Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақылбек срс-Ноотропты заттар мен аналептиктер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.98 Кб
Скачать

Жанама әсері

* Тітіркендіргіш әсер

* Ұйқысыздық

* Диспепсиялық бұзылыстар

* Аллергиялық реакциялар

Ең алғаш пайда болған ноотропты затқа пирацетам жатады.Ол– (ноотропил) жүйелік ГАМҚ туындысы. Ол ақыл ойдың жетіспеушілігінде оның қызметіне (ойлау, оқу, есте сақтау) жағымды ынталандырғыш әсер көрсетеді. Пирацетамның маңызды қасиеті – оның гипоксияға қарсы әсері. Бұл кезде ми тіңдерінің гипоксияға төзімділігі жоғарылайды. Сонымен қатар, пирацетам тырысу белсенділігінің таралуына кедергі жасай отырып, орташа тырысуға қарсы әсер көрсетеді.

Пирацетам тіңдік тосқауылдардан жеңіл өтеді. Ішектен жылдам сорылады, гематоэнцефалдық және плацентарлық тосқауылдардан өтеді. Ағзадан негізінен өзгермеген түрінде көбінесе бүйрек арқылы шығады.

Пирацетамды бас миының созылмалы тамырлық және дегенеративтік зақымдалуына байланысты ақыл – естің жетіспеушілігінде(қартаюға,атероскерозға, алкоголизмге, бас сүйегінің жарақатына т.б. байланысты ақыл – ойдың жетіспеушілігінде), ақыл – есі төмендеген балаларға тағайындайды.

Пирацетам бір және одан да көп айлар бойы ішке және парентералды тағайындалады.

Жанама әсерлерінен кейде диспепсиялық бұзылыстар және ұқының бұзылуы байқалады.

Аминолон – (гаммалон, ганеврин) ОЖЖ-де пайда болатын ГАМҚ- ның препараты болып саналады. ГАМҚ тежегіш медиатордың қызметін атқарады, сонымен қатар жүке тіңдеріндегі алмасу үрдістерінде маңызды рөл атқарады. Соңғысы тіңдердің тыныс алуының ынталануымен жүреді(ГАМҚ тыныс субстраты ретінде болады немесе Кребс жүйесінің ферменттерін ынталандырады). ГАМҚ-ның метаболикалық белсенділігі оның психотропты әсерінің негізінде жатыр. Гематоэнцефалды тосқауылдан препарат нашар өтеді. Дегенмен, мидың органикалық зақымдалуында аминолонның гематоэнцефалды тосқауылдан өтуі күшейеді.

Аминлонның маңызды қасиеті оның ми қан айналымын жоғарлатуы, ми тіңдерін оттегімен кернеуі, сондай-ақ гипоксияға қарсы орташа белсенділігі болып табылады. Сонымен қатар аминолонның шамалы тырысуға қарсы шамалы белсенділігі бар, ол ми тіңдерінде және әсіресе эпилептогенді ошақта ГАМҚ мөлшерінің қалыпты жағдайға келуімен байланысты болар.

Аминолон брадикардиямен жүретің артериялық қысымның біраз төмендеуін шақырады. Оның гипотензиялық әсері гипертензия қатысында айқындалады.

Қанда қанттың мөлшері жоғары болса оның гипогликемиялық әсері байқалады. Керісінше, қкнттың қалыпты мөлшері деңгейінде аминолон біршама гипергликемияға әкеледі.

Пирацетамға ұқсас негізінен мидың қан айналымының бұзылуына, ішімділікке байланысты ақыл – естің жетісреушілігінде және ақыл – есі төмендеген балаларда қолданады. Кейде аминолонды эпилепсияда жұптастырылған емдеулерде қолданады. Препараттың гипотензивті қасиеті артериялық гипертензияны бар науқастарды емдеуде қолданылуы мүмкін.

Преператтың әсері баяу басталады. Емдеу курсы бірнеше айға созылады. Аминолонды ішке және көк тамырға енгізеді.

Оны науқастар жақсы көтереді. Үзақ қолданғанда диспепсиялық бұзылыстар, ұйқының бұзылуы, кейде артериялық қысымның өзгеруі байқалуы мүмкін.