- •Белоруссия жастары арасындағы контрацептивтік ақпараттандыру
- •Қазақстандағы студенттер арасындағы контрацептивті әдістер туралы түсініктері мен қолдану тәжірибесі
- •Контрацепция туралы түсінік
- •Контарцепция түрлері мен әдістері
- •3. Ерте жастағы аналық және жасөспірімдік жүктілік
- •Жыныстық жолдармен берілетін инцекциялар (жжби)
- •Жас өспірімдер арасында ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу және репродуктивті денсаулығына кері әсерінің профилактикасы
- •Зерттеу тәсілдері мен материалдары.
- •3.1. Алдыңғы зерттеулерге сүйене отырып Қызылода Медицина жоғары колледжінде контрацепцияның ақпараттандырылу деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жүргіземін.
- •Анкета анонимна
- •Нигерияның Лагос қаласында жасөспірімдерден алынған сауалнама
- •Анкета анонимна
- •5. Авторы: г.К. Омарова, б.К. Аманжолова, а.О. Мейрманова, м.М. Майкупов, з.М. Нашекенова
Контрацепция туралы түсінік
Адам баласы контрацепция әдістерін жүктіліктен сақтану үшін ерте заманнан бері пайдаланған. Туу үрдісін бақылау қажеттілігі байырғы заманнан бүгінгі күнге дейін қолданысқа ие контрацепцияның түрлі әдістерін шығаруға себеп болған.
Ежелгі Египетте әйелдер мақта, бал және қолтырауын қиыны пайдаланылып жасалған қынап тампондарын қолданған. Ежелгі Индия жас әйелдері ұқсас әдістерді пайдаланған, бірақ қажетті құраушыларын рептилиялардан емес, пілдерден алған. Араб әйелдері де қалыспаған, олардың пайдалануында тұяқты жануарлар тіршілік өімдері болған. Заманауи тұрғыдан бұл әдістер тіпті де гигиеналық болып саналмайды, дегенмен рационалды да буыны бар: тампон жылмаң сперматозоидтердің жолына тосқауыл болып, ал оның бітеу ортасы қышқыл болғандықтан қолайсыз жағдайды сақтап тұрған.
Қышқылдық деңгейін жоғарлатуға негізделген басқа екі әдіс кейінірек Орта ғасырларға да жеткен. Осылайшы, жоғарыда аталған египеттік әйелдер «спермицидті ерітінді» ретінде уксус қышқылын пайдаланған. Америкалық индиан әйелдері құрлыққа европалық отаршылдар келмес бұрын да бүркіп жуыну үшін қызыл ағаш пен лимон қайнатпаларын пайдаланған.
Қиыр Шығыста да контрацепция ерте заманнан бері аса назарда болған. Қытайда, мысалы, жүктілікті алдын-алу үшін жатырға еңгізілетін түрлі құралдарды пайдаланған, негізінен әйел қынабына сынапты еңгізу әдісі қолданысқа ие болған. Жапонияда «киотаи» деп аталатын құрал жасайтын болған: жұқа теріден жасалып, жатыр мойнының алдына орналастырылып, сперматазоидтердің жатырға жолын бөгет болған.
Еуропада ХІІ-ХVIII ғасырларға жататын контрацепция әдістері туралы жазбалар сақталған. Уксус пен қышқылдандыру сперматозоидтерді қимылсыз, жатыр ішіне түсуге және аналық жасушаны ұрықтандыруға қауқарсыз болып қалады. Уксус сығындысымен дымқылданған мақта немесе қағаз тампондар пайдаланған.
ХХ ғасырда контрацепцияның түрлері мен әдістері прогрессивті түрде дамыған. 1933 жылы контрацепцияның 180 түрлі әдістері сипатталған Ноке кітабы жарық көрді. Кейінгі бақыланған зерттеулер барысында белгілі спермицидтік контрацептивті дәрі-дәрмектер шығарылды, оларды ұнтақ, дәрі немесе қынапқа салу секілді пайдалану тәсілдері болды.
Контрацепция – дәрі, құрылғы немесе белгілі әдіс арқылы жүктіліктің алдын-алатын үрдіс немесе өну үрдістерінің біреуін немесе бірнешесіне бөгет болу немесе өзгерту әдістері.
