- •Мазмұны
- •Км 4306 қаржы менеджменті
- •3 Кредит
- •Түсініктеме жазбахат
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Іі бөлім. Жобаның құның басқару
- •Ііі бөлім. Компанияның құнын басқару.
- •V бөлім. Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер.
- •Пәннің мазмұны
- •V бөлім. Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер.
- •Практикалық сабақтардың тақырыптары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •1 Жалпы құзыреттіліктер:
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •2.Глоссарий
- •2. Бөлiм. Жобаның құнын басқару.
- •Тақырып 6. Инвестициялық жобаларды талдау әдiстерi. Жоба тәуекелiн талдау.
- •Тақырып -9. Компанияның құны және құндылыққа-бағдарланған менеджмент.
- •1.Корпорацияны бағалау моделі.
- •1977 Жылғы Росс үлгісі
- •1984Ж. Майерс-Майлуфтың сигналды үлгісі.
- •2.Операцияның құнын бағалау.
- •3. Акцияларды бағалау. Дивидентдердің өсуі және корпорациялық бағалау моделдерін салыстыру.
- •4.Құндылыққа-бағдарланған менеджмент. Құндылыққа –бағдарланған менеджменттің тәжірибесі.
- •5.Арнайы секторлық мультипликаторлар.
- •4.Бөлiм. Капитал құрылымы және дивидендтiк саясат. Тақырып 11. Операциялық тұтқаның нәтижесі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару.
- •1 .Фирма шығындарының жіктелуі
- •2.3Алалсыздықты талдау.
- •3. Операциялық тұтқа және оның ықпал ету күші
- •Тақырып 12. Қаржылық тұтқасының нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты.
- •Тақырып 13. Капитал құрылымының теориясы: Модильяни-Миллер модлельдері, ымыралы модельдер
- •Тақырып 14. Дивидендтік саясатты басқару
- •Тақырып 15. Айналым активтері мен қысқа мерзімді
- •Тақырып 16. Ақша қаражаттарын басқару
- •Тақырып 17. Босалқы қорларды басқару.
- •Тақырып 18. Дебиторлық борышты басқару
- •4. Негізгі және қосымша әдебиетТер тізімі
- •7.Семинар сабағын өткізу жоспары
- •Сөж мазмұны және өткізу графигі:
- •79 Қаржылық жоспар
- •Бағалау баламасы
Акционерное
общество «Финансовая академия»
Система менеджмента
качества Положение
по разработке учебно-методического
комплекса дисциплины АО
«Финансовая академия»
СМК
ФА С 06-08/18-2014 Версия
1 Дата
06.06.2016 г.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
ОӘЖ проректоры
Шакуликова Г.Т.
___________
«___» __________2016 ж.
«қаржы Менеджменті»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«5В050900 –Қаржы мамандығы
Оқу түрі: күндізгі
Кредит саны 3
Курс 3
Семестр 5
Дәріс 30 сағат
Тәжірибе 15 сағат
Барлық аудиториялық сағат 45
СОӨЖ 45 сағат
СӨЖ 45 сағат
Жалпы жұмыс сағаты 135
Аралық бақылау саны 2
Емтихан 5 семестр
Астана 2016
Кафедра отырысында Факультет кеңесінде келісілді
қарастырылды_______________________ ___________________________________
(атауы) (атауы)
«___»_________________________2016 ж. «___»_____________________2016 ж.
Хаттама №___ Хаттама №___
Каф. меңгерушісі _______________________ Факультет кеңесінің төрағасы
(атауы) _______________________________
(атауы)
________ _____________________ ________ ___________________
(қолы) (каф. мең. А.Ж.Т. ) (қолы) (төрағасының А.Ж.Т.)
Пән бойынша оқу – әдістемелік кешенді құрастырған э.ғ.к., доцент Сартов У.К.
Мазмұны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Км 4306 қаржы менеджменті
3 Кредит
АЛҒЫ СӨЗ
1.Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.
