- •6. Өсімдік шаруашылығы түсінігі мен түрлері
- •7. Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы, морфологиялық ерекшеліктері.
- •6. Өсімдік шаруашылығы түсінігі мен түрлері
- •8. Дәнді дақылдардың өсіп – даму кезеңдері, өсіп – жетілу кезеңдерін өтуде оңтайлы жағдайлар
- •9. Дәннің түзілу үрдісі, сатылары
- •13. Жаздық бидай себу мерзімі, мөлшері және сіңіру тереңдігі, оларды негіздеу.
- •14. Тұқымдық мақсатқа жаздық бидай өсірудің технологиясындағы ерекшеліктер
- •15. Аймақ жағдайында жаздық бидайды ресурс-ылғалүнемдегіш технологиясымен өсіру. Сорттары
- •16)Аймақ жағдайында жаздық қаттбидайдың морфологиясы, биологиясы және өсіру технологиясының ерекшеліктері.
16)Аймақ жағдайында жаздық қаттбидайдың морфологиясы, биологиясы және өсіру технологиясының ерекшеліктері.
Жақсы қатты бидай астығы жоғары сапалы макарон өндіруге таптырмайтын шикізат болып табылады. Қатты бидай (T. durum) масағы тығыз, призма пішінді, бүйірі бет жағынан кең, негізінен қылтықты. Қылтықтары ұзын, параллель орналасқан. Масақ қабықшасының қыры (киль) негізіне дейін ажыратылған. Масақ асты сабаны паренхима тканімен толтырылған. Масағы қиынырақ үгітіледі. Дәндері сопақша, ірі, жылтыр, кейде әлсіз ұнды. Айдары әлсіз дамыған, қылдары қысқа. Биологиялық ерекшеліктері. Қатты бидай климаты жұмсақ Жерорта теңізі елдерінен (Греция, Италия) тараған. Қатты бидай шынылы (жылтыр) әрі құрамында белок мөлшері көп болғандықтан өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінің өзінде-ақ ылғалға айтарлықтай жоғары талап қояды. тұқымының өнуіне құрғақ массасының 55-67% ылғал қажет етеді. Қатты бидайдың сабақ жапырақтары ірі, түп тамырлары сылбыр өседі және түйін (екінші) тамырлары кеш қалыптасады да қатты бидай ылғал жетімсіздігінен көбірек жапа шегеді.
Ылғал жеткілікті жағдайда бір өлшем зат қалыптастыруға суды жұмсақ бидайға қарағанда аз шығындайды. Қатты бидай өсіп-дамуының алғашқы кезеңдерінде жоғары ылғалдылықты және орташа жылылықты, ал соңынан - жоғары температура мен орташа ылғал қорын қалайды. Масақтану-пісіп жетілу кезеңіндегі жоғары температура мен ауа қуаңшылығы масақтың дәнсіздігі мен бос масақшалыққа әкеліп ұрындырады. Қатты бидайдың гүлденуі мен тозаңдануына қолайлы жағдайлар түнгі 10-12ºС және күндізгі максимум 25-31ºС болғанда қалыптасады.
Солтүстік Қазақстан аймағында қатты бидайға әлсіз байланған құмдақ, ауыр сортаңдау топырақтар жарамсыз деп есептеледі. Егін көгінің әлсіздігінен қатты бидай жұмсақ бидаймен салыстырғанда арамшөптерден көбірек зиян шегеді, сондықтан ол арамшөп өсімдіктерінен таза танаптарға орналастырады.
Жаппай тот ауруы байқалған жылдары қатты бидай өнімі жұмсақ бидайға қарағанда біршама жоғары болады, өйткені ол жергілікті танаптарда ол ауруға төзімдірек.
Солтүстік облыстарда қатты бидай егістігіне тамыр шірігі үлкен зиянын тигізеді: егін көгі селдірейді, өсімдіктер әлсіреп, өнімі төмендейді. Сонымен қатар алғы дақыл дұрыс таңдап алынбағанда қатты бидай гүл кенесінен де залал шегуі мүмкін.
Мемлекеттік тізіммен Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген жаздық қатты бидай сорттары: Дамсинская 90 Костанайская 52 Сид 88 Безенчукская 139 Алтайка Омский рубин Оренбургская 2 Оренбургская 10
Өсіру технологиясының ерекшеліктері.
Өндірістік тәжірибе көптеген жағдайда қатты бидайды жұмсақ бидайға жасалған кепілдеме бойынша өсіреді.
Жаздық қатты бидайды өзінен кейін орналастыруға болмайды. Өйткені бір орында қатты бидайды бірнеше жыл қатарынан өсіргенде аталған дақыл гүл кенесі мен қатты жарақаттанады, масақтың бір бөлігі, тіпті бүтіндей масақтар шіріп кетеді де астық өнімі күрт төмендейді.
Қуаңшылық жылдары қатты бидай ылғал жетімсіздігіне сезімтал, жұмсақ топырақтарға қарағанда қыртыста аз өнім береді. Ылғалды жылдары керісінше, тың және тыңайған жерлердің қыртысы қатты бидай үшін жақсы алғы дақыл.
Тұқымды себуге дайындау жұмсақ бидайға ұқсас. Қатты бидайды өсіргенде кем дегенде өсу күші 70%және 1000 тұқымның массасы 40г бірінші класты тұқым себіледі. Біздің зерттеулерімізде (Қ.К. Әрінов, 1998) жаздық қатты бидайдың өсу күші (100 өскіннің массасы), далалық өнгіштік пен егін өнімінің төмендегені тек ұсақ тұқым фракциясында ғана байқалады.
Себу мерзімі. ең жақсы нәтижелер мамырдың 20-30 аралығында себілген алқаптан алынды, алайда егістіктің ерте күзгі бозқырау әсеріне ұрынбауы үшін Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында оны 20-25 мамырда сепкен жөн. Ал Павлодар облысының бірінші аймағында оны 23-27 мамырда, екіншісінде 18-23, үшіншісінде 15-20 және төртінші аймағында 12-18 мамырда сепкен дұрыс. Себу мөлшері – жаздық қатты бидай өсіру технологиясындағы маңызды агротехникалық шара. Қостанай, Ақмола облыстарының шаруашылықтары үшін оңтайлы себу мөлшері 2,5-3,5 млн/га өнгіш тұқым себіледі.Қара қоңыр топырақты аймақтың шаруашылықтарында 2,5-3,2, ал қара топырақты аймақта - 2,8-3,5 млн/га өнгіш тұқым себіледі..
Себу тәсілдері мен тұқым сіңіру тереңдігіне байланысты жаздық жұмсақ бидайдан айтарлықтай айырмаш
