- •Биомедицина негіздері.Анықтамасы. Пәні және міндеттері
- •2 .Тіршіліктің анықтамасы
- •3. Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері
- •Молекулалық деңгей
- •Жасушалық деңгей
- •Ұлпалық деңгей
- •4. Жасуша – тіршіліктің қарапайым бөлігі.
- •5.Жасуша теориясы
- •6.Эукариот жасушаларының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметтері.
- •7. Прокариоттар жасушаларының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметтері.
- •Прокариоттардың маңызы
- •Вирустардың жалпы қасиеттері
- •9.Плазмалемма
- •10.Эукариот жасушасындағы ядроның құрылысы мен қызметтері.
- •15.Липидтер
- •16.Көмірсулар
- •17.Мембрана липидтері
- •18.Мембрана ақуыздары
- •19. Төменгі молекулалық заттардың тасымалдануы
- •20. Жоғарғы молекулалық заттардың тасымалдануы
- •21. Мембрана арықылы заттардың пассивті тасымалдануы
- •22. Мембрана арқылы заттардың активті тасымалдануы
- •23.Жасушаның метаболизмі. Анаболизм.
- •24. Жасушаның метаболизмі. Катаболизм.
- •25. Автотрофты ағзалар.
- •27.Энергетикалықалмасу.Дайындық кезеңі
- •30.Жануарлар жасушасындағы пластикалық алмасу.
2 .Тіршіліктің анықтамасы
Адам баласын ежелден толғандырып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі — тіршіліктің пайда болуы, оның түрлі геологиялық замандардағы тарихи даму заңдылықтары. "Тіршілік" ұғымы жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың жиынтығын және олар тіршілік ететін табиғи орта жағдайларын тұтасымен камтиды. Тіршіліктің мәні тірі ағзалардың өзінен кейін үнемі ұрпақ калдырып отыруымен айқындалады. Бұл кезде ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық ақпараттар беріліп, азғалар әрі өзін-өзі реттеп, әрі ұрпақтары арқылы калпына келіп отырады. Сондықтан да тіршілік дегеніміз — тірі ағзалардың ұрпақ қалдыру аркылы өмір сүруінің ерекше сапалық көрінісі. "Тіршілік" ұғымына алғаш анықтаманы Ф.Энгельс берген. Оның анықтамасы бойынша, тіршілік дегеніміз — тірі ағзалардың коршаған ортамен тұрақты түрде зат алмасуына негізделген, нәруызды денелердің тіршілік ету тәсілі. Тірі азғалар мен қоршаған орта арасында зат алмасу процесі тоқтаған кезде, нәруыздар ыдырап, тіршілік жойылады. Қазіргі кезде биология ғылымдарының соңғы ғылыми жетістіктеріне сүйене отырып, тіршілікке мынадай анықтама беріледі. Тіршілік дегеніміз — құрылымы нәруыздар (белоктар) мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын, өзін-өзі реттейтін, өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдырып отыратын тірі азғалар жиынтығының ашық жүйесі. Тіршілік ұғымындағы негізгі орында — нәруыздар мен нуклеин қышқылдары тұрады. Өйткені бұл қосылыстар барлық тірі азғалар жасушаларының түрлі құрылымдық түзілістерінің құрамында кездеседі. Табиғаттағы барлық тірі азғалар бір-біріне ұқсас біркелкі құрылымдық деңгейлерден тұрады. Бұл, жалпы, тірі ағзалардың бәріне тән биологиялық заңдылық болып саналады. Тіршілік деңгейлері:
молекулалық,
жасушалық (клеткалық),
ұлпалық, мүшелік,
ағзалык,
популяциялық- түрлік,
биогеоценоздық және
биосфералық деп бөлінеді.
3. Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері
Тіршілік деңгейі - табиғаттағы барлық тірі организмдердің бір біріне ұқсас біркелкі құрылымдық деңгейлері. Бұл, жалпы, тірі организмдердің бәріне тән биологиялық заңдылық болып саналады. Тіршілік деңгейлері: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық түрлік, биогеоценоздық және биосфералық деп бөлінеді.
Молекулалық деңгей
Бұл тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі организм құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады.Оған мысал ретінде, нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың және т.б органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады.
Жасушалық деңгей
Жер бетіндегі тірі организмдердің көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір қызмет атқарады.Жасушадағы жеке органоидтердің атқаратын қызметі өзара бір бірімен тығыз байланысып жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады.
Ұлпалық деңгей
Ұлпалық деңгей тек көп жасушалық организмдерге тәне қасиет. Жеке ұлпаларда өз алдына тұтас организм бола алмайды.Мысалы, өсімдік мүшелеріндегі ұлпалар түзуші, жабын, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы деп аталады.
Мүшелік деңгей
Көп жасушалы мүшелік деңгей көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі ұлпалар жиналып мүшелік деңгейді құрайды.Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүшеде тұтас организм бола алмайды. Құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды.
Организмдік деңгей
Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер мен жануарлар өз алдына жеке организм. Ал көп жасушалы организмдердің жеке бір дарасы жеке организм деп есептеледі. Жеке организм денесінде тірі организмдерге тән барлық тіршілік процестері: қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею және т.б процестер жүреді.
Популяциялық-түрлік деңгей
Өзіне тән табиғи орта жағдайында бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популияцияны құрайды. Популияциялық деңгейде ғана алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, бірте бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді.
Биогеоценоздық деңгей
Биогеоценоздық деңгей - құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғана тіршілік етуге ғана бейімделген көп түрлі организмдердің жиынтығы. Оны кейде табиғи бірлестік деп те атайды. Биогеоценоздың құрамында бейорганикалық және органикалық қосылыстар және тірі организмдер болады.
Биосфералық деңгей
Биосфералық деңгей - жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы.Биосфералық деңгейде бүкіл жер бетіндегі заттар мен энергияның айналымы биосферадағы барлық тірі организмдердің тікелей қатысуы арқылы жүріп отырады.
