- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәні туралы түсінік
- •Шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы
- •Ежелгі түрік халықтарының шешендік өнері
- •Шешендік өнердің дамуы
- •Шешендік өнердің зерттелуі
- •Шешендік сөздердің түрлері
- •Шешендік даудың түрлері
- •Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік
- •Қазыбек Келдібекұлы (1667 – 1764)
- •Әйтеке Бәйбекұлы (1683 – 1722)
- •Бұқар шығармаларының зерттелуі
- •Мөңке би Тілеуұлы – белгілі шешен, халық мұңшысы
- •Мөңке Тілеуұлының сөз шеберлігі мен
- •Мұрат Мөңкеұлының толғауларындағы замана көрінісі
- •Мұрат Мөңкеұлының шешендігі
- •Махамбет Өтемісұлының өмірі мен тіл шеберлігі
- •Жарапазан өлеңдерінде айтылатын тапқыр сөздер мен шешендік нақыштар
- •Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ролі
- •Практикалық сабақтардың тақырыптары
- •Осөж тақырыптары
- •Сөж тақырыптары
- •«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәні туралы түсінік
- •Шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы
- •Қазақ халқының шешендік өнерінің тарихы
- •Тәуке ханның жеті жарғысы
- •Ежелгі түркі халықтарының шешендік өнері
- •Шешендік өнердің дамуы
- •Шешендік өнердің зерттелуі
- •Шешендік сөздердің түрлері
- •Шешендік даудың түрлері
- •Жесір дауы
- •Ер дауы
- •Мал дауы
- •Ар дауы
- •Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік
- •Қайталауға, бекітуге арналған тестік жұмыс
- •2.Кімнің сөзі? «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді».
- •3.Ойды аяқтаңыз.
- •6.Соңғы жылдары шешендік өнерді зерттеген ғалымдар
- •8.Қазақ шешендік өнерінің тарихын неше кезеңге бөлеміз?
- •11.Анафора деген не?
- •12.Сөздер айшықтаудың қай түріне жатады?
- •Қазыбек би (1667 – 1764)
- •Әйтеке бәйбекұлы (1683 – 1722)
- •Бұқар жырау шығармаларының зерттелуі
- •Мөңке би тілеуұлы – белгілі шешен, халық мұңшысы
- •Мөңке тілеуұлының сөз шеберлігі мен
- •Мұрат мөңкеұлының толғауларындағы замана көрінісі
- •Мұрат мөңкеұлының шешендігі
- •Махамбет өтемісұлының өмірі мен тіл шеберлігі
- •Жарапазан өлеңдерінде айтылатын
- •Тапқыр сөздер мен шешендік нақыштар
- •Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ролі
- •Қайталауға, бекітуге арналған тестік жұмыс
- •5.Ассонанс дегеніміз...
- •12. Дыбыстық қайталаудың қай түрі?
- •16. Жеті жарғы қай ханның тұсында шықты?
- •19. Ойды аяқтаңыз.
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар
- •Тақырыбы: Майқы би мен Аяз бидің тіл шеберлігі
- •Аяз би Жаманұлы және Құмырсқа батыр
- •Сабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы (1712-1802)
- •Тапсырма
- •Сары би мен Сырым Тапсырма
- •Мөңке би мен Сырым
- •Тапсырма
- •Алдар би мен Сырым
- •Сабақтың тақырыбы: Сырымның әңгімелері
- •Сырымның шешендік өнері
- •Сырым Малайсары ауылында
- •Сырымның Нұралымен кездесуі
- •Басқа пәле тілден
- •Сабақтың тақырыбы: Сырымның әңгімелері
- •Ханның Сырымды сынауы
- •Сырымның тапқырлығы
- •Өлмек хақ, тумақ хақ
- •Сабақтың тақырыбы: Билердің сөз шеберлігі
- •Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін
- •«Мен жастың жайсаңы едім»
- •Ғылым артық па, мал артық па?