Контарцепция түрлері мен әдістері
ДДҰ ұсыныстары бойынша жас әйелдер үшін жүктілікті алдын-алу әдістерінің арасында төмен әрі аз мөлшерленген дәрілер болуы керек. Контрацепциялық дәрілер мен құралдардың түрлері көп: гормондық дәрілер, қынапішілік контрацептивтер, кедергілік әдістер, табиғи әдістер, жыныстық қатынастан кейінгі контрацепция әдістері.
Контрацепцияның физиологиялық әдістері
Бұл тәсілдер әйел ағзасында әр менструалды цикл кезінде ұрықтылық деңгейінің жоғары және төмен болуына, аналық жасуша мен сперматозоидтердің өміршеңдік ұзақтылығына негізделеді.
Күнтізбелік әдіс
Аналық жасушаның өміршеңдігі овуляциядан кейін 2-3 тәулік, сперматозиодтердің – 5 тәулік болып табылдады. Демек, үрықтану мен жүктіліктің басталуы овуляцияғаа дейін 5 күн бұрын және овуляцидан кейін 3 күн мезігілінде ықтималдығы жоғары, жиірек циклдің 7-18 күндері арасында болады. Ұрықтылық деңгейінің жоғарылылығын есептеуді үш цикл бойынша жүргізеді, егер ауытқулар 2-3 күннен аспаса. Перль индексі – 14-50, бұл әдістің тиімділігінің төмедігін растайды.
Температуралық әдіс
Овуляция кезі мен жоғары ұрықтылық мезгілін анықтау үшін кіші жамбастағы прогестеронның гипертермиялық әсеріне негізделетін температуралық әдіс пайдаланылады. Тікішіктік (негіздік) температураны өлшеу күн сайын таңертең бір уақытта, ұйқыдан тұра салысымен, жәй немесе ректалды термометрмен 5-7 минут аралығында жүргізіледі. Қалыпты овуляциялық цикл кезінде темпарураның 0,2-0,4 С төмендеуі, кейін 37 С жоғарлауы байқалады. Ректалды температураның жоғарлауы прогестеронның бөлінуін растайды, жанамалап овуляцияның орын алғанын білдіреді.
Цервикальді әдіс
Бұл әдіс овуляция нәтижесіндегі эстрогендердің әсерінен цервикалды каналдағы шырыш мөлшерін көбейтіп, сипатын өзгертуге негізделеді. Овуляция кезінде және бірнеше күн бұрын цервикальды шырыш сұйықтау болып әрі оның мөлшері көбееді. Бұл үрдіс циклдің 10-18 күндері байқалады. 18-ші күннен кейін шырыш қоюланады. Ұрықтылықтың жоғары деңгейін сипатталған екі әдісін құрамдастырып қолдану арқылы овуляциялық циклі бірқалыпты күйге келген қыз-келіншектердің жоғары ұрықтылығы мезгілін нақты анықтауға болады. Әдісті жасөспірімдерге қатысты қолдану соншалықты тиімді болып саналмайды, себептері – өзіндік дисциплинаның жоғары болмауы әрі циклдің тұрақсыздығы мен ановуляцияның жиілігі ұрықтылықтың жоғары деңгейі мезгілін анықтауға мүмкіндік тудырмайды.
Контрацепцияның механикалық әдістері
Механикалық контрацепция әдістері сперматозоидтердің жатыр ішіне кіруіне бөгет жасайды. Механикалық контрацептивтердің кең таралған түрлеріне презерватив пен қынаптық диафрагма жатады. Механикалық контрацептивтердің тиімділігі 100 әйелге шақанда 2-10 жүктілік көрсеткішіне сәйкес. Механикалық контрацептивтердің артықшылықтары қатарында олардың қауіпсіздігі, жүйелік әсерінің болмауы, қолдану тәсілінің оңайлығы. Презерватив жүктіліктен жеткілікті қорғауды қамтамасыз етеді, сирек кездесетін резинаға аллергиядан басқа денсуалыққа зиян келтірмейді. Презерватив ЖИТС жұқтырудан қорғайды, сондықтан осы ауруды жұқтыру қауіпіне жиі жол беретін жасөспірімдер үшін маңызы зор.
