Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зара сабаа атысу дптері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.92 Кб
Скачать

3.Тәрбиелiк:

- Орындаушылық , тәртiпшiлiк, көңiл аударушылық, шыншылдық, сенiмдiлiк, жауапкершiлiк, нәтижелiк, эмоциональды бiрқалыптылық, еңбекшiлдiк, iс-әрекеттiң  орындалуын жеткiлiктi қамтамасыз ететiн жеке мiнездiң тәрбиеленуi.

- Белсендiлiк, қызығушылық, мақсатқа жете бiлушiлiк, байқағыштық, тұрақтылық, сезiмдiлiк, шешiм қабылдағыштық, танымдылық, өз-өзiне баға беруге қабiлеттi, шығармашылық iс-әрекеттiң орындалуын жеткiлiктi қамтамасыз ететiн жеке мiнездiң  тәрбиеленуi.

-Талап қоя бiлушiлiк, өз-өзiн сынай бiлетiн, адамгершiлiгi зор, сенiмдi, сыпайы  және тұрақты, лайықты, ынталы, татулықты сүйгiш, ынтымақшыл, өз-өзiн ұстай алатын, сезiмшiл, парасатты қасиеттердiң алдымен оқушылар, содан кейiн өндiрiс ұжымда болуын және iс-әрекетiн жеткiлiктi қамтамасыз ететiн жеке мiнездiң тәрбиеленуi.

I. Сабақтың мақсатын, мiндетiн нақты қоя бiлу.

А.1.Пәннiң негiзгi тақырыбын оқушi моделiне сай логикалық түрде

анықтап соның негiзiнде сабақтың мақсаты мен мiндетiн жүйелi түрде  анықтай бiледi.

2.Мектептiң мақсаты мен сабақ тақырыбын байланыстыра отырып, сабақ түрiн дұрыс анықтай бiледi.

3.Тақырыптың жоспарды дайындау барысында жалпы және жекелеген сабақтардың тақырыбын жүйелi түрде оқытуды анықтап, осы негiзде қалыпты емес әдiстемелiк шешiмдердi таба бiледi.

4.Оқушы моделiне сәйкестендiре оқытудың диагностикалық мақсатын қоя бiледi.

5.Оқытудың мiндетi мен мақсаты нақты,айқын және балаларға түсiнiктi.

6.Сабақтың нәтижесi мен жетiстiк деңгейiн анықтай бiледi.

Б.

1.Мектеп оқушысының моделiне сай әдiстемелiк ұсыныстарға сүйене отырып, сабақтың мақсаты  мен мiндеттер жүйесiн нақтыландыра бiледi.

2.Тақырыптық жоспар дайындау барысында сабақтардың тақырып бойынша бiрыңғайлығын анықтай бiледi.

3.Тақырыптың жоспарды дайындау барысында жалпы және жекелеген сабақтардың тақырыбын жүйелi түрде оқытуды анықтап, осы негiзде қалыпты емес әдiстемелiк шешiмдердi таба бiледi.

4.Оқушы моделiне сәйкестендiре оқытудың диагностикалық мақсатын қоя бiледi.

5.Оқытудың мiндетi мен мақсаты нақты, айқын ж„не балаларға түсiнiктi.

6.Сабақтың нәтижесi мен жетiстiк деңгейiн анықтай бiледi.

В.

1.Сабақ мақсатын өзi анықтамай, аталған пән бойынша жалпы қолданысқа түсiп жүрген әдiстемелiк ұсыныстарды пайдаланып, оны өзiнiң қызметiне лайық бейiмдей бiледi.

2.Сабақ әдеттегiнен, бiр тектi сабақ түрiн анықтау барысында қойылған мақсатқа салғырт қарайды.

3.Оқушылардың дайындық деңгейiн есепке ала отырып мақсаттары айқындалады.

4.Оқытудың мақсаты мiндетi оқушыларға әрдайым жеткiлiктi түрде түсiнiктi бола бермейдi.

5.Сабақ жетiстiгi анықталмаған.

Г.

1.Сабақтың мақсаты мен мiндетiн дұрыс қоя бiлуде арнайы әдiстемелiк әзiрлемелердi қажет етедi, сол себептiәдiстемелiк ұсыныстарды еш өзгерiссiз сол қалпында пайдалана бередi.

2.Сабақ түрлерiн анықтай алмайды.

3.Тақырыптық материалдарды бөлуге ынта қоймағанның әсерiнен,сабақта бiрiздiлiгi байқалмайды.

4.Сабақ мақсаты көрсетiлмеген.

II. Сабақтың құрылымын анықтай және ұйымдастыра бiлу.

А..

1.Сабақтың құрылымы оның түрi мен мақсатына сәйкес.

2.Сабақ кезеңдерi бiр-бiрiмен байланысты  және логикалық түрде жүйеленген, бiр кезеңнен бiр кезеңге өту барысы проблемалық жағдай немесе проблемалық байланыс арқылы жүзеге асады.

3.Сабақтың басталуы мен аяқталуын дұрыс ұйымдастыра бiледi.

4.Оқушыларды зерделендiре түсетiн жеңiл тапсырмадан қиын тапсырмаларға өту кезенiн кезектестiре  отырып сабақ жылдамдығын дұрыс тандай бiледi.

5.Мұғалiм мен оқушы iс-әрекетiнiң ғылыми ұйымдастырылуы жоғары деңгейде.

 1.Сабақ құрылымы сабақтың түрiне сай .

2.Сабақ кезендерi бiр-бiрiмен байланысты, бiрақ сабақтың әр кезеңiнде логикалық байланыс байкала бермейдi.

3.Сабақтың не басын, не соңын ұйымдастыра бiледi.

4.Уақытты үнемдi  пайдалана бiледi, дегенмен сабақтың бiр кезеңнен екiншi кезеңiне, не болмаса қосымша түсiнiктеме беретiн жағдайларда оқу жұмысының төмендеуi байқалады.

5.Мұғалiм мен оқушы ғылыми еңбектерiнiң элементтерiн қолдана бiледi.

1.Сабақ кезеңдерi үнемi логикалық және бiр-бiрiмен тығыз байланысты бола бермейдi.

2.Сабақтың басталуы мен соңын әрдайым ұйымдастыра бiлмейдi.

3.Оқушылар алдында нақты мiндет қоя бiлмегендiктен, сабақ жылдамдығының төмендеуi кездесiп тұрады.

4.Сабақ бiрыңғай сарынмен өтедi, себебi, жеңiлден ауырға қарай жұмыс түрлерi берiлмейдi.

5.Ғылыми ұйымдастыру еңбегiнiң элементтерi үзiк түрде қолданылады

1.Сабақ кезендерi үнемi байланыста болмайды  және логикалық жүйе жоқ.

2.Сабақтың басталуын,аяқталуын ұйымдастыра алмайды.

3.Сабақ дайындау барысында оның құрылымына  уақытты дұрыс үнемдей бiлудi кiргiзбейдi.

4.Сабақ жоспарын немқұрайлы жасайды.

5.Мұғалiм мен оқушы жұмысының ұйымдастырылуы негiзден алшақ.