- •6. Өсімдік шаруашылығы түсінігі мен түрлері
- •7. Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы, морфологиялық ерекшеліктері.
- •6. Өсімдік шаруашылығы түсінігі мен түрлері
- •8. Дәнді дақылдардың өсіп – даму кезеңдері, өсіп – жетілу кезеңдерін өтуде оңтайлы жағдайлар
- •9. Дәннің түзілу үрдісі, сатылары
- •13. Жаздық бидай себу мерзімі, мөлшері және сіңіру тереңдігі, оларды негіздеу.
- •14. Тұқымдық мақсатқа жаздық бидай өсірудің технологиясындағы ерекшеліктер
- •15. Аймақ жағдайында жаздық бидайды ресурс-ылғалүнемдегіш технологиясымен өсіру. Сорттары
- •16)Аймақ жағдайында жаздық қаттбидайдың морфологиясы, биологиясы және өсіру технологиясының ерекшеліктері.
7. Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы, морфологиялық ерекшеліктері.
Ежелден – ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді – дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/3 – інен астамын алып жатыр. Қазақстанда 2009 жылы дәнді дақылдардың егістік аумағы 17,2 млн. га құрады. Дәнді дақылдар өндіріс салаларына шикізат болып табылады.
Морфологиялық ерекшеліктері, дәнді дақыл біріктірілген, олар 3 тұқымдасқа жатады:
Қоңырбастар – бидай, қара бидай, сұлы, арпа, тары, жүгері, күріш және шай жүгері
Қарақұмықтар – қарақұмық;
Бұршақ – асбұршақ, май бұршақ, ноғаттық, атбас бұршақ, ноқат, бадана, бөрібұршақ
Қоңырбастар тұқымдасы дәнді дақылдардың халықшаруашылығындағы маңызы зор және кең тараған, әрі олар ортақ морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді.
Тамыр жүйесі – шашақты, оның кіндік тамыры болмайды.
Дәнді дақылдар тұқымдары басқа дара жарнаөты дақылдар сияқты әуелі ұрықтық тамырлар түзеді. Олардың саны дақыл түріне қарай әртүрлі: арпада – 5-8, қара бидайда – 4, бидайда – 3-5, сұлыда – 3, ал тары, жүгері, күріш, шәй жүгеріде – бір-бірден.
Сабағы – сабан, сабақтар түйіндерімен шектелген түйін аралығынан тұрады. Түйін аралығының саны жапырақтар санына сәйкес келеді. Сабаны қуыс, жүгері мен шай жүгері де ғана паренхимамен толтырылған. Сабақтың орта бөлігі барынша жуан, ал жоғарғы бөлігі жіңішке келеді.
Жапырақтары – дәнді дақылдардың көпшілігінде 2 түрде – ұрықтық және сабақтық болады. Сабақтық жапырақтар жапырақ қынабынан және жапырақ тақтасынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысар орнында тілше деп аталатын жұқа түссіз қабық болады. Тілше сабаққа тығыз жабысқан және жапырақ қынабының ішіне судың өтуін бөгейді. Жапырақ қынабының негізінде ұзынша құлақшалар немесе мүйізшелер түзіледі, олар сабақты орай өседі.
Дәнді астық дақылдарының гүл шоғыры екі түрде: масақ ( бидай, қара бидай, арпа) және шашақ( тары, күріш, сұлы, шай жүгері, жүгері). Жүгеріде ғана басқаша, онда әрбір өсімдікте гүл шоғырынң екі түрі де орналасқан және аталық гүлдері шашақ түрінде сабақтың ұшар басында, ал аналық гүлдері собық түрінде жапырақ қолтығында орналасқан.
Масақ жекелеген кертпелерді құрайтын біліктен және масақшалардан тұрады, олар түзу немесе иілген, жалаңаш немесе түкті болуы мүмкін. Әдетте, мүшеліктерқысыңқы келеді де екі кең жақтары мен екі қабырғасы болады. Біліктің кең жағын бет жағы, ал қыр жағын бүйір жағы деп атайды. білік бойынша масақтың бет және бүйір жақтарын жеңіл ажыратады.
