- •Тапсырма
- •1 Әлемнің тілдік бейнесі және фразеологизмдердің зерттелуі
- •1.1 «Әлемнің тілдік бейнесі» терминінің анықталуы
- •1.2 Тіл мен ұлттық мәдениеттің арақатынасы.
- •1.3 Фразеологизмдердің зерттеу аспектілері және олардың мәдени түп деректері
- •1.4 Фразеологиялық мағыналардың қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлі
- •2 Фразеологизмдердің ұлттық мәдени ерекшеліктері
- •2.1 Қазақ, башқұрт тілдеріндегі адамгершілік қасиеттері мен туыстық қатынастарға байланысты фразеологизмдердің сипаты
- •2.2 Қазақ, башқұрт тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдердің ерекшеліктері
- •2.3 Қазақ, башқұрт тілдері құрамындағы сан есімі бар фразеологизмдердің ұлттық мәдени ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2 Қазақ, башқұрт тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдердің ерекшеліктері
Адам өмірдегі барлық құбылыстың өзегі бола тұрып, өзін-өзі танып-білуге ұмтылады, өз істеріне баға беріп, өзіндік ерекшеліктерін ашуға тырысады. Соның нәтижесінде тілімізде адамға байланысты, адамның дене мүшелеріне, қимыл іс-әрекетіне, мінез-құлқына байланысты сан алуан сөз тіркестері мен фразеологизмдер қалыптасады. Тіл білімінде анатомиялық атауларға негізделген фразеологизмдердің түрлерін соматикалық фразеологизмдер деп атайды. Соматикалық атаулар – тілдегі ең көне, лексика-семантикалық қатпарлардың бірі. Себебі, адам қоршаған табиғи ортаны сезініп білуді өзінен бастайды. Тұлғаның біртұтас жүйесін құрайтын бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді бөлшектері мен бөліктерін дене мүшелері деп танылады. Бұл жөнінде орыс және түркімен тілдеріндегі соматизмдерді салыстырған О.Назаров: «Адам – алғаш өмірге келген сәтінен бастап әрқашан өз бақылауында болады, оның дене-құрылысы мейлінше қарапайым, әрі меңгерілген «болмыс» ретінде танылады», – дейді [10, 69].
1-Кесте. Көз соматизмі қатысқан теңеу мәнді тұрақты тіркестер
Атау |
Теңеу мәнді тұрақты тіркестер |
Мағынасы |
КӨЗ |
~ [-i] алақандай болу// алағанлай болу |
не істерін білмей, қатты сасу, үрейі ұшу |
~ [-iне] оттай басылу//отлай башлу |
көзіне жылы ұшырау; ерекше ыстық көріну |
|
~ [-ге] шыққан сүйелдей//биткен суйеллей |
елден ерекше көзге түсіп, жеккөрінішті болу |
|
~ [-i] атыздай болу//атызлай болу |
қорыққан сәттегі көрініс |
|
~ [-i] шырадай жану//шарлай жану |
қуанғаннан көзі жайнау; көзі нұр шашты |
|
~ [-i] шайдай ашылу//шайдай ачылу |
ұйқысы тарап кету, сергіп сала беру |
|
~ [-iнің] ағы мен қарасындай// ағылы мен қарасынлай |
әлпештеп өсірген таңдаулысы, жақсы көретін ең қымбат жан |
|
~ [-i] шоқтай жанған//шоғлай от |
көздері жалт-жұлт еткен, қатты құлшынған, шабыт үстіндегі адам |
Жоғарыдағы кестеде ұйытқы сөз көз – сезім күйді сыртқа білдірудің тәсілі ретінде берілген. Бір ғана көз деген сөз белгісіз нәрсені белгілі етіп салыстыруда көбінесе заттық ұғымда (сипатталушы мүше) жұмсалады. Осындай тұрақты теңеулердің бейнелері – алақан, от, сүйел, атыз, шыра. Бұл бейнелер осы белгілерімен жұптасып қолданғанда ғана бейнелі сурет жасайды, фразалық сипатқа ие болады. Көз сөзінің орнына ауыз сөзін қолданғанда, бұл қасиетінен ажырайды. Яғни, тұрақты теңеу болу қасиетімен бейнелілік-әсерлілік қасиетін де жоғалтады және мағына беруден қалады.
2.3 Қазақ, башқұрт тілдері құрамындағы сан есімі бар фразеологизмдердің ұлттық мәдени ерекшеліктері
Сан есімді фразеологизмдер екі тілде де молынан кездеседі. «Бұл халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым – түсінігімен, салт – санасымен ұштасып жатыр» , - дейді І. Кеңесбаев[5, 612]. Демек, шығу, қалыптасу негізі бір. Алайда олардың арасында лексикалық параллель бола алмайтындары да бар. Сан есімді фразеологизмдер:
Алдымен «бір» сан есімі:
бір жіпке тізу / бер епке тезеү,
бір құлақтан шығып, екіншісінен шығу/ бер колактан инеп, икенсеһенән сығыу,
бір аяғын анда, бір аяғың мұнда болсын / бер аягың анда, бер аягың монда булсын,
бір басқа екі жазмыш жоқ / бер башка ике язмыш юк,
бір тамшы қаны қалғанша айқасу / бер тамсы кан калғансы т.б
«Екі» сан есіміне қатысты тұрақты тіркестер:
екі аяғын бір етікке тығу / ике аяғын бер куңыска тығыу,
екі дүниені бір ету / ике донъяны бер итеү,
екі есті / ике исле,
екі жүзді / ике йөзле,
екі көзі төрт болу / ике күззе дүрт болыу,
екі қолы кіскендеулі / ике кулы кесәһендә,
екі ұйықтаса түсіне кірмеу / ике ятып бер төшөнә лә инмәу,
екі қолы байлаулы / ике кулла бәйләулә т.б.
Үш / өч сандарымен жасалған фразеологизмдер башқұрт тілінде кездеспейді. Қазақ тілідегілері:
Үйіріңмен үш тоғыз,
Үш күндік пәни,
Үш қайнаса сорпасы қосылмайды,
Үш мүйіз болу,
Үш тоғыз,
Үш ұйықтаса түсіне енбеген;
Төрт / дүрт санды фразеологиялық параллельдер де аз:
0 / дүрт аяклы ат та һөрлөгә,
төрт көзімен күту / дүрт күз менен көтеү,
0 / дүрт мөйөшләнеу,
төрт құбыласы түгел / дүрт яғың кибла т.б.
