Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Үлгі Диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.52 Кб
Скачать

1.3 Фразеологизмдердің зерттеу аспектілері және олардың мәдени түп деректері

Қазіргі қазақ тіл білімінде тілді сол тілде сөйлеуші халықтың ой – санасымен, санасындағы терең тілдік құрылымдармен тығыз байланыста қарайтын антропоцентристік және когнитивтік парадигмасы дейтін ілім бар, оның мақсаты – бүгінгі қазақ тіл білімінің де құрылымдық лингвистикамен сабақтастығын көрсету. Ал тілідң құрылымын ұстап тұрған негізгі арқау – түбір құрылымы екені белгілі.

Бір буынды ғана емес, көптеген екі буынды да түбірлердің тарихи тұрғыдан ажырамастай кірігіп кетуі сол тарихи құрылымның тек коммуникативті – функционалды қызметіне ғана емес, ішкі мазмұнында да (ішкі форма) да байланысты. Себебі тіл философиясының негізін қалаушы В.фон Гумболдт, А.А. Потебня т.б. көрсетуінше, тіл ойды туғызушы тетік, тілде о бастан шығармашылық, танымдық мүмкіндік бар.

Бұл арада тілдің коммуникативтік қызметі мен комулятивтік (мұрагерлік) қызметі астасып кететінін айтқанымыз жөн. Талай ғасырлар белгілі бір тіл тұтынушы қоғамда коммуникативтік – әлеуметтік қызмет атқаратын тілдің бойында тілдік – мазмұндық ақпарат сыйымдылығы жинақталып, «өлі» түбірлердің құрамында сақталуы – соның бір дерегі (мейлі, ол туынды түбірлердің құрамында ма әлде шеткері өрісте ме).

Осы «өлі» түбірлер сияқты ғасырлар бойы халықтың көкірегінде жатталып, жадында сақталған, көркем кестенің шеңберінде айшықталып, ұрпақтан – ұрпаққа тілдің коммуникативтік те, комулятивтік те қызметі негізінде жеткен көне тамырлы сөздердің көзі – фразеологиялық тіркестер.

1.4 Фразеологиялық мағыналардың қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлі

Адамзат өмірінің кез келген сәті, оның тұрмыс тіршілігі, күн көрінісі, салт дәстүрі, өмір сүру мәдениеті – барлығы тілінде көрініс табады. Бұл тілдің кумулятивтік қасиетіне жатады. Өйткені тіл ұлттың өзіндік ерекшеліктерін сақтап, жинайды, қаптап орайды, яғни кодта айналдырады. Сол тілдегі бар код арқылы ұлт мәдениетін танып білуге болады. Әр халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасаған тілінен көрінеді.

ХХІ ғасыр тіл білімінің жаңа парадигмасы – антропоцентрлік бағыт қазақ тіл білімі үшін де маңызды бағыт. Жаңа парадигманың қағидаларында бірінші кезекте адамды, оның сөзді қабылдауы, сөзді пайымдауы, талғап жарыққа шығаруы және ақпараттарды жүйелеуі – тілдік бірліктердің ерекшеліктерін талдауға мүмкіндік берді. Адамды тіл арқылы тану, сөз әдебиетінің ерекшелігін саралау тіл мәдениетінде қалыптасқан фразеологиялық қордан көрінеді.

2 Фразеологизмдердің ұлттық мәдени ерекшеліктері

2.1 Қазақ, башқұрт тілдеріндегі адамгершілік қасиеттері мен туыстық қатынастарға байланысты фразеологизмдердің сипаты

Көне түркі дәуір мәдениетін зерделесек, ортақ шаңырақтан өрбіген қазіргі түркі тілдес халықтар тілінде сақталған тұрақты тіркестер ерте кезде бірге жазған көшпелілер тарихынан дәстүрлі рухани мәдени сабақтастықты аңғартады. Мүмкін түбі бір түркі тілдес халықтар түгелденіп болғанда, келер ғасыр еншісіндегі ортақ тіл білімі тарихи фразеологизмдерін салыстыра отырып, әр ұлттың мәдениетіндегі орнын белгілер.

Әрбір халықтың мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасаған тілінен көрінеді. Кейде сол ұлттың тілінде халықтың қасиеттерін өзгелерден ерекше етіп бағалайтын, анықтайтын тіркестер қалыптасады. Жалпы ұлт тілдерінің ішінде концептуалдық тілдік қолданыстары көбірек немесе эмоцияналдық тілдік құрылымдары басым түсіп жататын тілдер болады. Ойды астарлап, тұспалдап, адам жанын сипай отырып, мораль мен этиканы ұқтыруда қазақ тіліндей мәнерлі тіл кем де кем.

Қазақ ұлтының басқа ұлттар сияқты мәдени ұғымның ортасында туып, өсіп – өнуінің көптеген алғы шарттары мен салалары бар. Мәселен шешен сөйлеу – тіл мен жақты сүйену емес, мұнда логикалық ой ұжым, терең ақыл бар. Тілек – бата үлгілері – қара сөзді қамшы қылу емес, мұнда рухани мәдениет үлгілері жатыр. Мұның барлығының арғы жағында ұлт тіршілігінің басқалардан ерекше өмір салты көрінеді. Бұларды бейнелеп суреттеу,бар болмысын тілмен өрнектеп жеткізуде жыршылық, әншілік, ақындық, шешендік сияқты мәдениеттің орны бөлек. Атадан мал қалмайды, тал қалады; шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ; атадан бөз қалмайды, сөз қалады деген ойларды зерделесек, онда тіл өз бойындағы әлеуметтік мәдени сөз парақтарын ғасырлар еншісіне бекер қалдырмайды. Әр бетті оқып аударған сайын, ұрпақтар санасының саңылауында ұлтының өзгелерден бөтен болмысы көз алдына келері хақ. Біздің қазақ шешен ғой деп баға бере салу, ұлт менталитетін кемітумен бірдей.

Осы өлшемде негізінде қазақ және башқұрт тілдеріндегі фразеологизмдерді түрлі топтарға бөліп , олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін аңғаруға болады. Мысалы:

  1. «Білім» және «ақыл» сөздері тірек болған фразеологизмдер:

ақылды бас / акылды баш;

ақыл беру / акыл биреү;

ақыл үйрету / акыл өйрәтеү;

ақылға салу / акылға һалыу ;

ақылы алтын / акылы алтын;

ақылға сыймау / акылға һыймау т.б.

  1. «Сөз» сөзі тірек болған не байланысты фразеологизмдер:

сөз алмасу / һүз алмашыу,

сөз беру / һүз беру,

сөзіне тұру / һүзіне тороу,

сөз тастау / һүз ташлау,

сөз қату / һүз қатыу,

сөзін қыстырмау / сөз кыстырмау, т.б.

  1. Туыстық қатынасқа қатысты фразеологизмдер :

атам заманда / атам заманы,

жеті атасына дейін қалдырмай / ете атаһын калдырмай,

атасын таныту / атаһын танытыу, т.б.

  1. Жан – жануарлармен байланысты фразеологизмдер:

бір қазанға екі қошқардың басы сыймас / ике тәке башы бер қазанға һыймау;

аюға намаз үйреткен таяқ / аюга намаз өйрәткән таяк,

атқа мінгендей болу / ат (ка) менгәндей болыу

ат басындай алтын / ат башындай алтын,

қоян жүрек (ті) / куян йөрәк (лә) т.б.