Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті
Жоғары технологиялар және инженерия институты
Жалпы және теориялық физика кафедрасы
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № Ч 11
Уитстон көпірі арқылы өткізгіштің кедергісін анықтау
Алматы 2017
Зертханалық жұмыс № ч 11 уитстон көпірі көмегімен өткізгіштің кедергісін анықтау
Жұмыстың мақсаты:
1) өткізгіштің кедергісін анықтау.
2) есептеу және өлшеу нәтежиелерін салыстыру арқылы өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау өрнегінің дұрыстығын тексеру
Қажетті құрал-жабдықтар: «Уитстон көпірі арқылы өткізгіштің кедергісін анықтау» ЭиМ-М-Л3 моноблогы, кедергілер магазиндері, кедергілері белгісіз резисторлар
Теориялық кіріспе
Металл өткізгіштерде кедергінің пайда болу себебі еркін электрондар мен металл иондарының соқтығысуына негізделген. Эксперименттік зерттеулерге сәйкес өткізгіш кедергісі оның l ұзындығына тура пропорционал, көлденең қимасының S ауданына кері пропорционал:
, (1)
мұндағы – өткізгіштің қандай материалдан жасалғанын сипаттайтын пропорционалдық коэффициент, яғни меншікті кедергі деп аталады. Тоқ күші өткізгіштің ұштарындағы кернеуге сызықты байланысты. Бұл тұжырым біртекті тізбек бөлігі үшін Ом заңы негізінде жатыр:
. (2)
Өткішгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі жалпы кедергі келесі өрнекпен анықталады:
.
(3)
Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергі келесі өрнекпен анықталады:
.
(4)
Жұмыста өткізгіштің кедергісін өлшеудің үш әдісі келтірілген:
1.Техникалық әдіс – өлшенген ток пен кернеу мәндері бойынша (1-сурет).
R кедергі арқылы I ток өлшенеді және қорытқы кернеу:
U=UR
+ UA
= IR+IRA
.
Егер амперметр кедергісі RA белгілі болса, онда белгісіз R кедергіні былай есептеуге болады:
(5)
1-сурет. Электрлік сұлба.
1–тұрақты кернеудің реттелетін көзі; 2-вольтметр;
3–амперметр; 4-белгісіз R кедергі
2. Омметрді қолдану әдісі. Егер өлшеудің жоғары дәлдігі қажет етілмесе омметрді қолдану қарапайым әдісін пайдаланамыз.
3. Уитстон көпірі арқылы жүргізілетін әдіс.
Көпір сұлбасы 2-суретте келтірілген.
2-сурет. Уитстон көпірінің электрлік сұлбасы
1– RM кедергісімен кедергілер магазині; 2-өлшенетін R кедергі;
3–амперметр; 4,5- R1, R2 кедергілері белгілі резисторлар; 6- R0 ток шектеуші; 7- тұрақты кернеу көзі.
RM кедергісінің мәндерін қарастыра отырып, а және б нүктелерінің потенциалдар теңдігін аламыз. Амперметр арқылы өтетін ток Iа нөлге айналады. Сондықтан көпір үшін тепе-теңдік күйде былай жазуымызға болады:
IMRM=I1R1 ; IR=I2R2 ; IМ=I ; I1=I2.
Осы қатынастарды қолдана отырып, есептеу өрнегін төмендегідей аламыз:
(6)
Көпір арқылы өтетін токты шектеу үшін R0 шектеуші кедергі қолданылады.
