Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дуниетану-1-4-сынып тест.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
393.22 Кб
Скачать

ББК 74.262.4

Б-83

Ақтайлақ би атындағы жалпы орта білім беру мекемесі әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралды

Хаттама №7 22.01.2010

Пікір жазған:

С.Қ.Қалиева – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жалпы биология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты

Н.Ш.Карипбаева - Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жалпы биология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты

Б-83 Дүниетанудан тест жұмыстары: 1-4 сынып/ құраст.: Қ.А.Бужеева, М.Т.Есперова, Г.А.Ұясбаева Семей: «Үш биік» ЖШС ғылыми-әдістемелік баспасы, 2010-73 бет.

ISBN 9965-744-08-4

Бұл жинақ бастауыш ұстаздарымен 1-4 сынып оқушыларына көмекші құрал ретінде ұсынып отыр. Әрбір тақырып тарау бойынша қамтылған. Бұл жинақта 1-4 сынып материалдары толық қамтылған. Жарма ауданның табиғат ерекшеліктері аймақтық компоненті ретінде пайдалануға ұсынылған.

ББ

ISBN 9965-744-08-4

ББК 74.262.4

© Қ. А. Бужеева, М. Т.Есперова,

Г.А.Ұясбаева, 2010

© «Үш биік» баспасы ЖШС, 2010

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының бастауыш білім беруге арналған Мемлекеттік жаңа білім стандартында көрсетілгендей , бастауыш білім мазмұнының жаңа бағдарламалары оқушылардың білім , білік, дағдаларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен беріледі:

  1. Оқу материалдарының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (яғни міндетті деңгейі).

  2. Оқу материалдарының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі немесе мүмкіндік деңгейі.

Жоғарыда аталған деңгейлердің арасында әлі де бірнеше деңгей болуы мүмкін. Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.

Міне осы аталған деңгейлер көлемінде сапалы білім бере отырып оқушылардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, интелектуалды тұлға дайындауда таптырмайтын әдістің – тесттік тапсырмалар. Осыған байланысты бүгінгі күні оқу үрдісінде тесттік тапсырмаларды қолдану қажеттілігі пайда болды.

Тест (ағылшын тілінен аударғанда байқау, сынақ, бақылау) – орындалуы белгілі бір білім, білік, дағды мен қабілеттілік деңгейін анықтауға бағытталған стандартты нысандағы тапсырма. Тест түрлері барлық пән бойынша оқу бағдарламасындағы жүйенің қатаң сақталуымен беріліп, іс –жүзінде екі деңгейдегі білім мазмұнынын сапасын анықтауға арналған дидактикалық құрал.

Тесттік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға нақты мүмкіндік туады.

Тест тапсырмаларының сапасын арттыру үшін әр мұғалі оқушылардың білім дәрежесін , жас ерекшеліктерін ескере отырып тестті өзі әзірлегені тиімді.

Тест жұмыстарының дұрыс құрылуы , бала жасы мен шамасының лайықтылығы нәтижесінің талданылуы білім сапасының арттыруға мүмкіндік тудырады.

Бұл жинақта 1-4 сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қортындылау тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Өскен жеріміздің, ауданымыздың табиғи ерекшеліктерімен елінің тарихы, мал шаруашылығы , өсімдіктері мен жануарларын тест сұрақтарынан кездестіруге болады. Осы ұсынып отырған тест жинағы оқушылардың білімін толықтыруға, алған білімін бекітуге дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді деп сенеміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев табиғат байлығы туралы былай деген: «Жердің де судың да иесі сендерсіңдер жас ұлан!» жас ұрпақты қоршаған ортаға ерекше құрметпен қарап сүйе білуіне ықпал ете білуіміз керек.

Мақсаты: Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой - өрісін кеңейту , алған білімдерін одан-әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін,ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу. Тест жинағында әр сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталып алынған. Әдістемелік жинақтың білімділік, тәрбиелік

мәндерінің жоғары болуымен қоса пәнаралық байланыс жағы қарастырылды. Тақырыптық тестік тапсы

рмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды.

Міндеті: Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Оқушылардың білімін толық ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылды.