Әрбір мүшеліктің төбесі жуандап бітеді де тұғыр деп аталады, онда масақшалар орналасады. Әдетте бидай мен қара бидай біліктің әрбір мүшелігінде бір-бір масақша бекиді, ал арпада 3 масақша орналасқан. Әрбір масақша екі жағынан қапталдасып орналасқан екі масақша қауызынан тұрады. Масақша қабықшалар әр түрлі деңгейде дамыған, кейбіреулерінде масақ сыртында орналасқан екі жіңішке қабықшаға айналады.
Сіпсебас, немесе шашақ түйіндері мен түйінаралықтары бар орталық біліктен тұрады, одан бірінші, екінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір бұтақтары өсіп шығады. Бұтақтардың ұшар басында масақшалар орналасқан. Масақша екі масақша қабықшасы мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады.
Масақша қабықшасы біркелкі дамымаған, бидайда қайықша құрылысын еске түсіреді, кең және көпжүйкелі, әрі ұзынша келгенкилі бар, қара бидайда бір жүйкелі өте жіңішке, арпада өте жіңішке және линиялы, сұлыда кең, әрі көптеген дөңес келген ұзынша жүйкелері бар.
Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқан қалыңдау болады да ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады, ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік келеді және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық орналасқан.
Жемісі – дән. Қабықты астықтарда ол гүл қабықшалымен қапталған. Жалаңаш дәнді бидайлар мен қара бидай дәндері қабықшадан жеңіл ажырайды, тары ажырайды тары мен күріште гүл қабықшалары мен дәнді тығыз қабыстырады, ал қабықты арпада олар дәнмен бірігіп кеткен.
Дәннің анатомиялық құрылысы. Астық дақылдарының жемісі ұрық пен эндосперімнен және олармен бірігіп өскен тұқымдық және жемістік қабықтан құралған. Ұрық дәнінің төменгі бөлігінде орналасқан, оның төменгі жағында ұрықтық тамыршалар, ал жоғарғысында ұрықтық жапырақтары бар алғашқы сабақ болады. Ұрықтың манында кішкене қалқан – дәнінің жалғыз тұқым жарнағы орналасқан.
Эндосперімде дән қабығына қабыса біткен сыртқы алейрон қабаты мен ішкі ұнды бөлігі ажыратылады. Алейрон қабаты белокқа бай бір қатарлы клеткалардан тұрады. Эндосперімнің ұнды бөлігіндегі клеткалар крахмал дәндерімен толтырылған, ал олардың аралықтарында белокты заттар орналасқан. Жемістік және тұқымдық қабықтар сыртқы орта мен әртүрлі саңырауқұлақтар аурулары қоздырғыштарынан қорғаныш қызмет атқарады. Азық – түліктік маңызы жөнінен дәннің эндоспермі ерекше рөл атқарады, өйткені одан жоғары сортты ұн өндіріледі және осыған байланысты дәннің құрам бөліктерінің мәні зор.
Астық дақылдарды дәні бойынша ажырату. Астық дақылдарының дәндері қабықтылығы, пішіні, дәннің беті мен түсі және айдарының бар жоғына қарай ажыратылады.
Дәннің арқа және етек жағы болады. Арқа жағы дөңес келеді, оның төменгі бөлігінде ұрық орналасқан. Арқаға қарама – қарсы жақты етек жағы дейді, ал бидай, қара бидай мен арпа дәндерінің осы бөлігінде жіңішке түктерден тұратын айдары болады.
Дәннің пішіні әртүрлі болуы мүмкін: шар тәрізді ( тары, шай жүгері), ұзынша келген ( бидай, қара бидай, арпа, күріш), домалақ немесе қырлы – жүгері.
Дәннің беті тегіс (бидайда), әлсіз әжімделген ( қара бидай) , түкті (сұлы) болуы мүмкін. Түстері – ақ, сары, қызыл, сұр – қоңыр, қара.
