Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Үлгі Диплом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.52 Кб
Скачать

Қорытынды

Сонымен, қорыта айтқанда, жалпы тіл құдіреті деп жатамыз, тіл құдіреті, ол арқылы ұлттың қазынасы біздің дәуірімізге жетті, танылды. Бірақ та, өзінің ұлт тұтастырушылық қызметіне қарай оның нақты тарихи кезеңнің контексінде жаңарып отыруы – заңды құбылыс. Олай болса, ұлттық болмыстың тұрақты белгілерін сақтай отырып, сонымен қоса оның мезгілдік сипатына сәйкес осы кезеңмен сабақтастығының нақты дәл көрінісі тілде қалай көрінеді?

Бұл тұжырымның тілдік дәйегін анықтап, тілдің ұлт тұтастырушылық қызметін деректейтін, дәлірек айтқанда, ұлтты ұйыстырудағы ежелгі замандардан бергі халықтың рухани – танымдық тәжірибесін айғақтайтын – тіл арқылы сақталған, ұлтқа тән көркемдік жүйеде көмкерілген сөз өнері. Олар – ұлттың болмыс – бітімін, дүниеге көзқарасын, рухани – мәдени құндылықтарын, әлеуметтік мәнін ұлттық таным қорында жинақтаған тілдік таңбалар. Өйткені қазақ ұлты да басқа ұлттар сияқты ғасырлар бойы жинақталған ой – тәжірибесін, даналығын, дүниетанымдық көзқарастарын, салт – дәстүрін т.б.тілінде көрсете білді. Олар халық өмірінің тұрмысын, мәдениетінің ортақ сипаты ретінде тұтас құрылымдық жүйе құрайды. Ал адамзат үшін ақиқат дүние біреу болғанымен, оны түсіну, тану,сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр ұлтта әртүрлі деңгейде, сан алуан түрде беріледі. Сол себепті тіл иесінің ой – өрісіне, дүниенітұтас таныған жан әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өз бетінше көрініс табады. Сөйтіп, тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады.

Сонау ХХІ ғасырда өмір сүрген түркі тілдерін алғаш зерттеушілердің бірі Махмуд Қащқаридің «Түрік сөздігі» еңбегінде автор салыстырмалы әдісті қолданғаны белгілі. Екі тілге ортақ фразеологизмдерді салыстыру барысында олардың мағына жағынан сәйкес келіп, дыбыстық жағынан өзгешеліктері бар екенін анықтадық. Сонымен қатар мысал ретінде алынған он тұрақты тіркестердің екі тілдің бірінде кездесіп, біреуінде кездеспегені де анық. Айталық, қазақ тіліндегі Қара күн келмейінше, қара жылғаны кешпе (Қара мұң келмегінше қара иалға кешме), бұндағы қара күн тіркесі.

Осымен байланысты қазақ башқұрт тілдеріндегі қолданылып жүрген параллель фразеологизмдерге жалпы семантика тұрғысынан сипаттама бергенде көзіміз анық жете түседі. Мысалға алатын болсақ, соматикалық фразеологизмдер – адамның өз организмнінің құрылыс – құрылымы, жұмыс істеу жүйесі, дене мүшелерінің атқаратын белгілі бір қызметі арқылы өзі өмір сүретін ортасын бейнелеп тануына байланысты жинақтаған аялық білімді саралауға апаратын тілдік код болып саналады. Тілдік деректерге сүйенер болсақ, соматикалық фразеологизмдер екі тілде де молынан кездеседі. Қазақ халқы өз жанына жақын заттарды әдемі сөзбен жеткізіп, ал жағымсыз, ұнамсыз заттарды ащы мысқылмен бейнелеген. Олар соматикалық фразеологизмдерде көптеп кездеседі. Мысалға: сүйекке таңба болды, көзіне қан құйылды, маңдайының соры бес елі, құлағынан күн көріну, қақырағаны қан тату, түкіргені жын тату т.б.

Сонымен қатар сан есімге қатысты тұрақты тіркестер екі тілде де өзгеше кездеседі. Бір мен екі санына қатысты екі тілде де көптеп кездессе, үш, алты, сегіз, тоғыз, он сан есімдеріне қатысыт қазақ тілінде кездеседі де, ал башқұрт тілінде мүлдем кездеспейді. Төрт , бес, жеті, сегіз, қырық, сандары кей жерлерде тұрақты тірекстердің мағынасы бірдей келіп, кей жерлерде өз тіліне ғана тән болып келеді.

Қазақ фразеологиясында осыған дейін айтылып, талданып жүрген тұрақты тіркестердің көпшілігі шын мәнінде бабалар тілі қалдырған ұлттық рухани мұра екені рас. Алайда бұған қарап, фразеологиялық қор бір қалыпта қалып қойған деген тұжырым тумау керек. Тілге жаңа тірекстер еніп, ол фразеологизацияланып, тілдік қолданыста үнемі айтылып жүреді. Кей ретте қай фразеологизм бұрын немесе соң пайда болды деп уайым шегетініміз шамалы. Әзірше ХХ ғасырға дейін жасалған, қалыптасқан фразеологизмдерге қандай ұлттық мәдени ерекшеліктер сақталды, қандай менталитетпен қазақ ұлты ғасыр тарихында қалды деген сұрақтың жауабын іздеген жөн.