Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мед.п Силлабус 2017 ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.26 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы

«Бекітемін»

Факультет деканы

_________ Жусупова Ж.А.

« __» ________ 2017 ж.

Студентке арналған пән бағдарламасы

(SYLLABUS)

Мамандық

5В050300 «Психология»

Модуль

Кеңес беру негіздері және медициналық психология

Пән

MP 3301 Медициналық психология

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

5

Кредит саны

2

Емтихан

5 семестр

Дәріс

15

Зертханалық

Практикалық (семинар)

15

Барлық аудиториялық

Ақтөбе 2017

Студентке арналған пән бағдарламасы (Syllabus) Типтік оқу немесе Оқу бағдарламасы («__» ________20__ж. бекітілген) негізінде құрастырылды.

Құрастырған Утеуова А.А. магистр, аға оқытушы

Данахметова Д.Б магистр, оқытушы

Кафедра мәжілісінде қаралды.

№__хаттама, «__» _____________201_ж.

Кафедра меңгерушісі _________ Ахметова Д.Б., доктор PhD

Факультеттің Оқу-әдістемелік комиссиясы мәжілісінде мақұлданады.

№__хаттама, «__» _____________201_ж.

Оқу-әдістемелік комиссия төрағасы _________ ________

(қолы) (Т.А.Ә.)

АЛҒЫСӨЗ

Құрметті студент! Бұл бағдарлама сізге арналып дайындалады.Барлық пункттермен мұқият танысыңыз.

Сіз «Медициналық психология» пәні бойынша

өзіңізге қажетті барлық ақпараттарды осы бағдарламадан таба аласыз.

Пәнге жауапты Утеуова А.А.

Офис: «Педагогика және психология» кафедрасы (№307 каб.)

Мекен жайы: А.Молдагулова, 34

Сабақ уақыты: Жұма,11.40-12.30 (пр.)

Консультация сағаты: Сейсенбі, 15.40-16.30

16.40-17.30

Пән туралы мәлімет:

Модуль атауы: «Кеңес беру негіздері және медициналық психология»

Пән атауы мен коды: MP 3301 «Медициналық психология»

Кредит саны: 2

Аптадағы сағат саны: 2

Модульдік оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Барлық кредит саны

Дәріс

Семинар

(практ.,зертх)

ОСӨЖ

СӨЖ

Бақылау формасы

3

5

2

15

15

16

Емтихан

Пререквизиттер: Жалпы психология, даму психологиясы, дифференциалды психология.

Постреквизиттер: Әлеуметтік психология, отбасылық психотерапия, конструктивті қарым-қатынас психологиясы, саяси психология, билік психологиясы.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Медициналық психология таңдау компонентінің базалық пәні. Медициналық психология қазіргі заман психологиясының алдыңғы қатарына шығып отыр. Медициналық психологияның дамуы – бүкіл әлемдік тенденция. Әлемнің дамыған елдеріндегі психологтар «клиникалық психологиямен» айналысады, ал біздің елімізде оны «медициналық психология» деп қарастырады. Медициналық психологияның басты ерекшелігі – бастапқы теорияның негізі мен оның халықтық денсаулық сақтаудағы тәжірибелік мәселелерінің шешімін енгізумен тығыз байланыстылығында. Психологияның басқа салаларына қарағанда қазіргі кезде медициналық психология, денсаулық сақтау ісінің көпшілік мәселелерінің шешілуінде қолданылады. Бұл курста студенттердің ауру адамдарды экспериментті-психологиялық зерттеудің негізгі әдістері және тәсілдерімен, сонымен қатар психокоррекциялық жұмыс жүргізудің тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Құзіреттіліктері: клиентке немесе пациентке әртүрлі психологиялық көмек көрсету немесе ықпал ету, тексеру, эксперттік қорытынды жасау, психологиялық көмек көрсетудің анағұрлым дұрыс әрі тиімді тәсілдерін таңдау туралы білімдерді жетік меңгеру.