Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық сабақ ОЖЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.42 Mб
Скачать

№ 4 Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Нерв орталығының физиологиялық қасиеттері.

Нерв орталықтары. Нерв орталықтары деп организмнің белгілң бір қызметін реттейтін нейрондардың жиынтығын айтады. Нейрондардың мұндай жиынтығы орталық неррв системасының әр түрлі бөлімдерінде жатады. Мысалы, тыныс алуды реттейтін нейрондар жұлында, сопақша мида, аралық мида және ми қыртысында орналасқан, жүру және жүгіру кездерін меңгеруде көптеген нерв клеткалары қатысады, олар орталық нерв системасының әр түрлі бөлімдерінде орналасқан. Нерв орталықтарында қозуды орталық нерв системасының синапстары арқылы өткізетін бірнеше ерекшелік қасиеттер болады.

Таралған қозу тек қана сол рефлекстің орталығын қамтып қоймай, орталық нерв системасының басқа да бөлімдеріне жайылады. Тітіркендіру неғұрлым күшті және ұзақ болса, иррадиация соғұрлым кең байқалады. Қозу үлкен қашықтыққа таралуы да мүмкін: жұлынның нейрондарынан бастап, мидың әр түрлі бөлімдеріне және үлкен ми сыңарлары қыртыстарына дейін. Сонда иррадиация тек мида көршілес жатқан бөлімдердің орталықтарында байқалып қана қоймай, сонымен бірге қашық орналасқан нерв орталықтарына да таралатыны белгілі. Мысалы, аяқта пайда болған қозу барлық денеге таралып, денені біршама қозғалысқа келтіреді. Иррадиация балаларда жақсы байқалады, әсіресе, балалық шақтың ерте кездерінде, мектеп жасына дейінгі және төменгі класс жасындағы балалар әдемі ойыншықтарды көргенде ауыздары ашылып, секіріп, көңілдері көтеріліп, күліп жібереді.

Индукция. Әрбір нейронда немесе нерв орталықтарында пайда болатын бір нерв процесі, өзіне қарама-қарсы екінші процеске оңай ауысады. Мұндай құбылыс индукция деп аталады. Егер қозу тежелуге ауысқан жағдайды болымсыз индукция, егер тежелуден кейін, қозу басталса, оны болымды индукция дейді. Нерв системасының бір бөлімінде жүріп жатқан процесті зерттеп, ғалымдар қозу процесі тежелуге және керісінше ауысып отырады деген қорытынды жасалған. Процестердің ондай ауысып отыруын жүйелі индукция деп атайды /мысалы, адамның жүру кезінде байқалуы/. Жүйелі индукцияға, мысалы, оқушылардың сабаққа ұзақ отыруларына байланысты, мида орналасқан қимыл әрекетке келтіретін аймақта пайда болған тежелу жағдайынан кейңн, үзіліс кезіндегі қозғалу активтіктерінің жоғарылауы. Сондықтан сабақ аралық үзілістер кезінде оқушылардың тынығуы әрі белсенді, әрі қозғалмалы өткені жөн. Доминант принципі. Доминант жөніндегі ілімді А.А.Ухтонский /1911 ж./ жасаған. Доминант дегеніміз қозудың бір нерв орталығының екінші бір нерв орталығына уақытша үстемдік жасауы. Доминантқа бірнеше ерекшеліктер тән: жоғары қозымдылық, белгілі жылдамдық /инеттілік/, жинақтау /қозуды орталық нерв системасының басқа бөлімдерінен өзіне тартып алуы/. Бір орталықта пайда болған доминатты өозу ошағы индукция заңы бойынша көрші жатқан орталықтағы тежелу процесін өзіне тартып алып, оның жұмысын өзгертіп, өзі соның есебінен күшейіп отырады. Доминант құбылысын жануарлардан да, адамдардан да байқауға болады. Егер иттің артқы аяғын электр тоғымен тітіркендірсе, аяғын тартып алады /қорғану рефлексі/. Ал енді жануар аш болса, тамақ жеп жатқан кезде тітіркендіретін болса, тамақты жұту тездейді. Тағы бір мысал: ол жеңіл атлет спортшыларының жарысы кезінде көрермендердің айқай-шуынан, олардың доминант процесі жоғарылап, жүгіру қарқыны арта түсуі мүмкін. Тұрақталған доминантты қозу ошағы адамның мінез-құлығына едәуір әсер етеді. А.А.Ухтомский доминант принципі назар аудару мен ойлау поцесінің физиологиялық негізі деп жазған. Сонда әр бір педагог өзінің класс сабақтарында жаға материалды түсіндіру кезінде оқушыларда доминанттың көбірек тұрақталу жағынан көңіл аударған жөн. Доминанттың тұрақты болу жағдай балалардың жас ерекшелігіне байланысты. Баланың жасы жоғарылаған сайын доминант тұрақты болады. Мәселен, төменгі класс оқушыларында шыдамдылықтың аз болуы, ырғақтық әрекеттің бір түрінен екінші түріне сирек ауысуы осыған байланысты. Доминант ұзақ уақыт созылмалы болса, патологиялық өзгеріске айналуы мүмкін ондай жағдайды қозудың тоқырауы дейді. Мұндай жағдайда адамда галлюцинация /көзге әр нәрсенің елестеуі/ байқалады. Ауру бала өміріндегі доминанттың маңызы зор. Мәселен, көк жөтелмен ауырған бала үшін "ойнау" доминанттының маңызы зор. Бұл ауру, негізінен, жөтел ұстамасы ретінде байқалады. Ойынмен айналысқан балада ұстама сирек байқалып, ұстаманың өзі әлсірей бастайды.

