- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәні туралы түсінік
- •Шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы
- •Ежелгі түрік халықтарының шешендік өнері
- •Шешендік өнердің дамуы
- •Шешендік өнердің зерттелуі
- •Шешендік сөздердің түрлері
- •Шешендік даудың түрлері
- •Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік
- •Қазыбек Келдібекұлы (1667 – 1764)
- •Әйтеке Бәйбекұлы (1683 – 1722)
- •Бұқар шығармаларының зерттелуі
- •Мөңке би Тілеуұлы – белгілі шешен, халық мұңшысы
- •Мөңке Тілеуұлының сөз шеберлігі мен
- •Мұрат Мөңкеұлының толғауларындағы замана көрінісі
- •Мұрат Мөңкеұлының шешендігі
- •Махамбет Өтемісұлының өмірі мен тіл шеберлігі
- •Жарапазан өлеңдерінде айтылатын тапқыр сөздер мен шешендік нақыштар
- •Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ролі
- •Практикалық сабақтардың тақырыптары
- •Осөж тақырыптары
- •Сөж тақырыптары
- •«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәні туралы түсінік
- •Шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы
- •Қазақ халқының шешендік өнерінің тарихы
- •Тәуке ханның жеті жарғысы
- •Ежелгі түркі халықтарының шешендік өнері
- •Шешендік өнердің дамуы
- •Шешендік өнердің зерттелуі
- •Шешендік сөздердің түрлері
- •Шешендік даудың түрлері
- •Жесір дауы
- •Ер дауы
- •Мал дауы
- •Ар дауы
- •Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік
- •Қайталауға, бекітуге арналған тестік жұмыс
- •2.Кімнің сөзі? «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді».
- •3.Ойды аяқтаңыз.
- •6.Соңғы жылдары шешендік өнерді зерттеген ғалымдар
- •8.Қазақ шешендік өнерінің тарихын неше кезеңге бөлеміз?
- •11.Анафора деген не?
- •12.Сөздер айшықтаудың қай түріне жатады?
- •Қазыбек би (1667 – 1764)
- •Әйтеке бәйбекұлы (1683 – 1722)
- •Бұқар жырау шығармаларының зерттелуі
- •Мөңке би тілеуұлы – белгілі шешен, халық мұңшысы
- •Мөңке тілеуұлының сөз шеберлігі мен
- •Мұрат мөңкеұлының толғауларындағы замана көрінісі
- •Мұрат мөңкеұлының шешендігі
- •Махамбет өтемісұлының өмірі мен тіл шеберлігі
- •Жарапазан өлеңдерінде айтылатын
- •Тапқыр сөздер мен шешендік нақыштар
- •Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ролі
- •Қайталауға, бекітуге арналған тестік жұмыс
- •5.Ассонанс дегеніміз...
- •12. Дыбыстық қайталаудың қай түрі?
- •16. Жеті жарғы қай ханның тұсында шықты?
- •19. Ойды аяқтаңыз.
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар
- •Тақырыбы: Майқы би мен Аяз бидің тіл шеберлігі
- •Аяз би Жаманұлы және Құмырсқа батыр
- •Сабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы (1712-1802)
- •Тапсырма
- •Сары би мен Сырым Тапсырма
- •Мөңке би мен Сырым
- •Тапсырма
- •Алдар би мен Сырым
- •Сабақтың тақырыбы: Сырымның әңгімелері
- •Сырымның шешендік өнері
- •Сырым Малайсары ауылында
- •Сырымның Нұралымен кездесуі
- •Басқа пәле тілден
- •Сабақтың тақырыбы: Сырымның әңгімелері
- •Ханның Сырымды сынауы
- •Сырымның тапқырлығы
- •Өлмек хақ, тумақ хақ
- •Сабақтың тақырыбы: Билердің сөз шеберлігі
- •Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін
- •«Мен жастың жайсаңы едім»
- •Ғылым артық па, мал артық па?