Қынаптық диафрагма – латекстен жасалған иілгіш негіздегі жұқа қабықша, оны қынаптың ішіне орналастырғаннан кейін сперматозоидтердің қозғалуына кедергі болады. Бұл құрылғы ішкі жыныстық органдарды инфекция түсуден белгілі бір деңгейде қорғайды, дегенмен ЖЖБИ-дан сақтамайды. Спермицидтер немесе басқа химиялық дәрілермен қоса қолдану диафрагманың қорғау қасиеттерін ұлғайтады.
Контрацепцияның химиялық әдістері
Химиялық контрацептивтер қынапқа түскен сперматозоидтерді қимылсыздандырып немесе жойып жібереді, сондықтан одарды «спермицидтер» деп де атайды. Спермицидтер сперманың белсенділігін жойып, жатырға өтуіне кедергі болады. Олар пайдалануға оңай, әсер ету уақыты ұзақ емес, жанама әсері тудырмайды, ішкі жыныстық органдардың ісік ауруларының даму қатерін төмендеті. Спермицидтердің құрамына кіретін химиялық заттар бактерио- және вирусоцидтік сипатқа ие. Мысалы, солардың бірі – ноноксинол-9 – хламидиялар, микоплазм, гонококтер, трихомонад, уреоплазма, т.б. көбеюін тежейді.
Спермицидтер дәрі түрінде (трацептин), шарик түрінде (лютенурин), қынаптық суппозиторийлар, паста, крем, гель, көбік, жұқа қабықша және т.б. түрде шығарылады. Паста, гель, көбік түрлері тез арада қынаптың ішінде кедергі жасайды, ал суппозиторий, контрацептивті қабықша және дәрі түрлері еру үшін біршама уақытты (10-15 мин) талап етеді. Контрацептивті сорғыш ноноксинол-9 немесе басқа химиялық спермицидтермен сіңдірілген полиуретаннан тұрады. Сорғышты қынапқа орналастырғанда, сперматозоидтер мен микроағзаларға кедергі болады.
Гормоналды контрацепция
Гормоналды контрацепция жүктілікті алдын-алатын әдістердің ең сенімді, тиімділігі 100% дейін жететін түрі болғандықтан жүктілікті реттеудегі алдыңғы қатарда орын алады.
Гормоналды контрацепцияның контрацептивті механизмі ГТ-РГ, ЛГ және ФГ секрецияларын басу арқылы овуляцияны блоктаумен сипатталады. Сонмен қатар, ұрықталған аналық жасушаға эндометрийдің қабылдау күші төмендейді де цервикалды шырыштың қоюлығы артады. Соңғысы сперматозоидтердің қынапқа жолын қиындатады. Гормоналдық дәрілердің репродуктивті жүйеге осындай жан-жақты әсері жоғары контрацептивті нәтижені қамтамасыз етеді.
Құрамы мен қолдану әдісіне байланысты гормоналды контрацептивтер келесі түрлерге бөлінеді:
Құрамдастырылған оралды контрацептивтер,
Тек прогестерон құрамдас контрацептивтер,
Екі компонент – этинилэстрадиол түріндегі эстроген және прогестеронның бір түрінен құрамдастырылған оралды контрацептивтер,
Эстрогендердің санына қарай түрлері:
Жоғарыдозаланған (ЭЭ 35 мкг-дан көп)
Төмендозаланған (ЭЭ 35 мкг-дан аз)
Микродозаланған (ЭЭ 20 мкг)
Төмен және микродозалаған ҚОК-терде прогестаген құрамдас бөлігі дериват 19-норстероидтардан (гестоген, дезогестрел және норгестимат – ІІІ-ші буын) тұрады. Осы ІІІ-ші буын прогестагендер андроген рецепторларына қарағанда прогесторонның рецептор қабылдағыштарына таңдаулы әдіспен әсер ететін қабілетімен ерекшеленеді, нәтижесінде андроген типті ешқандай жанама әсерлері болмайды. Сонымен қатар, прогестгендердің ІІІ буыны липидтердің метаболизм үрдістерін бұзбайды, дене салмағына әсер етпейді, қан айналымы-жүрек ауруларының даму қаупін арттырмайды.