Динамикалық стереотип. Сыртқы ортаның тітіргендіргіштері организмге жеке-жеке өз алдына әсер етіп қоймай, әдеттегідей бірінен кейін бірі жүйелі және бір ізді әсер етеді. Егер сол жүйелі жағдай қайталанса, онда ми қыртыстарының әрекетінде жүйелік немесе динамикалық стереотип пайда болады.

Динамикалы стереотип дегеніміз шартты рефлекстердің қалыптасып, тұрақталуындағы физиологиялық негіз. Мысалы, адамның тұрақты еңбек және демалу режиміндегі үйреншікті әдет т.б. үйренішті жұмыс әр уақытта жеңіл орындалады оған және аз энергия жұмсалады.

Стереотиптің пайда болуы – ми қыртыстарының өте күрделі синтездік әрекеті. Тұрақталған стереотипті қолдап отыру ми қыртыстары үшін ең жеңіл процесс. Жұмыс жағдайында лезде және өзінен-өзі автоматты орындалатын әдеттер мен дағдылар ми қыртыстарындағы динамикалық стереотипке байланысты тұрақталған жүйелі шарты рефлекстер.

Динамикалық стереотиптің қалыптасуы, әрі күрделі процесс, әрі қиын жағдай. Әсіресе, өте қиын жағдай жақсы және берік қалыптасқан стереотиптің басқа жаңа стереотипке ауысуы кезінде байқалады. Себебі стереотип нерв системасына байланысты жүйелі процесс болғандықтан ұзақ уақыт сақталады. Мысалы, адамның қозғалыстары және рефлекторлық дағдылары ұзақ уақыт бойы сақталып қалады. /шаңғы тебу, жүзу, велосипед тебу т.б/.

Стереотиптің қалыптасуы әрбір адамныңкүн тәртібіне негізделген. Стереотип адамның ұзақ жылдар бойы сақталған мінез-құлығының негізі болып есептеледі. Стереотипті өзгерту оңайға түспейді. Егер бала жазу жұмысын орындауда қаламды дұрыс ұстап дағдыланбаса оны үйрету қиынға соғады. Сондықтан стереотипті өзгертудің қиын екенін ескертіп, балалар өмірінің алғашқы күндерінен тәрбиелеу және үйрету тәсілдерінің дұрыс болуына ерекше көңіл аудару керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Нерв орталығына түсініктеме;

2. Суммация дегеніміз не?

3. Эрадиация дегеніміз не?

4. Кері байланысқа түсініктеме.

5. Доминант принципі.

6. Жалпы соңғы жол принципі.