Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жай сөйлем Office Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72 Кб
Скачать
☆

5 Вариант, Қазіргі қаз тілі жай сөйлемі

1. Матасу туралы дұрыс анықтама

A) [2.0] Матасу –ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөз арасындағы байланыс

B) [0.0] Матасу –қатаң орын тәртібі арқылы іргелес тұрып байланысу

C) [0.0] Матасу –сөздердің тіркесу тәсілдерінің бірі

D) [0.0] Матасу –бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысу

E) [0.0] Матасу –Бастауыш пен баяндауыш арасындағы байланыс түрі

2. Үстеуден болған мекен пысықтауышты сөйлем

A) [0.0] Айдос жолдасына уәде берген еді

B) [0.0] Мен бүгін мектепке кешігіп келдім.

C) [0.0] Апам мен Еркежан үйге таңертең келді.

D) [0.0] Қарағандының қары бүгін күрт еріп еді.

E) [2.0] Пойыз асыға ілгері жылжыды.

3. Мекен пысықтауышты сөйлем

A) [0.0] Базар хикаяшыл, тіпті қиялшыл қарт болатын.

B) [0.0] Тау қараңғысы біртіндеп сейіліп келеді.

C) [0.0] Әжеме қалыңсыз қыз алу деген мүлде ұнамайды.

D) [2.0] Төменде көк толқындар көбік шашып жатыр.

E) [0.0] Биыл қар қалың.

4. Анам екеуміз мектепке келе жатырмыз.- Сөйлемдегі пысықтауыш түрі

A) [0.0] Себеп пысықтауыш

B) [0.0] Мезгіл пысықтауыш

C) [0.0] Мақсат пысықтауыш

D) [2.0] Мекен пысықтауыш

E) [0.0] Сын-қимыл пысықтауыш

5. Күрделі пысықтауышты сөйлем

A). [0.0] Шоқанды жөнелтіп, көп кешікпей Мұса да еліне тартты.

B) [0.0] Зылиха таңертең мектепке беттеді.

C) [2.0] Байжан атының басын үлкен үйдің сыртына қарай бұрды

D) [0.0] Ол да ауырғандық пен күн көзінде болмағандық белгісі.

E) [0.0] Олар мына қызықты білмейді ғой.

6. Зорға жүрді - сөз тіркесінің қатынас түрі

A) [0.0] Атрибуттық қатынас

B) [2.0] Адвербиалдық қатынас

C) [0.0] Предикаттық қатынас

D) [0.0] Объектілік қатынас

E) [0.0] Меншіктілік қатынас

7. Сын-қимыл пысықтауышты сөйлем

A) [0.0] Бірде көрші ауылда үлкен той өтіпті.

B) [0.0] Бүгін тарих үшін керемет ұлы іс атқарылыды.

C) [0.0] Мамам екуміз мектепке келе жатырмыз.

D) [2.0] Күнбатыс жақтан бораған қар күн астынан қызғылттанып көрінді.

E) [0.0] Ашулы да, ызалы топта жас адам жоқ.

8. Маржанға ол оқтала қарады – сөйлемдегі пысықтауыш түрі

A) [0.0] Мезгіл пысықтауыш

B) [0.0] Мекен пысықтауыш

C) [2.0] Сын-қимыл пысықтауыш

D) [0.0] Мақсат пысықтауыш

E) [0.0] Себеп пысықтауыш

9. Төраға журналистерді жылы шыраймен қарсы алды. - сөйлемдегі пысықтауыш түрі

A) [0.0] Мезгіл пысықтауыш

B) [0.0] Мекен пысықтауыш

C) [2.0] Сын-қимыл пысықтауыш

D) [0.0] Мақсат пысықтауыш

E) [0.0] Себеп пысықтауыш

10. Қимыл, іс-әрекеттің себебін білдіретін сөйлем мүшесі

A) [0.0] Тура толықтауыш

B) [2.0] Себеп пысықтауыш

C) [0.0] Үйірлі анықтауыш

D) [0.0] Мезгіл пысықтауыш

E) [0.0] Мақсат пысықтауыш

11. Жалаң сөйлемнің жасалуы қандай?

A) [0.0] Тұрлаулы да, тұрлаусыз мүшелерден құралады

B) [0.0] Тұрлаусыз мүшелер түгел қатысады.

C) [0.0] Тұрлаусыз мүшенің біреуі ғана қатысады.

D) [0.0] Атаулы сөйлем

E) [2.0] Тұрлаулы мүшелермен шектеледі.

12. Жалпылама жақты сөйлем:

А) [1.0] Бастауыш қатыспаған, баяндауышы негізінен екінші, үшінші жақта болып келетін сөйлем

В) [0.5] бас мүшесі белгілі жақта тұрғанымен, семантикасы жалпыланған сөйлем

С) [0.0] мақал-мәтелдер мен афоризмдердің құрылысындағы сөйлем

D) [0.0] баяндауышы үш жаққа ортақ болатын сөйлем

Е) [0.0] логикалық бастауыш қатысқан сөйлем

F) [0.5] бастауышы жоқ, бірақ оны баяндауыштар арқылы табуға болатын сөйлем

13. Леп белгісі қойылатын эмоциялы сөйлем:

