Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Үлгі Диплом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.52 Кб
Скачать

1 Әлемнің тілдік бейнесі және фразеологизмдердің зерттелуі

1.1 «Әлемнің тілдік бейнесі» терминінің анықталуы

Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет ретінде қазіргі уақытта алдында тұрған басты маңызды міндеттердің бірі – өткенін сұрыптап , бүгінгісін таразылап, болашағын бағдарлау. Осымен байланысты мәселенің өзегі ұлтты ұйытып, тұтастыратын арқауды анықтау десек, ол арқау – тіл. Тіл құдіреті арқылы ұлттың рухани тарихы мен таным- тәжірибесін сақтайтын қазынасы бізге жетеді, танылады. Кешегі өткен ата – бабаларымыздың елдік мұрат- мүддесін айшықтап, азаттық үшін күрестегі ұлттық рухын көтеретін қуатты құралы тіл болса, ұлттық санасы жаңа сапада жаңғырған Қазақ мемлекетінің тарихи кезеңі- бүгінгі таңда да тіл ұлтты тұтастыратын ұлттық идеяның негізгі мәні және құралы болуға тиіс.

Тілді адамның әлеуметтік тұрмысын қамтитын мәдениеттен, тарихтан тыс қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы жалаң түсінікті қалыптастырады және оны зерттеудің мүмкіндіктерін шектейді. Демек, тіл –әр халықтың ұлы мұрасы,ұлттың тарихи жетістігі. Академик Ә. Қайдар мәдениет терминіне төмендегідей анықтама бере отырып, «мәдениетті танып – білу құралы - тіл » деп тұжырымдайды: «Мәдениет» жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт- дәстүр, рухани –материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын күрделі ұғым. Бұл мәдениет- әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи – әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс. Өмір – тіршілік салты да , ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология т.т. – осының бәрін біз этнос мәдениетінен таба аламыз. Ал, соның бәрін танып – білудің ең басты құралы- тіл екендігін мәдениеттанушылардың барлығы да бір ауыздан қолдайды» [14,11].

1.2 Тіл мен ұлттық мәдениеттің арақатынасы.

Фразеологизмдер – тіл иесі халықтың (этностың) күллі дүние ғалам жайлы ұғым-түсініктерінің, өзін қоршаған шындық болмысты тұтастай қабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тіл-тілде өзгеше өрілетін ғаламның тілдік бейнесін, яғни дүниенің тілдік суретін жасауға қатысатын әсем де, әсерлі өрнектері, тілдік метафоралық композициялар. Ғаламның тілдік бейнесі, дүниенің тілдік суреті – белгілі бір халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық-мәдени тәжірибесінің, әлем жайлы білімінің сол халық сөйлейтін тілде көрініс табуы, бейнеленуі, шегеленіп бекітілуі. Міне, осы тұрғыдан алғанда, фразеологизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігінің сан алуан қырын, дүниетанымын, эстетикалық талғамын, эпикалық сана – сезімін, наным – сенімін, салт – дәстүр, әдет – ғұрпын т.б. толықтай танытатын тұрақты тілдік орамдар болып табылады. Фразеологизмдердің семантикасы негізінен адамды және оның іс-әрекетін сипаттауға бағытталатындықтан, олар қатысқан ғаламның тілдік бейнесінде антропоцентристік қасиет болмай қоймайды.

Фразеологизмдердің образдылығында, метафоралы ауыспалы мағынада қолданылуында, компонеттер құрамында, жалпы ұғымдық тұтастығында халықтың сан ғасырлық іс – тәжірибесінің рухани бітім – болмысының белгілерін жинақтаған ішкі құрылым болады. Бұл ішкі құрылымның пайда болуы туралы В.А.Маслова былай дейді: «Ең алдымен фразеологизмнің негізінде жатқан еркін тіркестің тура мағынасына сәйкес келетін қандай да бір жағдаят болады. Оған мән беріледі, мағына жүктеледі. мазмұн бекіледі. Осы мән, мағына, мазмұн келесі бір ұғым түсінікті білдіру үшін қайыра ой сүзгісінен өтіп, тура мағыналы еркін тіркес ауыс мағынада қолданыла бастайды, яғни о бастағы нақты жағдаятты білдірген еркін сөз тіркесі құрамындағы сөздердің алғашқы біріншілік мағыналарына негізделіп фразеологизмнің образы қалыптасады. Алғашқы бірінші мағына ауыс мағынада қолданылатын фразеологизмнің бойынан мүлдем жойылып кетпейді, қайтсе де образда өз ізін қалдырады».