2.ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:э.ғ.д., профессор С.С Арыстанбаева – Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ; э.ғ.д., доцент П.Б. Исахова –Халықаралық бизнес университеті
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 30 желтоқсан № 611 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.
4.Типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «050509 – Қаржы» мамандығы бойынша ӘЗІРЛЕНГЕН.
5.Республикалық Оқу –әдістемелік кенесінің отырысында ҚАРАЛДЫ 2009 жылы 25 маусым № 1 хаттама
Бұл типтік бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды.
Түсініктеме жазбахат
Негізгі қағидаттарының бірі мәннің нысаннан басымдығы болып табылатын Қазақстан Республикасында қаржылық есептеменің (ХҚЕС) халықаралық стандарттарына жаппай көшу; қаржыларда сапалы, әсіресе, сандық әдістерді кеңінен қолдану бұрын болған бағдарламаларды қайта қарап, істеп бітіруді талап етті.
Зерделеу объектісі компания қаржысын ,инвестициялық ресурстарды зерделеу, бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызмет және бизнестің табыстылығын бағалау болып табылады.
Бұл курстың пәні нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындарды қаржылық басқарудың негізгі қағидаттары мен әдістері болып табылады. Қаржылық талдау мен қаржылық жоспарлаудың әдістері; капиталды қаржыландыру көздерін және капиталдың құрылымын таңдау амалдары; қысқа мерзімді қаржылық басқару; инвестициялық шешімдер қабылдаудың әдістері, корпоративтік тәуекелдерді басқарудың амалдары зерделенеді.
Бұл курстің мақсаты мемлекеттік білімдік стандартпен жұмыс берушінің талаптарына сәйкес қаржылық менеджмент саласында жеткілікті дәрежеде білімді меңгеретін, кәсіби қызметті орындап, жүргізетін іскерлік пен машықты мамандарды даярлау болып табылады. Қаржылық менеджменттін теориясы мен практикасының өзара іс- әрекеттің мәңділік негіздерін, қаржыны басқарудын қажеттілігін, оның дәстүрлі және арнаулы функцияларының мазмұнын қазіргі жағдайларда бұл басқарудың ролі мен маңызың ашу қажет.
«Қаржылық менеджмент» пәнінің негізгі міндеттері:
Студенттердің қаржылық менеджменттің тұжырымдалық негіздері мен меншікті қаражаттарды кәсіпорынның негізгі және айналым капиталын басқарудың теориялық базасын білуді қалыптастыру;
Қаржылық менеджменттің функциялары, құрылымы және қазіргі әдістері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру;
Қазіргі рыноктық экономикада қаржыны басқарудың стратегиясы мен тактикасы туралы түсінікті қалыптастыру;
Алынған білімдерді кәсіпорынның қызмет үдерісінде практикалық пайдаланудың машықтарына телу.
Пәнді игеру үшін, оның іс жүзінде қолданылатындығында қөңіл аударған, қашан және қай жерде зерделеген теориялық ережелер және практикалық дағдылар болашақ практикалық қызметте қолданылуы мүмкін екендігін көрсеткен жөн. Берілген материялдар студенттерге түсінікті түрде жургізілу тиіс, терминдер жиынтығы бірлігінің қолданылуы мемлекеттік стандартқа сәйкес болу керек. Пәнді баяндауда ҚР заңдылық және нормативтік актілерін ,сондай –ақ министрліктер және ведомстволардың нұсқаулық материалдарын пайдаланған жөн.
Дербес жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін студенттермен рефераттар жазылады, алдын ала дайындалып тіркелген тақырыптар бойынша сөз сөйлеуге машықтанады, курстық жұмыстарды орындайды.
«Қаржылық менеджмент» пәнін оқып білуде студенттер «Жоғары математика», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Компьютерлік технология», «Қаржы», «Корпорация қаржылары», «Бағалы қағаздар нарығы», «Менеджмент негіздері», «Қаржылық есепті талдау» курстарын оқу үдерісінде алған білімдеріне сүйенеді.