Төменмөлшерленген ҚОК қатарына регулон, фемоден, силест, марвелон жатады, микромөлшеленгендерге – новинет, логест, мерсилон жатады.
1, 2 кестелерде көрсетілгендей регулон мен марвелон, новинет пен мерсилон бірдей құрамнан жасалған (эсрогендер мен прогестагендер), әсер ету механизмі бірдей, жанама әсерлері жоққа таяу. Дегенмен, новинет пен регулонның бағасы әлдеқайда төмен, демек жасөспірімдер үшін тиімді.
Төмен және микромөлшерленген ҚОК пайдаланудың жасөспірімдер үшін артықшылықтары:
Жанама әсерінің төмен жиілігіне қоса жоғары контрацептивті тиімділігі,
Менструалды циклді реттеу әсері,
Кіші жамбас органдарыны ауруларының даму қаупін төмендету,
Эктопиялық жүктіліктің даму қаупін бәсеңдету.
ҚОК шұғыл контрацепция ретінде де қолдануға болады (Юзпе әсері). Бұл үшін қауіпсіз жыныстық актінен кейін алғышқы 72 сағат ішінде ҚОК этинилэстрадиолдың жалпы мөлшері 100 мкг аспайтын мөлшерде (мысалы, регулонның 4 таблеткасы) қабылдап, 12 сағ. кейін осы мөлшердегі ҚОК қабылдауды қайталау керек.
Юзпе әдісінің жанама әсерлері: бас ауруы, сүт бездерінің ауруы және қатаюы, жүрек айнуы және эпигатеральді аймақ пен оң жақ қабырғадан төмен ауруы.
Гестагенді оралды контрацептивтер, «мини-пили» деп те аталатын (микролют, эксклютон, т.б.), төмен тиімділігі мен менструалды арасы қан шығуының жиілігі себебімен жас әйелдерге пайдалануға қолайлы емес. Бұл әдісті жас босанған емізулі әйелдер пайдаланса болады.
ҚОК кіші жамбас органдары ісік ауруларының даму қаупін төмендететініне қарамастан олар ЖЖБИ қорғамайды. Жасөспірімдер жиі әрі түрлі серітестермен ретсіз жыныстық қатынастарда болған жағдайларда «голландиялық әдіс» немесе «белдік пен аспа» әдісін, яғни ЖЖБИ қорғану үшін ҚОК және перезервативтерді пайдалануға кеңес беруге болады.
Жатырішілік контрацептивті әдістер
Жатырішілік контрацепция әдісі жатыр аумағына жүктілікті болдырмайтын қынапішілік спираль еңгізуге негізделеді. ЖІС әсер ету механизмін бірнеше факторлардан құралады, соның ішінде ең негізгісі ретінде ұрықтандырылған аналық жасушаның жатыр түтігімен тез қозғалуы нәтижесінде оның жаты аумағына эндометрияның ферментативті және биохимиялық үрдістері жүктілікті болдырмайтын кезінде жетуі болып табылады. Бұл әдіс репродуктивті жастағы әйелдерде 100 пайызға дейінгі тиімділікке ие.
Дегенмен, клиникалық тәжірибенің көрсетуі бойынша, жас босанбаған әйелдерде жатыр аумағының шағындығына байланысты спиральдің шығып кету жиілігі жоғары. Ісу аурулары пайда болу ықтималдығы ЖІК пайдаланып, бірнеше серіктесі бар жасөспірім қыздарда тым жоғары. Сондықтан, ЖІК жас әйелдерге тағайындау кезінде аса абай болу қажет.
Жатырішілік контрацепция жас босанбаған әйелдерде жыныс органдарының инфекцияланған сипаттары жоқ, жүйелі жыныстық қатынастары әрі тұрақты жыныстық серіктесі бар жағдайда, және жатыр аумағының 6 см кем емес кезінде қолданылады. Медикаментозды ЖІС-дің ішінен мыс қосылған мини-модельдерін таңдаған жөн. ЖІС салу бір жыныстық серіктес болғанда әрі ұзақ уақыт әсер ететін контрацепция қажеттілігі кезінде қолданылғаны абзал.
