Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ОЭ технари гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

10-тақырып.Ұлттық экономика жүйе ретінде(1сағат).

Дәріс жоспары.

1. Макроэкономика және макроэкономикалық саясат.

2. Ұлттық шоттар жүйесі. Негізгі көрсеткіштер: ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ.

Макроэкономика- экономикалық ғылымның саласы, жалпы ел экономикасын зерттейтін ғылым. Макроэкономика- экономикалық ағымдардың қозғалысы кезінде жекеленген экономикалық субъектілер арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттейді.

Макроэкономика- тұрақты экономикалық өсуді, ресурстардың толығымен

қамтылуын, инфляция деңгейін минимизациялау және төлем балансының тепе- теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан экономиканы бірлік ретінде зерттейді. Мемлекет өзінің экономикалық жағдайына экономикалық саясат арқылы әсер етеді. Мемлекеттің экономикалық саясаты- қоғам дамуының және жандануының стратегиялық мәселелерінің шешілуін қамтамасыз ететін экономикалық мақсаттар мен шаралар жүйесі. Бұл саясат экономикалық заңдылықтармен тенденцияларды игеру негізінде өңделінеді.

Макроэкономикалық саясаттың негізгі инструменттері келесілер болып табылады:

  • бюджетті- салықтық (немесе фискалды) саясат- үкіметпен жүргізіледі;

  • несие-ақшалық (немесе монетарлы) саясат- Ұлттық Банкпен жүргізіледі.

Ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды үйлестіру, фискалды және монетарлы саясаттың стратегияларын өңдеу және инструменттерді таңдау тікелей макроэкономикалық теорияның объектілері болып табылады. Ел саясатын анықтайтын маңызды экономикалық факторлерге көңіл аудара отырып макроэкономика жеке экономикалық объектілердің (үй шаруашылғы, фирма) әрекетін көңілден тыс қалдырады. Макроэкономикалық талдау- жекеленген нарықтар арасындағы айырмашылықтарды есепке алмай, жалпы экономикалық жүйенің қызмет етуінің маңызды кездерін айқындауды туындайды. Бұнда экономикалық жүйе барлық нарықтардың (еңбек, тауар, құнды қағаздар және ақша нарықтары) өзара байланысы ретінде қарастырылады. Демек осы талдау кезінде, фискалды және монетарлы саясаттың шаралары арқылы ұзақ және қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе- теңдікті орнату және демеу орын алады.

Микроэкономика пәні үй шараушылықтары мен фирмалар көлемінде экономикалық шешімдер қабылдау механизмі болып табылады. Микроэкономикаға қарағанда макроэкономика өз талдауы кезінде агрегатталған көлемдерді пайдаланады, олар экономиканы тұтас жүйе ретіндегі қозғалысын сипаттайды: жеке фирманың өнімін емес ЖҰӨ-ді (жалпы ұлттық өнім), нақты тауар бағасын емес бағаның орташа деңгейін, жеке банк ставкасын емес пайыздың нарықтық ставкасын, инфляция және жұмыссыздық деңгейін және т.б. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер шынайы ЖІӨ-ң (жалпы ішкі өнім) өсу қарқыны,инфляция қарқыны және жұмыссыздық деңгейі болып табылады.

Микро және макроэкономикада да әр түрлі модельдеулер пайдаланылады.

Макроэкономикалық модельдер- әр түрлі экономикалық құбылыстармен процестердің арасындағы байланыстарды айқындау үшін формалды сипаттауды туындайды. Кез- келген модель шынайылықтың абстрактілі көрінісі болып табылады, сондықтан да еш бір модель абсолютті емес. Дегенмен, осы жалпылама модельдер арқылы ішкі (эндогенді) экономикалық айнымалыларды басқару әдістері анықталады (жұмысбастылық деңгейі, инфляция, инвестиция, тұтыну, валюта курсы және басқалары), олардың көлемі модельді шешу барысында анықталады. Сыртқы (экзогенді) айнымалылар ретінде, фискальды және монетарлы саясаттың инструменттері туындайды, олардың көлемі модельден тыс анықталады (мемлекеттік шығындардың, ақша массасының, салық көлемінің өзгеруі).

