Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақылбек срс-Ноотропты заттар мен аналептиктер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.98 Кб
Скачать

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра: Фармакология

Реферат

Тақырыбы: Ноотропты заттар. Аналептиктер.

Қабылдаған: Сатбаева Э.М.

Орындаған: Балқан А.С.

Факультет: Стоматология.

Курс: ІІІ

Топ: 12-001-01

Алматы 2015 ж

Жоспар:

І. КІРІСПЕ

ОЖЖ ынталандыратын заттар

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

І. Ноотропты заттар

ІІ. Жіктелуі

ІІІ. Топ препараттары

ІV. Аналептиктер

V.Жіктелуі

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ОЖЖ ынталандыратын заттар әртүрлі химиялық құрылысты болып келеді, синтетикалық және өсімдік тектес болуы мүмкін. Негізінен топ препараттары ОЖЖ функционалдық белсенділігін жоғарылатады және оның тежелуін төмендетеді.

Ноотроптар – мидың жоғарғы интегративтік қызметін белсендіретін, ұзақ уақыт қолданғанда оқу, зейін қою, есте сақтауды жақсартатын, мидың зат алмасу (энергитикалық) үрдісін жақсартатын, реологиялық әсер көрсете отырып мидық қан айналымын жақсартатын, дегенеративтік үрдістердің, мидың жарақаттарының, уланудың нәтижесінде ми қызметінің бұзылыстарында, сонымен қатар, балалар практикасында ми қызметінің жетіспеушілігінде, маскүнемдік бұзылыстарда, Альцгеймер ауруында және т.б. қолданылады. Ноотропты заттардың нгізгі қасиеттерінің біріне гипоксияға қарсы және тырысуға қарсы әсерлер жатады.

ОЖЖ ынталандыратын заттардың ішнде маңыздыларына аналептиктер, ОЖЖ қызметін қалыпты жағдайға келтіретін заттар жатды.

Аналептиктер – тыныс алу және тамыр тарылтқыш орталықты ынталандыратын заттар. Ағзаның өмірге қажетті қызметтерін – тыныс алу және қан айналу қалыпқа келтіреді, жедел жәрдемге арналған препарат болып табылады. Олар орталық жүйке жүйесінің басқа да бөлімдерін ынталандыру мүмкін.

Ноотропты заттар

Ноотропты заттарға (греч. noos — ойлау, ақыл; tropos — бағыт) — бас миының жоғарғы интегративті қызметін ынталандыратын заттар жатады.

Бұл дәрі психостимулятор ретінде қызмет атқарды,бірақ үлкен дәрежеде жанама әсер көрсетеді.

Қазіргі таңда,бұл дәрілердің бірнеше синонимдері бар: нейродинамиклық, нейрорегуляторлық, эутотрофикалық заттар, нейрометоболикалық церобропротекторлар, нейрометоболикалық стимуляторлар деген атаулар ноотропты заттардың ортақ қасиетин анықтайды (аноксиялық, ишемиялық, интоксикациялық, травмалық және т.б. нерв жүйесінің бұзылуларында қайта қалпына келтіре алу қасиеттері)

Ноотроптардың негізгі әсерлерінің көрінісі олардың оқу және есте сақтау қабілетінің бұзылыстарына тиімді ықпалымен түсіндіріледі.

Ноотропты заттар аталған қызметтердің бұзылуын қайта қалыптастыру мақсатымен бас миының дегенеративті зақымдануларында, гипоксияда, бас миының жарақаттарында, инсультте, интоксикацияларда, ақыл-иесі жетіспейтін балалардың неврологиялық тапшылығында, Альцгеймер ауруында және т.б. жағдайларда қолданылады. Көптеген ноотропты заттардың гипоксияға қарсы айқын белсенділіктері бар.

Дені сау жануарлардың жоғарғы жүйке қызметіне және дені сау адамның психикасына бұл преператтар әсер етпейді. Сонымен, қалыпты жағдайда олар көптеген міңез-құлық реакцияларды, шартты рефлекстерді, бас миының биоэлектрлік белсенділігін және қозғалыс белсенділігін өзгертпейді.

Патологияда ноотроптардың фармакотерапиялық әсерлерінің негізінде мидың алмасу үрдістеріне жағымды ықпалы қарастырылады. Медециналық практикада қолданылатын кейбір ноотропты заттар ГАМҚ-ның метаболикалық әсерін қайталады.

Ноотропты заттар ақыл-естің жетіспеушілігінде тек ұзақ қолданғанда ғана әсерін көрсетеді, яғни оның әсерінің айтарлықтай жасырын кезеңі бар. Бұл препараттар бір қатар жағдайларда басқа психотропты заттармен жұптастырылып қолданылады.

Көптеген танымал ноотропты заттардың, сондай-ақ гипоксияға және тырысуға қарсы белсенділігі бар.