- •Биомедицина негіздері.Анықтамасы. Пәні және міндеттері
- •2 .Тіршіліктің анықтамасы
- •3. Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері
- •Молекулалық деңгей
- •Жасушалық деңгей
- •Ұлпалық деңгей
- •4. Жасуша – тіршіліктің қарапайым бөлігі.
- •5.Жасуша теориясы
- •6.Эукариот жасушаларының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметтері.
- •7. Прокариоттар жасушаларының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметтері.
- •Прокариоттардың маңызы
- •Вирустардың жалпы қасиеттері
- •9.Плазмалемма
- •10.Эукариот жасушасындағы ядроның құрылысы мен қызметтері.
- •15.Липидтер
- •16.Көмірсулар
- •17.Мембрана липидтері
- •18.Мембрана ақуыздары
- •19. Төменгі молекулалық заттардың тасымалдануы
- •20. Жоғарғы молекулалық заттардың тасымалдануы
- •21. Мембрана арықылы заттардың пассивті тасымалдануы
- •22. Мембрана арқылы заттардың активті тасымалдануы
- •23.Жасушаның метаболизмі. Анаболизм.
- •24. Жасушаның метаболизмі. Катаболизм.
- •25. Автотрофты ағзалар.
- •27.Энергетикалықалмасу.Дайындық кезеңі
- •30.Жануарлар жасушасындағы пластикалық алмасу.
Биомедицина негіздері.Анықтамасы. Пәні және міндеттері
«Биомедицина негіздері» пәні медико-биологиялық және клиникалық пәндерді оқытуда фундаментальдық негіз болып табылады.
Бағдарламада тірі ағзаның қасиеттері және жалпы биологиялық заңдылықтар, тіршіліктің ұйымдасу деңгейіндегі барлық кезеңінің көрінісі сипатталған. Осы пәнді оқу кезінде биология, химия, физика, математика пәндерінің білімдерің пайдалану қажет. «Биомедицина негіздері» биологиялық заңдылықтарды молекулалық, жасушалық және жүйелік деңгейде қарастырады. Бұл пән адам ағзасындағы қалыпты және патологиялық процестерді толық түсінуге мүмкіндік береді.
«Биомедицина негіздері» пәні бірнеше бөлімнен тұрады:
-жасушаның жалпы және молекулалық биологиясы (нуклейн қышқылдары мен нәруыздың құрылысы мен қасиеттері, эукариоттардың генетикалық материалының қызметі мен ұйымдасуы, прокариот, вирустардың, сонымен қатар жасушаның молекулалық құрылысы мен қызметі, олардың органеллалары, гендер экспрессиясы, бағаналы жасушалар туралы түсінік, жасуша метаболизімі туралы сұрақтар, мембрана арқылы тасымалдану);
-биоэтика, биомедицинаныі заманауй мәселелері;
-медициналық информатика.
Медициналық жоғарғы оқу орындарында биомедицина негізін оқытуда интегрирленген жүйеде білім беру, жасушаның құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, матрицалық синтездердің реттелуін, сигналдардың берілу механизмдерін түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Мұндай қалыптасқан дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабылетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, «Биомедицина негіздері» пәнің оқығанда, ағзаның тіршілік барысында бұзылу процестерінің механизімдерің, патологиялық жағдайлардың қалыптасуы мен көрінуінің рөлін, сонымен қатар молекулалық-генетикалық әдістерін оқып, игереді. Бұл пәнді оқу барысында заманауй медицинада қолданылатын жасушалық технологиялар және гендік-инженерлік сұрақтар, биоэтика және биоинформатика сұрақтары игеріледі.
Бұл игерілген білім молекулалық биология және медициналық генетика, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, пәндерін оқу үшін теориялық база болып табылады.
Пәннің мақсаты:
Ағзадағы негізгі молекулалы-генетикалық және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолдануды қалыптастыру. Биоинформатика және биоэтика сұрақтарымен таныстыру.
Міндеттері:
Биологиялық заңдылықтарды молекулалық, жасушалық және жүйелік деңгейде оқып үйрету.
Тұқымқуалаушылық ақпараттың құрылысын, қызметін және белсенділігінің реттелуін молекулалық және хромосомалық деңгейде оқып үйрету.
Жасушаның және органеллалардың құрылысы мен қызметін оқып үйрету.
Биомембрананың молекулалық құрылысын және олардың жасушааралық байланыстарды қамтамасыз етудегі рөлін, мембраналық тасымалдану механизімін оқып үйрету.
Молекулалық биология және медициналық генетика саласында заманауй зерттеу әдістерін оқып үйрету.
Биоэтика және биоинформатика сұрақтарын оқып үйрету.
