Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық сабақ ОЖЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.42 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)

Басылым: бірінші

1-2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ожж-ның құрылым қызмет бірлігі – нейрондар. Синапстар, оның түрлері, қызметі.

Нейрон дегеніміз орталық жүйке жүйенің құрылым - қызмет бірлігі. Нейрон немесе нерв клеткасы ядродан нейроплазмадан, органоидтардан және қабықтан (мембранадан) тұрады. Нейроның пішіні әртүрлі болып келеді; жұлдызша, пирамида, үшбұрышты, бокал тарізді т.б. болады. Әр нейрон денсінен және өсінділерден тұрады. Үзын өсіндісі нейрит (аксон) козуды бір клеткадан екінші клеткаға беруші. Қысқы өсінділері нмнсе дендридтер козуды қабылдаушылар болып табылады. Нейрондардың бір-бірімен қосылған жерлерін –синапс (түйіспе) деп атайды. Түйіспелер арқылы яғни медитрлар арқылы (ацетилхолин, дофамин) арқылы қозу процесстері жүреді. Синапстардың мынандай түрлерін ажыратады; сома-соматикалық, сома-аксоналдық, сома – дентридтік т.б.

Жүйке жүйе орталық және шеткі болып екі бөлінеді. Орталық жүйке жүйегі ми сынарлары және жүлын жатады. Шеткіге нерв талшықтары нерв өсінділері жатады.

Нерв системасының негізгі құрылым бөлігі нерв клеткасы немесе нейрон. Нейронда дене және өсінділер болады. Нерв клеткасы мембранамен қапталған. Өсінділердің бірі ұзын болып келеді, олар аксондар деп аталады, ал, екіншілері қысқа, олар дендриттер деп аталады. Аксондар қозу импульстерін орталық бөлімнен жұмыс органдарына немесе керісінше жұмыс органдарынан орталық нерв системасына қарай өткізіп тұады. Дендриттер көптеген тармақтарға таралған, бұлар басқа нейрондардан келетін сигналдарды қабылдап, аксондарға қарай өткізеді. Сонда дендриттер импульстерді басқа нейрондардан қабылдап аксондар өткізіп отырады. Нейрондар орталыққа тепкіш /афферентті/, орталықтан тепкіш /эфферентті/ және жалғасу /контакт/ болып келеді. Афферентті нейрондар импульстерді рецепторлардан яғни жеке органдардан орталық нерв системасына қарай өткізеді. Эфферентті нейрондар импульстерді орталық нерв системасынан жұмыс органдарына қарай кері өткізеді. Контакт нейрондар өте ұсақ болып келеді де, афферентті және эфферентті нейрондардың арасындағы байланысты жүзеге асырады. Орталық нерв системасының нейрондары өзара синапстар арқылы байланыс жасайды. Сонда бір нейрон бірнеше мыңдаған әр түрлі нейрондармен байланысты болуы мүмкін.

Нерв клеткалары арқылы информациялардың берілуі. Нейронның негізгі қызметі импульстерді қабылдау, оларды өңдеу немесе жұмыс органдарына /еттерге, бездерге/ жеткізу. Нерв клеткаларына сигналдар неғұрлым көп баратын болса, оның әр түрлі физиологиялық процестерге қатысы соғұрлым үлкен болады. Синапстар арқылы әрі қоздырғыштық, әрі тежегіштік әсер етуі мүмкін. Қоздырушы нейрондар медиаторын, ал тежегіш - медиаторын бөледі. Мысалы, ацетилхомин әр түрлі органдарға түрліше әсер етуі мүмкін. Ол скелет еттерін қоздырып, жүрек еттерін тежейді. Нейрондардың арасындағы байланыс қозу импульстерінің көмегімен жүзеге асады. Нерв клеткаларыныі информациялық негізгі құралы нерв импульстерінің жиілігі болып табылады. Сол импульстер арқылы бұлшық еттердің, бездердің және басқа органдардың қызметін бағыттайды. Сөйтіп, нерв импульстері маңызды физиологиялық көрсеткіштер болып есептеледі. Синапс - нерв системасының ең сезімтал құрылым бөлігі. Синапстер зақымдалған жағдайда нерв клеткалары бірі-бірінен және жұмыс органдарынан бөлініп кетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Нейрондардың жіктелуі.

2. Нерв талшықтарының түрлері.

3. Синапстардың түрлері.

4. Импульстардың синапс арқылы берілу механизмі.