- •Сабақтың тақырыбы: Шешендік арнау
- •Тапсырма
- •Сабақтың тақырыбы: Шешендік арнаудың түрлері
- •Естірту. Көңіл айту
- •Шоқанның қазасын естірту
- •Сабақтың тақырыбы: Шешендік дау
- •Шешендік сөздердің берер ұлағаты
- •Имандылық - шешендіктің бір белгісі
- •Абай Құнанбаевтың қара сөздері
- •Абай мен Әбіш
- •Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырларындағы мәнді сөздер
- •Бұқар жырау шығармалары
- •Махмуд Қашқари, ж.Баласағұни шығармаларындағы шешендік сөздер
- •Сабақтың тақырыбы: Төле бидің шешендігі
- •Атың Даналы болса...
- •Сабақтың тақырыбы: Қорқыт әулиенің шешендігі
- •Ортақ мұра
- •Оқытушы көмегімен студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстары
- •Заман-ай
- •Қазтуған жырау
- •Мадақ жыры
- •Асан Қайғы
- •4.Абайдың даналық шығармалары: Төмендегі кестені толтырыңыз:
- •Тақырыбы: Орта ғасырлардағы шешендік өнердің дамуы.
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі Студенттердің өз бетінше жұмысы
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі пәнінен бақылауға арналған тестік жұмыс
- •1. Қазақ шешендік өнерінің тарихын неше кезеңге бөлеміз?
- •4. Анафора деген не?
- •5. Асты сызылған сөздер айшықтаудың қай түріне жатады?
- •Студенттер білімін бақылауға және бағалауға арналған сұрақтар
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі Емтихан сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
Әйтеке бәйбекұлы (1683 – 1722)
Жоспары:
1.Әйтеке бидің өмірі
2. Әйтеке бидің шешендік сөздері
3. Әйтеке бидің тапқырлығы
Әйтеке (шын аты Айтық) Бәйбекұлы (1683 – 1722). Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі.
Қазақ шежіресінде Жаңарыстың бір аталарынан Алшын одан Сарыбас, Пұсырман, Шеңгір, Төртқара шығады. Төртқарадан Қарашы, одан Сейтқұл. Сейтқұлдан сегіз бала болған. Соның бір кезінде Самарханды билеген Жалаңтөс батыр еді.
Әйтеке сол Жалаңтөстің немересі. Ақшаның үшінші баласы Бәйтектен туған. Ақша Жалаңтөс батырдың әкесі бір, шешесі бөлек туысы екен.
Әйтекенің шыққан тегі жөнінде тағы бір шежіре бар. Оны Қызылорда облыстық тарихи және мәдениет қоғамның төрағасы Шайхислам Серікбаев («Егеменді Қазақстан», 8 ақпан 1992 жылы) жазыпты:
«Әлімнің алты баласының біреуі Қарамашақ. Одан Оразгелді Ораз, Жаншұқыр Қараш деген төрт бала туады. Қараштан екі бала – Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан үш бала – Тоғамыс, Шобан, Сейтқұл. Сейтқұлдың бәйбішесінен (Сырым кемпірден) Сейтмәмбет, Төлеш, Ақша. Тағы бір әйелінен (қара кемпірден) Жалаңтөс Дүйсенбай, Матай, Түрікмен, Қоян туады. Бұларды «сегіз Сейтқұл» дейді. Ақшадан алты бала - Шал, Бәйбек, Қонысбек, Жоламан, Бекпенбет, Бөкенші туады. Бәйбектен үш бала - Кешубай, Қашқын, Әйтеке тарайды».
Әйтеке бидің қай ауылда, қай жылы туғаны әзірше анық емес, әркім әртүрлі жазып жүр.
Әйтеке би жөнінде белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев өзінің «Егеменді Қазақстан» газетінің арнайы тапсыруы бойынша жазған «Әйтеке би» атты (1991 жылы 23 қараша) жан-жақты зерттеп толғана отырып, Әйтеке би қақында көптеген жайларды анықтай түскен. Бүкіл қазақ сахарасын таңыртқан әйгілі «Елім-ай» әнінің дастанының авторы атақты Толыбай сыншының баласы Қожаберген:
«Өткен жылы Әйтеке би дүниеден өтті
Келгенде елу алты жасқа ажал жетті.
Бағыну бір көсемге дұрыс қой деп,
Боларын осы апаттың болжар етті
Өткен күн ойлағанмен қайта оралмас,
Ұшқан бақыт басыңа қайта қонбас.