- •Сабақтың тақырыбы: Шешендік арнау
- •Тапсырма
- •Сабақтың тақырыбы: Шешендік арнаудың түрлері
- •Естірту. Көңіл айту
- •Шоқанның қазасын естірту
- •Сабақтың тақырыбы: Шешендік дау
- •Шешендік сөздердің берер ұлағаты
- •Имандылық - шешендіктің бір белгісі
- •Абай Құнанбаевтың қара сөздері
- •Абай мен Әбіш
- •Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырларындағы мәнді сөздер
- •Бұқар жырау шығармалары
- •Махмуд Қашқари, ж.Баласағұни шығармаларындағы шешендік сөздер
- •Сабақтың тақырыбы: Төле бидің шешендігі
- •Атың Даналы болса...
- •Сабақтың тақырыбы: Қорқыт әулиенің шешендігі
- •Ортақ мұра
- •Оқытушы көмегімен студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстары
- •Заман-ай
- •Қазтуған жырау
- •Мадақ жыры
- •Асан Қайғы
- •4.Абайдың даналық шығармалары: Төмендегі кестені толтырыңыз:
- •Тақырыбы: Орта ғасырлардағы шешендік өнердің дамуы.
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі Студенттердің өз бетінше жұмысы
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі пәнінен бақылауға арналған тестік жұмыс
- •1. Қазақ шешендік өнерінің тарихын неше кезеңге бөлеміз?
- •4. Анафора деген не?
- •5. Асты сызылған сөздер айшықтаудың қай түріне жатады?
- •Студенттер білімін бақылауға және бағалауға арналған сұрақтар
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі Емтихан сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
Тапсырма
Төмендегі арнау әңгімелерінің мазмұнын айтыңыз, талдаңыз.
Тапқырлық туралы не түсіндіңіз?
Қасірет деген не?
Жұбату деген не?
Жақы лебіз туралы айтыңыз, мысал келтіріңіз
Шешендік сын туралы қандай шығармаларды білесің?
Арнау сөздердің бір саласы – шешендік сын. Қазақ ауыз әдебиетінде жерге, елге, малға айтылған шешендік сынның алуан түрі бар. Асан қайғы атынан он жылда бес саулық - мыңға, бес қара-жүзге жететін жердің құты екен, әттең, аттың сауырына сыймайды-ау, артыма сала кетер едім- деп, жерге арнап айтса, төс табаны төрт елі қарлап жүрер жол екен, төсегінен түңілген ерлер жүрер жол екен- деп, шөлге айтса, жал құйрығы қанат екен, төрт аяғы босаң екен- деп, жылқыға айтылатын сөздер шешендік сынның ежелгі үлгісі. Түйе үстінде туып, ат жалында өскен малшы, аңшы қазақ қашаннан ақ сыншы болған. Жүйрік ат, қыран құсты алыстан шаппай, ұшпай танитын саяткер құсбегілер туралы аңыздар бар. Ізіне қарап түйенің түгін, түсін айтатын, қозыға қарап мың қойдан енесін тауып табыстыратын, жоғалған биенің ішке кеткен құлынын ат болғанда танып алатын сыншылар туралы аңыз әңгімелер сақталған. Ондай сыншылар шындығында болды ма, жоқ па оған кепілдік беру қиын, бірақ сөздің қисыны мен дәлеліне қарап халықтың даналығы мен тапқырлығына сүйсінесің.
Қоғам дамуының шешендік сатысында тұрған қазақ еліне: «Не қызыңның ажарымен, не ұлыңның ақылымен байсың, онда да өзің сақ болсаң, әйелің қолы берекетті болса, мал құралады» - дейді, Асау қарт.
* * *
Наурызбай би жас кезінде Қыпшақ, Монғол биді шақырып мейман ғып сыйлап, бағын сынатады. Сонда Монғол би былай дейді:
Ілімің бар екен,
Білімің қалай?
Қағуың бар екен,
Халқыңа жағуың қалай?
Айлаң бар екен,
Халқыңа пайдаң қалай?
Жорғалығың бар екен,
Халқыңа қорғандығың қалай?
Заттығың бар екен, Жарқыным
Халқыңа қымбаттығың қалай?
