- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәні туралы түсінік
- •Шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы
- •Ежелгі түрік халықтарының шешендік өнері
- •Шешендік өнердің дамуы
- •Шешендік өнердің зерттелуі
- •Шешендік сөздердің түрлері
- •Шешендік даудың түрлері
- •Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік
- •Қазыбек Келдібекұлы (1667 – 1764)
- •Әйтеке Бәйбекұлы (1683 – 1722)
- •Бұқар шығармаларының зерттелуі
- •Мөңке би Тілеуұлы – белгілі шешен, халық мұңшысы
- •Мөңке Тілеуұлының сөз шеберлігі мен
- •Мұрат Мөңкеұлының толғауларындағы замана көрінісі
- •Мұрат Мөңкеұлының шешендігі
- •Махамбет Өтемісұлының өмірі мен тіл шеберлігі
- •Жарапазан өлеңдерінде айтылатын тапқыр сөздер мен шешендік нақыштар
- •Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ролі
- •Практикалық сабақтардың тақырыптары
- •Осөж тақырыптары
- •Сөж тақырыптары
- •«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәні туралы түсінік
- •Шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы
- •Қазақ халқының шешендік өнерінің тарихы
- •Тәуке ханның жеті жарғысы
- •Ежелгі түркі халықтарының шешендік өнері
- •Шешендік өнердің дамуы
- •Шешендік өнердің зерттелуі
- •Шешендік сөздердің түрлері
- •Шешендік даудың түрлері
- •Жесір дауы
- •Ер дауы
- •Мал дауы
- •Ар дауы
- •Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік
- •Қайталауға, бекітуге арналған тестік жұмыс
- •2.Кімнің сөзі? «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді».
- •3.Ойды аяқтаңыз.
- •6.Соңғы жылдары шешендік өнерді зерттеген ғалымдар
- •8.Қазақ шешендік өнерінің тарихын неше кезеңге бөлеміз?
- •11.Анафора деген не?
- •12.Сөздер айшықтаудың қай түріне жатады?
- •Қазыбек би (1667 – 1764)
- •Әйтеке бәйбекұлы (1683 – 1722)
- •Бұқар жырау шығармаларының зерттелуі
- •Мөңке би тілеуұлы – белгілі шешен, халық мұңшысы
- •Мөңке тілеуұлының сөз шеберлігі мен
- •Мұрат мөңкеұлының толғауларындағы замана көрінісі
- •Мұрат мөңкеұлының шешендігі
- •Махамбет өтемісұлының өмірі мен тіл шеберлігі
- •Жарапазан өлеңдерінде айтылатын
- •Тапқыр сөздер мен шешендік нақыштар
- •Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ролі
- •Қайталауға, бекітуге арналған тестік жұмыс
- •5.Ассонанс дегеніміз...
- •12. Дыбыстық қайталаудың қай түрі?
- •16. Жеті жарғы қай ханның тұсында шықты?
- •19. Ойды аяқтаңыз.
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар
- •Тақырыбы: Майқы би мен Аяз бидің тіл шеберлігі
- •Аяз би Жаманұлы және Құмырсқа батыр
- •Сабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы (1712-1802)
- •Тапсырма
- •Сары би мен Сырым Тапсырма
- •Мөңке би мен Сырым
- •Тапсырма
- •Алдар би мен Сырым
- •Сабақтың тақырыбы: Сырымның әңгімелері
- •Сырымның шешендік өнері
- •Сырым Малайсары ауылында
- •Сырымның Нұралымен кездесуі
- •Басқа пәле тілден
- •Сабақтың тақырыбы: Сырымның әңгімелері
- •Ханның Сырымды сынауы
- •Сырымның тапқырлығы
- •Өлмек хақ, тумақ хақ
- •Сабақтың тақырыбы: Билердің сөз шеберлігі
- •Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін
- •«Мен жастың жайсаңы едім»
- •Ғылым артық па, мал артық па?
