Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом қазақша контрацепция.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67 Кб
Скачать
☆

Қазақстандағы студенттер арасындағы контрацептивті әдістер туралы түсініктері мен қолдану тәжірибесі

Біздің зерттеуіміздің мақсаты болып студент жастардың репродуктивті денсаулық пен қауіпсіз сексуалды әдеп туралы ақпараттану деңгейін анықтау болып тағайындалды.

Материалдар мен әдістер

Студент жастардың репродуктивті денсаулық пен қауіпсіз сексуалды әдеп туралы ақпараттану деңгейін анықтау мақсатында сексуалды мінез-құлық, контрацепция мен ЖЖБИ/АИВ алдын-алу тақырыптарындағы 36 сұрақтан тұратын сауалнама жасалды. Сауалнаманың әр сұрағында бірнеше жауап нұсақасы, сұрақтың көбінде бір ғана жауап талап етілсе де, кей сұрақтарға бірнеше жауап болуы да қарастырылды. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде шығарылды, студенттер қай тілде жауап беретіндіктерін өздері таңдады. Алматы қаласының ЖОО-ның 18-24 жас аралығындағы 763 студентке анонимді сауалнама жүргізілді. Олардың 51,5% ұлдар, 48,5% қыздар құрады.

Нәтижелер мен талдау

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес сұхбаткерлердің басым бөлігі – 416 (54,5%) репродуктивті денсаулық туралы алғашқы ақпаратты 15-17 жас аралығында алған. Студенттердің көбіне ақпарат дереккөзінің маңыздысы – интернет (76,4%), достар (63,3%) және бұқаралық ақпарат құралдары (61,2%) болған. Сұхбаткерлердің жартысынан көбі (54,8%) ақпаратты медицина қызметкерлерінен алғанды жөн көреді. Сауалнама барысында анықталған нәтижелер жастарды репродуктивті және сексуалды сұрақтар бойынша ақпараттандырудағы ата-аналар мен мұғалімдердің үлесі жоғары еместігі туралы әдебиетпен сәйкес келеді. Бұл жәйт орта мектеп аясында жыныстық тәрбиелеу бойынша міндетті білім беру бағдарламаларының жоқтығына байланысты. Сонымен қатар, отбасы балаларды салауатты өмір салтын және репродуктивті денсаулықты сақтауға көп ынталандырмайды. (6,7,8)

Қалаусыз жүктілік пен жасанды түсіктер жастардың репродуктивті денсаулығына елеулі залал келтіретіні белгілі. Қалаусыз жүктілікті алдын-алудағы контрацепция әдістері туралы ақпараттың алар орны сүбелі. Бастапқы сауалнама барысында сұхбаткерлердің басым бөлігі (91%) қалаусыз жүктіліктен қорғану жолдарын білеміз деп жауап берді. Алайда, сауалнама талдауы нәтижесінде студенттердің өз білімдерін аса бағалауы орын алатындығы анықталды. Сауалнама қатысушыларына контрацепцияның ең тиімді әдісін белгілеуге ұсыныс білдірілді. Мәліметтерді талдау сұхбаткерлердің басым бөлігі 507 студент (66,5%) контрацепцияның ең сенімді түрі ретінде презервативтерді атаса, тек 92 сұхбаткер ғана (12,1%) гормоналды контрацепцияны белгіледі. Анықталған нәтижелер әдебиеттегі презервативтер студенттер арасындағы ең таралған контрацепция түрі екендігі туралы ақпаратпен жанасады (9,10).

Ескеретін жәйт, сұхбаткерлердің 495 (64,9%) вестибулярлық жыныстық қатынас (петтинг) кезінде жүктілік және ЖЖБИ жұқтыру қаупі бар деп жауап берсе, сұхбаткерлердің үштен бір бөлігі (30,3%) бұндай қауіптің жоқтығын белгіледі, ал 37 (4,8%) жауап беруге қиынсынды.