Макроэкономикалық талдау негізінде айналымды ағымдар моделі жатыр немесе ЖІӨ айналымы моделі, табыстармен шығындар моделі. Қарапайым түрдегі модельде тек екі экономикалық агент бар: үй шаруашылықтары мен фирмалар, онда мемлекеттің экономикаға араласуы, сыртқы ортамен байланыс орын алмаған.

Сурет 1.1

Суреттен экономика жабық жүйе екендігін көруге болады, онда бір агент табысы басқа агент шығыны ретінде берілген. «Табыс- шығын» және «өнім – ресурс» ағымдары бір уақытта, қарама- қарсы жүзеге асады және олар үздіксіз. Бұл модельден келесі қортындыны жасауға болады: фирма сатуларының сомасы, үй шаруашылықтарының табысының сомасына тең. Демек, жабық экономикада ақшалай жалпы сату көлемі үй шаруашылықтарының ақшалай табысына тең. Ал, ашық экономикада, айналымды ағымдар моделі күрделенеді (1.2 сурет).

Сыртқы (қалған) әлем

Ресурстар нарығы

Қаржылық нарықтар

Сурет 1.2

Модельге екі агенттің келуімен: үкімет және сыртқы әлем, алдындағы тепе- теңдік бұзылады. «Табыс –шығын» ағымынан «кетулер» пайда болады, олар жинақ, салықтық төлемдер және импорт түрінде болады, демек «кетулер» өндірілген өнімді сатып алуға жұмсалмайтын табыс бөлігі. Сонымен қоса «табыс- шығын» ағымына қосымша қаржылар қосылады- «инъекция», олар инвестиция, мемлекеттік шығындар және экспорт. Егер үй шаруашылықтары қаражатты аз жұмсаса, фирмалар өнім өндірісін азайтады, ал ол өз алдына жиынтық табыстың азуына әкеледі. Тауарларға сұраныс деңгейі өндіріс және жұмысбастылық деңгейін анықтайды, ал өндіріс деңгейі өндіріс факторларының иесінің табысын, демек жиынтық сұранысты анықтайды. Айналымды ағымдар моделін келесідей түйіндеуге болады: шынайы және ақшалай ағымдар еркін жүзеге асады, егер де үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет және сыртқы әлемнің жиынтық шығындары өндірістің жиынтық көлеміне тең болса.

Егер, жиынтық сұранысты анықтайтын жиынтық шығындар азайса, жиынтық өнім шығарумен жұмысбастылық та азайады, ал ол жиынтық табысты азайтады, демек, жиынтық сұраныс та азайады. Сондықтан макроэкономикалық саясаттың маңызды міндеті- жиынтық сұранысты тұрақтандыру болып табылады.

2) Нарықтық экономикасы бар елдер үкіметі, билік органдары талдау жүргізу және шаруашылық шешімдер қабылдау үшін ұлттық шоттар жүйесін кең қолданады. Ұлттық шоттар жүйесін нарықтық экономиканың макростатистикалық моделі деп атайды, бұл жүйе нарықтық экономикасы бар елдерде пайдаланылады. ҰШЖ деректерін халықаралық экономикалық ұйымдар пайдаланады