- •Сабақтың тақырыбы: Шешендік арнау
- •Тапсырма
- •Сабақтың тақырыбы: Шешендік арнаудың түрлері
- •Естірту. Көңіл айту
- •Шоқанның қазасын естірту
- •Сабақтың тақырыбы: Шешендік дау
- •Шешендік сөздердің берер ұлағаты
- •Имандылық - шешендіктің бір белгісі
- •Абай Құнанбаевтың қара сөздері
- •Абай мен Әбіш
- •Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырларындағы мәнді сөздер
- •Бұқар жырау шығармалары
- •Махмуд Қашқари, ж.Баласағұни шығармаларындағы шешендік сөздер
- •Сабақтың тақырыбы: Төле бидің шешендігі
- •Атың Даналы болса...
- •Сабақтың тақырыбы: Қорқыт әулиенің шешендігі
- •Ортақ мұра
- •Оқытушы көмегімен студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстары
- •Заман-ай
- •Қазтуған жырау
- •Мадақ жыры
- •Асан Қайғы
- •4.Абайдың даналық шығармалары: Төмендегі кестені толтырыңыз:
- •Тақырыбы: Орта ғасырлардағы шешендік өнердің дамуы.
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі Студенттердің өз бетінше жұмысы
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі пәнінен бақылауға арналған тестік жұмыс
- •1. Қазақ шешендік өнерінің тарихын неше кезеңге бөлеміз?
- •4. Анафора деген не?
- •5. Асты сызылған сөздер айшықтаудың қай түріне жатады?
- •Студенттер білімін бақылауға және бағалауға арналған сұрақтар
- •Шешендік өнерге үйрету әдістемесі Емтихан сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
Қ.ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨМІРБАЕВА К. О.
ШЕШЕНДІК ӨНЕРГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Ақтөбе - 2017
ББК 83.98я7
Ө-44
Пікір жазғандар:
Тектіғұл Ж. - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,
филология ғылымдарының докторы.
Жақып Ө.Ұ.– Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,
қазақ әдебиеті кафедрасының доценті,филология ғылымдарының
кандидаты
Каз – 263 Өмірбаева К.О.
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» оқу-әдістемелік құралы. Педагогика институты студенттеріне арналған.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, 2017 –213 бет.
ISBN 9965-771-65-0
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» оқу-әдістемелік құралы 5В010200 «БОПӘ», 5В010300 – «ПжП», 5В010100 «МДОТ», 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарына арналған.
Оқу-әдістемелік құралында пәннің мазмұны, дәріс сабақтар, практикалық жұмыс бағдарламасы, қолданылатын әдебиеттер тізімі берілген. Сонымен бірге оқытушы көмегімен орындалатын өздік жұмыстар мен студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыс түрлері ұсынылған.
Студенттердің білімін бақылауға және бағалауға бағытталған бақылау жұмыстары мен емтихан материалдары қамтылған.
Оқу-әдістемелік құралы кредиттік жүйе бойынша оқитын жоғары оқу орындарының күндізгі және сырттай бөлім студенттері мен оқытушыларына арналған.
Ө 4603000000
00(05) – 17
ISBN 9965-771-65-0
@ Өмірбаева К.О., 2017
Осы еңбегімді әкем
Ғұбайдуллин Охасқа
арнаймын.
АЛҒЫ СӨЗ
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» оқу пәндерінің бірі ретінде жоғары оқу орындарында бакалавр сатысында жүргізіледі.
Ұсынылып отырған «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» оқу-әдістемелік құралы жоғары оқу орындарында сабақ кредиттік технология бойынша жүргізілетін топтарда оқитын студенттерге арналған.
Ұсынылып отырған «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» оқу-әдістемелік құралы жоғары оқу орындарында сабақ кредиттік технология бойынша жүргізілетін топтарда оқитын студенттерге арналып 4кредит, яғни 40дәріс, 20 практикалық сабақ, 32 ОСӨЖ жүктемесінде жүреді. Дәрістер мен ОСӨЖ материалдары екі сабақтан берілді. СӨЖ сабақтары жыл бойына екі семестрде 15 рет қабылданады. Әр СӨЖ тапсырмаларының тақырыптары беріліп, әдістемелік нұсқау жазылды.
Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды, сөзге шебер, шешендікке бейім, тіл құдіретін түсінетін адамдар қатарын көбейту үшін студенттердің сөйлеу тілі мен дүниетанымы кеңейтіліп, от ауызды, орақ тілді шешендеріміздің өнері үйретіледі. Жоғары оқу орындарында халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерін, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерін жас маманның бойына сіңдіру арқылы рухани байлығы қалыптастырылады.
Атағы алты алашқа белгілі, данышпан, гуманист көсемдеріміз Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев сонымен бірге қазақтың дау, жанжалын бір ауыз сөзбен шеше білген, барша халықты өзіне қаратып, сөзге тоқтата білген Төле, Қазыбек, Әйтеке билер халықтың бірлігін нығайтып, ынтымақтығын сақтауға басшылық жасаған. Оқу құралында әсерлігі таза, табиғилығы айқын, мағынасы дәл, әуезділігі әсем, ырғағы сазды, оралымды, көркем қазақ тілінің қыр-сырын түсіндіру, би-шешендердің өмірінен мәлімет беріп, қызықты тұстарынан сөз қозғау – жас ұрпақты өнегелі істерге апарар жол.
Оқу пәнінен сабақ жүргізгенде «Жиренше шешен», «Майқы би», «Сырым батыр» тағы басқалардың көрегендікке, тапқырлыққа құрылған аталы сөздерінің құндылығы, көркемдігі жас маман бойына сіңдіріледі. Қай халықтың болмасын тәрбие негізі – бастау бұлағы – халықтық педагогика. Олай болса, халықтық педагогиканың басты құралы – сөз өнері. Шешендік – сөз зерігерлігі, сөз өнері. Шешендік сөздер- ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия.
Шешендік – біліктілік пен білімнен, терең түйсік пен үлкен сезімнен, ұшқыр қиылдан, өткір ой мен тер төгуден, зерделіктен тұрады. Ат сүрінгенше ақыл тапқан би-шешендеріміздің өнерін бойына сіңірген маманның білімі – сапалы, құзыреттілігі талапқа сай, бәсекеге қабілеттілігі жоғары болып, әрқашан қоғамда сұранысқа жауап бере алатын, тіл мәдениеті дамыған ұстаз болмақ. Педагог-мамандарға шешендік өнер сөзін дәл, нақты, қисынды сөйлеу
үшін және сөз арқылы оқушылармен, ата-аналармен, ұжыммен, қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнату үшін керек. Сөз арқылы тәрбиеленушінің санасына, сыйымды, әсерлі көркем бейнелер туғызылады. Шешендік өнер педагогтарға ауадай қажет. Қисынды ой, ұтқыр сөз арқылы жастардың көкірегі сәулелі, тілі орамды, ақылды азамат тұлғасын қалыптастырып, сөз өнеріне баулиды.
Оқу-әдістемелік құралында пәннің мазмұны, дәріс сабақтар, практикалық жұмыс бағдарламасы, қолданылатын әдебиеттер тізімі берілген. Сонымен бірге оқытушы көмегімен орындалатын өздік жұмыстар мен студенттің өз бетінше орындайтын жұмыс түрлері ұсынылған.
Студенттердің білімін бақылауға және бағалауға бағытталған бақылау жұмыстары мен емтихан материалдары қамтылған.
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» оқу-әдістемелік құралы кредиттік жүйе бойынша оқитын жоғары оқу орындарының күндізгі және сырттай бөлім студенттері мен оқытушыларына арналған.
Курс мақсаты: Студенттерге халық даналығының нұсқаларын оқытып үйрету, оның сырын түсіндіру, табиғатын таныту. Шешендік өнерді тәжірибесінде қолдануға дағдыландыру. Шешендік өнердің тарихымен және даму кезеңдерімен таныстыру. Болашақ мұғалімдерге көркем сөздің нәрін түсіндіріп, шешендік өнерге баулу. Студенттердің өз бетімен ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Курс міндеттері:
а) шешендік өнердің қалыптасуы мен зерттелуін түсіндіру;
ә) шешендік сөз, билер сөздерінің мәнін ұғындыру;
б) студенттердің әдеби тіл нормасын жетік білуіне көмектесу;
в) шешендік сөздерді тиімді қолдана білуге үйрету.