Жыныстық жолдармен берілетін инфекциялар, соның қатарында АИВ, репродуктивті денсаулыққа жағымсыз әсер етеді. 15-24 жас аралығындағы жастар жас және мінез-құлық ерекшеліктері әсерінен ең осал топқа жатады. Зерттеуіміз барысында студенттердің АИВ/ЖИТС алдын-алу жайлы білім деңгейін талдау жүргізілді. АИВ инфекциясы жұқтырылатын барлық 3 жолын (жыныстық, паренатальды, анадан балаға) сұхбаткерлердің тек 250 (32,8%) ғана белгіледі, АИВ берілетін 1-2 жолын – 450 студент (57,7%), жұқтырудың жалған жолдарын (маса шағуы, сүйісу) – 41 (5,4%), жауап беруге қиналғандар – 32 (4,2%). АИВ алдын-алудың дұрыс жауап нұсқаулардың ішінде 3 дұрысын (жыныстық тартыну, инфекцияланбаған бір тұрақты серіктеспен жыныстық қатынас, әр жыныстық акт кезінде презерватив қолдану) сұхбаткерлердің 9 (1,2%) ғана белгіледі. Толық емес жауапты 605 студент (79,3%) белгіледі, АИВ/ЖИТС жайлы қате пікірге 97 (12,7%) ие болды, жауап беруге қиналған студенттер саны – 52 (6,8%).

Заманауи қоғамда сексуалды өмірді бастау жасы екпіндеп төмендеп келеді, бұл тенденция репродуктивті денсаулыққа кері әсер етеді. Сұхбаткерлердің 405 (53,1%) сексуалды тәжірибесі бар екендегін белгіледі. Ұлдар арасында белсенді сұхбаткерлер саны қыздарға қарағанда басым болды (59,8% бен 45,9% сәйкесінше). Мәлеметтерді талдау барысында студенттерге қауіпті сексуалды мінез-құлық тән екені анықталды. Осылайша, студенттердің 30,1% жыныстық қатынасты 17 жасқа дейін бастаған. 2 және одан көп сексуалды серіктестері болған студенттердің саны – 164 (40,5%), соңғы 6 ай ішінде – 81 сұхбаткер (20%). Сауалнамаға қатысқан студенттердің басым бөлігінде – 213 (52,6%) алғашқы жыныстық қатынас қорғалмаған. Контрацепция әдістерінің арасында алғашқы жыныстық қатынас кезінде ең жиі презервативтер қолданылған. Алғашқы жаныстық қатынас кезінде контрацептивті әдістер пайдаланған 192 сұхбаткердің 164 (85,4%) презерватив қолданғанын белгіледі.

Қорытындылар

  1. Репродуктивті денсаулық және контрацепция жайында жастардың расталған ақпарат пен адекватты медициналық кеңес алу қажеттілігіне қарамастан студенттер медициналық мекемелерге құлшыныссыз, ең ақырғы жағдайларда ғана жүгінеді.

  2. Студенттер контрацепция сұрақтары бойынша жеткіліксіз ақпараттандырылған: 12,1% ғана гормоналды контрацепцияны тиімді әдіс деп есептейді. 9,8% - контрацепцияның тиімді түрлерін атай алмады, ал 30,3% жыныстық петтинг кезіндегі жүктілік қаупі туралы білмейді.

  3. АИВ жұқтыру мен алдын-алу жолдары жайлы студенттердің ақпараттану деңгейінің төмендігі: 67,2% АИВ жұқтырудың мүмкін жолдарын атай алмады, 5,4% АИВ жұқтырудың жалған жолдарын белгіледі (маса шағуы, сүйісу) және тек 1,2% ғана АИВ жұқтыруды алдын-алу жолдары туралы ақпаратқа ие.

  4. Студенттерге қауіпті сексуалды мінез-құлық сипатты болып қалуда: сексуалды белсенді сұхбаткерлердің 30,1% жыныстық қатынастарды 17 жасқа дейін бастаған 52,6% алғашқы жыныстық актісінің қорғалмағандығын айтты және 20%-ның 2 немесе одан көп жыныстық серіктестері болған.

Жас өсіпірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулықты қорғауа мен қауіпсіз сексуалды мінез-құлық туралы жеткіліксіз ақпараттандырылуы оқу орындарындағы білім бағдарламаларын жетілдіру, сонымен қатар медициналық мекемелердің жұмысын жастардың қажеттіліктеріне сәйкес модернизациялау арқылы жақсаруы мүмкін.