Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шешендік өнер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Шешендік өнердің дамуы

Жоспары:

1. Шешендік өнердің пайда болуы және даму кезеңдері

2. Ескерткіштер сөйлейді және Орхон-Енисей ескерткіштерінің маңызы.

3. Ескі заңдардың мәні мен мазмұны.

Шешендік өнер тарихына көз жіберсек Ежелгі Греция мен Рим қоғамынан бастап, Еуропа Шығыс халықтарында да шешендік өнер қалыптасқан. Зерттеушілердің айтуынша шешендік өнер айтыс дауларда туып дамыған.

Шешендердің көпшілігі мемлекет қайраткерлерінен, парламент мүшелерінен, философтардан, саясаткерлерден болған

Мысалы, ежелгі Грек шешені Демосфен және Рим шешені Цицирон әуелі адвокат кейін парламент басшылары болған. Шешендік өнер ғылыми тілде риторика деп аталады.

Шешендік өнердің даму кезеңдері төмендегідей:

1.Ел құрасқан шешендер

2. Ер қорғасқан шешендер

3. Хан-сұлтандарға қарсы шешендер

Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады.

Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:

1. Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр.

2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр.

Осы екі дәуірдің шешендерін «Ел құрасқан шешендер» деп атайды.

3.17-18 ғасыр «Ел қорғасқан шешендер» Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды.

4.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ.

5.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері.

Шешендік дегеніміз - белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлық пен көркем тілмен айтылған және оны қорытындылау мен түйіндеуге бағытталған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.

Қазақтың шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон Енисей ескерткіштерінде жазылған. Онда Қорқыттың айтқан нақыл сөздері де бар.

Көне жазба мұраларында Махмұд Қашқари, Баласағұни, А.Игнеки, С.Сарайи, Құтып, Р.Хорезмнің айтқан сөздері табылған.Шешендік өнер бастауы мен даму кезеңдері Жеті жарғы заңына да, Салон заңына да байланысты.

Қазақ хандығының заңдары «жарғы» деп аталады. «Негізі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстарында қолданған «ярғұ» заңынан алынған. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні шешімнен, бір нәрсенің салмағын бір жағына аудырмай, дәл, әділ айтудан шыққан.

Дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап «қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермей, дәл айыруы әділдіктің мезгеуі болған. Ешқандай жазусыз, ауызша айтылып, мүлтіксіз орындалатын болған. Мұның өзі сөзге үлкен мән беріп, айтқан сөзді ескерусіз қалдырмағандығын көрсетеді. Жарғы заңының негізі, міне, осында. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери демократия арнасына барып тіреледі.

Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан (билік құрған жылдары (1511-1523) жоғарыдағы саяси жағдайға және халық бұқарасы мен билер тобының тілегіне негізделіп, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптық ереже-тәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып билер кеңесінде ақылдаса отырып, «жарғы» заңын жасады.

Қасым ханның қасқа жолында бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері:

1.Мүлік заңы (мал-мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).

2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).

3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).

4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).

5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.

Есім ханның (1598-1645) тұсындағы заңдар «Есім ханның ескі жолы» деп аталған.

Ел аузында сакталған деректерге қарағанда, Есім хан тұсында «қасқа жолға» қосылған жаңалық: «хан болсын, ханға лайық заң болсын; абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын; би болсын, би түсетін үй болсын» деген ережелер екен.

Есім ханның ескі жолында айтылатын ежелден-ақ қазақ қоғамындағы күрделі даулардың бірі – кісі өлімі. Кісі өлімі үшін құн алынған. Есім хан шығарған арнайы заң бойынша өлген кісіге өлтіруші жақ құн төлеуге міндетті. Ер адамның құнына жүз жылқы, алты жақсы түйе кесілген. Ол барлық еркек үшін бай, кедей, жас, кәрі демей бәріне бірдей сол дәуірде бұл алынған негізгі құн өлшеуінен артық құнның мынадай түрі болған:

1. Өнер кұны. Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған деп, жұртқа белгілі ақындар мен топқа түсіп бәйге алған балуандар есептеледі, олардың құны үшін екі кісінің құны, яғни,200 жылқы, 12 түйе кесілуі керек.

2. Сүйек құны. Оған өлген кісінің сүйегі үшін төленетін құн жатады. Мысалы өлген адамның сүйегі туған-туысқанының қолына түспей, жоқ болып кетсе, ол үшін екі адамның құнын төлеулері керек.

Бұл екі түрлі құнды, үстеме құн деп атаған. Кісі өліміне құн төлеу жайлы жоғарыда айтқан ойымызды бізге келіп жеткен «Есім ханның көкаласы бір-ақ бесті» деген қағида толық дәлел бола алады. Ұры ұрлап кеткен Есім ханның көкала дейтін аты қанша жақсы, жүйрік жылқы болғанымен ас пен тойға қосылып бәйге алған мал емес екен. Сондықтан да ұрыдан төлеу алғанда төлеуге бір-ақ бесті кесіпті. Мұнан бестінің жұрт көзіне түсіп, белгілі болу, болмауына байланыстылығы көрінеді.

Бұл қазақ хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалады. «Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдары XVII ғасырдың аяқ кезі мен XVIII ғасырдың басында қайта толықтырылып, елеулі өзгерістер енгізіліп дамытылады.

Тәуке хан (1680-1718) тұсында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» өткізіліп, «Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, «жеті жарғы» деп аталды.

Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заңы еді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тілеужанов. М. Ел әдебиеті-Алматы: Білім, 1983

2. Табылдиев. Ә. Халық тағылымы-Алматы:Рауан,1980

3.Қазақ әдебиеті тарихы 1,2 том-Алматы: Рауан,1985.

4.Ескі түркі ескерткіштері туралы зерттеулер. Алматы: Мектеп,1993.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Есім хан шығарған арнайы заң мазмұнын айтыңыз.

2. Қасым ханның қасқа жолындағы заң-қағидалар.

3. Ескі заңдардың маңызы қандай?

4.Шешендік өнердің даму кезеңдері туралы айтыңыз

11-12 Дәріс сабағы