмалы түрде де өрнектеледі.
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Директ-костингтің мағынасын түсіндіріңіз.
2.Өнім өндіру жэне өткізу шытындарының түрлеріне жеке-жеке сипаттама беріңіз. 3.Операциялық тұтқа тиімділігіне түсініктеме беріңіз.
4.Қаржылық есептерде операциялық талдауды пайдалану мақсаттары қандай? 5.Залалсыздық нүктесі. оның өнім бірлігіндегі және ақшалай бейнесі.
