- •Биомедицина негіздері.Анықтамасы. Пәні және міндеттері
- •2 .Тіршіліктің анықтамасы
- •3. Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері
- •Молекулалық деңгей
- •Жасушалық деңгей
- •Ұлпалық деңгей
- •4. Жасуша – тіршіліктің қарапайым бөлігі.
- •5.Жасуша теориясы
- •6.Эукариот жасушаларының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметтері.
- •7. Прокариоттар жасушаларының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметтері.
- •Прокариоттардың маңызы
- •Вирустардың жалпы қасиеттері
- •9.Плазмалемма
- •10.Эукариот жасушасындағы ядроның құрылысы мен қызметтері.
- •15.Липидтер
- •16.Көмірсулар
- •17.Мембрана липидтері
- •18.Мембрана ақуыздары
- •19. Төменгі молекулалық заттардың тасымалдануы
- •20. Жоғарғы молекулалық заттардың тасымалдануы
- •21. Мембрана арықылы заттардың пассивті тасымалдануы
- •22. Мембрана арқылы заттардың активті тасымалдануы
- •23.Жасушаның метаболизмі. Анаболизм.
- •24. Жасушаның метаболизмі. Катаболизм.
- •25. Автотрофты ағзалар.
- •27.Энергетикалықалмасу.Дайындық кезеңі
- •30.Жануарлар жасушасындағы пластикалық алмасу.
Вирустардың жалпы қасиеттері
Жалпы вирустар өте майда микроскопиялық жиынтық болып келеді, құрылымы белоктар мен амин қышқылдарынан тұратын вирустық ұйымдасқан бөлшектер, олар — вирустық денешіктерден, вириондардан, вироспоралардан немесе аминкапсидтардан тұрады. Вирустық бөлшектердің түрқы 15-18 нм-ден 300-350 нм-ге дейін жетеді. Оларды тек электронды микроскоп арқылы көруге болады. Тек қана шешек (қорасан) ауруының және басқа үлкен вирустарды арнайы жарық өткізгіштігі жоғары микроскоппен көруге болады. Жеке дара вирустардың немесе кейбір түрлеріщң сұлбасы әртүрлі (дөңгелек, таяқтәрізді немесе басқаша түрдегі) болып келеді, қүрылысы белоктық қабықтан (капсидтен) тұрады, оның ішінде амин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) болады.
Вирустық капсид бірнеше қабатты полипептидті тізбектен (эртүрлі белоктар) тұрады. Кейбір вирустардың капсидтерінің сырты арнайы вирусты күрделі белокты (гликопротеидті) жарғақшамен қапталған және клетка-иесінің плазмалық липидті жарғақшасына ұқсас екі қабатты қабығы бар липидтен тұрады. Осы вирустың жарғақшасын супер-капсид деп атайды.
Капсидтің негізгі қызметі вирустың геномын (амин қышқылдарын) зақымдаудан сақтайды, сонымен бірге зақымдайтын клеткаға вирустың бөлшегінің енуіне көмектесетін рецепторларда болады. Вирустардың ішкі құрлымы геномнан немесе вирустық хромосомалардан, ал оның өзі әртүрлі сұлбадағы ДНҚ-нан немесе РНҚ-ы бар бірнеше гендерден қүралған. Мысалы, МІЗ және ХІ74 бактерия вирусының геномы ДНҚ-ның бір тізбекті дөңгелек молекуласынан, ал ірі қара малдың, шошқаның, мысықтың, егеуқұйрықтың және басқа жануарлардың парвовирустары ДНҚ-ның біртізбелі жазықтықтағы молекулаларынан тұрады. Полиомның және SV40 вирустарының геномы ДНҚ-ның екітізбекті дөңгелек молекуласынан, ал аденовирустың геномы ДНҚ-ның екітізбекті дөңгелек молекуласының тізбесінің 5-тармағының ұшына коваленті жалғасқан белоктан, шешектің вирусы болса, ДНҚ екітізбегінің ұшына коваленті «тігілген» фосфодиэфирлі байланыстан тұрады.