А) [0.0] Ойлануын ойланам - ау

В) [1.0] Жап есікті

С) [1.0] Қап ертерек ойлансамшы

D) [0.0] Оған не жоқ десеңші

Е) [0.0] Ойланбақ түгіл ойланамын

F) [0.0] Ойландым да қалдым

14. Есім баяндауышты сөйлем:

А) [0.0] Отбасымызбен кешке жиналамыз

В) [1.0] Әкем- сәулетші

С) [0.5] Әпкем – университет студенті

D) [0.0] Анам жұмыс істемейді

Е) [0.5] Ағам – банк қызметкері

15. Етістік бастауышты сөйлем:

А) [1.0] Бір көрген – таныс, екі көрген - біліс

В) [1.0] Көрмес - түйені де көрмес

С) [0.0] Кішіпейілділік – кісінің көркі

D) [0.0] Жұмыс - өмірлік іс

Е) [0.0] Тіршілік негізі - еңбек

F) [0.0] Балалы үйдің ұрлығы жатпас

16. Сөйлемдегі пысықтауыштың ерекшеліктері:

А) [1.0] сөйлемге баяндауышпен тіркесіп енеді

В) [0.0] етістіктің есіммен тіркесуінен жасалады

С) [0.0] табыс септігі арқылы жасалады

D) [0.0] ілік септігі арқылы жасалады

E) [0.5] үстеу сөз табына жасалады

F) [0.0] сөйлемге бастауыш мүшемен тіркесіп енеді

G) [0.5] жатыс септіктер арқылы байланысады

17.Толықтауыш қатысқан сөйлем:

А) [0.0] Жемісті ағаштың басы төмен

В) [0.0] Ағайынды жігіттердің мніезі ұқсас

С) [1.0] Білімді өміріне серік ет

D) [0.5] Ағайынды алыстан сыйлаған дұрыс

E) [0.5] Жемісті күзде тойып жейміз

18.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің коммуникативтік мақсаты:

А) [1.0] предикативтік қимыл мен сапаны нақтылау

В) [1.0] субъект пен претикатты толық сипаттау

С) [0.0] пікірді ықшамдап жеткізу

D) [0.0] пікірді тиянақтау

E) [0.0] пікірді экспрессивті баяндау

F) [0.0] ақпаратты жеткізу

19. Бірыңғай баяндауышты сөйлем:

А) [1.0] Мұғалім оқущыларды түгендеді, сабақты бастады

В) [1.0] Жастардың киінісі жеңіл, әрі ыңғайлы

С) [0.0] Үйімізге тезірек жетуге асығып, көлікті шыдамсыздана күтіп тұрмыз

D) [0.0] Түс қайта күн бұлттанып, аспан түнере бастады

E) [0.0] Бүгін күн жылып, қар еріді

F) [0.0] Түнде алдымен жаңбыр, сосын қар жауатынын хабарлады

20. Жалаң болып құралған сөйлем:

А) [1.0] Жүргізуші күтіп тұр екен

В) [0.0] Көлікке отырыдық

С) [0.0] Көлік жылдам оталды

D) [1.0] Концерт аяқталды

E) [0.0] Бізде есікке қарай аяндадық

21. Сөз тіркесі синтаксисінің зерттеу нысаны

A) Тұрақты тіркестің құрамы

B) [2.0] Сөздердің өзара байланысу түрлері мен тәсілдері

C) Жай сөйлемдер арасындағы байланыс

D) Сөздің семантикасы

E) Сөздердің граматикалық мағынасы

22. Сөздердің жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысу түрі

А) Қиысу

В) [2.0] Қабысу

С) Меңгеру

D) Матасу

E) Жанасу

23. Әнші бала-байланыстын қай түрі

A) [0.0] Қиысу

B) [2.0] Қабысу

C) [0.0] Жанасу

D) [0.0] Менгеру

E) [0.0] Матасу

24. Мен оқыдым –байланысу формасын ажырат

A) [0.0] Қабысу

В) [2.0] Қиысу

С) [0.0] Жанасу

D) [0.0] Менгеру

E) [0.0] Матасу

25. Предикаттық қатынастағы сөз тіркесі

A) [0.0] Жаңа ашылған гүл

B) [0.0] Ертең келер

C) [2.0] Әкем келген

D) [0.0] Ерте көктем

E) [0.0] Үйге жетім

6 Вариант, Қазіргі қаз тілі жай сөйлемі

1. Аналитика-синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөз тіркесін көрсетіңіз

A) [0.0] Әжемді қарсы алдым

B) [2.0] Әжеммен бірге болдым

C) [0.0] Сенің арманың

D) [0.0] Әсем қала екен

E) [0.0] Бара жатыр екен

2. Сөздердің сабақтаса байланысуы дегеніміз-...

A) [0.0] Сөздердің тиянақсыз тұлғада тұруы

B) [2.0] Сөздердің бір-біріне бағына байланысуы

C) [0.0] Сөздердің тең дәрежеже байланысуы

D) [0.0] Сөздердің тіркесу қабілеттілігі

E) [0.0] Сөздердің арасындағы лексикалық байланыс

3. Матасу қалай байланысады?

A) [0.0] Ешбір жалғаусыз,орын тәртібі арқылы

B) [2.0] ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы

C) [0.0] Бастауыш пен баяндауыш арқылы

D) [0.0] Бағыныңқы сөз шығыс септігінде тұрып байланысады

E) [0.0] Бағыныңқы сөз табыс септігінде тұрып байланысады