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ)- негізгі экономикалық процестерді сипаттау және талдау үшін пайдаланылатын, өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі. ҰШЖ негізгі көрсеткіші – экономикалық қызмет нәтижесін бағалайтын жалпы ішкі өнім болып табылады (ЖІӨ). ЖІӨ- белгілі бір уақыт аралығында ел резиденттерімен өндірілген барлық соңғы тауарлармен қызметтердің нарықтық құны. Соңғы өнім деп- соңғы тұтынуға, экспорт және жинаққа пайдаланатын тауарлармен қызметтерді айтады, ал аралық тауарлар - өндіріс процесінде пайдаланылады (шикізат, материал, жанар-май және т.б.), олар ЖІӨ еңгізілмейді. Анықтамадағы «жиынтық» термині ЖӨ есептеу кезінде негізгі капиталды тұтыну (амортизация) шегерілмегендігін білдіреді, ал «резидент»- ұлтымен азаматтығына байланыссыз, ел территориясында орналасқан барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары). Бірқатар шет мемлекеттер статистикасында бастапқы макроэкономикалық көрсеткіш ретінде – жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) пайдаланылады.

ЖҰӨ- белгілі бір уақыт аралығында мемлекет азаматтарымен өндірілген барлық соңғы тауарлармен қызметтердің нарықтық құны.

ЖІӨ есептеудің 3 әдісі бар:

  • қосылған құн бойынша (өндірістік әдіс);

  • шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);

  • табыстар бойынша (қайта бөлу әдісі).

ЖІӨ ең алдымен өндіріс көлемінің көрсеткіші, демек, өндірушінің өндірістік қызметінің соңғы нәтижесі. 1-ші әдісті пайдаланған кезде ЖІӨ - соңғы өнім өндірісінің әр кезеңінде қосылған құн. Қосылған құн- өндірілген тауарлармен қызметтер құнымен, өндіріс процесі кезінде толығымен тұтынылған тауарлармен қызметтер құнының айырмасы.

ЖІӨ 2-ші әдіспен, шығындар бойынша есептеген кезде, үй шаруашылықтары, мемлекеттің соңғы тұтынуға шығындары, жиынтық инвестициялар және таза экспорт сомаланады. Оны келесі формуламен көрсетуге болады:

ЖІӨ= C+I+G+Xn

мұндағы: C- жеке тұтынуға шығындар; I- жиынтық инвестициялар; G- тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары; Xn –таза экспорт( экспортпен импорт айырмасы);

ЖІӨ 3-ші әдіспен, табыстар бойынша есептеген кезде табыстар сомаланады, олар: еңбек ақы, пайыз, таза пайда, ренталық төлемдер, өндіріске жанама салықтар және амортизация.

ЖІӨ= ЕА+П+ТП+РТ+ӨЖС+А;

Табыспен өнімді сипаттайтын ЖІӨ-нен бөлек көрсеткіштер бар, олар жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ)- таза ішкі өнім (ТІӨ), таза ұлттық табыс (ТҰТ), жеке табыс (ЖТ), қолдағы жеке табыс (ҚЖТ), тұтыну, жинақ, қолдағы ұлттық жиынтық табыс (ҚҰЖТ).

ЖҰТ= ЖІӨ+шет елден келген бастапқы табыстар сальдосы немесе «шет елден келген таза табыс».

Ішкі өнім және ұлттық табыс жиынтық және таза негізде есептелінеді.

ЖІӨ - негізгі қорды тұтыну (амортизация) = ТІӨ немесе ТҰТ;

Жеке табыс ҰШЖ көрініс алмайды, бірақ ҰШЖ басқа көрсеткіштері негізінде есептелінеді:

ЖТ =ТҰТ- әлеуметтік сақтандыру – жанама салық – бөлінбеген пайда – пайда салығы+ трансферттік төлемдер+процент түріндегі табыс.

ҚЖТ= ЖТ- табыс салығы – мемлекетке төленетін салықтық емес төлемдер.

Қолдағы жеке табыс -тұтыну және жинаққа жұмсалады. Тұтыну ЖІӨ маңызды құраушысы (С), ал жинақ тұтунуға жұмсалғаннан кейін қалатын табыс ретінде туындайды.

ҚҰЖТ= ЖҰТ+ шет елден келген трансферттер-шет елге берілген трансферттер. ҚҰЖТ да ҚЖТ сияқты соңғы тұтынумен ұлттық жинаққа пайдаланылады.

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

2. Ұлттық есеп жүйесі.