Өсиетін Әйтекенің естеріне алып,
Қазыбек,Төле, Ақсуат шайқады бас, -деп жырлапты.
Бұл жерде Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би болса бүкіл қазақ жұртына атағы белгілі бас билер. Ал Ақсуат би Әйтеке би қайтыс болғаннан кейін соның орнына сайланған Кіші жүздің аға биі.
Әйтекеге шешендік тапқырлық өнер бала кезінен дарыса керек.
Қозы бағып жүрген жас кезінде Әйтеке үш аттылы жолаушыға жолығады.
Ассалаумағалейкум, ағалар?
Әликімүссалам.
Кімнің баласысың?
Бәйбек баласымын.
Бәйбектің баласы болсаң, білетін шығарсың, Қосуақ бидің ауылы қайсы?
Айтайын, онда не шаруаларыңыз бар еді?
Ойнап жүрген баламызды осы елдің бір адамның аты теуіп өлтіріп, соған құн даулап Қосуақ биге жүгінгелі келеміз.
Қосуақ бидің үйі анау тұрған боз үй. Егер балаңызды ат босағада тепсе бүтін құн, жабықта тепсе жарты құн, түзде тепсе төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осылай демесе осып айтар жолдарыңыз болсын, - депті, әлгілі бала.
Үш жолаушы Қосуат бидің үйіне түседі. Әңгіме билік сөз бастайды. Би айыпкерді алдырады. Бүтін құн алмақ болған баланың әкесі:
Баламды ат босағада тепті, - десе, екінші даукес:
Жабықта тепті, -депті. Би айыпкерге «сөйле» дейді. Сонда айыпкер кісі:
Атым босағада да, жабықта да тұрған жоқ. Анадай жердегі кермеде байлаулы тұр еді. Біз үйде шай ішіп отырсақ, апыл-тапыл басып жүрген жас бала аттың артына барып, құйрығынан ұстай бергенде, ат теуіп өлтіріпті. Бұған мен кінәлі емеспін. Баланың шешесі кінәлі. Айдалада байлаулы тұрған аттың астына баласын неге жібереді? – депті. Сонда Қосуақ би:
Баланы ат босағада да, жабықта да емес, түзде тепкені анықталды. Айыпкер құнның төрттен бірін төлесін, - деп билік айтыпты. Сонда өлген баланың әкесі:
Япырым-ай, осы билікті бізге жолда кездесіп, жөн сілтеген бір қойшы бала айтып еді. Түбінде сол бала елді аузына қаратқан би болар, - деген екен.
* * *
Әлім ауылының бір көп балалы құметті қариясының кенже баласы жау қолында қаза болғанда Әйтеке би бастап барып, көңіл айтқан сөзі:
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда болса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Панасы жоқ, тұрақжоқ.
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де сол қиын.
Артта қалған тұяқ жоқ,
Шүкіршілік етіңіз, - дегенде, Әйтекемісің? – деп, қария басын көтеріпті деседі ел.
* * *
Айтық Бәйбекұлы әлі Әйтеке аталмаған жас кезінде Қазыбек биге жолығыпты дейді ел. Сонда ел билегеніне араласып, атағы жайылып қалған аға би:
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Келінің соңы болады. –
деген, сен сол ұлдың қайсысы боласың? – депті. Сонда оның алдына жүгініп отыра кеткен Айтық:
Ораздының кәрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Аразданың кәрісі,
Қартайғанда қазымыр болады,- демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? – деп қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Қаражігіттің батылдығына риза болыпты:
Е, е, жігітім, халық сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді Қаражігіт:
Мен де, халқым, қаласа, елімнің оң сөйлер ұлы болармын, - деп, орнынан тұрып Қазыбек ағасына қайта сәлемдесті, - дейді.
Әйтеке билікті мақал – мәтелмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір, би болған. Сондықтан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, «Жеті жарғы» заңын жасасқан азамат.
Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, мақала жазған білгір ғалым Балтабай Адымбаев ол жөнінде былай жазады:
«Қазақ руларының басын біріктіріп, бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке шешендігімен бір кезінде ел басқарған, заң жасасқан феодалдық қазақ мемлекетін құрысып нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері (Б.Адамбаев, Ел аузынан. 1989, 48 бет)
Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің туған халқының зар мұңын жеп айтқан ой пікірін аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәлел:
-Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!..
Әдебиет, өнер тарихында рухани таза болмысы мен турашылдығымен, даналығымен, күйлі қуатты әрі сымбатты сөздерімен аты аңызға айналған ақыл-ой алыптарының бірі - Алшын Әйтеке би. Ол ұлттың біртұтастығын сақтаған мемлекеттің ірге тасын көркейте қалаған, елінің есендігімен еңсесі биік болуы үшін қайраткерлік, санаткерлік - мәмлегерлік, батылдық шешендік өнерінің күш қуатын мейлінше сарқа пайдаланған текті тұлға.
Әйтеке биді Үйсін би мен Қаракесек Қазыбек биден кіші деп айтып та, жазып та жүр. Алайда ол жайлы ХYІІІ ғасырдың басында болған ұлы оқиғаларда, атап айтқанда, «ақтабан шұбырынды» жылдарында я болмаса Әбілхайыр ханды Барақ сұлтан өлтірген шақта, әйтпесе орыс-қазақ қатынастарында бір де бір жазылған нақты дерек көрсетілмейді.
Әйтеке бидің үлкендігі турасындағы мынадай бір жәйтті Мәшһүр Жүсіп «Даналар» атты өлеңінде келтірген:
Қазыбек, Әйтекедей көсем өткен,
Әлдибек, Айтпай, Майлы шешен өткен.
Жолы үлкен, жасы кіші Төле бидің,
Әйтеке, Қаздауысты Қазыбектен.
Қазақ халқының білгір шежіресі Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында (ХYІІІ ғ.) Әйтекенің елу алты жаста дүниеден өткені келтірілген.
Әйтеке би артына сөз қалдырған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі. Шоқан Уәлиханов белгілі билердің бірі ретінде Әйтекенің есімін Төле бимен қатар атайды.
Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы біріңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесшісі, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.
Өрелі өркениетті бір тұтас мемлекет болу үшін ынтымақ, бірлік ауадай қажет екені ежелден белгілі. Өйткені ел ішінде ауыз бірлік болса, берекелі мағыналы істер мол болады. Адамның жүйкесі тозбайды, жұмысқа ерекше қабілеті артады, өмірін кеңейтеді, елін есейтеді. Бұл орайда халық қазанын қайнатқан Әйтеке бидің мәні мен сәні үйлескен мына бір күйлі қуатты лебіздерінде дүниетаным тереңдігі, алысты болжар көрегендігі айқын көрініс тапқан.
Ағасы келсе ардақтап атын байлағандай,
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай.
Тындырымды інісі болса,
Қанат құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса.
Інінің міндеті - басқару,
Ағаның реті – бас бағу емес пе?
Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ.
Біз-үш жүз керіспейік, келісейік.
Ал керісе қойсақ үшеуімізге де бірдей –
Хандық түгел, ондық та жоқ.
Мен – 29 рудан құралған кіші жүзбін,
Әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін.
Керісер болса, осы үшеуі маған – жайсыз,
Сендерге жоқ.
Енді бір аңызда ауылына келіп отырған Төле би мен Қазыбек Әйтеке баладан «жігіттің жақсысы қандай болады?» - деп сұрапты.
Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген, - дейді Әйтеке.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Төреқұлов Н., Қазыбеков М. Қазақтың би - шешендері. 1,2 - кітап-Алматы: Жалын 1993. – 400 бет.
2.Үш жүздің билері. (Қазақтың атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерінің шешендік өнері мен нақыл сөздері жайында) Қызылорда қаласы, 1998 жыл.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Әйтеке бидің өмірі мен билік құрған шешімдері.
Әйтеке бидің артында қалған өшпес мұрасы туралы.
«Ашу келсе ақыл кетер, ашудан ақылың көп болса, ашу не етер» деген нақыл сөздің мәнін аш.
«Бала Әйтекенің билігі» әңгімесіндегі бала Әйтекенің көрегендігін айтыңыз.
№ 25-26 Дәріс сабағы
