- •Реферат
- •Жоспар:
- •Ноотропты заттар
- •Жіктелуі:
- •Әсер ету механизмі
- •Негізгі фармакологиялық әсері
- •Қолданылуы
- •Жанама әсері
- •Аналептиктер
- •Әсер ету механизмі
- •Жүрек қан тамыр жүйесіне әсері
- •Тыныс алу орталығына әсері
- •Қышқылдардың алкилденген амидтері
- •Бициклды кетондар
- •Глютаримидтер
- •Жанама әсері және тәуелділіктің пайда болуы.
- •Қолданылған әдебиеттер:
Аналептиктер
(Аnaleptica; греч. Analeptikos- қалпына келтіруші,күшейтуші) тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарды қоздыру арқылы ОЖЖ-н ынталандырушы әсер көрсететін дәрәлік заттар.
Әсер ету механизмі
Аналептиктер ОЖЖ-сін жалпы ынталандыратын заттар.Олар жүйкелік импульстердің нейронаралық берілулерін жеңілдете отырып, қозу үрдістерін күшейтеді немесе тежегіш механизмдерін басады. Аналептиктердің мөлшерін ұлғайту рефлекторлық қозғыштықтың жоғарылауымен жүретін қозу үрдістерінің жайылуына әкеледі. Уытты мөлшерлерде аналептиктер тырысу шақырады, сондықтан оларды кейде тырыстырғыш улар деп атайды.
Тырысулар көптеген аналептиктердің әсерінен жүйкелік импульстердің нейронаралық берілулерінің жеңілдеуіне, потенциалдардың қалыпты жағдайғакелуінің қысқаруына, қозудың таралуына, реакциялар көріністері қалдықтарының ұзаруына байланыстыпайда болады(мысалы импульстік соңғы әсерлер).
Сондай-ақ тежегіш үрдістердің төмендеуімен жүретің тырысу әсерлерін ынталандыратын аналептиктер де бар. Сонымен, пикротоксин ГАМҚа- рецепторларымен ұқсас хлорлық өзгешелегді тежейді.
Стрихнин медиаторы глицин болып келетін постсинаптикалық тежелулерді басады. ГАМҚ-ның тежегіш қасиетіне стрихин әсер етпейді.
Бас миының таңдамалы қозуына байланысты тырысулар клоникалық деп сипатталады(олар камфораның, бемегридтің, кордиаминнің әсерлеріне тән), ал жұлынға әсер еткенде титаниялық (үздікзсіз) сипат тән (мысалы, стрихнинмен уланғанда).
Бас миына таңдамалы әсер ететін заттар жоғары мөлшерлерде клинико – тониколық тырысулар шақыру мүмкін.
Аналептиктер ОЖЖ-нің барлық деңгйінде әсер етеді, бірақ препараттардың әрқайсысы ОЖЖ-нің жеке бөлімдеріне әсерлерінің айқындылығымен сипатталады. Сонымен, бір заттар спақша мидың орталықтарына таңдамалы ықпал көрсетсе(коразол, бемегрид, кордиамин), басқалары – жұлынға әсер етеді(стрихнин).
Аналептиктер тобында қаралатын кофкиннің бас миының қыртысына әсеріне байланысты оның психостимуляторлық қасиеті басым.
Жүрек қан тамыр жүйесіне әсері
Аналептиктер тамырқозғалтқыш орталықты қоздырады.Бұл заттарды енгізгенде жалпы перифериялық қарсылықты арттырады және артериалдық қысымды жоғарлатады.Аналептиктер негізінен жүрекке әсері аз (камфора мен кофеиннен басқасы).Камфора зерттеу нәтижелеріне қарағанда адренергиялық жүйені қоздыру арқылы жүрекке стимулдеуші әсер көрсетеді.Кордиамин мен камфораны жүрек-қантамыр жүйесінің жеткіліксіздігінде қолдануға болады,дегенмен бұл әсерді көп ғалымдар қолдамайды.
Тыныс алу орталығына әсері
Аналептиктер тыныс алу орталығын қоздырады.Сәйкес,оның гуморальды тітіркендіргіштерге сезімталдығы жоғарлайды (СО2). Бемегрид, камфора тыныс алу орталығына тек тікелей стимулдеуші әсер көрсетеді.Орталық әсері рефлекторлық әсермен бірігеді (синокаротидтік аймақтың хеморецепторымен әсерлеседі).Бұндай заттарға кордиамин жатады.Тыныс алу орталығының қозуы тыныс алудың жиілуіне әкеледі.
Практикада кеңінен қолданылып жүрген аналептиктер келесі қосылыстардың класына жатады:
