Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дуниетану-1-4-сынып тест.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
393.22 Кб
Скачать

Адам-табиғат перзенті Тест№1

1.Адам табиғаттың қандай бөлігі?

А)негізгі бөлігі Ә)тірі табиғат

Б)арнайы бөлігі В)өлі табиғат

2.Адам басқа тіршілік иесімен несімен ерекшеленеді?

А)саналылығымен Ә)қоректенуімен

Б)сезімталдығымен В)дене мүшесімен

3.Адам денесі қандай бөліктерге бөлінеді?

А)бас, мойын, кеуде,қол, аяқ Ә)бас, кеуде, қол, аяқ Б)бас, қол, аяқ, дене В)бас, мойын, дене, қол, аяқ

4.Денені не қапгап тұрады?

А)май Ә)түк Б)тері В)бұлшық ет

5.Адам денесінің құрамына жатпайтын бөлікті тап:

А)бұлшық ет Ә)қан айналысы Б)жүйке жүйесі В)желбезек

6.Адам терісі қандай қызымет атқарады?

А)тірек Ә)қорганыш Б)ас қорыту В)қан айналу

7.Адамда неше жұп қабырга бар?

А)16 Ә)20 Б)12 В)18

8. Сау адамды сипаттау үшін сөздерді таңда: сымбатты, бүкір, күшті, мықты, толық, жүдеу, епсіз, арық, алқызыл бетті, шымыр

_______________________________________________________________

9. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, шектер, бауыр-бұлар ___________________________________ мүшелері.

10.Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

А)30-33 Ә)33-34 Б)23-24 В)43-44

11.Қол мен аяқ сүйектері бір-бірімен қалай жалғасады?

А)буын арқылы Ә)шеміршекпен Б)жұлын арқылы В)омыртқамен

12. Бұлшық ет қандай қызмет атқарады?

А)қозғалыс Ә)қорғаныш Б)тірек В)тыныс алу

13. Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады?

А)қозғалыс Ә)қорғаныш Б)ас қорыту В)тірек

3-сынып

Қан айналысы, тыныс алу, ас қорыту мүшелері Тест№2

1.Жүрек кеуде қуысының қай бөлігінде орналасқан?

А)оң Ә)сол Б)жоғары В)төменгі

2.Қанның ағзада қозғалуын қалай атайды?

А)қан ағу Ә)қан таралу

Б)қан айналысы В)қан қызметі

3. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады?

А)60-90 Ә)60-70 Б)50-60 В)60-80

4.Өкпе қандай бөліктерден тұрады? А)Оң, сол Ә)төменгі, жоғарғы

Б)дара, косарлы В)негізгі, көмекші

5.Тыныс алудың қандай маңызы бар?

А)таза ауа өкпеден шығарылады Ә)кеуде тарылады

Б)Таза ауа өкпеге енеді В)өкпе сығады

б.Тыныс шығарудың қандай маңызы бар?

А)көмірқышқыл газы өкпеден шығарылады Ә)өкпеден таза ауа шығарылады

Б)қабырғалар жоғары көтеріледі В)өкпе кеңиді

7. Дұрыс жауабын тап:

1. Жүректен шығатын ең ірі тамыры 1. Қылтамырлар

2. Жүректен барлық мүшелер 2. Көктамырлар

мен жасушаларға қан апаратын тамыр.

3. Жүрекке қан баратын тамыр 3. Қолқа

4. Ең кішкентай қан тамырлары 4. Сала тамыр

8.Төмендегі мүшелердің қайсысы ас қорыту мүшесіне жатпайды? А)ауыз Ә)өңеш Б)асқазан В)өкпе

9. Ас қорыту мүшесіне жататын безді тап А)ұйқы безі Ә)сілекей безі

Б)жұтқыншақ безі В)тері асты безі

10.Қорытылып еріген тағам денеге қалай тарайды? А)сөл арқылы Ә)қан тамырымен

Б)шек арқылы В)асқазан арқылы

11. Тіске зақым келтірмеу үшін не керек?

А)конфет жеу Ә)сүйек кеміру Б)тазалап отыру В)жаңгақ шағу