- •3.Қорытынды:
- •«Өз эмоциямызды қалай басқарамыз» шағын лекциясы
- •«Қарым-қатынас барьерлері» жаттығуы
- •«Бірден айтылған жауаптар» шағын лекциясы (автоматические ответы)
- •Қалжыңдап, әңгімеден қашу.
- •«Қолдар» ойыны
- •«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы
- •«Жағдаятты ойнау» жаттығуы
- •«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы (жалғасы)
- •«Жағдаятты ойнау» жаттығуы
- •1 Жағдаят
- •2 Жағдаят
- •3 Жағдаят
- •«Біздің балалар» видеоролик көрсету
- •III.Қорытынды «Кірпі билейді» (видео)
«Ақбота» балабақшасы» КМҚК
«Бала біздің жанымызда»
(педагогтарға арналған
тренингтік сабақ)
Педагог-психолог: Калиева М.Е.
Глубокое к.
ақпан, 2017 ж.
«Бала біздің жанымызда» тренингтік сабағы
Мақсаты: тәрбиешілерді балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдеріне үйрету.
Тренингтік сабақ жоспары:
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері
«Орын ауыстыру» ойыны
Негізгі бөлім:
«Өз эмоциямызды қалай басқарамыз» шағын лекциясы
«Қарым-қатынас кедергілері» жаттығуы
«Бірден жауап беру» шағын лекциясы
«Қолдар» ойыны
«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы
«Жағдаятты ойнау» жаттығуы
«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы (жалғасы)
«Жағдаятты ойнау» жаттығуы
«Біздің балалар» видеоролик көрсету
3.Қорытынды:
«Кірпі билейді» (видео)
Сабақ мазмұны
Кіріспе
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіздер ме, қымбатты әріптестер! Бүгінгі біздің «Бала біздің жанымызда!» тақырыбындағы тренингтік сабағымыз балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдеріне үйрету мақсатында жүргізілгелі отыр. Тренингімізді бастамас бұрын, ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Шаңырақ құру
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық
«Орын ауыстыру» ойыны
Мақсаты: жұмысқа деген қарым-қатынас құру.
Ойын барысы: жүргізуші қатысушыларға басқа орынға тұруын сұрайды:
Кім бүгін жұмысқа таңертең ерте келді?
Кім кеше «Жаңалықтар» телебағдарламасын көрді?
Кімнің көңіл-күйі көтеріңкі?
Кім қаңтар айында ашық сабақ жүргізді?
Кім тәтті жегенді жақсы көреді?
Кім ұйықтағанды жақсы көреді?
Өткен «мазасыздық» туралы семинар кімнің есінде қалды?
Кім бүгінгі тренингтік сабақтан жаңа нәрсе үйренгісі келеді?
II. Негізгі бөлім
Ересек адам мазасыз баламен әңгімелескен кезінде, ең алдымен, өз эмоцияларын басқарып үйренуі, эмоциялық қысымды азайта білуі керек.
«Өз эмоциямызды қалай басқарамыз» шағын лекциясы
Негативті эмоциялар бізге жұмыс істеуге немесе жұмысты жалғастыруға, ойымызды жинақтауға кедергі келтіреді. Сол эмоциялар болған кездегі жағдайда өз-өзіңізге қалай көмектесе аласыз?
Сіз түсініп, жанашырлық танытатын адамдарға айтып, өз эмоцияңызды шығарып тастауға болады.
Егер де сіз жалғыз болсаңыз, жастықты соққылап немесе дымқыл орамалды қысуға болады – бұл босаңсуға көмектеседі, өйткені әдетте, негативті эмоциялар болған кезде энергияның көп бөлігі иық бұлшықеттерінде, қолдың жоғарғы бөлігі мен саусақтарда жиналады.
Кез келген кенеттен болатын дыбыс шығару – қысым тамақ бөлігінде «қамалып қалуы» мүмкін.
Үш-төрт рет қатарынан қысқа дем алып, дәл сонша рет қысқа демді шығару арқылы тыныс алу тәсілін пайдалануға болады.
«Қарым-қатынас барьерлері» жаттығуы
Жүргізуші қатысушыларға «Айша енді менімен ойнағысы келмейді. Ол бүгін басқа қызбен күліп, ойнады, ал маған тіпті қараған да жоқ» - деп айтқан қыздың шағымына олар не деп жауап беретіндігін жазуын ұсынады.
Мынандай жауаптар болды:
Сен оларға өзің бірінші болып барып көр, мүмкін олар сені қабылдайды.
Мүмкін, сен өзің кінәлісің.
Әрине, өте өкінішті. Бірақ, мүмкін, Айшаға сол қызбен қызықтырақ шығар. Өз достығыңды оған міндеттемей, өзіңе басқа құрбы тауып алғаның дұрыс.
Ал сен Айшаға өзіңнің жаңа қуыршағыңды ойнауға беріп көр.
Не істерімді білмеймін. Оларға бір нәрсе сыйлап көр.
Ондай жағдай өмірде болып тұрады. Қатты уайымдамауға тырыс.
Сендердің араларыңда ұрыс-керіс болған жоқ па?
Уайымдауды қой. Оданша ойнайық.
Бір де бір жауап сәтті болған жоқ. Олар бірден айтылған жауаптар.