г) қанатты сөз, нақыл сөз, астарлы сөздердің мән-мағынасын түсіндіру.
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесінен» студенттердің білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар:
-ауызекі сөйлеуде, тұрмыста, әлеуметтік ортада қарым-қатынаста тауып сөйлеу және тапқырлықты, шешендікті біліктілікпен пайдалану.
шешендік өнерді практикалық түрде жүйелеу, сөйлеу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;
қазақ халқының ізгі қасиеттерін, сөйлеу мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын, білімін меңгерту.
айтылған сөздерді тыңдай білу, ұғыну, түсіну, сөйлесе білу, шешім шығару дағдыларын меңгерту.
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесінен» студенттердің міндетті дайындық деңгейіне қойылатын құзыреттіліктер:
Шешендік өнердің негіздерін;
Шешендік өнердің кезеңдерін, дамуын, тарихын, ;
Шешендік өнердің зерттелуін ;
Шешендік сөз және оның түрлерін ;
Атақты шешендер мен билердің сөздерін;
Қанатты сөздер мен нақылды сөздерді білуі тиіс. Автор
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
* * *
Жанашырың жоқ болса,
Жатта жалғыз жүрмеңіз.
Қоштаушыңыз жоқ болса
Біле тұрып білмеңіз.
* * *
Наданға көзіңді салма, сағың сынар,
Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер.
Дұшпанға сырыңды айтпа, түбіңе жетер.
Төле би
* * *
Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса, ағайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын - қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын.
Адал болса, досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен,
Бәрінен де әйелің жақын. Қазыбек би
* * *
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт береке - атаң қымбат,
Аймалайтын - анаң қымбат,
Мейірімді - апаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Туып-өскен елің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат. Қазыбек би
* * *
Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз –егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніңіз – берекесіз ел жаман.
Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған адам жаман.
Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз – толғанғаның, қайғырғаның.
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз
Бұқар Жырау
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!..
Қазыбек би
* * *
Ағасы келсе ардақтап атын байлағандай,
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай.
Тындырымды інісі болса,
Қанат құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса.
Інінің міндеті - басқару,
Ағаның реті – бас бағу емес пе?
* * *
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Әйтеке би
* * *
Көш бастау қиын емес
Қонатын жерде су бар
Қол бастау қиын емес
Шабатын жерде жау бар
Шаршы топта сөз бастау қиын
Шешімін таппас дау бар
Бұқар Жырау
* * *
«Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық». «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді». «Өтірік сөз өрге баспайды». «Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық». «Сөзге берік шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп өмір сүрсе де аз».
* * *
Қорқыт ата
Жөндерің бар бес нәрседен алыстар,
Есің болса, жігітім сен намыстан:
Ұшқалақтық- бірі, екіншісі- сараңдық,
Үшінші- ашу, соған егіз- надандық.
Қырсығың-сор, бет қызартып жүргізер,
Бесіншісі-өтірік, жерге тірі кіргізер.
Сол бесеуден бойды аулақ ұстарсың,
Ойлан достым, басыңнан бақ ұшпасын.
Ж.Баласағұн
* * *
Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер,
Бас та жарар, қадір- құтты өшірер.
Ж.Баласағұн
* * *
Тілдің пайдасы мен зияны бірдей.
Көп сөйлеме, азайт берер түйірін
Бір сөзбен түй түмен сөздің түйінін.
Көп ойлап, жақсы сөйле-нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын.
Ж.Баласағұн
* * *
Ойлы сөз көпті ұтады,
Ойсыз сөз басты жұтады.
А.Йүгінеки
* * *
Бес нәрсеге асық бол.
Бес нәрседен қашық бол деген.
Өтірік, өсек, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап , еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай
* * *
Дау мұраты –біту.
