- •Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы биотехнологияның маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 2. Микроағзалар. Микроағзалардың табиғаттағы маңызы. Жасушалардың пішіні мен көлемі. Ағза жасушаларындағы судың ролі.
- •Бактериялардың пішіндері.
- •Саңырауқұлақтардың құрылысы.
- •Вирустардың құрылымы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 3. Тірі ағзалардағы фотосинтез жəне хемосинтез. Фотосинтез механизмі.
- •Фотосинтез механизмі.
- •Негізгі əдебиеттер 1[5-9, 27], 6,7,8 Қосымша əдебиеттер21[15-20] Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 4. Зат жəне энергия алмасу. Метаболизм туралы түсінік. Маңызды энергетикалық процесстер. Аэробты жəне анаэробты тыныс алудың химизмі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 5. Ақуыздар. Ақуыздың жеке топтарының классификациясы жəне сипаттамасы. Ақуыздардың аминоқышқылдық құрамы. Ақуыздың биологиялық қасиеттері. Ақуыздардың биосинтезі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 6. Нуклеин қышқылдары. Құрамы, элементтік құрылымы, нуклеин қышқылдарының типтері. Нуклеин қышқылдарының биосинтезі. Нуклеин қышқылдарының биологиялық ролі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 7. Көмірсулар. Полисахаридтер мен олигосахаридтердің ыдырау жолдары. Көмірсулардың биологиялық ролі. Көмірсулардың биосинтезі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 8. Ферменттер жəне коферменттер. Ферменттердің құрылымы. Ферменттер əсерінің механизмі. Ферменттер классификациясы.
- •Ферменттер классификациясы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 9. Ферментативті процесстер кинетикасы. Ферменттердің қасиеттері. Периодтық ферментацияның негізгі параметрлері.
- •Субстрат қолданылуының жалпы жылдамдығы Qs:.
- •Сəйкесінше, субстрат қолданылуының өзіндік (удельная) жылдамдығы qs тең:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 10. Фермент иммобилизациясы туралы негізгі түсінік. Фермент иммобилизациясының əдістері. Иммобилизацияланған ферменттерден иммобилизацияланған жасушаларға.
- •Иммобилизацияланған ферменттерден иммобилизацияланған жасушаларға.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 11. Ферментация процестеріне арналған шикізат. Арнайы ферментация процестері үшін шикізатты таңдау.
- •Көміртегінің көмірсулық емес көздері.
- •Азотты қоректік заттардың көзі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дəріс 12. Битехнологиялық процестердің типтік нұсқасы жəне негізгі сатылары. Битехнологиялық процестердің типтік нұсқасы жəне негізгі сатылары.
- •Бақылау сұрақтар
Бақылау сұрақтары:
«Биотехнология» түсінігіне анықтама беріңіздер.
Биотехнологияда биохимиялық іс-əрекеттің қандай түрлерін пайдаланады?
Химиялық технологиямен салыстырғанда биотехнологиялық процестердің қандай артықшылықтары бар?
Биотехнологияның 5 негізгі даму этаптарын келтіріңіздер.
Биотехнологиялық процестерді ауыл шаруашылығының қай салаларында пайдаланады?
Дəріс 2. Микроағзалар. Микроағзалардың табиғаттағы маңызы. Жасушалардың пішіні мен көлемі. Ағза жасушаларындағы судың ролі.
Табиғатта микроағзалар барлық жерде көп мөлшерде кездеседі.Тыңайтқыштың əр граммында, өзен суының əр миллилитрінде миллиондаған микроағзалар болады.
Табиғатта ең жиі кездесетін жəне микробиологиялық өндірісте кең қолдангылатын топтарға микроскопиялық саңырауқұлақтар (ашытқылар мен көгергендер), сəулелік саңырауқұлақтар, сонымен қатар бактериялар жатады. Олардың клеткаларының өлшемдері 0,5-10 мкм аралығында болады, олар жарық микроскоптарында жақсы көрінеді. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің көп ауруларының қоздырушысы болып вирустар табылады. Оларды тек электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады, себебі вирустардың өлшемі 10 нан 400 нм Ге дейін өзгереді.
Бактериялардың пішіндері.
Бактериялар шар- немесе коккитəріздес, таяқшатəріздес жəне тармақталған пішінді болады.
Коккитəріздес бактериялар – өлшемі 0,5-10 мкм шамасындағы шартəріздес жасушалар. Егер шартəрізді бактериялар топта екі-екіден орналасса оларды диплококка
(пневмококк, менингококк), топта төрттен орналасса – тетракокка, топта сегізден орналасса
– сарцина, тізбектеліп орналасса - стрептококка, жүзім шоғы тəрізді орналасса –
стафилококка деп атайды.
Сурет 1. Бактериялардың негізгі формалары:
1-стафилококтар; 2 – стрептококтар; 3- сарциндер, 4- гонококтар; 5 - пневмококтар; 6
– пневмакок капсуласы; 7- дифтерия бактериясы; 8 – клострищалар; 9-бациллалар; 10-
вибриондар; 11-спиральдар; 12-трепонемдар.
Таяқшатəріздес бактериялар өлшемдеріне, жасушалардың аяқталуына, жасушалардың өзара орналасуына қарай ерекшеленеді. Жасушалардың ұзындығы 1,0 –ден 10 мкм-ге дейін болады. Олар бактерия, бацилла, клостридияларға жіктеледі. Бактериялар- спора түзбейтін (ішек, дизентерия, туберкулез жəне т.б) таяқша тəріздес микробтар. Бациллалардың споралары жасуша диаметрінен аспайды (сибирь жарасы бацилласы). Клостридия споралары жасуша диаметрінен үлкенірек(батулизм, столбняк клостридиясы)
Имек пішіндес бактерияларға – виброндар, спиральдар, спирохеттер жатады. Вибриондар үтір белгісіне ұқсас имек таяқша(холера, су вибриондары). Спиралдар – бір немесе бірнеше орамы бар спиралды бактериялар. Спирохеттер жіңішке, ұзынша, имек, штопр тəрізді бактериялар (сифилис жəне тифтің қоздырғыштары).
Саңырауқұлақтардың құрылысы.
Саңырауқұлақтар – сапрофиттер жəне өсімдік, жануар, адам паразиттері болып бөлінеді. Саңырауқұлақтар жасушалық құрылымға ие. Саңырауқұлақтар ашытқы(сопақша) жəне мицелия (зең) пішінді болып бөлінеді. Мицелиялы саңырауқұлақтар ұзын,жіңішке өрімделген жіпшелерден- мицелиялардан құралады. Споралары арқылы жынысты жəне жыныссыз жолмен көбейетін саңырауқұлақтар - жетілген (мінсіз) деп есептеледі. Ал, жынысты жолмен көбейе алмайтын саңырауқұлақтар – жетілмеген (міні бар) түрлеріне жатқызылады. Медицинада көбіне кездесетіні адамда ауру туғызатын саңырауқұлақтардың - жетілмеген, яғни жынысты жолмен көбейе алмайтын түрлері.
Сурет 2. Саңырауқұлақтардың құрылысы