Темекі жапырағының эшекейлі (мозаилық) ауруының, полимелит және басқа бактериялық вирустардың геномдары РНҚ біртізбегінен, ал реовирустың геномы зақымдалған клетканың Көбеюші-РНҚ екітізбегінің бірнеше сатысынан, яғни: адсорбциядан жэне вирустың клеткаға енуінен, вирустың нуклеин қышқылдарының репликациясына қажетті вирусты белоктардың синтезінен, нуклеин қышқылының репликациясынан, капсид белогының синтезінен, вирустардың жинақталуы жэне клеткадан «дайын болған» вирус бөлшектерінің пайда болу сияқты сатылары болады.
9.Плазмалемма
Плазмалемма қалыңдығы шамамен 7-10 нм, тығыз орналасқан ақуыз бен липидтер молекулаларынан түзілген үлбіршек, жарық микроскобынан көрінбейді. Ол – цитоплазманың сыртқы мембранасы.
Плазмалемманың негізгі атқаратын қызметі – жасушаны сыртқы ортадан шектеу, сондай-ақ тасымалдау, рецепторлық қызметтерді де атқарады. Ол жасушаның беттік қасиеттеріне жауап береді, сыртқы ортамен зат алмасу үрдісін реттейтіндіктен, ол суда еріген әр түрлі заттарды жартылай өткізеді.
Плазмалемманың қатпарлары әсіресе заттарды қарқынды тасымалдауды іске асыратын жасушаларда жақсы жетілген. Заттардың жасушаға өтуін және одан бөлінуін реттеумен қатар, плазмалемма өсімдіктердегі синтездеу қызметін де атқарады. Плазмалеммада орналасқан ферменттердің қатысуымен жасуша қабықшасында целлюлозалы микрофибрилдерінің түзілуі жүріп жатады. Сол сияқты ол тітіркену және гормондық стимулдарды қабылдайды.
Жасушаның ішкі мембраналарына қарағанда плазмалемма холестеридке бай. Плазмалемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты орналасады. Бұл қабаттың қалындығы 3—4 нм-дей болады. Плазмалемма негізгі атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік және тасымалдаушы. Тасымалдаушы плазмалемма сулардың, иондардың және молекулалардың сыртқы ортадан жасушаға өтуін және кері өтуін реттеп отырады. Зат алмасу процесінде жасушада пайда болған қорытылған заттар да осы плазмалемма арқылы сыртқа шығарылып отырады. Плазмалемманың сыртқы бетіне рецепторлық ферменттер орналасады, олар жасушаның күйін басқа көрші жасушаларға жеткізіп тұрады. Плазмалемма жасушаның бөліну процесінде маңызды рөл атқарады. Оның сыртында микротүтікшелер, талшықтар сияқты әр түрлі өсінділер болады.
Гликокаликс. Плазмалемманың сыртқы бетін гликокаликс қаптайды. Гликокаликстің қалыңдығы жасушаның әр бетінде 7,5-тен 200 нм аралығында ауытқиды. Гликокаликс – мембрана ақуыздарымен байланысқан молекулалар жиынтығы. Бұл молекулалар құрамы жағынан полисахаридтер, гликолипидтер және гликопротеиндер тізбектері болып келеді.
Гликокаликсте арнайы рецепторлар неғұрлым көп болса, жасуша арнайы сигналды заттарға соғұрлым белсенді жауап қайтарады. Егер гликокаликсте сыртқы заттармен байланыстыратын арнайы молекулалар болмаса, жасуша ешқандай реакция бермейді. Сонымен, гликокаликс плазмалеммамен қатар, беттік кешеннің барьер қызметін де атқарады.
Сонымен, биологиялық мембраналар жасушаны тек қана сыртқа ортадан бөліп қоймай, сондай-ақ, өздерінің құрылымдары мен қызметтік ерекшеліктері бар, жеке-жеке аймақтарға – компартменттерге бөледі.
Гликокаликс ластанған кезде энтероцит беткейін тазарту үшін ол ажырайды. Патология кезінде жасуша гликокаликстен ұзақ уақыт ажарып, қабырғалық асқорыту үрдісі бұзылады. Гликокаликс молекулалық елеуіш және ионалмастырғыш қызметін атқарады. Гликокаликсте электр зарядтары (катиондар мен аниондар) болғандықтан, олар ион алмастырғыш болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, энтероциттің мембрананың бетінде орналасқан орта үшін гликокаликс талғамды өткізгіш пен стерильділікті қамтамасыз етеді.