Сауда мұраты –ұту.
Қыз мұраты – кету.
Жол мұраты – жету.
Сырым батыр
* * *
Аса мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Аса мінез асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Су толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы Сәбитұлы
* * *
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім,мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім,мен де бірге өшемін.
Ә.Тәжібаев
Дәріс сабақтарының мазмұны
№ 1 -2 Дәріс сабағы
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәні туралы түсінік
Шешендік - біліктілік пен білімнен, терең түйсік пен сезімнен, ұшқыр қиял мен өткір ойдан,тер төгу мен зерделіктен тұратындығы.
Ат сүрінгенше ақыл тапқан би, шешендеріміздің өнерін бойына сіңірген маманның құзіреттілігі талапқа сай бәсекеге қабілеттігі жоғары болып, әрқашан қоғамдық сұранысқа жауап бере алатын тіл мәдениеті дамыған ұстаз болуына толық түсінік беру ретінде.
Педагог мамандарға шешендік өнерді үйрету арқылы нақты қисынды сөйлеуге үйрету және сөз арқылы тәрбиеленушінің санасында сыйымды ойлар, әсерлі бейнелер туғызу мәселелері.
«Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» пәнінен педагогтардың бойында көкірегі сәулелі, тілі орамды ақылды азамат тұлғасын қалыптастыру, сөз өнеріне баулу.
№ 3-4 Дәріс сабағы
Шешендік өнер ғылымының қалыптасу тарихы
Грек шешендері және Рим шешендері. Философтар мен саясаткерлер. Қазақ шешендік өнері туралы философ – шешен Әл-Фараби «Риторика» атты еңбек жазып, онда шешеннің сөйлеу шеберлігі туралы айтқандары. Шешеннің сөйлеу шеберлігі жөніндегі тұжырымдарды Аристотельдің пікірімен сәйкес келеді. Өмірлік мәселелерге қатысты түрлі дау-дамайлар мен мемлекет, қоғам, адам тағдырына қатысты пікір-сайыстарында жеңіске жетер шешен образдарын айқындап, Аристотель айқын шешендік қасиеттерді: анықтылық, шыншылдық, дәлелдің молдығы, көз жеткізушілік, білімділік, сендіру қабілеттерімен қоса, жұртты өзіне баурап алар қимыл, бет-жүз құбылыстары, дауыс сазы мен сөйлеу мәнерін талдауы.
Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика деп атайды. Риторика ғылымының негізін салушылар Протагор және Сократ, Платон болғандығы. Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамығаны және оның астанасы - Афиныда Лиси, Исакрат, Демосфен атақты шешендер болғандығы, олардың еңбектері. Алғашқы шешендер философтар, саясаткерлер, қолбасшылар, қоғам қайраткерлері, атақты мемлекет қайраткерлерінің арасынан шыққандығы.
№ 5-6 Дәріс сабағы
Қазақ халқының шешендік өнерінің тарихы
Шешендік өнер тарихы. Қазақ шешендері және қазақ билері туралы.
Шешендік сөздер терең мағыналы, тілі өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы екендігі.
Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де,оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталатындығы.
Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер ХYІІ – ХІХ ғасырлар арасын қамтитындығы, және осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздерінің тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талдануы.
№ 7-8 Дәріс сабағы
Ежелгі түрік халықтарының шешендік өнері
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұни (1020ж.) Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы нақылдары және тіл өнері жөніндегі қанатты сөздері. «Құтты білік» дастаны оқиғасындағы шешендік сөздер. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұни Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері-Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Жүсіптің әкесі де ақын,өнерпаз кісі болған.
Қараханидтер мемлекеттің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткендігі және осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алғандығы.
Жүсіптің ақын ретінде де, ғылым ретінде де атын шығарған еңбегі - «Құдадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түркі тілінде жазылған, түркі тілдес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп атағандығы.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» Баласағұн қаласында аяқтап, қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қараханид мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегіне тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап «Дәрдо Хұсаин»деген күй шығарғандығы.
№ 9-10 Дәріс сабағы