Күтілетін нәтиже

Дүниетану тест жұмыстары 1-4 сыныпқа арналған көмекші құрал ретінде оқушылар мен ұстаздарға ұсынылып отыр.Бұл жинақ тест тапсырмаларын пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамытып , шығармашылық жұмысқа бейімділігін арттыра отырып, ұйымшылдыққа , адамгершілікке , инабаттылыққа, тәрбиелейді.

Сонымен бірге жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін жан-жақты білуіне , құрметтеуіне ықпал етеді. Тест жинағы әртүрлі жұмыс түрлерімен толықтырылған. Атап айтсақ сәйкестендіру , бақылау , білімін тексеру , ашық тест ,жабық тест түрлерінің қамтылуымен ерекшеленеді.

Бұл ерекшелік сөз жоқ оқушыларды жан-жақты дамуға , өз пікірін айта білуге, білімге деген құштарлығын , табиғатқа деген сүйіспеншілігін , туған жердің ерекшеліктерімен жете танысуға ықпал етеді деген мақсатпен құрылды.

Әдістемелік құралдан күтетін негізгі нәтижелеріміз төмендегідей:

  • Оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;

  • Денелер,нәрселер,құбылыстар,олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;

  • Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту;

  • Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;

  • Табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;

  • Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны қолдана білуі;

Ақтайлақ би атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш

сынып мұғалімдері: Қ.А. Бужеева,

М.Т. Есперова, Г.А. Ұясбаева

құрастырған: «Дүниетану тест жұмыстары» (1-4 сынып) атты оқу әдістемелік құралына

П І К І Р

Оқушылардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастырып интеллектуалды тұлға дайындауда таптырмайтын әдістің бірі тестілік тапсырмаларды қолдану қажеттілігін жете түсінген жаңашыл жас ұстаздар Қ.А. Бужеева, М.Т. Есперова, Г.А. Ұяспаевалардың «Дүниетену тест жұмыстары» 1-4 сыныпқа арналған оқу әдістемелік құралының ерекшелігі оқушыларды қоршаған ортаның әртүрлі объектілері мен құбылыстарын зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдістерімен және тәсілдерімен жүйелі түрде қаруландыру үшін аймақтық компонентті кеңінен пайдалануды ескерген. Оқушыларға туған өлкесінен алынған таныс материалдармен түсіндіріп оқушы санасына, ұғымына жақын, тілі жеңіл тәрбиелік мәні зор тапсырмалар қарастырылған.

Тест тапсырмаларының тағы бір ерекшеліктері оқулықтағы тараулармен тығыз байланысты, жүйелі сәйкестендіріліп құрылған. Тест орындалуы белгілі бір білім, білік дағды мен қабілеттілік деңгейін анықтауға бағытталған.

Жас ұстаздар оқушыларды жалықтырып алмау мақсатында тестілердің әртүрлі әдістерін кіргізген. Тестілік тапсырмалардың әртүрлі нысанда дайындалуы, білікті құрастырылған тестің сипаттық ерекшелігі екендігін ескерсек жас, жаңашыл ұстаздардың жаңа технологияларды әр сабақтарында тереңнен пайдаланып, өз жұмыстарына шығармашылықпен қарайтынын аңғартады.

Әрбір тарауға байланысты берілген тапсырмалар оқушыларды ойландыруға ой қорытуға ұғымдарын жүйелей білуге жетелейді. Кейбір сұрақтарға жауап алу оқушылардың өмір тәжірибесінен табиғатты бақылауына да байланысты. Яғни, оқушыларды зерттеу жұмысына да жұмылдыру көзі болып табылады. Осының нәтижесінде оқушылардың теориялық білімні тереңдетуге байқағыштықтарын дамытуға, сөз қорларын молайтуға, айналадағы дүниеге қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік тудырады.

Тест жұмыстарын орындау барысында оқушыларға берер тәрбиелік мәні де зор. Оқушыларды ұйымшылдыққа, қайсарлыққа, ізеттілікке, адамгершілікке, елі, жері туралы терең білім алып оны сүйуге тәрбиелейді. Сондықтан оқушылардың сауаттылығын арттырып, есте сақтау қабілетін дамытуда баланың дүниетанымын кеңейтіп Егеменді еліміздің жан-жақты мәдениетті болашағын тәрбиелеуге көмегі болар деген ойдамын.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі,

жоғарғы санаттағы ұстаз: Адилова Бүбісара Сембековна

1-сынып