Мұнда қарт сыншы жас бидің ілімділігін, айлакерлігін, сөзшеңдігін бектігін растайды. Бірақ ақыл қайрат барлығымен құнды емес, дұрыс бағытымен құнды, - дейді. Егерде қасиетті адам қабілетін халқы үшін пайдаланса, ол елінің қамқоры, ол айласын қара басы үшін жұмсап, еліне ептілік жасаса – ол халқы үшін нағыз қауіпті адам болмақ..
Осындай бір шешендік сын:
Алғаның жақсы болса - абыройыңның тұрағы,
Атың жақсы болса - дүниенің пырағы.
Балаң жақсы болса – екі көздің шырағы, - деп, келесі ұрпақ, келешек жасты қара басы үшін емес, халқы үшін қызмет істеуге жақсылыққа, сыйластыққа меңзейді.
Сөзге шебер шешен адамдар ауызекі сәлемдескенде, өзара жауаптасқанда шешендік сөз тақпақ жырларды жиі қолданған. Тұрмыс салт жырларында батырлық және ғашықтық дастандарда шешендік сәлемнің неше түрлі келісті үлгілерін кездестіруге болады.
Қамбар батыр жырындағы Келмембеттің Әзімбайға, Жәдігердің Қамбарға, Қамбардың Қараманға тұспалдап айтылатын сөздері осыған мысал бола алады. Сол сияқты ел аузынан жиналған халық шығармаларында да шешендік сәлемнің сан қилы нұсқалары кездеседі. Арғын Мұнасып батыр кедей екен. Бір күні есік алдында тары түйіп жатса төрт бес адам келіп сәлемдеседі. Сонда Мұнасып қонақтардан қысылып былай дейді:
Түзге шықсам батырмын,
Үйге келсем қатынмын.
Қатын ауру, бала жас,
Тары түйіп жатырмын.
Менің атым Мұнасып,
Жүрем десең жол ашық.
Түсем десең үй мынау,
Алдыңдағы лашық..
Атадан қалған кедеймін,
Келе жатқан ұласып.
Бұл сөзді Досбол айтты деген де нұсқасы бар. Алайда сөздің түпкі төркіні халықтікі. Халық Мұнасыптай батырдың, Досболдай бидің ісін жастарға үлгі етіп ұсынады. Түзде айбынды батыр, азулы би болсаң да өз үйіңде өзің төре болма, «құлдай істеп, бидей іш» дегенді аңғартады. Барбас дейтін бай бүкіл үш жүзге сауын айтып той жасап, Алтай Байдалы биді шақыртады.Тойға мініп баратын аты болмай Байдалы би байға былайша сәлем айтыпты:
Дұғай сәлем Барбасқа,
Көкірек бірге жан басқа
Сұлулығы өзіндей
Жүйріктігі өзімдей
Ат жіберсін торы қасқа
Байдалы мінер әр топқа
Даңқы кетер жан жаққа
Небір ақын, шешен, билер ел арасын ығыр қылған қасаң, дау талапты алдын ала анықтау үшін араға кісі салып «ауызша хатбегі» сөйлесуді де қолданған. Сондай ақ ілгеріден кейінгіге қосып келе жатқан «білімдінің хаты» сияқты өсиет сәлемдер де бар.
Адам баласының басына түсетін қайғының ауыры қазамен байланысты туған естірту, көңіл айту сияқты шешендік сөздердің әр түрлі нұсқалары сақталған ондай сөздерді топтап, шешендік көңіл айту деуге болады. Шешендік сөздер көңілі қаралы, беті жаралы жандарды жұбату үшін айтылады. Тауып айтылған жұбату сөздер көңілі қайғылы қазалы жанды қайырымсыз қазадан түңілтеді, қаза ортақ, қайғы кезек екенін ескертіп жұбатады. «Өткенге өкінгенше, тірінің тілеуін тіле» - дейді.
Жұбату
Ақ қоян қашты беркінге,
Қоймады бүркіт еркіне.
Өлмес адам болмайды,
Өткелсіз су болмайды.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ..
Дүниеде не күшті
Ажал күшті
Ақ сұңқар тұғырдан ұшты.
