- •5В080200 – «Мал шарушылығы өнімдерін өңдіру технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған бағдарлама (Силлабус)
- •Оқу уақытын үлестеу
- •6 Пәннің мазмұны
- •7. Осы пән бойынша сөж тапсырмалары және графиктің орындалуы
- •8 Ұсынылған әдебиеттер
- •9 Курстың саясаты:
- •10 Білімін бағалау ақпаратында
- •11 Баға қою саясаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ветеринария және мал шаруашылығы
технологиясы факультетінің деканы,
профессор ___________ Б.С. Майқанов
«______» ___________2016 ж
«Жылқы шаруашылығы, ет және қымыз өндіру технологиясы» пәнінен
5В080200 – «Мал шарушылығы өнімдерін өңдіру технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған бағдарлама (Силлабус)
Пәні: «Жылқы шаруашылығы, ет және қымыз өндіру технологиясы»
Оқыту бағдарламасы – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
Бағыты: Бакалавриат
Мамандығы: 5В080200 – «Мал шарушылығы өнімдерін өңдіру технологиясы»
Мамандықтар тобы – ауыл шаруашылығы ғылымдары
Астана – 2016 ж
«Жылқы шаруашылығы, ет және қымыз өндіру технологиясы» пәнінен бағдарлама 5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің Ғылыми кеңесінде 2015 жылдың 30 маусымында № 11 хаттамасымен бекітілген мамандықтың таңдамалы каталогына сәйкес әзірленген.
Бағдарлама «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының отырысында қарап, ұсынылды (21 маусым 2016ж., хаттама № 10).
Кафедра меңгерушісі Н.Ж. Кажғалиев
Бағдарлама «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің әдістемелік комиссиясында, қарап мақұлданды ( 24 маусым 2016 ж., хаттама №10).
Әдістемелік комиссия төрайымы А.Б. Бегенова
1 Оқытушы туралы мәлімет: Ө.С.Сұлтанов – а.ш.ғ.к., доцент; С. Сейфуллин ат.ҚазАТУ, 297-614, 87771381863.
Сабақ жүргізетін орын, 208 аудитория, сабақ кестесі бойынша.
2 Пән жөнінде мәлімет: «Жылқы шаруашылығы, ет және қымыз өндіру технологиясы»;
Тип модулі МММ – таңдау компаненті, Модуль 2– Мал шаруашылығы cаласы, КП/КТ ZhshEKOT 4306
Семестр – 7, Кредит саны – 3, Дәріс сағаты –15
Тәжірибелік - зертханалық сабақ – 3, СОӨЖ –22,5, СӨЖ- 67,5 сағат.
Оқу уақытын үлестеу
Семестр апталары |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Барлығы |
Дәріс |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
15 |
ТС |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
30 |
СОӨЖ |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
22,5 |
СӨЖ |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
|
|
|
67,5 |
Барлығы |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
135 |
3 Пререквизиті. Пәнді толық игеру үшін студенттер келесі пәндердің мына бөлімдерін білуі қажет. «Генетика», «Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру», «Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру».
4 Постреквизиті. Студенттер Жылқы шаруашылығы, ет және қымыз өндіру технологиясы» пәнінен алған білімдерін әртүрлі меншіктегі шаруашылықтарда қызмет еткенде пайдалана білуі қажет. Атап айтқанда жылқыларды ұдайы өсіру және құлындары күтіп-бағу, жылқы өнімдерін өндіру, тебінді жылқы шаруашылығы технологиясы, сонымен қатар жылқы шаруашылығындағы селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізу .
5 Пәнді кысқаша мінездеу. Пәнді оқудың мақсаты: Студенттерге ежелден қалыптасқан ұзақ уақыттар бойы тәжірибелермен тексерілген, мал шаруашылығының басқа салаларымен бірге жылқы өнімдерін (сүт, ет) азық-түлік өнімдерінің қосымша көзі ретінде өндіру технологияларын игеру іргелі білім беру болып табылады.
Курстың мақсаты: Студенттерді өз мемлекетіміздегі ТМД және шет елдердегі жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайымен, жылқылардың биологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерімен таныстырып, олардан арзан, әрі жоғары сапалы өнім өндіру үшін тиімді пайдалануды оқытып-үйрету.
Курстың міндеті: Студенттерді жылқылардың констистенциясы мен экстерьерін бағалау, олардың ақаулары мен кемшіліктерін танып-білу, жылқының түр-түсі мен жасын анықтау мен өлшеу, қымыз өңдіру технологиясы мен жайып-семірту және бордақылау технологиясы биелерді ұрықтандыру науқанын ұйымдастыру, асыл тұқымды жылқыларды комплексті көрсеткіштері бойынша бонитировкалау, зоотехникалық және асылдандыру есебін жүргізу жайлы толыққұнды терең білім беру болып табылады.
Білім беру нәтижесі.
Дескриптор А,Б (түсініп – білуі, істей алуы керек):
Студенттер білуі тиіс жылқы шаруашылығының негізгі бағыттарын, жылқы тұқымдары мен аудандастырылуын, экстерьерлік-консистенционалдық ерекшеліктері мен жылқы типтерін, өндірілетін өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін, жылқы өсіру тәсілдері мен селекциялық асылданыдру жұмыстарын, жылқы зауыттары мен тебінді және мәдени-тебінді жылқы шаруашылығындағы өсіру технологиясын, сонымен бірге спорт аттарының тренингісі мен ипподромдағы сынау технологиясын білуі, терминдермен жұмыс, кәсіби сөздіктерді пайдалана білуі тиіс.
Дескриптор С, Д, Е (игере білуі керек):
Жылқы шаруашылығы кәсіпорындарында (асыл тұқымды және тауарлы фермаларында, шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылықтарда, жылқы зауыттарында) технологиялық параметрлерін есептеуді өз бетімен орындауды, асыл тұқымды жылқыларға бонитировка жүргізуді, маусымдық және тұрақты қымыз фермаларына сауын биелерін таңдауды игеруі тиіс.