Таусардың суын ішті
Хордың қызын құшты- дейтін жұбату сөздер – жалғыз баласы өліп, жер таянып қалған қарт ата –анаға әртүрлі үлгіде атам заманнан бері келе жатқан көңіл айтудың дәстүрлі түрі. Халық мұнда қаза ешкімнің қалаулысына қарамайды. Өлімнен ешкім қашып құтылмайды - дегенді аңғартады. Сонымен бірге, өлім - өмірдің заңы, оған мойын ұсын- дейді, балаң бұл дүниеде көрмеген қызығын о дүниеде көреді-міс –деп, жылағанды жұбату үшін діни аңыздарды да пайдаланады. Халық қалаған даналық ой, тапқырлық сөздерді белгілі билердің, беделді адамдардың атынан тарату ауыз әдебиетіндегі ертеден келе жатқан дәстүр. Сондай шешендік көңіл айтудың бірі - Шоқай мен Досболдың Ерденге айтқан сөзі.
Баласы өлген Ерден батыр ешкімді қабылдамай қайғырып жатып қалады. Соған көңіл айта келген Шоқай би былай дейді:
-Ей, батыр Ерден!
Басыңды көтер жерден,
Әкең Сандыбай да өлген,
Оны мына Шоқай көрген.
Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Ауырды нар көтереді,
Өлімді ер көтереді...
Сонда Шоқаймен келген Досбол шешен:
Өлмесе қайда кетті,
Бұрынғының кәрісі,
Жер жүзін жұтса да тоймайды.
Қара жердің талысы
Ерден- ау!
Өткенге өкінбе,
Келмеске кейіме,
Өлім деген ұзақ жолдың алысы – дегенде, Ерден басын көтеріп, жылап көріскен- дейді.
Бұл сөзде халықтың дүниеге, өмірге диалектикалық, , реалистік көзқарасынан көрінеді. Сосын халық: «Қазаға сабыр қыл, болған іске болаттай бол» - дегенді аңғартады. Өмір сүруге лайықтының бәрі - өлімге де лайық. екенін айтады. Жақсы лебіз, жанашырлық сөзі жаралы жанның көңілін ширатып, көзінің жасын тияды. Бұл сөз өнерінің соның ішінде шешендік сөздердің сиқырлы күшіне дәлел бола алады.
Екі оқты құлан көтереді
Бір оқты бұлан көтереді
Арыстанның белгісі
Айналып кетсе артына
Ақырмайды –деп, еді.
Нар түйенің белгісі
Қабырғасын сөгіп қаза алса
Бақырмайды –деп, еді.
Нағыз туған асыл ер
Қасірет қайғы тартса да
Аһ! Ұрмайды - деп, еді – дейтін шешендік сөздер ерді, сабырлы шыдамды болуға шақырады. Өмірде өлім қайғысын тартпайтын, басына ауыр іс түспейтін пенде болмайды, қаза, қайғы, қиыншылық, таршылық жаман адамды жасытады, жақсыны шынықтырады, ширатады.
Басыңа іс түссе ойлай берме, бойлай бер -дейді.
Өлім алусыз тау
Кімнің бауыры сау?
Пұлсыз берді
Құнсыз алды
Оған не дау?
Бізге аяулы
Аллаға қалаулы - деп өмірдің заңын, өлімнің қайырымсыздығын, өз ұрпағына лайықтап түсіндіріп, жақсылыққа - тасымайтын, жамандыққа -жасымайтын төзімді, қайсар болуға шақырады. Сайып келгенде, шешендік арнау адам арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейді. Халықтың әдет ғұрпын, салт санасын білу, тіл байлығы мен сөйлеу мәнерін үйрену үшін шешендік арнау сөздердің мәні үлкен.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Дәдебаев Ж. Шешендік сөздер. Алматы: Мектеп-1993
2.Кәкішов Т., Билер сөзі. Алматы: Мектеп-1992
3. Адамбаев. Б.Қазақтың шешендік өнері.Алматы: Атамұра-2008
4. Адамбаев. Б. Халық даналығы. Алматы: Рауан,1996-92-96б
№8 Практикалық сабақ
